Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген



бет1/10
Дата07.03.2018
өлшемі1.89 Mb.
#20163
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген



Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2012 жылғы «27» желтоқсандағы сессиясының №123 шешімімен бекітілген



ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ

АУМАҒЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

ӘУЛИЕКӨЛ, 2013 жыл

МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ...............................................................................3
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ..........................................................................8
2.1 Ауданның жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау,сонымен бірге олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.................................................................................................................8
2.2 Ауданның аумағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.....11
2.2.1 Өңірдің экономикасын талдау................................................................12
2.2.2 Ауданның әлеуметтік саласын талдау ........................................ .........22
2.2.3 Ауданның инфрақұрылымының дамуын талдау.................................45
2.2.4 Ауылдық аумақтардың дамуын талдау, экология ........................................................................................... ................ ...............49
2.2.5 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау.................................................................................................................53
2.3 Ауданның орта мерзімдік болашақта тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, тәуекелдері, тежейтін факторлары, бәсекелестік басымдылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы......................................................................................................54
2.4 Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау ......................................................................55
3. АУДАННЫҢ ДАМУЫН ЕЛЕСТЕТУ.........................................................................56

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ мен оларға қол жеткізу жолдары.............................................................................................................58
5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР..................................................................................................84

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ......................................................................................89


  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 «Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары» Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 «Қазақстан Республикасын жедел инновациялық дамыту бойынша 2010-14 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы. Облыстық мәслихаттың № 368 шешімімен бекітілген Қостанай облысының аумағын 2011-2015 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, 1921 жылы құрылған. Солтүстігінде Қостанай және Алтынсарин аудандарын, солтүстік-шығысында Алтынсарин және Қарасу, оңтүстігінде Наурызым ауданымен, батысында Қамысты және Таран аудандарымен шектеседі.

Ауданның орталығы - Әулиекөл селосы, 1879 жылы негізі құрылған. Ауданның құрамына 34 елді мекен енеді, оның ішінде: 1 поселке, 6 село және 8 селолық округ. Ауданның аумағында 49 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданның халқы 47,6 мың адамды құрайды, оның ішінде: 50%-қазақ, 26,6%-орыс, 4%-неміс, 19,4%-басқа ұлттар. Халықтың тығыздығы – 1 шаршы километрге 4,3 адам. Аса тығыз орналасқандар Әулиекөл селосы, Аманқарағай және Құсмұрын поселкесі.



Бағыттар

  • экономика

  • Әлеуметтік сала

  • Инфрақұрылым

  • Ауылдық аумақтарын дамыту, экология

  • Мемлекеттік қызмет көрсету

Бағдарламаның мақсаттары

  • Өнеркәсіптік әлеуетінің дамуы

  • АӨК өнім өндіруінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету

  • Шағын және орта бизнесті дамыту есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Сауданың есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Инвестиция тарту есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Инновациялық даму, технологиялық жаңғырту мен жаңа өндірістер құру есебінен ауданның экономикалық әлеуетін арттыру;

  • Отандық өндірушіні қолдау;

  • Білім берудің сапасын, қол жеткізуді жақсарту;

  • Мектепке дейінгі көрсетілетін қызмет көрсету сапасын жақсарту;

  • Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтерін ұсыну

  • Тұрғындардың денсаулығын нығайту;

  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Тұрмысы төмен тұрғындарды әлеуметтік қолдау мен тұрмыс жағдайын жақсарту;

  • Отандық мәдениетті сақтау, тарату және насихаттау;

  • Мемлекеттік тілді дамыту;

  • Көпшіліктің дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау;

  • Ұлттар арасындағы бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту.Еліміздің даму стратегиясын іске асыруда азаматтық қоғам институттарын кеңейту. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін жетілдіру.

  • Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзудың алдын алу жүйесін дамыту.

  • Табиғи және техногендік төтенше жағдайларды ескерту мен жою.

  • Инфокоммуникация саласын дамытуға жағдай жасау.

  • Құрылыс саласын дамыту.

  • тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • Экономикалық кеңістіктің байланысын жақсарту.

  • Энергетиканың және су шаруашылығын инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;

  • Ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту.

  • өңірдің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау.

  • Мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін жетілдіру;



міндеттері



-Өнеркәсіп өндірісінің көлемін ұлғайту;

-Өнеркәсіп өнімінің нақты өсуі;

-Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін жетілдіру;

-Мал шаруашылығы өнімінің көлемін жетілдіру;

- Мал шаруашылық өнімділігін жетілдіру;

-Бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі;

-Бөлшек тауар айналымының өсуі;

-Инвестициялық саланың дамуы;

-Инновациялық өнім өндірудің өсуі;

-Тауарларды сатып алу кезінде импорттық ұқсастықты отандыққа ауыстыру;

-Жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу кезінде импорттық ұқсастықты отандыққа ауыстыру;

-Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру;

-Сапалы білім беру;

-Аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

-Мектепке дейінгі білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету;

-Медицина ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету

-Медицина қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру;

-Ауруды уақытында анықтау;

-Әйелдердің денсаулығын нығайту;

-Жаңа туған балалардың денсаулығын нығайту;

-Балалардың денсаулығын нығайту;

-Қан айналу жүйесінің ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-Қатерлі ісік ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-Туберкулез ауруларын уақытында нақтамалау және сауықтыру шараларын жүргізу;

-ВИЧ жұқтырғандарды ретровирусқа қарсы дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету;

-Тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

- Мүгедектер үшін әлеуметтік транспортық инфрақұрлымдық деңгейіне қол жеткізу;

-Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар;

-Тұрмысы төмен тұрғындардың тұрмысының сапасын жақсарту;

-Мәдениет саласының өнiмiне қажеттіліктің өсуiн ынталандыру;

-Мемлекеттік тілдің әлеуметтiк-коммуникативтік және шоғырландырушы функцияларын кеңейту

-Балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру

-Мемлекеттік жастар саясатымен айналысуы үшiн қолайлы жағдайларды ұйымдастыру

-Конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту

-Этникааралық келісімді сақтау мен нығайту

-Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-Қылмыспен күресу мен қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін жетілдіру, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес

-Техногендік апаттар,опат пен дүлей апат бойынша тәуекелдің азаюына жағдайлар жасау

-Компьютерлік білім деңгейін жетілдіру

-Телефон байланысын дамыту

-құрылыс саласын дамыту

-Тұрғын үйге қол жеткізуді қамтамасыз ету

-Жол инфрақұрылымын дамыту

-Қолайлы өмір сүруді қамтамасыз ету

-Ауыл тұрғындарының электрмен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Ауыл тұрғындарын сумен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз ету

-Білім беру мамандарын ауылдық жерге тарту

-Денсаулық сақтау мамандарын ауылдық жерге тарту



- Орман ресурстарын сақтауды, өсіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

-Мемлекеттік органдардың жұмысының нәтижелілігін жетілдіру



Мақсатты индикаторлар

        • Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің индексі

        • Шығарылған өнімнің (қызмет көрсету)

жалпы көлемнің индексі

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектісінің шығарылған өнімінің көлемі



        • Бөлшек сауданың жалпы көлемінің индексі

        • Негізгі капиталға инвестиция жалпы көлемінің индексі

        • Инновациялық –белсенді кәсіпорындардың индексі

        • Жұмыс және қызмет көрсету,тауарлардың сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті мазмұнды үлесін ұлғайту

        • Тұрғындардың білімге қол жеткізуі және білім сапасына қанағаттану деңгейі

        • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту

        • Тұрғындардың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

        • Тұрғындардың 1000 мың адамға шаққанда қайтыс болуының азаюы

        • Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу шараларымен қамту пайызы

        • Мәдениет саласында қызмет көрсету сапасына тұрғындардың қанағаттану деңгейі

        • Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі

        • Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындар үлесі

        • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесінің артуы

        • Тұрғындардың ішкі істер органына сенімінің болжамды деңгейі

        • Төтенше жағдайлардан адам шығынын төмендету

        • Тұрғындардың коммуникация және байланыс саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі

        • Құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі

        • Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру

        • жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі

        • Тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

        • Даму басымдылығы жоғары ауылдық елді мекендердің санын көбейту

        • Мемлекеттік орман қорының алып жатқан орман алаңы

        • Тұтынушылардың әлеуметтік-маңызды қызмет көрсету сапасына қанағаттанудеңгейі

Қаржыландыру көздері және көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет,инвесторлардың өз қаражаты,заемдық қаражаттар

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы- 615091

2012 жылы- 1865870

2013 жылы- 3790681

2014 жылы- 2388145

2015 жылы - 2560443

Барлығы: 11220230 мың теңге




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Ауданның жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы
Географиялық орналасуы
Әулиекөл ауданы Қостанай облысының оңтүстік-шығысында орналасқан, 1921 жылы құрылған. Аудан облыстың алты ауданымен шектеседі (Алтынсарин, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Қамысты, Таран). Ауданның орталығы - Әулиекөл селосы, 1897 жылы негізі қаланған.

Жер бедері. Ауданның аумағы жазық болып келеді, тек қиыр шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай жалпақ Торғай қолаты созылып жатыр, оның жоғары беті біркелкі, шамалы иректеліп келеді. Тек қана Қазанбасы, Аманқарағай, орман орналасқан қоныстарды қолатты деп айтуға болады.

Ауа райы күрт континентальды және өте құрғақ. Қысы ұзақ, аязды, күшті жел және боранды, жазы ыстық, құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 240-280 мм. Вегетациялық кезеңі 150-175 тәулік.

Су қорлары. Өзен желісі сирек. Ауданның аумағында – Обаған, Ащы, Шилі өзендері ағып өтеді. Ауданда көлемі шағын көптеген көлдер бар. Ең үлкендері Торғай қолатында орналасқан – Құсмұрын, Қойбағар, Ноғайкөл, Ревуль, Шилі және басқалары.

Топырақ. Ауданның топырағы - қара топырақты, құмдақ және тұзды қоғыр топырақты. Тың жерді игеруге байланысты барлық алаңы жыртылған. Ауданның жалпы жер көлемі 1110,8 мың га. Ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 968,3 мың га немесе ауданның жалпы жер көлемінің 87,2%.

Өсімдік. Ауданда көп түрлі шөптер өсетін қызыл изенді қара топырақ басым, қайың-көктерек және қарағай (Аманқарағай) шоқ ормандары. Өсімдіктің шалғындық түрі бар: изеншөп, бидайық, атқонақ, шалғын, қылтанақсыз арпабас. Шалғындық сор топырақты жерде арпа-қияқты-жусанды өсімдік пен соршөп өседі. Орманда қарағай, аққайың және көктерек. Орманның жалпы көлемі 71,1 мың га.
Әкімшілік –аумақтық құрылымы

Ауданның құрамына 42 елді мекен енеді, оның ішінде: 1 поселке, 4 село, 10 селолық округ. Қостанай обылысы әкімдігінің қаулысы және Қостанай облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 29 мамырдағы №3 келесі тұрғындардың санына қарай 50 ден аз адамдарды елді мекендерді тарату шешімі: Әулиекөл ауданы Речной ауылы, Әулиекөл ауданының Аманқарғай селолық округтің Жилгородок ауылы, Әулиекөл ауданының Аманқарғай селолық округтің Торғай бұғазы ауылы, Әулиекөл ауданы Новонежин селолық округтің Миалы ауылы, Әулиекөл ауданы Тимофеев селолық округтің Бұлақсор ауылы, Әулиекөл ауданы Чернигов селолық округтің Жарғатыз ауылы, Әулиекөл ауданы Шағала селолық округтің Қарағансай ауылы, Әулиекөл ауылы Шағала селолық округтің Шағала ауылы. Сонымен 2013 жылғы 1 қазанда ауылдық елді мекен пунктер саны 8 ауылға қысқартылды, және 34 елді мекен пунктерін құрады оның ішінде: 1 поселке, 6 дербестік ауыл, 8 селолық округ.

Ауданның аумағында 49 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданның халқы 46071 адам, оның : 51%-қазақ, 31,2% - орыс, 3,2%-неміс, 14,6%-басқа ұлттар. Халқының тығыздығы – 1 шаршы километрге 4,3 адам. Аса тығыз орналасқан Әулиекөл, Аманқарағай селосы және Құсмұрын поселкесі, аз орналасқан Қосқөл ауылы, Озерное ауылы, Дұзбай ауылы.
Әулиекөл ауданының облыстың дамуында алатын орны
Инвестициялық қызмет

Инвестиция көлемінің 2007-2012 жылғы кезеңде өсу қарқыны жыл сайын басым болды.

2012 жылы ауданның негізгі капиталы 4564 млн. теңге инвестицияланды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 5,5 есе көп немесе 3731 млн. теңге.

Қарастырылып отырған кезең ішінде негізгі капиталға негізгі инвестиция көзі кәсіпорынның, ұйымның және тұрғындардың өз қаражаты болып табылады.

Негізгі инвестицияның көзі қарастырылатын кезеңдегі негізгі капиталға тұрғыдардың және кәсіпорындардың ұйымдардың жеке қаражаттары болып табылады. Жалпы инвестиция көлемінде осы көздердің үлес салмағы 8% құрады. 2013 жылғы 10 айында 3646 млн. теңге инвестицияланды былтырғы жылмен салыстырғанда 9,1% деңгейінде төмен.

2012 жылы «Тимофеевка - Агро» ЖШС базасында «Дамыған инфрақұрылымымен 2000 бас Әулиекөлдік тұқымын бордақылау алаңының құрылысы» жалпы құны 890,6 млн. теңге, Қостанай облысы бойынша индустрияландыру Картасына қосылды.

Инвестицияның негізгі капиталының 2012 жылы басымдылық бөлігі ауыл шаруашылыққа – 3276 млн. теңге (71,8% % негізгі капиталдың инвестициялық көлемінен) және өнеркәсіп – 436,9 млн. теңге (9,6%), инвестиция транспортта және жинақтауда - 289 млн. теңге (6,3%), ақпарат және байланыс – 239 млн. теңге (5,2%), жылжымайтын мүліктің амалдары – 95 млн. теңге (2%), көтерме және бөлшек сауда, автокөлік және мотокоцикл жөндеу – 120 млн. теңге (2,6%), және басқалар.

2013 жылы 2011-2012 жылдары басталған инвестициялық жобалардың іске асырылуы жалғасуда облыстық және республикалық бюджеттен қаржыланатын бұл:

- «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандықтың құрылысы» жалпы құны 1440,5 млн. теңге, оның ішінде 2013 жылы 950,7 млн. теңге қарастырылған.

- «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандықтың жылу желілері құрылысы» жалпы құны 959,3 млн. теңге, оның ішінде 2013 жылы 215 млн. теңге қарастырылған.

Сонымен қатар 2013 жылы 2 инвестициялық жоба іске асырылады:


  • «Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандық желісінің құрылысы». Алаңнан тыс «Южный» қазандықтың электротехникалық желісінің құны 40,6 млн. теңге;

- Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде «Южный» қазандық желісінің құрылысы». «Южный» сыртқы су құбырының желісі және қазандықтың кәрізінің құны 31 млн. теңге. Осы жобаның іске асырылуы Құсмұрын поселкесіндегі әлеуметтік сала нысандарын орталықтан жылытуды қамтамасыз етеуге мүмкіндік береді;

«Әулиекөл селосында мемлекеттік тілде оқытылатын 600 орынды орта мектептің құрылысы аяқталуда» құны 1002 млн. теңге, оның ішінде 2013 жылы 784,1 млн. теңге қарастырылған. Жобаны іске асыру мемлекеттік тілде оқыту үшін жағдай жасайды және жұмыс істеп тұрған мектептің жүгін жеңілдетеді.

-«Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл селосында Строительная 6 көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үйді қайта жаңарту» аяқталуда жалға беріледі құны 52,5 млн. теңге. Жобаның іске асырылуы тұрғындар саласындағы тұрмыстық -тұрғын үйдің әлеуметтік-қорғау жағдайын жақсартады.

Болжалды кезеңде заем қаражаты мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен аудан 2013 жылы экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда. «Өндірістік кешенді қайта құрастыру 1 млрд 328 млн. теңге сомасында.Индустрияландыру картасы жобасына қосылды;

-ауыл шаруашылығында- «Агрофирма Диевка» базасында сомасында «Диевка селосында нан қабылдау пункт алаңын қайта жабдықтау» екі инвестициялық жобасын орындау жоспарланып отыр және 200 млн теңге сомасында «Үшқарасу селосында №2 ферманы қайта құрастыру» жалпы сомасы 221 млн.тенге 20 жұмыс орыны құрылды.

Ішкі экономикалық қызмет

Ауданның негізгі тауар өнімі – бидай, көмір. 2013 жылы бидайды экспорттау және импорттау ТМД елдеріне және жақын шетелдерге шығарылды. Негізгі тауарларды шығару және әкелу Қазақстан Республикасы шегінде, Қостанай, Астана қалаларының делдалдық фирмалары арқылы жасалды.


Еңбек өнімділігі және еңбек ақы

Аудан бойынша 2007 жылы орташа айлық еңбек ақы 30948 теңге, 2009 жылы – 41538 теңге, 2012 жылы – 64119 теңге, құрады. 2007 жылмен салыстырғанда еңбек ақы 2 есе өсті, 2009 жылмен салыстырғанда еңбек ақының өсімі 54,4% құрады.

2012 жылы жоғары айлық еңбек ақы деңгейі келесі секторларда: денсаулық сақтау – 79185 теңге, өнеркәсіп – 65861 теңге, көлік және жинақтау – 99081 теңге, білім беру – 60385 теңге. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ақы деңгейі төмен – 46786 теңге, әр түрлі қызмет көрсету – 29512 теңге, қаржы және қамсыздандыру саласы – 35954 теңге, бөлшек және көтерме сауда – 39533 теңге,. қызмет көрсету және тамақтандыру қызметкерлерінде – 25120 теңге. Ең төменгі және жоғарының арасындағы айырмашылығы 3 есе.

Әлеуметтік маңызды мәселенің бірі ауыл шаруашылық саласындағы еңбек ақы деңгейінің төмендігі болып қала береді.


Білім беру

Ауданның білім беру жүйесінде мектептерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі өсуде, компьютерлермен, физика, химия, биология, лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуда. Ауданның барлық мектептері Интернетке қосылған, ол сапалы білім беруге қол жеткізеді.

Кәсіби лицейдің қызметі аудан экономикасының түрлі саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балабақшалар ашу есебінен балаларды мектепке дейінгі оқыту тәрбиелеумен қамту көбейеді. Қазіргі нормаларға сәйкес жағдай жасау үшін жыл сайын білім мекемелеріне түбегейлі және ағымдық жөндеу жүргізіледі.

Соған қарамастан, балалар мен жасөспірімдер үшін қосымша білім ұйымдарының желісінің дамуы жеткіліксіз. 2014 жылы «Достық» Балалар сауықтыру кешені кешені» МКК базасында қосымша 5 үйірме ашылу жоспарлануда.

Ауданда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту қамту 92% құрайды мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар санынан. Осы көрсеткіш аудандағы балабақшаларда кіші жастағы топтын болмауынан және толық күнге келу мини-орталықтардың болмауы. 2013 жылы Әулиекөл селосындағы балабақшаларда 2 топты ашу есебінен қосымша 50 орын құрылды. 2014 жылы орта мерзімді мини-орталықтарды толық күнге келуге ауыстыру жоспарландыруда.


2.2 Аудан аумағының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Бәсекелестікті дамыту

Бәсекелестік ортаны құрау мәселелері базалық болып табылады.

Аудан экономикасының ерекшелігін ескере отырып,бірнеше шешуші сала бөлініп алынды,онда бәсекелестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру мақсатты және барынша тиімді болады, олар:


  • агроөнеркәсіп кешені;

  • бөлшек сауда;

  • отын-энергетикалық кешені.

Агроөнеркәсіп кешенінде бәсекелестікті дамытуға саланың арнайы ерекшеліктері елеулі әсер етеді.

Бәсекелестікті дамытуды шектейтін факторлар бар: материалдық және қаржылық қордың жетіспеуі, өнімді өңдеу саласы нашар дамыған,мемлекеттік-жеке серіктестіктің болмауы.

Бәсекелестікті дамыту жағдайына сақтайтын орын, қоймалардың, бастапқы өнімді жинау пункттерінің жетіспеушілігі теріс ықпал етеді.

Бәсекелестікті дамытуға негізгі кедергі қалыптасқан сату рыногының болмауы, ол үсақ тауар өндірушілерге өндірген тауарларын ауданның ішкі рыногында, сонымен қатар тысқары жерлерде өзбетінше сатуын жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жаңа технологияларды енгізу (құрылыс, қайта жаңарту, сүт және ет өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша цехтар) ,мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Бөлшек сауда саласында бәсекелестікті дамытуға көлік-логистикалық жүйенің және қысқа мерзімге жинақтау жүйесінің дамымауы елеулі әсер етеді. Ауданның бөлшек сауда саласы бәсекелестіктің деңгейін арттыруға (кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін кедергілерді анықтау және жою) бағытталған шаралар қабылдауды талап етеді.

Ішкі сауданы дамыту саласында бәсекелестікті дамыту үшін келесі шаралар қабылданады:

рынок субъектілерін көбейту үшін жағдайлар жасалады;

сауда орындарының инфрақұрылымы жетілдіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет