«Ғ. Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата27.07.2022
өлшемі20 Kb.
#174955
Байланысты:
7А хаттама


«Ғ.Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


7 «А» сынып ата-аналар жиналысының
1 хаттамасы

18.07.2022 ж Қапал ауылы


Барлығы : 20
Қатысқаны: 20
Күн тәртібінде:



  1. «Мектепке жол» акциясы бойынша оқу құралдары мен мектеп формасын қажет ететін отбасын анықтау;

  2. Әр түрлі мәселелер;



Тыңдады: Сынып жетекші Адильбекова А

    • 2022 жылдың шілде –тамыз айлары аралығында «Мектепке жол» акциясы жүргізіледі. Акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың мектепке баруына мүмкіншілік жасау, көмек көрсету. Сонымен қатар, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз ету.

7 «А» сыныбында жалпы 20 оқушы. Олардың ішінде 13 оқушысы әлеуметтік жағдайы бойынша:

2022-2023 оқу жылында ата-ана арасынан балаларыңызды мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз ете аласыздар ма? Қазіргі таңда «Мектепке жол» акциясы бойынша көмекті қажет ететін отбасы бар ма? Осы мәселе бойынша өз ойларыңызды білдірулеріңізді сұраймын. Көмек қажет етуші бала анықталған жағдайда, мектеп тарапынан оқушылар тізімделіп, әлеуметтік педагогпен бірлесе жұмыс жүргізілетін болады.
Сөйлеген: көпбалалы ана Джекеева Нургүл
- Баламды мектеп формасымен, оқу құралдарымен өзім қамтамасыз етемін.
Сөйлеген: ата-ана Битимова Асем
-Баламның мектепке қажетті мектеп формасымен, оқу құрал-жабдықтарымен өзіміз қамтамасыз етеміз.
Сөйлеген: көпбалалы ана Толымбекова Жадыра
- Баланың мектепке қажетті заттарын түгендеп беру ата-ананың парызы деп білемін. Сол себепті баламды мектеп формасымен,оқу құралдарымен өзіміз қамтамасыз етеміз.
Сөйлеген: көпбалалы ана Утегенова Мадина
-Өздеріңізге белгілі осы уақытқа дейін аз қамтылған отбасы, көпбалалы отбасы ретінде мектеп тарапынан көмек алып келеміз. Өзім де күйеуім де жұмыссыз. Қазіргі таңда қызыма акция тарапынан көмек берілсе деймін. Аминаға оқуға қажетті оқу құралдары беріліп, мектеп формасымен қамтылса деймін.


Шешім:

  1. Сыныптағы 20 оқушы ата-ана тарапынан мектеп формасымен, қажетті оқу құралдармен толық қамтылсын.

  2. Көпбалалы аз қамтылған отбасынан шыққан Тұрғанбек Аминаға «Мектепке жол» акциясы тарапынан көмек көрсетілсін.

  3. Тұрғанбек Аминаның мектеп формасымен, оқу құралдарымен толық қамтылуын қадағалау сынып жетекші А Адильбекова мен әлеуметтік педагог Б.Жунусовке тапсырылсын.

  4. Сынып оқушыларының мектепке дайындығын қадағалап, мәлімет беру сынып жетекші А Адильбековаға жүктелсін.

Хатшы: Джекеева Нургүл
18.07.2022 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет