Этика, тәрбие және мәдениет



Дата24.11.2022
өлшемі18.29 Kb.
#179347
Байланысты:
тарбие сагаты


Тақырыбы: "Этика, тәрбие және мәдениет"
Мақсаты: адамдармен қарым-қатынаста мінез-құлықтың негізгі этикалық талаптарын меңгеру, сыйпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. Мәдениет және оның қоғамдағы маңызы,оқушыларға материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мәдениеттілікке,патриотизмге, сыпайылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты слайдтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу
Сәлеметсіңдерме құрметті оқушылар!
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыдың тақырыбы –« Этика, тәрбие және мәдениет».
Этика-адам білімінің ежелгі және қызықты салаларының бірі. «Этика» термині ежелгі грек сөзінен шыққан «этос» (ethos), адамның әрекеті мен іс-әрекетін білдіретін, өзіне тән, әртүрлі кемелдік дәрежесі бар және индивидтің моральдық таңдауын болжайтын «этос» (ethos). Бастапқыда, Гомер кезінде, этос — тұрғын үй, тұрақты орын. Аристотель этосқа адам сипатындағы жақсылық ретінде (ақыл-ойдың ізгілерінен айырмашылығы) түсіндірген. Демек, этостан шыққан туынды-этикалық ( ethicos — адамгершілік, темпераментке қатысты) және этика-адам сипатындағы қайырымдылықты (батылдық, ұстамдылық, даналық, әділдік) зерттейтін ғылым.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу.
б) Студенттерді түгендеу
в) Студенттердің көңіл – күйіне назар аудару.
«Жұлдызды сәт» тақырып бойынша сұрақтарға тез жауап қайтару.
Сұрақтар:
1.Бір-бірімен қалай сәлемдесуге болады және қандай жағдайларда? 2.Ғимаратқа кіргенде кім бірінші амандасады? (жасына немесе жынысына қарамай кірген кісі бірінші амандасады)
3.Біз адамдармен бірінші кездескенде кім бірінші болып амандасады? (әйел адам, ер адам, кішілері үлкендері, бастық) (үлкен кішіге қолын береді, әйел адам ер адамға т.с.с.)
4.Көшеде кім бірінші амандасады, тұрғаны ма, әлде кіріп бара жатқаны ма? (қетіп бара жатқаны)
5.Ер адам мен әйел адам ғимаратқа кірейін деп жатыр, қайсысы бірінші кіреді? (әйел адам бірінші кіреді)
6.Ер адам мен әйел адам театрда, кинозалда орнына отыруы керек. Кім бірінші жүреді? (ер адам орынды іздеп бірінші болып жүреді)
7.Ер адам мен әйел адам баспалдақпен көтеріліп және түсіп келеді. Кім бірінші жүреді? (екеуінде де ер адам, жоғары көтерілгенде – ер адам, төмен түскенде әйел адам)
8.Ер адам мен әйел адам транспортқа немесе шыққанда кімге бірінші жол беріледі?(бірінші болып әйел адам кіреді, сосын ер адам, шыққанда керісінше)
9.Телефонмен сөйлескенде кім бірінші болып амандасады? (телефон соққан кісі өзін таныстырып, бірінші амандасады)
10.Егер телефон сөйлесу үстінде байланыс үзілсе кім қайта звондайды? (звондаған адам)
11.Қандай уақытта жай және демалыс күндері телефон соғуға болады? (жай күндері: 8.00-11.00, демалыс және мейрам күндері: 9.00-11.00)
12.Сіз қонаққа сыйлықпен және гүлмен келдіңіз.Оларды қалай беру керек? Сыйлық алушы не істеу керек? (гүлді сол қолға ұстайды, сыйлықты ашып береді. Сыйлықты алған кісі сыйлықты ашып қарау керек)
2-тапсырма. "Сіз не дейсіз?"
№1.«Қоғамдық көліктегі мәдениеттілік» Сен өзін күнделікті мінетін автобусты аялдамада көп тосып тұрдың, шаршадың. Көлігің келіп тоқтады да, сен ішке еніп бос орынға келіп жайғастың. Келесі аялдамада үлкен қария кісі мінді, бос орын жоқ. Сен не істер едің?(Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
Мұғалім: Әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
№2.«Дастархан басындағы мәдениет»
№3«Мәдени – көпшілік орындардағы мәдениеттілік»
- Концерт басталып кетті, сен сәл кешігіп келдің. Өзіңнің билетте көрсетілген орның алдыңғы жақта. Сен не істер едің?(Оқушылар өз ойларын ортаға салады)
3-тапсырма. «Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды?»
Оқушыларға ақ парақ таратып, оқушылар параққа өздерінің қолын салып, қиып алады. Алақанының қақ ортасына өз есімін жазып қалдырады және қолдарды бір- бірімен алмастырады. Сынып оқушылары әр адамның қолына оның бойындағы жақсы қасиеттерді жазады. Мұғалім әр қолдарға жазылған қасиеттерді оқиды, ал сынып оқушылары оның кім екенін табады.
II. Рефлексия: "Сұрақтары бар қорап" (Оқушылар бүгінгі сынып сағаты бойынша ұсыныстары мен пікірлерін жазып, қорапқа салады)
III. Қорытынды
Мұғалім: Міне, балалар біз тәрбие алатын ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері өте көп. Олардың барлығын бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес. Әлі де оқып білмегенімізді толықтырамыз! ХХІ ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат және азаматша болып өсулеріне тілектеспін!

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет