Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi


Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту



жүктеу 1.45 Mb.
бет6/7
Дата29.08.2018
өлшемі1.45 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

3.2.Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту

бағыттары

"Электронды үкiмет" мәнi үкiмет қызметiнiң Интернетке көшуiмен қорытындылады, яғни мемлекеттiң азаматтармен Интернет не басқа ақпараттық желi арқылы байланысуын ұйымдастыру. Жұмыс тиiмдiлiгiн ұлғайтудағы жеке компаниялар қызметiнiң Интернетке өту мақсаты сияқты, Үкiмет қызметiнiң Интернетке өту мақсаты да сондай. Бұл бiрiншiден, нақты уақыт iшiнде iс жүзiнде қаржы ағыны мен ақпараттың берiлу процесiн өтуi арқылы, екiншiден, шығынның төмендеу есебiнен, үшiншiден, көрсетiлген қызмет сапасының өсу есебiнен жүзеге асады,

Қарапайым азаматтар үшiн электронды үкiмет құру бiрiншi кезекте, мемлекеттiк органмен байланысу жолын жеңiлдететiн процесс, яғни Интернет арқылы барлық мемлекеттiк қызметтердi жүзеге асыру боылп саналады. Интернет арқылы азаматтар салық төлей алады, экран мониторынан баспаға әр түрлi анықтамаларды шығара алады, әр түрлi лицензиялар мен әлеуметтiк жеңiлдiктердi дайындай алады, тұрмыс құруға және ұйымдарға тiркелуге арыз бере алады, сайлаудағы дауыс берудi қосқанда, электронды үкiмет тұжырымдамасы Интернет арқылы жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғаларға да көрсетiледi. Осыған орай, барлық процесс iс жүзiнде шенеунiктердiң қатысынсыз жүредi.

Электронды үкiмет ұғымы (E-goverment (ағыл.)) Батыста 1990-шы жж. басында пайда болды, бiрақ iс жүзiнде соңғы бес жылда қолға алынды. Электронды үкiметтi бiрiншi кезекте АҚШ пен Ұлыбритания, сондай-ақ Италия, Норвегия, Сингапур, Австралия және бiрнеше басқа елдер (Франция, Германия, Катар, БАЭ) жүзеге асырды. Мысалы, Ұлыбританияда электронды үкiмет құруға 1 млрд.фунт стерлинг жұмсалды, оны 2005 жылға дейiн жүзеге асыру жобаланған.

Кеңестiк үкiмет iшiнен, әзiрше тек Латвия мен Эстонияда электронды үкiмет құру мәселесi мемлекеттiк деңгейде арнайы талқыланды, Эстонияда электронды үкiмет құру 2003 жылға жобаланған. ТМД елдерiнiң кейбiр жоғары мемлекеттiк шенеунiктерi уақыт өте келе электронды үкiмет құру туралы пiкiр айта бастады. Мысалы, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникация министрiнiң пiкiрiнше, "мемлекеттiң ақпараттық мiндетiнiң бiрi электронды үкiметтi құру болып есептеледi. Интернет-мемлекет, бизнес, тұрғындар арасындағы қатынас құралы. Мемлекеттiк органдар жұмысы онлайн режимiнде құрылуы тиiс". Көптеген мысал ретiнде сипатталатын порталдардың бiрi испандық Валенсия провинциясының порталы Infoville (www.infoville.net) және дат қаласы Нэстведа NaestvedNet (www.naestvednet.dk).

Электронды үкiметтi енгiзу үкiмет, заңды тұлға, жеке тұлға сияқты үш бағыт бойынша дивидент әкеледi деп жауап бередi. Ол мемлекеттi басқару тәсiлiн өзгертiп, АТ саласының даму әргесiн қалайды. Соңғы бiрнеше жылда елдiң электрондық саясатын бағалауды жүргiзу пiкiрi кең таралуда. Берiлген зерттеулер бiрнеше мақсатта жүргiзiледi:

-әлемдiк ақпараттық қауымдастыққа енетiн елдердiң дайындығын анықтау;

-жекелеп алынған елдер мен аймақтардың күштi және әлсiз жағын анықтау;

-елдер мен аймақтар арасында салыстырмалы талдау жүргiзуге мүмкiндiк беру;

-қаржылай көмектi қолдану мақсатын немесе инвестициялық саясатты түзетуге мүмкiндiк беру;

-талданған дәйек негiзiнде ақпараттық технология даму саласында саясатты жүргiзуде ұсынысты өңдеу.

Электрондық саясатын зерттеу әдiстерi мақсаты және бағыты бойынша ерекшеленедi. Құрылған әдiстер тiзiмiн http://www.infodev.org/ereadiness/methodology.htm сайтынан табуға болады. McConnell International консалтинг компаниясының 2001 жылғы зерттеуiнiң бiрiн қарастырайық.

Берiлген зерттеулер арасында әлемнiң 53 елiне баға берiлген, соның iшiнде Қазақстан да бар. Электрондық саясат электронды бизнестiң дамуына тән адамның күш-жiгерi, ақпараттық қауiпсiздiк, е-лидерлiк, "коннективтiлiк" сияқты параметрлермен бағаланады. Жоғарыда көрсетiлген әрбiр даму деңгейi үш баллды шкаламен анықталады-"әлсiз", "орташа" және "жоғары". Төмендегi берiлген зерттеулерде басқа елдерге қатысты Қазақстанның орны анық көрсетiлген мәлiметтер келтiрiлген (кесте 12). Даму деңгейiн графикалық кескiндеуде келесi түстер алынған:

-"әлсiз" -ашық сұр түс;

-"орташа"-сұр түс;

-"жоғары"-қанық сұр түс.

Кесте 12

Басқа елдер арасынан электронды дайындық бойынша Қазақстан Республикасының алатын орны



Мемлекет

Коммуни-кациялар

Электронды-технологиялар саласы бойынша дамуы

Ақпарат-тық қауiпсiздiк

Капитал

Электрондық кәсiпкерлiкке жағдай жасалу деңгейi

Болгария
















Венгрия
















Греция
















Иордания
















Қазақстан
















Қытай
















Ливан
















Ресей Федерациясы
















Румыния
















Словакия
















Словения
















Түркменстан
















Түркия
















Чехия
















Эстония
















McConnell International сарапшылары сондай-ақ төмендегiдей графиктi құрды. Мұнда елдер сәл басқаша көзқараста қарастырылған-дер кезiнде орын алатын инновациялық ойларды қолдану деңгейi. Инновациялық ойларды жоғары деңгейде енгiзген елдер болашақта алдыңғы қатарға шығудың мол мүмкiндiгiне ие болады және бизнес пен үкiметтiң сәттi даумы мен өз азаматтарының тiршiлiк жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi. Көрсетiлген деректерге жүгiнсек, Қазақстанның алдынғы орыннан алыс емес екенiн байқауға болады.

Осы уақытта, берiлген зерттеулердi McConnell International компаниясының 2001 жылы дайындағанын көремiз, содан берi елдер едәуiр өзгерiстер байқалды.

Төменде келтiрiлген кейбiр деректер, берiлген баяндаманы мақұлдайды:

-Интернеттi үнемi қолданушылар саны әрбiр жыл сайын шамамен 50% өседi;

-Өткiзгiшсiз байланысты қолданушылар саны қарқынды өсуде (1999 ж. олардың саны 30 мың адам болды, 20012 ж. басында 800 мың адам, 2003 ж. баыснда-1,5 млн.адамға жеттi);

-Бизнестiң маркетингтiк зерттелуi үшiн, ақпаратты өздеуде, электронды поштамен алмасуда Интернеттi қолдану үздiксiз өсуде;

-Веб-қызметтер (веб-сайтты өңдеу, хостинг); жеткiлiктi түрде жақсы дамыған, Қызмет саласы жақсы;

-Онлайндық ақпаратты өңдеу баяу, бiрақ дамуда. Қаржы бөлiмi алдыңғы қатарда. Банктер мен басқа қаржы ұйымдары электронды "банкингтi", төлем карталарын онлайндық карталарды өңдеу ұсынысын алға қоюда.

Бүгiнгi күнi бұрынғы премьер-министрдiң бiрiншi орыбасары Григорий Марченконың басқаруымен арнайы топ электронды үкiмет (е-үкiмет) стратегиясы мен даму тұжырымдамасының критерийлерiн зерттеу жұмыстарын жүргiзуде. Ақпараттық технологиялар саласы бойынша тұрғындардың сауаттылығын көтеру шараларын жүргiзу мен ақпаратты қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселесi бойынша 2004 жылдың наурыз айының аяғында ҚР үкiметi мен Microsoft корпорациясы арасында ынтымқтатық жөнiндегi меморандумға қойылды.

е-үкiмет құрудың үш деңгейлi әрекетiн ұсынады - goverment-to-goverment, goverment-to-business, goverment-to-citizen.

Үкiмет деңгейiнде дивиденттердi алу интернет көмегiмен жеке ведомстволар арасындағы қарым-қатынас механизмiн жеңiлдету ғана емес. Үкiмет тұжырымдамасының жобасында ол бойынша белгiленген кең көлемдi және икемдi мәлiметтер негiзi, коммуникация жүйесi, шешiм қабылдау мен талдау тәсiлiнiң бiртұтас организмi. Бүгiнде ақпараттық телекоммуникациялық қордың мемлекеттiк тiзiмi, бағдарламалық кодтың депозитариi, ақпараттық қордың құжаты, талдау жүйесi мен бағдарлама сертификаты, анықтама, сайт және арнайы электронды мекен жайлар құрылуда.

Мәлiметтердiң ведомствоаралық мемлекеттiк ақпараттық негiзiн құру кез келген министрлiктер мен департамент үшiн тасымал саласындағы мониторинг жағдайының шығынын төмендетедi.

Бизнес өкiлдерi өз кезегiнде Интернет көмегiмен тiркелуде, лицензия беруде, рұқсат беруде, сертификат беруде, ҚҚС бойынша есеп беруде, салым жинағы бойынша есеп беруде, кедендiк декларация, статистикалық органдарға ақпарат ұсынуда, мемлекеттiк сауда жасауға қатысуда ақшаны да, уақытты да аз шығындауға мүмкiндiк алады.

Жеке тұлғалар үшiн электронды құжат айналымы сақталады. Мекен-жайы бойынша тiркелуде, жеке куәлiгi мен жүргiзушi куәлiгiн дайындауда, салық декларациясын беру мен толтыруда, туу туралы куәлiк пен неке туралы, анықтаманы бiр ведомстводан екiншiсiне апарып, кезекте тұрудың қажетi жоқ. Арық үлгiлерi мен электронды мекен-жайлар сәйкес сайттарда орналастырылған.

Толығымен айтқанда, е-үкiметiт енгiзу-мемлекеттi басқарудың айқындығы мен ақпараттың жариялылығын ұлғайтады. Мұнда азаматтар қоғам үшiн де, жеке адам үшiн де маңызды ашық мемлекеттiк ақпаратқа ие бола алады.

Мысалы, Англия тұрғындары электронды үкiметке өтуге қатысты ризашылығын бiлдiрмейдi. Британ үкiметiнiң 99,9% онлайн-режимiне қызметiн қолданады деп күтiлуде.

Қазақстан Республикасының е-үкiметiнiң инфрақұрылымы жаңа басталған күйде. Бүгiнгi күнi Қазақстанда орталық мемлекетiк органдардың 32 сайты тiркелген, оның iшiнде 10-ы интернетке уақытша қосылмаған. Сайтта тек министрлiк туралы, нормативтi акт, статистикалық көрсеткiштер, қызмет саласындағы жаңалықтар бар. Салық төлемшiлерiмен интерактивтi қарым-қатынаста болу үшiн қаржы Министрлiгiнiң салық комитетiнiң сайты арналған. ҚР Әлеуметтiк қорғау және еңбек министрлiгiнiң сайтында еңбек нарығы туралы мәлiметтер негiзi жинақталған. ҚР мемлекеттiк сауда-саттық жөнiндегi агенттiгi мемлекеттiк сауда-саттық туралы тендер мен оның нәтижелерi жөнiнде жариялайды, тауар және жабдықтаушы туарлы мәлiметтердi ұсынады, мемлекеттiк сауда-саттық мониторингiн жүзеге асырады. ОФ "Жергiлiктi өзiн-өзi басқару орталығы" Өскеменде "Айқын қала" жобасы төңiрегiнде электронды үкiметiт бастап енгiздi.

ҚР Үкiметiнiң салық және кедендiк ақпарат жүйесiн енгiзу бойынша жұмыс жүргiзуi бiрiншi жыл емес, яғни "ИНИС" (1998 жылдан бастап) және кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйелерi (1997 жылдан бастап) жұмыс iстеуде. Келесi жылдары ИНИСт-тi енгiзу iске асырылды. Салық төлемшiлерi интерактивтi режимде салықтың барлық түрi бойынша декларация толтыра алады, салық бойынша өз есепшотына ене алады, сондай-ақ өз мүмкiндiгiн тексере алады, өзiн қызықтыратын жабдықтаушының ҚҚС төлемшесi екендiгiн бiле алады. Портал салық төлемшiлерiнiң жұмысы үшiн бағдарламамен қамтамасыз етедi.

"Ақпараттану жөнiнде", "Электронды құжат пен электрондық сандық қол қою туралы" ҚР Заңы және соған сәйкес қаулысы қабылданды. Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi ғаламдық желiдегi "kz" ұлттық бөлiмiнiң дамуы саласындағы қатынастарды реттейтiн бұйрықтар жобасын өңдеумен шұғылданады.

Электронды үкiметке қажеттi тәсiлдер көлемi анықталуда. Күтiлетiн экономикалық нәтижелер мен болжанған орнын толтыру мерзiмi де осы тәрiздес. Түжырымдама жобасы мұндай көрсеткiштердi құрмайды. Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң есебiнше, 2005 жылы 6,3 млрд.теңге керек болған. Бүгiнде ең бастысы-саяси шешiм қабылдау.

Үкiметтi электронды түрге өзгертуде бiрнеше сұрақтар туындайды, соның ең бастысы-ақпараттық қауiпсiздiк. Мicrosoft корпорациясымен ынтымақтастық және өзара келiсiм туралы Меморандумы "е-үкiмет жобасын жүзеге асыруға жәрдемдесу әзiрше берiлген саладағы халықаралық тәжiрибенi ұсыну жолымен iске асырылуын" бiлдiредi. Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi берiлген мәселенiң мәнi өте зор екендiгiн және мiндеттi түрде бұл мәселе реттелетiнiң атап өттi.

Дегенмен, ақпараттың кемуi, компанияның мемлекеттiк меншiгiне тәуелсiз жүредi. Ең бастысы, қолға түсiру мен төлету жеңiлiрек болады.

Қауiпсiздiкке байланысты, ақпараттың құпиялылығын сақтаудағы мәселесi байланыстың электронды түрiне деген сенiмсiздiк мәселесiн тудырады. Желiде онлайн картасын бұзып ашу қауiпiнiң ықтималдылығы да бар.

Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң өкiлдерiнiң айтуынша, Public Key Infrastructure ашық кiлтiн қолдану ақпарат қорғасының жоғары деңгейiмен қамтамасыз етедi. Public Key Infrastructure смарт-карталарында сурет, аты-тегi, жеке қойылған қол бар. Жөнсiз қолданудан сақтайтын жеке идентификациялық нөмiр қарастырылған.

Куәландыратын орталық мемлекеттiк электрондық қызметтi қолдану мен электронды құжат айналымын енгiзудегi қауiпсiздiк пен сенiмдiлiктi қамтамасыз етедi. Қызметтi тұтынушының идентификациясы ақпарат пен жүйенi қолдану құқығын қатаң түрде анықтайды.

Қазақстан үшiн ақпараттың электронды түрiне азаматтардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету халық тығыздығының төмендеуiн күшейтедi.

Actis Systems Asia компаниясының зерттеу дерегi бойынша компьютермен жұмыс iстеп дағдыланғандардың 92%-Қазақстан студенттерi, 72%-басшылар, 64%-мамандар және 62%-қызметкерлер. Күштi құрылым қызметкерлерiнiң компьютерлiк сауаттылығының орташа деңгейi-56%, кәсiпкерлердiкi-51 %.

Бiлiктiктiң төмен деңгейi-үш шаруасындағылар мен жас аналар-65%, жұмыссыздар мен уақытша жұмыс iстемейтiндер-32%, сондай-ақ жұмысшылар-28%, төменгi меншiк салмағы-зейнеткерлер-6%.

Түжырымдамада жоғарғы оқу орындары мен мектептердегi оқыту бағдарламасы қарастырылған. Аймақтардың ақпараттық жүйенi қолдануы "Қазақтелеком" мен "Қазпошта" дамуының жоспарына тiкелей байланысты, өйткенi қолда бар коммуникациялық инфрақұрылымды қолданады. " Сандық теңсiздiктi" болдыртпау бағдарламасы төңiрегiндегi интернеттi қолданатын тұрғылықты жер, интернет-қабылдағыш орналастырылады. Түжырымдамада көрсетiлгендей, ақпараттық-коммуникациялық қызмет пен әлеуметтiк мәндi ақпаратқа қол жеткiзу барлық қазақстандық әлеуметтiк-экономикалық жағдай мен тұратын жерiне қарамастан қамтамасыз етiлуi тиiс.

Бүгiнгi күнi ақпараттық технология жүйесi алдында технологиялық процестi арзандату мiндетi тұр. Бiр мезгiлде мемлекеттiк интернет қабылдауының ақысыз және төмен ақылы қызмет көрсету мәселелепi қарастырылуда. Олай болса, кәсiпкерлер ақылы қызметтi ұсынуды өзiне қалдырғаны жөн.

Қазақстандық IТ саласы дамудың жаңа сатысында болғандықтан, үкiмет е-үкiметтi енгiзудiң технологиялық көзқарасын шешу үшiн қуатты шетелдiк қорлардың көмегiн қолдануда. (Siemens, Crimson Logic, Hewlett Packard және басқалар).

Әрине, жергiлiктi IТ-компаниясына да электрондық қызметтiң үлесi тиедi. Ғаламдық деңгейде толыққанды е-үкiметiн енгiзу-бұл барлық тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығын ұлғайтып, IТ саласының дамуына үлес қосу.

Электронды үкiмет үшiн, серверлiк платформаны құруға әзiрше бiрде-бiр қазақстандық софт-сенiмдi компанияның күшi жетпейдi. Қолда бар бағдарламалық қамтамасыздық жүйенiң қауiпсiздiгiмен тiкелей байланысты, бұл үлкен жауаптылық болып есептеледi. Бұған мемлекеттiк деңгейде жұмыс iстейтiн, тәжiрибесi бар компаниялар ғана қатыса алады. Қазiргi таңда бiздiң елiмiзде мұндай компаниялар онша көп емес.

Бүгiнгi күндегi тұжырымдамада үкiмет жобасын жүзеге асыру процесiне Қазақстан компанияларының қатысу мүмкiндiгiн ұсынады. Көптеген отандық компаниялар сервер кластерi мен мәлiметтердiң қорланған оталығының стандартты шешiмiн ұсынады. Алдыңғы қатарлы технологияларды игеруде бейiмдiлiк пен жергiлiктендiрудiң-бiрiктiрiлген жүйесi қазiр де Қазақстанда дамуда. Ал сұраныстың өсуi бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар софт-сенiмдi компаниялардың әрi қарай дамуына тiрек болады. Коммуникациялық қызметтi автоматтандыру бастапқы күйдегi IТ нарығының өсуiн арандатуы мүмкiн.

Мемлекеттiк басқарудағы ақпараттық қауiпсiздiктi және сенiмдiлiктi қамтамасыз етуде, iшкi және ғаламдық нарықтардың жаңа мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға жағдай жасайтын, кең ауқымды электрондық сауда-саттықты енгiзу алғашқы қадам болып табылатын мәселде электронды үкiметтiң бесiншi кезеңiн, сараптық жүйелердi қолдану арқылы, оның тиiмдiлiгiн арттыруға болады. Қоғамда терең өзгерiс жүргiзудегi мемлекеттiң жетекшi рөлiн және "Қазақстан-2030" Стратегиялық бағдарламасының мiндеттерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасында электронды үкiметтi дамыту саласы бойынша жүргiзiлiп жатқан iс-шараларға ситуациялық және сарапталық жүйелердi құрамдастыру арқылы жүйе тиiмдiлiгн арттыра түсуге болады.

Интернетте облыс әкiмдерiнiң қатысуымен бұл жөнiнде iр түрлi салалар бойынша мәселелер ұсынылады. Бұл мақсатты "Қазақстан Республикасының облыс әкiмдерiнiң Интернетке қатысу деңгейi" туралы таладу әдiстемесi жасалынды. Интернетке облыс әкiмдерiнiң қатысу деңгейi олардың интернет-порталдарын бағалау нәтижесi арқылы анықталады. Әрбiр бағаланатын портал берiлген аймақ әкiмдерiнiң веб-торабы болып табылады.

Талдау жүргiзгенде жеке сайт бағаланады (егер барлық ақпарат сайт материалына тiкелей ұсынылған жағдайда), болмаса әкiм порталының құрамына кiретiн сайттар тобын бағалайды (егер сiлтемелер арнайы сайттан басқа қорғау өткен жағдайда).

Әкiмдердiң арнайы интернет-портлы басты екi критерий негiзiнде бағалануы мүмкiн: 1)толымды ақпараттық; 2)сайт сипаттамасы.

Порталдағы толымды ақпаратқа қатысты талаптарды жобалап түсiндiргенде, ол сайттағы ақпарат бөлiмдерiнiң құрамы мен мөлшерiне деген белгiлi талаптар. Сайт сипаттамасы ретiнде сайттың әр түрлi қызметтi қолдану мүмкiндiгi мен оның тұтынушыға қолайлылығы бағаланады.

Әрбiр облыс әкiмiнiң интернет-порталы үшiн толымды ақпарат тұрғысынан алғанда қажеттi бөлiмдерге анықтама бөлiмi, ақпараттық-жаңалық бөлiмi, сондай-ақ билiк органдары мен азаматтардың, ұйымдардың қарым-қатынасына сәйкес материалдар жатады.

Талдауды жүргiзу кезiнде бағалауды талап ететiн сайттың негiзгi сипаттамалары: сайт құрылым, ыңғайлы (жылдам табу), графикалық үлгi, көзбе-көз тұжырымдама, iздеу мүмкiндiгi және т.б.

Порталдың толымды ақпараттығы мен оған тән сипаттар екi негiзде жүзеге асады: 1) қандай да бiр ақпараттың не қызметтiң бар болуы немесе жоқ болуы; 2)ұсынылған ақпараттың толымдық дәрежесi мен қызмет деңгейi.

"Бар болу не жоқ болу" бойынша бағалау үлгiсi. Егер облыс әкiмiнiң сайтында ағылшын тiлiнде хабар бар болса, 1 балл берiледi, егер жоқ болса-0 балл.

"Деңгейi" бойынша баллдық бағалау үлгiсi. "Жоғары", "Орташа", "Төмен" деп бағалауға сәйкес деңгей облыс әкiмiне 3 балл, 2 балл, 1 балл деп берiледi. Қорытындыда жақсы ұйымдастырылған навигацияға-3 балл, қарапайым болса -1 балл, навигацияның жеке бөлiмдерi қарастырылмаған сайтқа-2 балл берiледi.

Облыс әкiмдерiнде арнайы интернет порталдарының бар болуы, оның "электронды үкiметтiң" тұжырымдамасына жауап беретiн қызметтi орындайтынын бiлдiрмейдi. Әкiмшiлiктiң (Алматы, Астана) веб-өкiлдiктерiнiң көбiсi нақтылы болып табылады, өйткенi сайтта әкiмшiлiк пен департамент басшылары туралы мәлiметтер тiркелген. Көбiне мұндай сайттар көп дәрежеде жаңалықтар арнасына және жергiлiктi мәдени өмiрге көңiл бөлетiн құлақтандырулар мен жарнамаларды сипаттауға ұқсайды. Мұндай ақпараттар артық болмайды, бiрақ оны ұсыну аймақтың арнайы үкiмет порталының қызметi болып табылады.

Облыс әкiмшiлiгiнiң "электронды үкiмет" интернет-порталына қойылатын талаптарға тоқталайық. "Электронды үкiмет" кезеңiне өту интернет-порталдың негiзгi мiндетi-мемлекеттiк басқару органдарының азаматтар мен ұйымдарға кең көлемдi ақпаратты ұсынуы болып табылады. Осыған байланысты аймақтардың порталы келесi негiзгi бөлiмдерге бөлiнедi: анықтамалық және ақпаратты-жаңалық.

Билiк органдары ұсынған порталдардың анықтама бөлiмi мыналарды бiрiктiредi:

-басқару органдарының қызметi анықтайтын құжаттар жиынтығы (қаулы, жарлық жұмыстың уақыт тәртiбi және т.б.) ;

-байланыс ақпараты, орналасу, жұмыс уақыты, телефондар, электронды пошта мекен-жайы, жауапты қызметкерлердiң тiзiмi, қабылдау уақыты, әр түрлi арыздарды толтыру мен құрастыру ережелерi;

-бағытталған iс-шаралар бойынша нақтылы ақпараттар;

-басқару органдары тақырыбына арналған толық мәтiндi мәлiметтер негiзi.

Ақпараттық-жаңалық бөлiмi мыналарды бiрiктiредi:

-ақпараттық агенттiк тақырыбы жөнiндегi хабарламалар, БАҚ жеке материалдары, болмаса арнайы ақпарат көздерiне деген орынды нұсқаулар;

-арнайы хабарламалар мен басқару органдарының тiкелей баспасөз хабарлары;

-басқару органдары басшыларының орындау мазмұны;

-басқару органдары қызметкерлерiнiң мақаласы мен сұхбаты;

-заң мониторингi мен нормативтi құжат негiзi;

-аймақ бойынша статистикалық мәлiметтер;

-оның қызметiне сәйкес мекемелерде жарияланған талдау материалдары;

-веб-тораптарға көбiне жиi келiп түскен сұрақтарға жауаптың iрiтелуi.

Егер ұсынылған ақпарат толық, нақты және өзектi болған жағдайда интернет-порталды құру мағынаға ие болады.

Бұл мәселенi шешу үшiн, әдетте, бiрнеше әдiстер қолданылады: сайттағы жаңартулар туралы хабарламалар, толық мәтiндi iздеулер, иерархиялық рубрикатор.

"Электрондық үкiметтiң" даму кезеңiндегi келесi алға басушылық, ақпараттық веб-тораптың азаматтар мен ұйымдардың қарым-қатынас құралына айналады. Бұл кезеңде ақпаратпен алмасудың атқару тәртiбi мен электронды түрi бұрын-соңды мекемеге өзi барғанда ғана шешiлетiн көптеген процестердi Интернетке өткiзедi. Осы орайда мемлекеттiк қызмет үшiн маңызды мәселе тұтынушының жеке куәлiгi болып табылады. Әлемде осы мақсатқа парольдар, сандық сертификаттар, смарт-карталар арналған.

Тұтынушының аутентификациясы мен ақпараттың жеке құралы сондай-ақ керi байланыс құралы бар мемлекеттiк органдардың веб-тораптары қазiргi түсiнiк бойынша интернет-портал болып табылады.

"Электронды үкiмет" дамуының берiлген кезеңiнде тұрған алдыңғы қатарлы елдер бүгiнде келесi, үшiншi кезең, яғни "ақпараттық экономиканың" қалыпатсу кезеңiнiң бастамасынан өтуде.

Қазiргi уақытта Қазақстан "аяқтан тұру" кезеңiнен "өзара қарым-қатынас" кезеңiне аяқ басты. Көбiнесе веб-торап аудиториясының интерактивтi өзара қарым-қатынасының негiзгi қарапайым түрлерi қолданылады: басқару органдарының порталдары арқылы сауалдар мен хаттарды жолдау, көңiл аударудың құрылған үлгiсiн түрiне қарай толтыру, тақырыптық форумдарға қатысу.

Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк билiк органдарымен әрi қарайғы қарым-қатынасы Интернет арқылы керектi анықтамалар мен рұқсат қағаздарын алуға не сұратуға болатын қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Сонымен қатар, интернет-портал заң арқылы қарастырылған салықтық, статистикалық есеп берулердi мемлекеттiк басқару органдарына жеткiзу мүмкiндiгiн ұсынады. Сөз жоқ, хабарламаны дайындап, оны салып жiберудi тез жүзеге асыратын интерфейстен басқа, мұндай жүйе ақпараттық құпиялылығын сақату қажеттiлiгiмен қамтамасыз етуi тиiс.

Аудитория мен "электронды үкiмет" арасындағы қарым-қатынастың керектi көрiнiсiнiң бiрi мемлекеттiк билiк органдарының азаматтар мен ұйымдарға арналған iс-шараны өткiзуi болып табылады. Интернет-порталдың арнайы блогы ("сауда алаңы") мемлекет қажеттiлiгiн қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдар арасында тендер жүргiзумен қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк билiк органдары өзiнiң порталында тендер туралы хабарландыруды, оған қатысу шарттарын, талапкерлермен толтыруға қажеттi арнайы жинақ түрлерiн жариялайды. Порталдың бағдарламамен қамтамасыз етуi келiп түскен арыздарды жинауға, қорытындысын шығаруға көмектеседi.

Қазiргi интернет-порталдың мiндеттi сипаты мыналар болып табылады: (және, немесе, жоқ) логикалық сауалдарды сұрату мүмкiндiгiмен толық тақырыптық iздеудi қарастыратын веб-торапта iздеудi ұйымдастыру, сондай-ақ нақтыалу критерий-құжат категориясынан бөлiмi (жаңалықтар, жариялымдар, нормативтi құжаттар, iс-шаралар, жобалар), уақыт мерзiмi. Сонымен қатар релеванттылық бойынша, жариялым мерзiмi бойынша iздеу нәтижелерiн беру тәртiбiн өзгеру мүмкiндiгi қарастырылуы тиiс.

Сондай-ақ, шетелдiк тұтынушылар есебiнен аймақтық вебөкiлдiктiң аудиториясын кеңейту үшiн сайттың ағылшын тiлдi хабары қарастырылуы керек.

Порталдың графикалық үлгiсi мен шолу тұжырымдамасындағы негiзгi талаптары тиiстiлiк пен нақтылық болып табылады.

Типтiк портал құрудағы жұмыстар "Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк туралы" ҚР Президентiнiң жарлығын жүзеге асырудағы әр түрлi техникалық және технологиялық көзқарастар "электронды үкiмет" құру кезiнде туындаған басқа маңызды мәселелердi шеше алмайды.

Басқару органдары қызметкерлерiнiң үкiмет қызметiн тұтынушы ұйымдар мен азаматтармен жаңа қарым-қатынастың негiзiнде құрылған жұмыстарға дайын еместiгiнен мәселелер туындайды.

"Электронды үкiмет" технологиясына негiзделген жұмыс шенеунiктерден басқару органдарының интернет-қорын ұдайы ақпаратпен қамтамасыз етуiн, оларды тез арада жаңартуын, тұтынушылардың сауалы бойынша жауаптарды электронды пошта арқылы жiберуiн, күнделiктi жұмыс уақытына кiрмейтiн басқа да әрекеттердi талап етедi. Осылайша мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары қызметкерлерiнiң мiндеттi жұмысына электронды поштаны екпiндi қолданатын аудитория жұмысын сондай-ақ интернет желiсi арқылы ақпараттың нақты түрiн ұсынуға жауаптылықты тағайындау сияқты жаңа қызмет түрлерiн тiркейдi.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет