Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Мұны аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram желісінде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдай 30 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:07-де Әуезов көшесіндегі екі қабатты, екі подъезі бар 12 пәтерлі тұрғын үйде болды.

Жарылыстан кейін екінші қабат опырылып түсті. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайды жоюға 45 адам мен 13 техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта үйінді астынан алты адам шығарылып, Ботақара ауылының орталық ауруханасына жөнелтілді. Зардап шеккен үйдің тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілді. Оқиғаның салдарын жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жағдай облыс әкімінің бақылауында.

Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментінде 8 (7212) 51-72-23 телефоны бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.