Танымал сазгер, “Алашұлы” тобының экс-әншісі Ұшқын Жамалбек алғаш рет отбасын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды weekend” жобасына сілтеме жасап хабарлайды. 

  Фото бағдарламадан скриншот

Өнерлі жұптың отбасқандарына – 7жыл. 

“Жайнамен ең алғаш "Алашұлы" тобында өнер көрсетіп жүрген кезімде таныстым. "Суретке түсейін деп едім" деп қасыма келгенде танысқанбыз. Менің қызбен танысайын, жар таңдайын деген ойым болмаған. Жайнаға да үйленемін деген ойым мүлде болмады, бастапқыда танысып, жай сөйлесіп жүрдік. Бір-бірімізбен шынайы болдық. Әрине, уақыт өте келе дені сау адам болғасын, арамызда махаббат оянды. "Алашұлы" тобынан кеткеннен кейін жарық көрген сезім, махаббат туралы әндерімнің дені жұбайыма арналады. Алғаш сезімімді білдірген кезде сенбей, "қойшы, аға" деген еді, тіпті үйленгеннен кейін 1,5 жыл бойы "аға" деп жүрді. Бір-бірімізге біраз уақытқа дейін үйренісе алмай жүрдік. Тіпті отау құрғанымызға енді 3 жыл толғанда ажырасуды да ойладық. Бірақ кейін бұл ойымыздың қате екенін түсіндік. Ашық әңгімелесіп бір шешімге келдік”, – деп сырын жасырмады өнер иесі. 

  • Психолог қарым-қатынас берік болуы үшін ерлі-зайыптының жас айырмашылығы қанша болуы керегін айтты

  • Екінші баланы жоспарлау үшін тұңғыш баланың рұқсаты керек – Психолог

Сондай-ақ, сазгер әйелі актриса мамандығын игерсе де, жұмыс істеуіне қарсы екенін жасырмайды. 

“Әйелімнің мамандығы – актриса. Бірақ қазір кәсіппен айналысады, мектебіміз бар, жарыққа шықпауының да себебі сол. Кезінде театрда жұмыс істегісі келген, алайда мен қарсы болған едім. Ал қазір шешімімнің дұрыс екенін түсініп отырмын, себебі оның өз тірлігі шаш-етектен, барлығына бірдей үлгере алмаушы еді", — деді әнші.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.