Есеп Турист жүрілген жолдың үштен бір бөлігін, бірқалыпты қозғалып сағат ішінде өтті. Сонан соң шаршап екінші үштен бір бөлігін де бірқалыпты қозғалып сағат жүрді. Үшінші жол бөлігінде одан гөрі шаршап оны да бірқалыпты қозғалып үш сағат бойы жүріп



Дата17.01.2022
өлшемі14.02 Kb.
#169783
Байланысты:
7 сынып олимпиада есептері


 

1 Есеп

      Турист жүрілген жолдың үштен бір бөлігін, бірқалыпты қозғалып 1 сағат ішінде өтті. Сонан соң шаршап екінші үштен бір бөлігін де бірқалыпты қозғалып 2 сағат жүрді. Үшінші жол бөлігінде одан гөрі шаршап оны да бірқалыпты қозғалып үш сағат бойы жүріп өтті. Бірінші жол бөлігіндегі орташа жылдамдығы екінші жол бөлігіндегі жылдамдығынан неше есе артық?



8 ұпай

2 Есеп

      Қола (бронза) жасау үшін мыс пен қалайының қорытпасын алады. Егер қорытпаны жасау үшін металдардың басында бірдей көлемдерін араластырса, ал сонан соң бірдей салмакпен алса, қорыптаның тығыздығы неге тең болады. Мыс тығыздығы 8930 кг/м³., қалайы–7280 кг/м³. Қорытпа көлемі металдар көлемдерінің қосындысына тең.



7 ұпай

 

3 Есеп

      Массасы 1800кг ғарыштық кеменің жерге қонушы аппарат тежеуші парашюттардың ашылуынан соң бірқалыпты қозғалады. Егер еркін түсу үдеуін 10 тең деп алса, ауаның кедергі күші неге тең болады.

Жауапты негіздеу қажет.



4 ұпай

 

4 Есеп



       Гирька, сызғыш және қарындаш көмегімен тіктөртбұрыш кәмпит тығыздығын қалай анықтауға болатынын жазбаша жазып беріңіз.

6 ұпай

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет