Ескерту: Жауабыңызды ойланып, жүйелі және мейілінше толық жазуға тырысыңыз. Курс бойынша қорытынды



Дата27.02.2022
өлшемі16.32 Kb.
#171271
Байланысты:
Курс жайлы пікір
2.2-тапсырмасы. Смагулова К.

***Ескерту: Жауабыңызды ойланып, жүйелі және мейілінше толық жазуға тырысыңыз.


Курс бойынша қорытынды:

  1. Мен не үйрендім? Не білдім?



  1. Білгенімді тәжірибемде қалай қолданамын?



  1. Қандай тақырыптарды әрі қарай өзбетінше ізденуім, жетілдіруім қажет?



  1. «Жаратылыстану және биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту» курсы бойынша қорытынды:

Ұсыныстарыңыз:

Менің іс-тәжірибемде деңгейлік курстан және жаңартылған бағдарламаға сәйкес өткен курстарым оқыту тәжірибемде жаңашылдыққа бұрылуыма себеп болды. Сабақ жоспарларын жаңаша құра бастадық. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар ұйымдастыру, сабаққа критерий қою, тапсырмаларға дискриптор жасау, өзін-өзі және өзара бағалауды жоспарлы қолдана бастадым. Оқушылардың сабаққа берген кері байланысы негізініде келесі сабаққа мақсат қоя отырып сабақ жоспарын жетілдірдім және нәтижеге бағытталған оқу ортасын құра білдім. Дегенмен қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша 10-11 сыныптардағы оқу бағдарламасының өзгеруі менің осы білім жетілдіру курсқа қуана келісуіме тура келді.

Курста оқытқан педагогикалық дизайн мен үшін жаңа ұғым. Дегенмен мен үшін түсінікті нәрсе болып шықты. Педагогикалық дизайн принциптерін де сабақ жоспарын құруда енгізуге тырысып жүрміз.

Мен үшін курстағы тұжырымдамалық оқыту мен саралау туралы алған мағлұматтарым ұнады. Бұрын өзім онша мән бермейтін нәрселерімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздім.Тұжырымдамалық оқытудағы «зерттеу идеясы» мен «зерттеу сұрақтары» тұжырымдары ұнады.

Мұғалім жеке фактілерге емес, тұжырымдарға негізделген сабақтарды құрастырған жағдайда, тұжырымдамалық тәсілдеме арқылы оқытады. Тұжырымдар арқылы оқыту сыни, креативті, рефлексиялық, халықаралық ойлауды дамытудың кең тәсілдемесіне, пәнаралық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ ұлттық және мәдени құндылықтарды дарытуға ықпал етеді. Осыған орай, тұжырымдамалық оқыту білім алушылардан әлемді түсіну және осы әлемде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін принциптер мен қорытынды тұжырымдарға айналатын ақыл-ой қабілеттерін көрсетуді, түсінуді тұжырымдауды талап етеді. (2.1 ресурс. Тұжырымдамалық оқыту)

Саралау арқылы сабақ жоспарын, тапсырмаларды оқушының деңгейіне, қажеттілігіне қарай бейімдеп, модификациялай аласың. Мазмұнды, процесті, табыс критерийлерін саралай отырып, жоғары деңгейлі нәтижеге жетуге болады. Мазмұнды саралау кезінде PISA тапсырмаларын енгізудің маңызы зор .

Тәжірибелік және эксперименттік дағдыларды қалыптастыру әдістемесі туралы алған білімімді жетілдіргім келеді. Өйткені жаңартылған бағдарлама осыны талап етіп отыр. Зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарын жоспарлау кезеңдері туралы алған білімдерімді өз тәжірибемде қолданамын. 10-11 сыныптарда зерттеу сабақтарын көбейту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту керек деп ойлаймын.

Курстың әрбір күні құнды ақпараттар алып отырдық. Биология сабақтарында интернет сервистер арқылы АКТ-ны қолданудың түрлерімен таныстық. 10-11 сыныптарда биология бөлімдері мен тақырыптары бойынша АКТ-ны қолдану негізінде сабақ жоспарларын әзірлеуді үйрендік. Биология пәні бойынша эксперименттік есептерді шығару әдістемесімен таныстық.



Курс мен үшін өз тақырыбына сәйкес мұғалімдердің пәндік құзыреттерін арттыруға арналған толыққанды мағлұмат берді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет