Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген



жүктеу 1.89 Mb.
бет2/10
Дата07.03.2018
өлшемі1.89 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жылу-энергетикалық кешені.

Газбен жабдықтау, энергиямен жабдықтау салаларында бәсекелестікті шектеуші факторлар байқалады:

Коммуналдық инфрақұрылымның жоғары деңгейде тозуы үлкен қаражат жұмсау қажеттілігіне байланысты тауар рыногының тартымдылығына әсер етеді.;

Әкімшілік кедергілер (лицензия алу үшін біліктілік талаптарын орындауға бағытталған шараларды орындаудың күрделілігі);

Импортқа тәуелділік (ауданда газдандырудың жоқ болуы).
2.2.1 Ауданның экономикасын талдау

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімін өндірумен 28 кәсіпорын айналысады, оның ішінде: 4 орта, 1 ірі, сонымен қатар осы салада шағын және орта бизнес кәсіпорындары істейді. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 0,8 мың адам жұмыс істейді.

Ауданда кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және электр энергиясы мен суды өндіру және тарату бойынша кәсіпорындар жұмыс істейді.2012жылы 4171 млн. теңге сомасында тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылғы деңгейден 3 есе артық. 2013 жылғы 9 айында өнеркәсіп өндірісінің өнімі 4% -ға төмендеді және 3889 млн. теңге құрады. 2012 жылы өндірістің жеке индексі көлемі105,6 % құрады, 2007 жылғымен салыстырғанда 2,4 % -ға дейін төмендеді.

Өнеркәсіптің даму қарқынының төмендеуі қаржылық дағдарыстың теріс әсер етуімен түсіндіріледі. Мысалы, 2009 және 2010 жылы жоспарланған 2 инвестициялық жоба іске асырылмады – бұл өңдеу өнеркәсібіндегі «Италия құрал-жабдығымен макарон өнімдерін өндіру», құны 70 млн. теңге, қосымша 10 жұмыс орны ашылмақ болатын. Екіншісі, кен өнеркәсібінде Құсмұрын поселкесінде 840 млн. теңге сомасында «Приозерное» кен орнында көмір өндіруді жандандыру, жаңғырту және көлемін арттыру.

ЖИМ төмендеуі 2013 жылы болжалынады «Разрез Приозерный» КРК ЖШС кәсіпорыны ағымды жылдың сәуір айынан бастап тоқтатылу себебінен, 2013 жылы 2,2 мың. тонна көмір өндірілді. Сонымен қатар «АГФ «Диевская» ЖШС кәсіпорынында ұн өндірісінің мөлшері төмендеді осыған байланысты 2012 жылы өндірілген ұнды пайдаланды.

2013 жылдың аяғында «АГФ «Диевская» ЖШС кәсіпорынының екі инвестициялық жобасы іске асырылды бұл, «Жабық алаң астында астықты уақытша сақтау үшін алаңды қайта жабдықтау» және «Жабық алаң астында уақытша ірі қара малды ұстау үшін №2 бөлім фермасын қайта жабдықтау» жалпы құны 221 млн. теңге. Бұл жобалар индустрияландыру картасы жобасына қосылған жоқ.

Ауданда Кәсіпорындардың мәселелерін ескере отырып экономиканың дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жетілдіру бойынша шаралар әзірленді және іске асырылды.Кәсіпорындардың басшыларымен жұмыс істейтіндердің еңбек құқығы, әлеуметтік-экономикалық мүдделері және кепілдігі бойынша меморандумдар жасалды. Өндірістің әлеуетін және еңбек ұжымын сақтау мақсатында кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді. Соның нәтижесі ретінде, ауданның кәсіпорындарында өндіріс үрдісі тоқтаған жоқ, жұмыс орындары қысқартылған жоқ.

Әулиекөл ауданының өнеркәсібіндегі кен өндіру «Приозерный Разрез» КРК болып табылады. «Приозерный» разрезінің көмірі сапалы, өзгеше ерекшелікте.Өткізу рыногінің болмауына байланысты осы кәсіпорын толық қуатта жұмыс істеп кете алмады, 2013 жығы сәуір айынан бастап қызметерін тоқтатты.

2009-2012 жылдары кезеңде 110 мың. тонна көмір өнделді, 2013 жылы өндіріс 2,2 мың.тонна құрады. Кәсіпорын сату рыногын іздестіру жалғасуда.

Әулиекөл ауданының өнеркәсібіндегі кен өндіру секторының дамуы инвестиция салуға және көмір кенінің толық қуатпен жұмыс істеуін ұйымдастыруға көзделген. Сонымен қатар кәсіпорын табиғи құм өндіруімен айналысады. Құмды үнемі ала бермейді, себебі жол жөндеу жұмысын жүргізуге дейінгі арақашықтықтың ұзақтығына байланысты көлік шығыны да көбейеді.



Аудан өнеркәсібінің құрылымында өңдеу өнеркәсібі басым, 2009 жылы оның үлесі 2013 жылы қаңтар-қыркүйекте 87,1% құрады, кен өндіру өнеркәсібі 2,0% , жылу энергиясы мен суды өндіру және тарату 7,8%, су жабдықтау 3,1%. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде 2013 жылы қаңтар-қыркүйекте (1106,3 млн. теңге) тамақ өнімдерін өндіру 17,8 %, машина жасау 82,2%.
1-кесте

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің динамикасы

р/т

Көрсеткіштер

Жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

1

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

2523,8

4633,7

4073,7

3889

3885

4171

2

Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге

2403,8

3635,7

3908,8

3594

3632

3886

3

Жалпы өнеркәсіп көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

95,2

78,5

95,9

92,4

93,5

92,2

4

Өнімнің негізгі түрлерін өндіру






















Ет және азықтық малдың ішек-қарыны,тонна

57,0

229,0

248,0

285,7

418,7

476,4




Астық дақылдарының ұны, мың тонна

27

29,4

36,4

31,6

32,6

32,9




Жаңа пісірілген нан, тонна

1289

1268

1472

1547,4

1855,8

1853,9




Макарон және ұн өнімдері, тонна

-

-

1,0

1,5

1,36

1,38

Ауыл шаруашылы өнімдері өңдеумен тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар «Амақарағай элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «ИНСПЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкерлер А. Мороз, В. Худяков және басқалары айналысады.

2-кесте

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің динамикасы


Көрсеткіштер

Бірлік

2007

жыл

2008

жыл

2009 жыл


2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі, сусындарды қоса алғанда, оның ішінде:

млн. теңге

745,3

1582,3

1594,2

1461

1759,4

1624

- ет өндіру, өңдеу және консервілеу

млн. теңге

14,7

52,9

101,3

149,6

264,7

314,7

7- ұн тарту – жарма өнеркәсібінің өнім өндіруі

млн. теңге

677,8

1451,5

1412,4

1221,3

1373,5

1191,3

- нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру

млн. теңге

52,8

77,9

80,5

90,1

121,2

118

«Болашақ А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында маневрлік ТЭМ и ЧМЭЗ сериялы тепловоздарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүргізіледі. 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда қызмет көрсету үлесі 104% құрады. 462 тепловоз жөнделді, 2010 жылы 492 тепловоз. 2011 жылы 511 тепловоз жөнделіп шықты. 2012 жылы 627 тепловоз жөнделді. 2013 жылы 9 айында 415 тепловоз жөнделді,2013 жылы 2012 жылдың мөлшер деңгейіне арналған жұмыс мөлшері қарастырылған. Заводта қажетті жарақ пен құрал-жабдық, сонымен бірге жөдеу жүргізу үшін білікті кадрлар, бірақ Қазақстанның аумағында белгілі мөлшерде маневрлік және магистральдық тепловоздар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қашықтықты жүрген соң жөндеуге тұрады.

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының «Құсмұрын вагон жөндеу депосы» филиалы жүк вагондарын жөндеумен айналысады. 2009 жылы кәсіпорын 558 млн. теңге сомасына 1141 вагон жөндеді, бұл 2008 жылға қарағанда 37 вагонға немесе тиісінше 135,4%-ке артық. 2010 жылғы шілдеден бастап кәсіпорынның өндіріс көлемі жұмыс түрінің құрылымы өзгеруіне байналынысты төмендеді. Кәсіпорын жүк вагондарын жөдеумен айналыспайды. Есептен шығарылған вагондарды түгендеу паркінен бөлшектеу жүргізіледі. Жарамсыз бөлшектері металлоломға жіберіледі, жарамдысы қалпына келтіріледі және қайта пайдалануға беріледі. 2012 жылы жөндеуге және жүк вагондарының қосалқы бөлшектерін қалпына келтіруге 64664 мың. теңге сомасы орындалды. 2013 жылы қаңтар-қыркүйек кезеңде 43934 млн. теңге игерілді.

Ауданның ірі елді мекендерін ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ететін, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар Әулиекөл селосында «Мерей» МКК, Құсмұрын поселкесінде «Құсмұрын ЖЭК» МКК.


Аграрлық - өнеркәсіп кешені

Ауданның экономикасында ауыл шаруашылығы – жетекші сала.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2007 жылы 9961 млн. теңгені құрады, 2012 жылы 11075,9 млн. теңге, өсім 1114,9 млн. теңге немесе 11 пайыз құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2013 жылы 10 айында 12179,7 млн. теңге құрады, ауыл шаруашылық өнімінің осы кезеңдегі өткен жылғы жалпы көлемінің индексі 120,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығында аудан бойынша астық дақылы егістігі басым, ол өсімдік шаруашылығы өнімінің 90 пайызын алады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2007 жылы 279,3 мың га, ал 2009 жылы көлемі 16,3 мың га ұлғайды, 2012 жылы 51,5 мың.га және 330,8 мың.га құрады.

1.01.2013 жылғы жағдай бойынша ауданда 310 агроқұрылым бар, оның ішінде: 40 ЖШС және 266 шаруа қожалығы 1 өндірістік кооператив. 2007 жылмен салыстырғанда агроқұрылымдар 6 субъектіге азайды.

Ауданда «Әулиекөл» ауылдық несиелік серіктестік 30,6 млн. теңге жарғылық капиталымен құрылды қатысушылар саны- 28. АНС қызмет бастағылы – 535,5 млн. теңге несие қаражатын берді, оның ішінде 2009 жылы 29 несие 89,8 млн. теңге сомасында, 2013 жылғы 1 қаңтарға -22 несие 72,8 млн. теңге сомасында берілді, 2013 жылы 9 айында 82,1 млн. теңге несие берілді. Несие айналымдық құрал-жабдық сатып алуға беріледі, жылдық сыйақы мөлшері 9% құрайды.

2013 жылғы 1 қаңтарға ауданда: 992трактор, 503астық жинайтын комбайын, 1234 тұқым сепкіш, 6669 тырма, 14 тұқым өңдеуші, 182 культиватор, 34 жоғары өнімді егіс кешені және басқалай ауыл шаруашылығы техникасы болды.

2012 жылы егіс құрылымына астық және астық бұршақ дақылдары 206,6 мың га көлемінде себілді, бұл 2007 жылға қарағанда 14,1 мың га артық. Картоп егу көлемін 2012 жылғы деңгейде қалды және 519 га құрады, 2007 жылы 11 га көбейді, көкөніс егу 2 га азайды және 118 га құрады.

2013 жылғы егістік үшін 26,4 мың тонна тұқым құйылды немесе тұтынудың 100%.


3-кесте

Әулиекөл ауданының 2007-2009 жылдары өндірген өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері

мың центнер



Өнім

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Астық

оның ішінде:



2442,4

2054,7

1685,5

968,7

3472,8

679,2

бидай- барлығы

2129,5

1837,5

1574,9

910,4

3229,4

621,3

оның ішінде:



















Жаздық бидай

2129,5

1837,5

1574,9

910,4

3229,4

621,3

Арпа

245,2

164,5

77,4

35,2

166,7

45,7

Сұлы

62,2

52,2

33,2

22,6

60,8

10,7

Тары

3,9

0,2

-

-

13,8

-

Астық бұршақты

0,6

-

-

0,5




1,5

Ас бұршақ

-

-

-

-

-

1,5

күнбағыс

-

-

-

-

3,7

3,1

рапс

-

-

-

-

-

0,1

Қарақұмық

0,1

-

0,1

-

-

-

Картоп

93,5

83,7

82,2

83,5

86,5

86,1

Көкөністер

28,5

25,5

25,1

27,8

25,9

26,2

Бақша дақылдары

0,3

1,5

0,1

-

0,2

-

Ақпарат көзі: Қостанай облысының статистика департаменті, Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;
Әулиекөл ауданы – мал шаруашылығы дамыған өңір, облыстың мал шаруашылығы өнімінің 7% береді. Мал шаруашылығының табысты дамуы көп жағдайда оның жем-азық базасының сапасымен анықталады.Ауданда қажетті табиғи жем-азық қорлары бар.

Ауданның негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тұрғындардың қосалқы шаруашылығы – 78%, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 18%, шаруа (фермерлік) шаруашылығы - 4%.

2007 жылмен салыстырғанда 2013 жылы ірі қара малдың бас төмендеуі байқалды – 10,4%, қой мен ешкі – 27,5%-ке, шошқа – 37,4 %-ке, жылқы – 52,5%-ке, құс – 18,0%-ке басы көбейді.

Меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтар 2013 жылғы 9 айында өндірді: барлық малдың және құстардың етерінің салмағы (тонна) – 9240,7 тонна; сүт – 24155,6 тонна; жұмыртқа – 14572,9 мың дана. 2012 жылға өндіріс көлемінің өсуі: ет – 93,0%, сүт – 94,2%, жұмыртқа – 100,9% құрады.

4-кесте

Әулиекөл ауданының мал шаруашылығы дамуының

2007-2009 жылғы негізгі көрсеткіштері

(бас)





2007

2008

2009

2010

2011

2012

өсу % (2012 ж. 2007 жылға)

Ірі қара мал

42020

43532

44449

45092

34546

37297

88,7

Оның ішінде сиыр

19942

21279

21556

22013

15415

15980

80,1

Шошқа

14973

16138

15298

16,576

16972

7109

47,5

Оның ішінде мегежін

5390

5928

5927

5987

5996

2772

51,4

Қой мен ешкі

25411

26784

27216

27921

28067

28744

113,1

Оның ішінде саулық қой

9148

10526

10545

11168

11226

11497

125,7

Жылқы

5428

5754

6142

6563

7465

7740

142,6

Оның ішінде бие

1954

2030

2123

2297

2612

2709

138,6

Құс

145

146,9

152,630

153,4

153,5

156,1

107,7

Ұрғашы мал басының арасалмағы (%)










Cиырлар

47,5

48,9

48,9

48,8

44,6

42,8

90,1

Шошқа

35,9

36,7

36,2

36,1

35,3

38,9

108,3

Cаулық қой

36

39,3

38,5

39,9

39,9

39,9

111,1

Бие

35,9

35,3

34,6

34,9

34,8

35

97,4

Алынған төл, мың бас










Бұзау

23748

23750

23774

21,907

22018

16001

67,3

Қозы мен лақ

7152

7739

8086

8275

8237

10249

143

Торайлар

88737

102602

107796

108278

109039

138483

156

Құлындар

2229

2190

2235

1779

1781

1917

86

100 ұрғашыға шаққандағы төл алу, бас










Бұзау

99

100

100

93

94

90

90,9

Қозы мен лақ

88

94

93

90

69

72

81,8

Торай

1776

1710

1846

1902

1993

2060

116

Құлын

97

97

100

88

84

75

77,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет