Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақстандық фильмдерді түсіруге кеткен шығын туралы мәліметтерді жариялады. Жүздеген картинаның тек біреуі ғана өзін ақтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік жүргізген талдау нәтижесі бойынша, киногерлердің дені сапалы өнім шығаруға және оны насихаттауға мүдделі емес.

"Ұлттық киноны қолдау орталығы" мемлекеттік қаржылай қолдау беру үшін ашық конкурстар ұйымдастырып, оларды іріктеумен айналысады.

Кино орталығы жұмыс істеген 5 жыл ішінде 103 жобаға қаржы бөлінген, жалпы  құны 19 млрд теңге тұратын түрлі жанрда 98 фильм түсірілді. Оның ішінде 42 көркем, 23 деректі, 25 қысқаметражды, 8 анимциялық фильм бар. Кинотеатрларға, телевизиялық және онлайн прокатқа тек 23 картина шыққан (көркем фильм – 20, деректі фильм – 3). 2023 жылға дейін түсірілген 27 фильм биыл көрсетілмек”, – деп мәлімдеді министрлік. 

Министрліктің мәліметінше,  прокатты ұйымдастыру үшін, прокат куәлігін алу ғана жеткілікті. Сондықтан режиссерлер тек қана фестивальдар мен конкурстарға арнап фильмдер түсіреде. Осылайша туындылардың прокатқа шығуы мүмкін болмайтын көрінеді. 

Кассалық жинақ көлемі небәрі 1,5 млрд теңгеге жеткен, бұл ұлттық фильмдер прокатының төмендігін айқын көрсетеді. 

“Мәселен, "Тұрсыновфильм" ЖШС жетекшісі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов 2019 жылдан 2021 жылға дейін "Бесмойнақ"  толықметражды көркем фильмін шығаруға 500 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қаржы алды. Бірақ көрермен фильмді осы уақытқа дейін көрген жоқ.

"Бату. Тарихи детектив" атты кинорежиссер Рашид Нұғмановтың киносына 192 млн. теңге бөлінген. Жоба 2021 жылы аяқталған,бірақ қалың көрермен бұл фильммен де таныс емес”, – деп мәлімдеді министрлік.

Кинорежиссер Дамир Манабайдың "Тырналар" жобасы 422 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды.

Режиссер Ардақ Әмірқұловтың "Хирург" фильмін шығаруға 239 млн теңге бөлінді, кинотеатрлардағы кассалық жинақ 1,1 млн. теңге болды.

Режиссер Ақан Сатаевтың "Боксер" фильмін қаржыландыру 900 млн. теңгені құрады, кинопрокаттан жинағаны  25 млн. теңгеден аспады.

Режиссер Эмир Байғазиннің "Жизнь" картинасына 500 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қаржы бөлінді, фильм прокатта 650 мың теңге жинады. 

Режиссер Бекболат Шекеровтың "Лето 1941-го года" көркем фильмін түсіруге 697 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Кассада туынды тек 40,6 млн теңге немесе жалпы құнының.

Режиссер Ернар Нұрғалиевтің де "На старте" фильмі осындай. Мемлекеттен 468,5 млн теңге бөлінді, прокатта бар болғаны 15,5 млн теңге немесе бюджеттің 3,3%-ын жинады.                             

Режиссер Фархат Шариповтың "Схема" картинасы небәрі 21,8 млн теңге жинай алды, ал оны өндіруге 300 млн теңге бөлінді.

340 млн теңгеге түсірілген "Бүркіт" фильмі небәрі 254 мың теңге жинады.

Жобаларды іске асыру үшін мемлекет бөлетін сомаға 10% мөлшерде режиссерлердің гонорары да төленген.

Еске салсақ, осығн дейін Баян Алагөзова Ақан Сатаевтың жаңа туындысын сынға алған еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.