Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Гаухар Әбілқасымова айы, күні жақындаған соң перзентханаға аттандырған келінінен ойда жоқта айырылып, зар жылап отыр. Кейуана бұрын-соңды денсаулығына шағымданбаған келінінің мезгілсіз өліміне дәрігерлер кінәлі дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан сюжет

24 қаңтар күні Севара Абдуллаева айы, күні жетіп, толғақ қысқан соң жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Араға бірнеше уақыт салып келіншек Айша есімді қыз баланы дүниеге әкеледі. 25 қаңтарда ана мен баланың жағдайы жақсы болған. Жаңа босанған келіншек тамағын ішіп, терезеден жақындарына қызын көрсеткен. 26 қаңтар күні Севараның ауруханадан шығуына бір күн қалғанда іші (жатыр) ауырып, қызуы көтеріліп мазасы қашқан. Сол күні Севара ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек қабылдайды. 27 қаңтарда енесі Севараға түскі асын әкеліп берген соң жағдайы жақсарады. Сағат 14:30 шамасында кенет келіншектің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түседі. Арада жарты сағат өткенде Севараның жүрек соғысы тоқтайды. 

Марқұмның енесі Гаухар Әбілқасымова Севараның дәрігерлердің салғырттығынан жан тапсырғанына сенімді. 

“Мен түскі асын апарғанда көзіммен көрдім. “Мама, жағдайым жақсы” деді. Терезеден баланы көрсетті. Үйге жеткен соң арада 30 минут өткенде балама санитар дәрігер хабарласып Севараны жансақтау бөліміне алып кеткенін айтты. Бұған дейін келінім балама хабарласып іші ауырып жатқанын, “кетанов” дәрісін әкеліп беруін сұраған. Ұлым түнгі сағат 02:00-де дәрінің екі данасын апарып берген”, – дейді Гаухар Әбілқасымова.

“Негізінде босанған әйелге дәрігердің тағайындауымен “кетанол” дәрісі салынады. Кесарь тілігі арқылы босанған әйелдерге де әр сегіз сағат сайын аталмыш дәріні салуға болады. Әйел алғашқы сәбиін 2 сағатта босануы қалыпты жағдай емес. Мұнда бір патология бар. Біріншіден, жатыр мойны жыртылып, одан қан кетуі мүмкін. Ішкі жағынан жыртылып, оны тіккенде ішке инфекция түскен болар. Ол жас ана болғандықтан санация жасалуы керек. Өзі босанған әйел 2 сағат бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Тігістен қан кетпесе, температура болмаса, әйелді босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады. Бұл келіншекте қарқынды босану болған. Қарқынды босанудың алдын алуға болмайды. Ол әр әйелде әртүрлі болады. Бірінші босану әдетте 8-12 сағатқа созылады. Марқұм 2 сағатта босанса, жатыры тез жиырылған болса керек. Бұл – патология. Мұндай жағдайда жатыр мойнының жыртылуы заңдылық”, – дейді гинеколог маман Әсем Нұғманова.

Қайғылы жағдайға қатысты Қарабұлақ ауруханасының бас дәрігері Дәулет Мұсаев пікір білдірді.

“Жағдайы нашар болғандықтан оны ИВЛ аппаратқа отырғыздық. Сол арады біз штаттан тыс мамандардан телефон арқылы консультация алдық. Олар келгенше біз ем-шарасын жасай бердік. Алайда ешқандай ем-дом көмектеспеді, келіншек ауруханада жан тапсырды. Патологтар науқасқа өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген алдын ала диагноз қойды”,  – дейді ол.

Севараның жағдайы нашарлаған кезде кезекшілікте болған дәрігер марқұмның өзін жақсы сезініп, тіпті сәбиін емізгенін айтты.

“Таңертең науқастарды тексеруге келгенде жағдайын сұрадым. Тамағын ішкен екен. Баласын емізіп жүргенін айтты. Сүті бар екенін көрдім. Баласын емізіп жатқан соң басқа жұмыстарыммен шығып кеттім. Кейін қайтып келсем, медбикелер оның жағдайы нашарлап кеткенін айтты. Жүгіріп барып қан қысымын өлшедім. Қан қысымы көтеріліп кетіпті. Әлсіреп, дем ала алмай жатыр екен. Сол кезде реаниматолог пен терапевт дәрігер шақырттым. Олар медициналық көмек көрсетіп, бірден реанимацияға алып кетті”, – дейді Раушан Нұрбаева.

Мақұмның сіңлісі Рухсора Элтаева дәрігерлердің айтқанына сенбейтінін жеткізді. Ол сол кезде марқұммен бір палатада жатқан келіншектермен сөйлескен көрінеді. 

“Әпкем қайтыс болған соң жанында жатқан әйелдермен тілдестім. Олардың айтуынша, Севараның іші ауырған. Мұнда ешқандай жүрек ауруы, қан қысымының көтерілуі болмаған. Түнімен қызуы көтерілген. Қайтыс боларынан бір күн бұрын мен “парацетамол” апарып бергенмін. Әпкем реанимацияға түскенде біз бардық. Сонда жүрегі минутына 200 рет соғып жатыр деді. Қаладан келген дәрігерлер Севараны әдейі ұйықтатып қойдық деп айтты”, –марқұмның сіңлісі.

Қарабұлақ ауруханасының дәрігері Асқар Үмбетовтің айтуынша, Covid-19 кезінде ауруханада екі ана өлімі тіркелді. Қыркүйек айында бір ана қайтыс болған. Алайда әйел Қарабұлақ ауруханасында босанбаған. Ал өткен жылы 22 жаңа туған бала шетінеп кеткен. 

“Севара бізге 15 аптасында диспансерлік есепке тұруға кешігіп келді. Оның барлығы құжатта жазылған. Кейін скринигке жібере алмадық, біраз тексеруден қалып кетті. Одан акшер дәрігерлермен сөйлестік. Сөйтсек келіншек зәр, қан анализдерін өткізбеген болып шықты. Дәрігерлерден “Не себепті тексеруге шақырмадыңыздар” деп сұрап едік, “Ол келіншекте ұялы телефоны болған жоқ. Біз тек енесіне хабарласып, сол кісі арқылы шақырамыз” деп жауап берді. Арасында тексеруге келмейді екен”, – дейді Асқар Үмбетов.

Қарабұлақ ауруханасының дәрігері Сергей Зазулин де сол күні не болғанын айтып берді.

“Маған сағат 14:30-да кезекші дәрігер хабарласып, Севара Абдуллаеваның жағдайы нашарлап жатқанын айтты. Сенбі болған соң мен үйде едім. Хабарламадан соң 20 минутта ауруханаға жеттім. Сол кезде кезекші дәрігер реабилитолог мен терапевт дәрігерді шақырып қойыпты. Оның бойынан демікпе мен тахикардия байқалды. Терапевт келіп науқастың көктамырына катетер орнатты. Реаниматолог өкпе артериясының тромбоэмболиясы деген диагноз қойды. Севара 17 жасында жүкті болған. Менің ойымша, бұл ерте. Әрине, әр адамның организмі әртүрлі”, – дейді Сергей Зазулин. 

Дәрігер Асқар Үмбетовтың  айтуынша, өкпе артериясының тромбоэмболиясы – аяқ асты болатын ауру. Ол көбіне жүректің ишемиялық аурулары бар, семіздікпен ауыратын адамдарда кездеседі. Олардың қатарында жүкті әйелдер де бар. Марқұмның мәйітін ашып қарағанда өлімнің себебі – терең көктамыр тромбозы және мықын сегменті. 

Осы тұста марқұмның енесі адам өлімін жылы жабу үшін ауыл әкімі отбасына 30 миллион теңге ақша ұсынған. Алайда ол болған жағдайды ешқандай айғақпен дәлелдей алмайтынын айтады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.