Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы кәмелетке толмаған баланы сату фактісі бойынша тергеу бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: meme-arsenal.com

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оқушы "Цифрлық отбасы картасында" мектепке бармаған деп жазылған.

"Тексеру көрсеткендей, баланы 2011 жылы дүниеге келген сезінде Қарағанды ​​қаласының облыстық перинаталдық орталығына тастап кеткен. Кейіннен Осакаров ауданындағы Пионерский балалар үйіне жіберілген. Прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады. Бала іс жүзінде жоғалып кеткен. Оның қайда екені белгісіз", – делінген хабарламада.

  • "Денелері кірлеп, көгерген, әбден ашыққан": Ұлытаулық азамат асырап алған балаларын фермада бес жыл бойы құлдықта ұстаған
  • Екі жылға сотталуы мүмкін": Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйелге қатысты екі іс қозғалды

Осакаров ауданы прокурорының нұсқауымен Қылмыстық кодекстің 135-бабы, яғни кәмелетке толмағандарды саудалау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ата-анасы сыра мен шарап беріп ұйықтатып үйреткен екі жастағы бүлдіршін балалар үйіне тапсырылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.