Ешкі шаруашылығЫ, СҮТ, ет, ТҮбіт, ЖҮН Өндіру технологиясы



бет1/33
Дата11.01.2022
өлшемі0.58 Mb.
#169650
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
ешкі шаруашылығы (1)
жеке даму, ет сүт өнімділігін анықтау әдісі


637

Е96



РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 5ІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СҮТ,


ЕТ, ТҮБІТ, ЖҮН ӨНДІРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Студенттеріне арналған оку кұралы

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

БУРАМБАЕВА Н. Б., БЕКСЕИТОВ Т. К„
ТЕМІРЖАНОВА А. А„ НУРЖАНОВА К. X .

ЕШКІ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, СҮТ,


ЕТ, ТҮБІТ, ЖҮН ӨНДІРУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ


«Мал шаруашылығы өнімдерін ондіру технолоғиясы» мамандығы
студенітеріне арналған оқу құралы


I Іавлодар
Керску
2012


ӘОЖ 636 39 (075.8)

КБЖ 46.6я73

Б 84

С. Торайғыров атындағы Панлодар мемлекеттік университеіінін
Ғылыми кецесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:



Жанадилов А. Ю. - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Шакәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;

Жумабекова Б. К. - биология ғылымдарының докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры;

Асанбаев Т. Ш. - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.

Бурамбаева Н. Б., Бексеитов Т. К., Теміржанова А. А., Нуржанова К. X.



Б 84 Ешкі шаруашылығы, сүт, ет, түбіт, жүн өндіру технологиясы : «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. - Павлодар : Кереку, 2012. - 9 б.

«Ешкі шаруашылығы, сүт, ет, түбіт, жүн өндіру технологиясы» оқу құралы жоғары оқу орындарының «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығында оқитын студенттерге арналған. Оқулықты ешкі шаруашылығы өндірісіндегі қолданылып жүрген және жаңа технологиялар негізінде ешкіні өсіру, төлдету, азықтандыру, бордақылау мәселелері және олардың аурулары қарастырылған.

ӘОЖ 636 39 (075.8)

' 6Щ№Ъ КБЖ 46 6я73



атындағы ПМУ-ДІН |

1?"’^ындағы ғылымй Бурамбаева Н.Б. және т.б.

, © С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдын лрмс болуы^а. і рамматикалық және орфографиялық қатслерге _ ^йнерн^Яён құрастырушылар жауапты

Кіріспе

Ешкі шаруашылығы құнды және жоғары өнім беретін малшаруашылығы болып саналады. Ешкі түбіті - малдан алынатын талшықтардың ең жіңішке түрі, жақсы иірілу қаблеттілігі, жеңілдігімен, иілгіштігімен ерекшеленеді, орташа беріктілікпен және жылу өткізгіштілігінің аздығымен сипатталады. Ешкі түбіті негізінен орамал тоқуға қолданылады. Түбіт тоқу орыстың ежелгі кәсібі. Түбіттен жасалынатын орамалдар, жүқа «өрмекті» шәлілер, палантиндер және басқадай өнімдер өте әдемі, жұмыстың кереметтілігімен ерекшеленеді, тұтынушылық және көркемдік құндылыққа ие. Түбітті меринос жіңішке түбітпен араластырып және таза күйінде ең жұқа маталарды, трикотаждарды алуда сонымен бірге жоғары сапалы қалпақтар фетрларды дайындау үшін қолданылады.

Ангор тұқым ешкілерінің және советтік жүнді тұқым (өнеркәсіпте оны могер немесе тифтик деп атайды) ешкілерінің біртекті биязы жүндері мықгылығымен, тығыздылығымен, жылтырлығымен, түсінің ақтығымен, ұзындығымен және иілімділігімен сипатталады. Могер түкті кілемдерді, жасанды тон, барқыт, драп маталарды, аяқ киімнің бетіне арналған материалды және беріктілігі жағынан жоғары талап қойылатын өнімдерді дайындау үшін өте бағалы шикізат болып есептелінеді. Могердің неғұрлым жұқа сұрыптары трикотажды, көрпелерді және бешпенттік жұқа маталарды өңдеу үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері бойынша могер кросбредті қой жүнінен асып түседі және кейбір жағдайларда оның орынын алмастырады. Могерді синтетикалық талшықгармен және мақталармен араластырып ұйқысып қалмайтын, жуғаннан кейін үтіктеуді қажет етпейтін жұмсақ маталар дайындалады.

Ешкінің еті және майы тағамдық және дәмдік сапасы бойынша тағам ретінде табиғи күйінде қолданылады және ет өнімдеріне өңделеді. Ешкінің терісі беріктігімен, жылтырлығымен, созылғыштығының әлсіздігімен, санитарлық - тазалық қасиеттерінің жақсы болуымен ерекшеленеді. Былғарының жақсы сұрыптарын өңдеуде бағалы шикізат болып енеді. Лақгардың терісінен лайка және галантерия өнеркәсібі үшін жартылай фабрикаттар дайындайды. Жүн жабыны қалың күз - қыста сойылған ешкі терісі сырт киім тігуге арналған түрлі елтіріні (муфлон, бас киімдік елтірілер) өңдейді.

Ешкі сүті де бағалы өнім болып енеді. Ол өзінің физика- химиялық бірқатар ерекшеліктерінің арқасында балаларга және асқазан-ішек ауруларымен ауыратындар үшін емдік қасиеті бар тағам

болып енеді. Табиғи күйінде қолданылады сонымен бірге ірімшіктің түрлі сүрыптарын және сүттен дайындалатын басқа өнімдерді жасау үшін қолданылады.

Ешкі шаруашылығының қосымша өнімі болып, ешкі мүйізі енеді одан түрлі өнімдер дайындалады; тұяғы желім қайнату үшін қолданылады, ішектері өнеркәсіптің түрлі салаларында қолданылады. Ешкінің көңінің өзі құнды органикалық тыңайтқыш болып енеді, ол құрамындағы азот бойынша және өсімдіктердің сіңіруіне қолайлы болуы жағынан сиыр көңінен асып түседі. Ешкілер күтім талғамайды, кез-келген жағдайға жылдам бейімделеді, туберкулез, қышыма сияқты ауруларға сирек шалдығады. Көптеген тұқым ешкілері тез дамиды. Ас қорыту жолдарының жақсы дамуына байланысты ешкілер құрамында 64 % клетчаткасы бар жемшөптерді қорыта алады. В.Герре ешкілері сиырлармен салыстырғанда зат алмасу деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді деп атап өткен, себебі ешкілер тәулігіне 6—10 % құрғақ жемшөп (денесінің салмағына қатысты) ал сиырлар тек 2,5-3 % қолданады.

Үй ешкілері (Сарга Сарга һігсиз) зоологиялық жүйе бойынша сүтқоректілер (Маттаііа) классына, жұп саусақтылар отрядына (Агііодасіуіа), күйіс қайыратындар отряд тармағына (Китіпапііа), қуысмүйізділер тұқымдасына (Сауісотіа), қой тектес ешкі тұқымдас тармағына (Саргоуіпеа) және ешкі туысына (Сарга) жатады. Бұл туысқа жабайы ешкілердің туыстық тармағына ешкілердің әртүрлі оншақты түрлері жатады. Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер үй ешкілерінің ата-тектері болып тіршілік етуші жабайы ешкілердің екі түрі - құса тәрізділері (С. Сарга ае§а§гиз Егес) және бұранда мүйізділер немесе маркурлар (С. Сагра іаісопеп \Ма§п.) енеді деп есептейді, олар үй ешкілері (һігсиз) сияқгы осы гұқымдастарға жатады. ¥й ешкілерінің осындай шығу тегінің дәлелі ретінде олардың мүйіздерінің құрылысы және аталған жабайы ешкі түрлерімен краниалогиялық белгілері бойынша ұқсастығы, сонымен қатар кейінгілерін үй ешкілерімен будандастыру нәтижесінде өсімтал ұрпақты алу енеді.

Кұса ешкілер (1-сурет) Белуджистанның, Ауганстанның, Иранның, Кавказдың және Кіші Азияның Эгей теңізіне дейінгі таулы аудандарында тіршілік етеді. Олар ертеде Греция мүйісінің аралдарында да таралған. Қазіргі уақытта биік тау - тастарда ғана кездеседі. Бұлар өте ірі, қызыл - сұр немесе қоңыр - сары түсті жануарлар. Олардың түстерінде жастарының және жыныстық белгілерінің айырмашылыктары байқалады. Жүн терісі қылшықты пегүрлым ұзын қылшықтан және қыс кезінде өсетін жіңішке түбіттен тұрады. Құса ешкілердің денесі сұңғақ, сирақтары ұзын, бұлшық еттері жақсы дамыған. Ешкілердің шоқгығының биіктігі 95 см-ге дейін жетеді. Олардың мүйіздері майысқан, жақсы дамыған, жартылай шеңберді құрайды, мүйіз түбінен ажырайды, көлдеңен қимасында алдыңғы қыры үшкір үшбұрышты. Ұрғашыларының мүйіздері әлсіз дамыған. Құса тәріздес мүйізді үй ешкілері жиі кездеседі.

Бұранда мүйізді немесе маркурды (кашимирлік аталуы) үй ешкілерінің қазіргі тіршілік ететін туыстарына тән ерекшелігі - мүйіздері ұзын, жоғарыға бағытталған және артына қарай сәл қысыңқы (2-сурет). Әрбір мүйізі тығын тәріздес бұралған, бір жарымнан үш айналымға дейін гетеронимді шиыршықты қалыптастырады (оң жақ мүйізі солға, сол жақ мүйізі оңға қарай бұралған). Кейбір еркек ешкілердің мүйіздері бұранда пішіндес 5 және одан да көп айналымға бұралған. Ұрғашыларының мүйіздері кіші, бұранда пішіндес. Бұранда мүйізді ешкілердің жүн терісі құсалармен салыстырғанда жақсы дамыған. Қысқа қарай бұраңда мүйізді ешкілерде қалың түбіт өседі және соның салдарынан олардың түсі жаз мезгілімен салыстырғанда неғұрлым ақшыл түсті болады. Ешкілердің жалы және сақалы жақсы дамыған. Бітімі бойынша бұраңда мүйізді ешкілер құсалардан сәл кішкентайлау бірақ олардың да қаңқасы және сирақтары бұлшық етті болып келеді. Бұраңда мүйізді ешкілердің төрт түрі бар. Олардың тіршілік ету аймағы Гималай, Ауғанстанның және Түрікменстанның оңтүстік таулы аудандары. Құса ешкілерге тән мүйіздерінің пішінімен салыстырғанда бұраңда мүйізді ешкілердің мүйіздеріндей мүйізді үй ешкілері сирек кездеседі. Демек осы түр үй ешкілерінің қалыптасуына қатысқан болуы керек.

Л. Адамцтың пікірінше үй ешкілерінің үшінші ата-тегі болып, қазба жұмыстары кезіңде ол Шығыс Галицияда неолитика дәуірінің тауып алған, «прискінің алгашқы қауым ешкісі» (Сарга Сарга ргізса Асі.) деген аталынған әлі іздеу үстіндегі түрі енеді. Ол кезде екі текенің және бір ешкінің бас сүйегі табылган. Қазбадан табылғандардың прискі тәрізді мүйізі ешкілеінің мүйізі артына қарай майысқан, екі жаққа тарайды және әлсіз шиыршықталып бұралады: оң жақ мүйізі оң жаққа, сол жақ мүйізі сол жаққа. Прискі тәрізді мүйізді үй ешкілері түрлі елдерде кеңінен таралған. Сол негізді Л. Адамец приск ешкісін еуропалық және азиялық ешкілердің туысы деп есептейді. Үй ешкілері олардың ата - тегі деп есептеуге болатындай мүйіздерінің құрылысы жабайы ешкілерге тән дарақтарда кездеседі.



1 -сурет - Құса ешкілер

2-сурет - Жабайы ешкінің (қою сызық) және үй ешкісінің пішіні (ашық сызық)






Мамандандырылған сүтті тұқым ешкілері мұқыл келеді. Үй ешкілерінің тұқымдары шығу тегі полифилиттік болуы мұмкін, яғни аралас генфондық өнімді білдіреді.

Ешкілер адамдардың үй жануарлары қылып қолға үйреткен алғашқы ауылшаруашылық жануарларының бірі болып енеді. Адам қоғамының дамуы басталғаннан бастап ешкілер үй жануарлары ретінде кең таралған. Олардың тас дәуіріне жататын қаңқалары және тастағы бейнелері Еуропаның, Орта және Кіші Азияның түрлі аудандарында табылған, тіпті кейбір жерлерде үй ешкілерінің қаңқалары қойлардың қаңқаларымен салыстырғанда одан да ерте кезеңге жатқызылған.

Мәдени мұралар үй ешкілерінің ежелгі Мысырда және Иудеяда белгілі болғандығының куәсі. Жерорта және Азияның ежелгі мемлекеттерінде өсірілген ешкілердің жабайы ешкілермен салыстырғанда айырмашылығы болғандығын бейнелерден көруге болады.

Қолға үйреткен кезден бері мың жыл ішінде жабайы ата - тегінің тіршілік ету ортасынан айырмашылығы көп, сұрыптау және сыртқы ортаның әсер етуінен үй ешкілері дамыды (2-сурет). Жабайы түрлерімен салыстырғанда олардың экстерьері өзгерді: сирақтарының сүйектері неғұрлым қысқа және жалпақтанған, мойын жағында қысқарды, денесі соған байланысты ұзарып артық бөлігінің дамуы есебінен тереңдеген; жабайы ешкілердей олардың мықты мүйіздері жоқ. Кейбір тұқым ешкілері мұқыл келеді. Үй ешкілерінің өсуі және тірі салмағы ауытқып тұрады, бірақ көбінесе олар жабайы түрлермен салыстырганда ұсақ болып келеді. Жабайы ешкілердің бұлшық еттері неғұрлым тығыз және мықты. Жабайы және үй ешкілерінің еттері де дәмі және түсі жағынан айырмашылықтары бар, олардың азықтануына ғана емес, сонымен бірге бұлшық ет талшықтарының микроқұрылымының және химиялық құрамының айырмашылығына да байланысты болуы мүмкін. Қолға үйрету жағдайында ешкілердің қорғаныш және сыртқы әсерлерге деген сезімі тежелген. Жүн сапасы жағынан арнайы іріктеу жүргізілмеген ешкілердің өзінде де олардың тері - түк жабыны өзгерген.

Мысалы, Орта Азияның аралас жүнді ешкілерінің жүн талшықтары морфологиялық кұрамы жағынан олардың жабайы түрлеріне ұқсас. Алайда соңғыларының рунолық жүнінің өсуі неғұрлым әлсіз, түбіт талшықгары олардың терісінде аз, талшығы және түбіті арасындағы диаметрі және ұзындығы бойынша түрленуі неғұрлым үлкен, мұның өзінде ауыспалы талшықгары жоқ.

Үй ешкілері жабайы ешкілерге тән қорғаныш реңін және күшті жалын жойған. Әсіресе мұндай өзгерістер, ұзақ уақыт бойы селекциялық жұмыстар жүргізілген, заводтық тұқым ешкілерінде қатты өзгеріске ұшыраған. Себебі, адамның шығармашылық еңбегімен жүнінің сапасы жоғары болуымен ерекшеленетін ангор тұқымдас ешкі шығарылған.



3-сурет - Сүт тұқымды ешкі басы (зоологиялық жіктеу I топ)

4-сурет - Приск типтес мүйізді ешкі басы (зоологиялық жіктеу II топ)



5-сурет— Құса ешкі типтес мүйізді теке басы (зоологиялық жіктеу II топ)

6-сурет-Африкандық ешкі басы (зоологиялық жіктеу III топ)

Қазіргі уақытта жер бетінде ешкілердің көптеген тұқымдары өсірілуде. Олар өнімділігі, өсуі, тірі салмағы, өсімталдылығы, дене бітімі экстерьерінің ерекшеліктері және тіршілік ету орыны бойынша әр түрлі. Сонымен қатар тұқымаралық зоологиялық ерекшеліктер де бар. Ешкі тұқымдарының осындай әр түрлілігі оларды зоологиялық және өндірістік белгілері бойынша біртұқымдас көптеген және аздаған топтарға бөлуді талап етеді. Алайда үй ешкілерін зоологиялық жіктеу барысында көптеген қиындықтар тұр. Ешкілерді зоологиялық белгілері бойынша топтастыру үшін басының бет жақ сүйектерінің пішінінің жиынтығы, мүйіздерінің және құлақтарының даму деңгейі және бітімі негіз бола алады. Үй ешкілерінің осы белгілері бойынша келесідей үш топқа бөлуге болады.

Үй ешкілерін зоологиялық белгілері бойынша бөліп таратудың ұсынылып отырылған түрі шағын болса да, ол түрлі топ жануарларының түраралық морфологиялық кейбір ерекшеліктері туралы түсінік береді (3,4,5,6-сурет). Зоологиялық жіктеудің кемшілігі бір топқа зоологиялық белгілері бойынша ұқсас бірақ өнімділік бағыты бойынша әр түрлі тұқымдардың бірігуінде. Ол оны тәжірибелік зоотехнияда қолдануды қиындатады. Тәжірибе үшін ешкі тұқымдарының өндірістік жіктелуі қолайлы. Онда үй ешкілері 5 топқа бөлінген. Алғашқы төрт топқа өнімділігі жоғары орын алатын, мамандандырылған тұқымдар енеді. Олар: жүнді, түбітті, сүтті, етті. Бесінші топта яғни аралас тұқымдар көлемі және тірі салмағы бойынша әр түрлі жабайы ешкілер біріктірілген. Олардың ортақ ерекшеліктері - нақгы мамандандырылуы, жүнінің құнсыздығы, өнімділігінің төмендігі және күту әдісінің экстенсивтілігі. Ешкі шаруашылығы саласы дамуына, жаңа тұқымдарды шығару және ескі тұқымдарды жетілдіруге қарай өндірістік нақты жіктеуге тиісті түзетулер енгізу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет