Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Туризм және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары ұрлық жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қаржы мониторингі агенттігі туризм және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2022 жылы Азия ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы спортшыларына өте нашар сападағы қытайлық кроссовкалар мен рюкзактар сатып алынған. Спортшылар киім сапасына шағымданып, бір реттен артық киюге келмейтінін айтқан. Алайда олардың құны үш есе көп боп шықты. Сонымен қатар жеткізуші аталған тауарлардың отандық екені туралы жалған құжаттарды ұсынған.

  • Мемлекеттің қарызы 26 миллиард теңге: Қазақстан әскерилері киімдерін өздері сатып алуға мәжбүр

Нәтижесінде мемлекетке 383 миллион теңге шығын келді.

Дирекция басшысының орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киімі үшін бюджеттен 110 208 000 теңге жұмсағаны белгілі болды. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері жабдықтың сапасына шағымданып, бір-екі кигеннен жыртылып қалғанын айтты. Азиададағы спортшылардың сапасыз киіміне қатысты шудан соң министрлікте тергеу басталған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.