Ф со пгу 18. 4/19 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



жүктеу 403.67 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі403.67 Kb.
түріБағдарламасы

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География және туризм кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Геоморфология



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Б. А. Чашина_______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Геоморфология пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___» ________20 ж. Хаттама № _______
ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая

1. Оқу пәнінің паспорты
Геоморфология

Пән таңдау компонент



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс - 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 4 семестр


Пререквизиттер: жалпы жертану, ландшафттану, геология
Постреквизиттер: құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, ТМД елдерінің физикалық географиясы

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


География магистрі, аға оқытушы

Чашина Бибігүл Асқарқызы


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі – рельеф- құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығын қарастыру, рельефтің пайда болуына ішкі және (эндогенді) және сыртқы (экзогендік) процесстердің әсер етеуін қарастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Эндогендік процесстерге таужаралу, жер сілкіну, жангартау әрекеті, тектоникалық құбылыстар т.б. жатады;

  • Экзогендік процесстер күн жылуынан қуат алады; бұған тау жыныстарының үгілуі, жел, ағынды су, мұздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу үшін оларды құратын тау жыныстарының құрамын, қасиетін және оларға әсер ететін процесстерді анық білу керек болады;

  • Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір түсы көтеріліп, тау мен қыраттар түзіледі, ал екінші тұсында төмен майысып, ойпаттар пайда болады. Экзогендік күштер тауды мүжиді, ойпат жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді. Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде, әр түрлі қарқынды ұдайы болып жатады;

Рельеф пішіндерінің қай бағытта дамуы, оның тектүрі, ерекшелігі – мұның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты..
3. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

  • Геоморфологияның негізгі принциптерінің бірі – рельефтің географиялық компоненттерінің бірі бола тұра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралынуы, ол аз ғана өзгеріліп қоймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етуін;

  • Жер қыртысы, атмосфера, атмосфера , гидросфера, биосфера, арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан, геоморфология, геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдармен де тығыз байланысын.


Студент істей білу керек:

  • топографиялық картаны талдау негізінде жер бедер пішіндерінің морфологиялық және морфогенетикалық белгілеу;

  • әр масштабты геоморфологиялық карталарды қолдану барысында белгілі аумақтың бедер пішіндеріне сипаттама беру және олардың қалыптасу заңдылықтарын белгілеу;

  • бедер пішіндер мен типтерінің картографиялау әдістерін игеру және олардың генезисін анықтау;

  • бедер пішіндер туралы алынған мәліметтерді халық шаруашылығында қолдану.


5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Геоморфология зерттеуінің теориялық және әдістемелік негіздері

2

2

7

2

2

Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің генезисі

3

3

12

3

3

Бедер түзілуінің факторлары. Бедер түзілуінің эндогендік процестері

3

3

12

3

4

Бедердің планетарлық пішіндері және олардың жер қыртысы құрылымдары мен байланысы

3

3

12

3

5

Экзогендік процестер және бедер

5,5

5,5

18

5,5

6

Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері

3

3

14

3

7

Антропогендік процестер және бедер пішіндері

3

3

15

3




БАРЛЫҒЫ:

22,5

22,5

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135



6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Геоморфология зерттеуінің теориялық және әдістемелік негіздері



Жоспар

1.Пәннің зерттеу обьектісі және мазмұны.

2.Геоломорфогияның зерттеу әдістері.

3.Геоломорфогияның басты салалары мен пәндері.



Геоморфология (гео... және morphe — пішін және logos — ілім) — құрлық бетінің,мұхиттар мен теңіздер түбінің, жер бедерлерінің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. Жалпы аймақтық, құрылымдық, динамикалық, теңіз және инж. Геоморфология болып бөлінеді. Геоморфология Жердің пайда болуын, жасын, құрылымдық ерекшелігін, дамуы мен элементтерінің жер бетінде таралуын, сыртқы және ішкі процестердің, сонымен қатар, жер бетінің қалыптасуындағы антропогендік факторларды зерттейді. Жалпы және арнайы геоморфол. карталар жасау үшін экспедициялық зерттеулер мен геоморфол. түсірімдер жасалынады. Қазіргі кезде геоморфологиялық процестерді зерттеуде стационарлық және тәжірибелік әдістер, Жер бетін әуеден (аэрофототүсірім) және ғарыштан түсіру, теңіз (мұхит) түбін эхолотпен анықтау сияқты әдістерді қолданады.

Геоморфология ғылымы гляциологиятектоника, төрттік геология,вулканологияспелеология, т.б. геогр. және геол. ғылымдармен тығыз байланыста. Г-ның деректері кен байлықтарын іздеуде, жолдар мен әр түрлі құрылыстарды салғанда,эрозиядефляция, сырғыма, сел, қар көшкіндері сияқты табиғат құбылыстарының алдын алу кезінде пайдаланылады.

Қазақстанның жер бедері жөніндегі мақалалар ғыл. әдебиеттерде 19 ғ-дың орта кездерінде пайда болды. Жер бедерін зерттеуді кезінде Ш. Уәлиханов пен П.П. Семенов-Тян-Шанский бастаған. Олар алғаш рет Іле Алатауының орографиясын сипаттаған. Қазақстан геоморфологиясын зерттеуге Н.Г. Кассин, Г.М. Медоев, Н.Н. Костенко, т.б. ғалымдар елеулі үлес қосты. 1943 ж. И.П. Герасимов «Қазақстан геоморфологиясының қазіргі проблемалары» атты кітапты жариялады. Таулы аудандарды зерттеу нәтижесінде 1945 ж. «Оңт.-шығыс Қазақстан тауларының геоморфологиялық картасы» басылып шықты. Республикада Г-ның қалыптасуы мен одан әрі дамуына Қазақстан ҒА-ның Қ.И. Сәтбаев атынд. Геол. ғылымдар ин-тында Геоморфология және төрттік геология бөлімінің ұйымдастырылуы (1946) ықпал етті. Бұл бөлімде жалпы және аймақтық Г-ның көптеген теориялық мәселелері шешілді. Бүкіл Қазақстан жер бедерінің морфологиясын, түзілуін, жасын көрсететін геоморфол. карталар жасалды; төрттік шөгінділер мен неотектоника, жер бедерін түзуші процестер (карстық, эолдық, дефляциялық, антропогендік, т.б.) зерттелді. Кен байлықтарының қалыптасу жағдайларын анықтау, мұнайлы-газды құрылымдарды іздеуге байланысты көптеген қолданбалы геоморфол. зерттеулер атқарылды. З.А. Сваричевскаяның «Орта Азия мен Қазақстан геоморфологиясы» (1965) және М. Жандаевтың «Іле Алатауының геоморфологиясы және өзен аңғарларының қалыптасу проблемалары» (1972) атты монографиялары Қазақстанның геоморфол. жағдайын анықтаудағы маңызды қорытындылар болып табылды. Қазақстанның Геоморфология ғылымына одан кейінгі жылдары Ә.СәрсековЕ.НұрмәмбетовЕ.ТапаловБ.ӘубәкіровЖ. ДүйсебаевА.Медеу,Л.ВеселоваС.Құсайынов, т.б. көп үлес қосты. 

Геоморфология — Жер бетінің тарихи дамуындағы бедерін, сондай-ақ Айдың және тағы да басқалары Күн жүйесінің бірқатар планеталары бетінің бедерлерін зерттейтін, география мен геология ғылымдарына бірдей қатысты сала. Геоморфология құрлық пен теңіз түбі бедерлерінің сырт бейнесін (морфографиямен морфометрия), оның әр түрлі пішіндерінің пайда болуын, жасын, құрылысын, даму және таралу ерекшеліктерін, эндогендік және экзогендік процестердің (генетикалық Геоморфология), сондай-ақ антропогендік факторлардың бедердің қалыптасуына әсерін зерттейді. Жалпы Геоморфология (бедер қалыптасу мәселелерінің барлық кешенін қарастыратын), жеке-даралық Геоморфология (қандай да бір мәселені шешуде маңызы бар бедерді бір немесе бірнеше көрсеткіші бойынша зерттеу), аймақтық Геоморфология (кандай да бір аймақтың немесе бүкіл Жердің бедерін зерттейтін) деп бөлінеді. Геоморфологияның құрамынан құрылымдық Геоморфология, климаттық Геоморфология, теңіз Геоморфологиясы, серпіндік (динамикалық) Геоморфология, қолданбалы Геоморфология (іздесгіру, инженерлік), сондай-ақ палеогеоморфология жеке бөлініп шықты. Геоморфология гляциологиямен, тектоникамен (оның ішінде неотектоникамен), төрттік геологиямен,вулканологияменспелеологиямен, карсттанумен және баска географиялық, геологиялық пәндермен тыгыз байланысты. Геоморфологияның деректері пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруде, жолдар мен құрылыстарды жобалауда, эрозиямен, дефляциямен, жылжымалармен, селдермен, көшкіндермен және табиғаттың баска да қолайсыз процестерімен күрес шараларын қарастыруда пайдаланылады.


Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
2 тақырып. Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің генезисі.

Жоспар

1. Бедер туралы түсінік

2. Бедердің жалпы сипаттамалары

3. Бедердің генезисі.



 Жер бедері , рельеф (франц. relіef, лат. relero — көтеремін деген сөзінен шыққан) — жер бетіндегі құрлықтардың, мұхиттар мен теңіздер түбінің тілімденген пішіндерінің жиынтығы. Жер бедері тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырқа, аңғар, жыра, т.б. болып келеді. Жер бедері эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Әрбір аймақтың бедері оның геологиялық құрылысына, ішкі және сыртқы процестердің біреуінің басым болуына байланысты. Жер бетінің бұдырлылығы әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан мөлшеріне (масштабына) қарай Жер бедерін планеталық пішінді (құрлықтар, мұхит табаны) мегапішінді (тау жүйелері, аумақты жазық жерлер, мұхит ойпаттары), макропішінді (жоталар, тауаралық аңғарлар), мезопішіндер (төбелер, аңғарлар,сай-жыралар), микропішіндер (шұқанақтар, дала бидайықтары) және нанопішіндер (түбіршіктер, төбешіктер) деп бөледі. Осы заманғы Жер бедері шамамен бұдан 150 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазіргі кезде бүкіл құрлықтардың 55%-і таулы және 45%-і жазық өлкелер. Жер бедерін геоморфологияғылымы зерттейді. 

Рельеф (фр. relief — көтеремін) — жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп отырады. Эндогендік процестер рельефте ірі бұдырлар жасайды да, «Жер пішінінің» негізгі түрін құрайды, экзогендік процестеррельефтің әр формаларын жасап тегістейді. Әрбір аймақтың рельеф формасы оның геологиялық құрылысына, экзоген мен эндогендік процестердің біреуінің басым болуына, оның ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты болады. Рельефтің бұдырлығы әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан ол макрорельеф, мезорельеф, микрорельеф болып бөлінеді. Рельефті географияның ерекше тармағы геоморфология ғылымы зерттейді.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4, 5)
3 Тақырып Бедер түзілуінің факторлары. Бедер түзілуінің эндогендік процестері

Жоспар

  1. Жер бедерін түзейтін факторлар.

  2. Эндогенді факторлардың түрлері.

  3. Эндогенді бедер түрлері

Эндогендік процестер – Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т.б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.

Морфоқұрылым (грекше morphe – пішін, түр және латынша structura – құрылымы) – эндогендік (жердің ішкі), экзогендік(сыртқы) күштердің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік процестер (жанартау атқылау, жер сілкіну т.б.) жетекші рөл атқарады. Морфоқұрылымдар өздерінің морфологиялық құрылысының ерекшелігімен және жер қыртысының жеке бөліктерінің геология тарихының өзгешеліктерімен сипатталады. Екінші реттік Морфоқұрылымдарға жеке қырат, тау жотасы, ойыс, т.б. жатады. «Морфоқұрылым» терминінгеоморфологияға алғаш рет 1946 жылы И.П. Герасимов енгізген.

Материк (континент). Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық жіктелу нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты-басты екі түрге — геосинклинальдарға жәнеплатформаларға — жіктеледі. Материктерге тән жербедер түрлері —жазықтар мен таулар. Синонимі — континент.

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасапконтиненттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар(тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальттіжәне оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4, 5)
4 Тақырып Бедердің планетарлық пішіндері және олардың жер қыртысы құрылымдарымен байланысы.

Жоспар:

  1. Планетарлық пішіндердің пайда болуы.

  2. Планетарлық пішіндердің түрлері.

  3. Планетарлық пішіндердің жер қыртысы құрылымдарымен байланысы

Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.

Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сибирь ойпатын алуға болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы мүмкін.

Платформа — баяу тектоникалық режиммен сипатталатын литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. Платформалар жылжымалы және тұрақты болып бөлінеді. Платформаның ауданы млн-даған км², пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. Платформа терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879 — 1940) қолданған. Платформалар тысының қалыптасуы кезінде төменгі протерозой мен палеозойдыңбасында режим басым болды, карбонаттық шөгінділер жиылды, негізді және ультранегізді интрузиялар дамыды. Мезозойдың соңы мен кайнозойдың басында Платформаларда шөгінді жиылу аймақтары күрт қысқарып, күшті тектоник. қозғалыстар болуының салдарынан ірі көтерілімдер мен терең ойыстар (Каспий маңыВилюй, т.б.) жаралды.

Іргетастың жасына байланысты Платформалар көне және жас деп бөлінеді. Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстардан, ал жас Платформалар (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан, Торғай ойпаңы, Кавказ алды, Батыс Еуропа) жарылыстары мен гранит интрузиялары аз, метаморфизмі баяу палеозой, кейде жоғары кембрий тау жыныстарынан құралған (қ. карта). Платформа екі құрылымдық қабаттан: метаморфталған шөгінді және жанартаутекті формациялар құратын іргетас пен Платформа тысы деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 — 4 км) тұрады. Мұндағы тау жыныстары жайпақ тасты және өлшемдері әр түрлі көптеген Платформалық құрылымдармен күрделіленген. Кей жерлерде жас Платформаларда кең таралатын территекті және жанартаутекті тау жыныстары дамыған, іргетас пен тыс аралығында болатын өтпелі құрылымдық қабат кездеседі.

Платформаларда магмалық әрекет геосинклиндерге қарағанда нашар, магматизм өнімдері біркелкі, негізінен базальтмагмасының туындыларынан тұрады. Платформалар ауқымындағы гравитациялық аномалиялардың амплитудасы мен градиенті аз мөлшерде болады. Платформалардың сейсмикаық белсенділігі төмен, тек ірі жарылымдар мен геосинклиндерге жақын жерде жоғарылау болады. Платформа қалқандар мен тақталардан тұрады, ал олардың құрамында бірқатар ұсақ құрылымдар болады. Бұл элементтер жер қыртысының қалың қабатты (30 — 40 км) және гранитті қабаты бар Платформаға тән. Оны «көтерілген кратон», құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5 — 7 км-дей мұхиттық Платформаларды «төмен батқан кратон» немесе «талассократон» деп атайды. Геоморфологиялық тұрғыдан оларға ойпаттар, қайраңдар, шамалы көтерілген жазықтар мен шоқылы алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының оңтүстік шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз бөлігі, Батыс Сібір плитасының оңтүстік бөлігі жатыр.

Платформалар - әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.

Мұхит түбі — литосфераның дүниежүзілік мұхит суымен көмкерілген беткі жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан ірі-ірі төрт бөлікке бөлінеді: материкке таяу саяз өңірлер; ауыспалы (материктен мұхитқа) белдем; мұхит төсеніші; орталық-мұхиттық жоталар.

Орталық-мұхиттық қозғалмалы белдеу — жалпы ұзындығы шамамен 60 000 км-ден асатын, бүкіл жер шарын белдеулей созылған жалпыпланеталық жолақ түрінде сағаланатын, мұхиттар түбіне ғана тән біршама енді (жүздеген километрден 1000 км-ге шейін) құрылымдар жүйесі. Бұл жүйеге, әсіресе аталмыш белдеудің нақ орта тұсына тектоникалық белсенділіктің биік дәрежелері тән екендігі анықталды; осы белсенділікті сипаттайтын басты-басты ерекшеліктер: а) жылу ағымының биік дәрежесі (мұхиттык орталық жотаның орта түстарына тән өңіріндегі жылу ағымы мұхиттардың өзге өңірлеріндегі жылу ағымдарымен салыстырғанда 5-8 есе артық); ә) жоғары сейсмикалық белсенділік (жер шарының саяз фокусты жерсілкінулерінің басым көпшілігі нақ осы жоталар жүйесіне шоғырланған); б) суасты жанартауларының әрекеті; в) жоғарғы мантия заттарының босаңсыған (тығыздығы кеміген) түрде ұшырасуы, осы заттардың мұхит түбінен көрініс беруі; г) жербедер өзгешелігі (мұхиттық орталық жоталардың нақ орта тұстарында биік шыңдар мен құлама құздардың жиі алмасуы; осы өңірдегі жербедер амплитудасының орташа көрсеткіші 2-4 км және одан да жоғары болуы).

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 5)

5 Тақырып Экзогендік процестер және бедер



Жоспар:

  1. Экзогенлді үрдістердің түрлері.

  2. Экзогенді үрдістердің жүру барысы.

  3. Экзогендік бедер түрлері.

Экзогендік процестер, сыртқы процестер – Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялықпроцестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарыныңжелжауын-шашынныңорганизмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялықгеохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық,биохимиялық, биогеохимиялық, т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықтафизика және химия үгілу, гипергенезсу айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады

Әдебиеттер тізімі: (1, 4, 5, 6 )

6 Тақырып Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері.



Жоспар:

  1. Мұхит түбінің шығу тегі

  2. Мұхит түбіндегі экзогенді үрдістер

  3. Мұхит түбіндегі экзогенді бедер түрлері

Теңізгеоморфологиясы, теңіз түбінің геоморфологиясы –мұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылымТеңіз геологиясы ғылымымен тығыз байланысты. Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады:

1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және Жердің геотектоникалық дамуын (морфоқұрылым) зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу;

2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді (эрозия,моруүгілуабразияденудаттану, т.б.) зерттеу;

3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігінебайланысты қалыптасқан қолданбалы Теңіз геоморфологиясы.

Мұхит табаны - дүниежүзілік мұхит түбінің бедері мен геологиялық құрылымының негізгі элементтерінің бірі. Жер бетініңматериктік етегі мен мұхиттық жоталардың арасындағы терендігі 4 мың м-ден 6—7 мың м-ге дейінгі ең төмен деңгейі.

Мұхит төсеніші - мұхит түбі түбінің басым бөлігін құрайтын, жер қыртысының мұхиттық түрімен сипатталатын жер бедер элементтерінің өте ірі түрлерінің бірі; оң және теріс мағыналы көптеген жербедер түрлерін біріктіреді, яғни мұхит түптерінде таулы жоталар да, жанартаулы жазықтықтар да, терең ойпаттар мен қазан ойпаттар да ұшырасады

Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
7 Тақырып Антропогендік процестер және бедер пішіндері.

Жоспар:

  1. Адамның геоморфологиялық әрекеті.

  2. Антропогенді үрдістер

  3. Антропогенді бедер пішіндері

Экологиялық геоморфология (орыс. Экологическая геоморфология) — геоморфологияның теориялық және қолданбалық бағыты. Ол қай деңгейде болса да геоморфологиялық жүйенің адам экологиясы жүйесімен — әлеуметтік-техникалық жүйемен, яғни адамның іс-әрекетімен, тіршілігімен қарым-қатынасын, байланысын зерттейді. Экологиялық геоморфологияның негізгі міндеттері геоморфологиялық жүйенің жағдайын және оның антропогенді процестердің әсерінен өзгеруін талдауға,геоморфологиялық жүйедегі өзгерістердің нәтижесінде экологиялық жүйеде болған немесе болатын өзгерістерді анықтау мен оларға болжам жасауға саяды.

Үйінді — жер бетінде арнайы бөлінген орынға бос тау жыныстарынан, есептен тыс кедей кендерден және өндірісқалдықтарынан жасалған үйме. Үйіндінің жасанды және су шайып әкелген түрлері болады. Кенді ашық әдіспен өндіру кезінде Үйінділерді кеніштің қазып алынған кеңістігінде және болашақ кеніштің сұлбасынан тысқары қашықтықта тұрғызады. Ал жер асты әдістері барысында Үйінді жақын жерге немесе өндіріс алаңының шеңберінде жасалады (террикон). Жұмсақ және беріктігі орташа тау жыныстарынан жасалған Үйінділердің биіктігі 30 м, ал қатты тау жыныстары Үйіндінің биіктігі 60 метрге, кейде (тау бөктері, шатқалда) 300 метрге жетеді. Үйіндінің пішіні конус, сектор, жайпақ жота тәрізді болып келеді. Үйінді жасағанда ең алдымен оның ұзына бойына алғашқы жал (биіктігі 10 — 15 м) үйіледі. Ол үшін экскаватор, скип, абзетцер, драглайн, мех. күрек, конвейер, бульдозер, т.б. техникалар қолданылады. Қазақстан аумағында тау-кен және металлургия қалдықтарынан 60 мың га жерді алып жатқан 26 млрд. т Үйінді жиналып, қоршаған ортаны ластауда. Жерді қалпына келтіру мақсатында Үйінділердің бетіне ағаш немесе әр түрлі шөптер егіліп, рекультивацияланады, кейіннен а. ш-на пайдаланылады. Кейбір жағдайда Үйінді үстіне құнарлы топырақ төгіледі.

Террикон ( фр. terri - тау жыпыстарының үйіндісі, conique — конусты ) — шахтанемесе кеніш оқпаны жапындағы жер бетіндегі бос тау жыпыстарының конус тәріздес үйіндісі. Террикон көлемі бірнеше ондаған миллион м3-ге, биіктігі 100 м және одан жоғары, аумағы ондаған гектрарға жетеді. Әдетте, террикон ұлы жыныстардан тұрады. Террикон төбесінің басына тау жыныстары рельс жолы бойымен, скиптермен немесе аудармалы вагоншалармен жеткізіледі.

Шахта (нем. Schacht, Schaft — дің, оқпан) — жер астынан пайдалы кен қазу жұмыстарын жүзеге асыратын тау-кен кәсіпорны. Ол жер астындағы кен қазбасынан және жер үстіндегі құрылыстардан (копер, Шахта үсті үйі, қойма, әкімшілік-тұрмыс ғимараты, т.б.) құралады. Қазып алынатын кеннің мөлшеріне қарай орташа Шахтаның жылдық өнімділігі 2 — 3 млн. тоннға, ал ірі Шахталардың жылдық өнімділігі 8 — 10 млн тоннға дейін жетеді. Шахтада бірнеше мыңға дейін жұмысшылар мен инженерлержұмыс істейді. Сирек металдар мен алтын өндірісіндегі Шахталардың қуаты шағын (жылдық өнімділігі 150 — 200 мың т) болады. Шахтаның тереңдігі кеннің орналасу қалпына (жатысына) және оның құндылығына байланысты. Қазіргі Шахталардың орташа тереңділігі 1000 метрдей, ең терең Шахта Африка мен Үндістанда С-қа өседі де, қазбаны таза ауамен қамтамасыз ету қиындайтындықтан арнайы қондырғы қолданылады . Сонымен қатар кендегі тау жыныстарының ішкі қысымының өзгеруінен қауіп тудыратын әр түрлі құбылыстар (кен дүмпуі, кен қопарылуы, т.б.) пайда болады. Шахта ішінде кен қазу, тас (3,5 — 3,8 км). Шахта неғұрлым тереңдеген сайын жер асты жұмыстары қиындай түседі. Әрбір 25 — 30 м тереңдікте ауаның температурасы 1көмір қабатын бұзу, кенді тиеу, тасу және жұмыс қауіпсіздігін сақтау үшін тіреулер орнату, т.б. жұмыстарды машина атқарады . Ірі Шахтадың арнаулы темір жолы, құрал-жабдық жасайтын шеберханалары, т.б. болады.

Карьер (французша carrіere – тас алынатын шұңқыр) – кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларының жиынтығы; кен байлықтарын ашық әдіспен өндіретін тау-кен кәсіпорны.

Көмір өндірісінде карьер көмір қимасы деп аталады.

Ашық әдіспен кен өндіру палеолит дәуірінен белгілі. Ең алғашқы ірі карьерлережелгі Египетте пирамидалар салуға байланысты пайда болған.

Ауданы бірнеше км² , тереңд. 300 – 400 м-ге жететін, қабырғалары көлбей сатыланған өте үлкен шұңқыр түрінде қазылған.

Кен қалыңдығы 10 – 20 м-лік қабаттармен сатылап қазылып алынды.

Қазіргі карьерлерде жұмыс өнімділігі жоғары машиналар мен механизмдер жұмыс істейді. Қопару ұңғыларын бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары қолданылады. Аршу, өндіру жұмыстарында кентас, бос жыныстарды тасымалдау үшін жүк көтергіштігі 100 – 300 т карьерлік автокөліктер пайдаланылады. Сондай-ақ, электрлендіру, желдету, судан құрғату жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда аса ірі ҚоңыратСоколов-Сарыбай кен орындарында, Екібастұзда (мысалы, «Богатырь» көмір қимасы) көптеген карьерлер бар.
Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 6, 7)

7. Сарамандық сабақтардың мазмұны, 22,5 сағат


1 Тақырып. Геоморфология зерттеуінің теориялық және әдістемелік негіздері (2 сағат)

Жоспар

1.Геоморфология заманауи зерттеу әдістері.

2.Геоморфологияның басқа ғылымдармен байланысы.

3.Қазақстандағы геоморфологияның даму барысы.



Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
2 Тақырып Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің генезисі (3 сағат)

Жоспар:

1. Жер бедерінің морфографиялық сипаттамалары

2. Жер бедерінің морфометриялық сипаттамалары.

3. Жер бедерінің шығу тегіндегі эндогенді және экзогенді үрдістердің ара қатынасы.



Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4, 5)
3 Тақырып Бедер түзілуінің факторлары. Бедер түзілуінің эндогендік процестері (3 сағат).

Жоспар:

  1. Геосинклинальді аймақтардың геоморфологиясы.

  2. Геосинклинальді аймақтардың түрлері.

  3. Шеткі ойыстардың геоморфологиясы

Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4, 5)
4 Тақырып Бедердің планетарлық пішіндері және олардың жер қыртысы құрылымдары мен байланысы (3 сағат).

Жоспар:

  1. Жер қыртысының түрлері мен оларға сәйкес келетін бедер пішіндері.

  2. Мегапішіндер геоморфологиясы.

  3. Макропішіндердің геоморфологиясы

Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 5)

5 Тақырып Экзогендік процестер және бедер (5,5 сағат)

Жоспар:

  1. Флювийлік бедер пішіндері.

  2. Эолдық бедер пішіндері.

  3. Карст және карсттық үрдістер.

  4. Беткейлі бедер пішіндері

  5. Биогенді бедер пішіндері

  6. Батпақты бедер пішіндері

  7. Гляциальді бедер пішіндері

  8. Жағалайлық пішіндер

Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 4, 5, 6 )
6 Тақырып Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері (3 сағат)

Жоспар:

  1. Мұхит түбінің шөгінді қабаты

  2. Мұхит түбіндегі бедер қалыптастырушы үрдістер мен факторлар

  3. Мұхит түбіндегі экзогенді пішіндердің түрлері

Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5)
7 Тақырып Антропогендік процестер және бедер пішіндері (3 сағат)

Жоспар:

  1. Антропогенді әрекеттің әсерінен пайда болған ірі пішіндер.

  2. Қазақстан жерінде орын алатын антропогенді үрдістер

  3. Қазақстан жерінде кездесетін антропогенді бедер түрлері пен пішіндері

Әдістемелік нұсқаулар:

Сарамандық сабаққа дайындалу әдебиеттер мен дерек көздерге жалпы шолудан басталады. Берілген тапсырманы орындау үшін оның мазмұнын берілген жоспар бойынша орындау қажет. Керекті мәліметтерді қысқаша тезис түрінде дәптерге жазып алу керек. Тақырыпты толығырақ ашу үшін әртүрлі сызбалар мен суреттерді келтіруге болады. Жауапта келтірілетін барлық геоморфологиялық және жалпы географиялық нысандарды картадан тауып, картадан көрсете білу керек. Сарамандық жұмыстың соңында міндетті түрде қорытынды шығарылады.



Әдебиеттер тізімі: (1, 5, 6, 7)


  1. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар



Өздік жұмыстың тақырыбы

Өздік жұмыстың атауы

Өздік жұмыстың мазмұны

Әдебиет

1

Геоморфология зерттеуінің теориялық және әдістемелік негіздері

Өздік жұмыс № 1

Геоморфология ғылымының даму тарихы. Қазақстандағы геоморфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар

(1, 5)

2

Бедер туралы жалпы мәліметтер. Бедердің генезисі

Өздік жұмыс № 2

Қазақстан пен Павлодар облысының жер бедерінің шығу тегі

(1, 2, 4, 5)

3

Бедер түзілуінің факторлары. Бедер түзілуінің эндогендік процестері

Өздік жұмыс № 3

Қазақстан пен Павлодар облысының жер бедерінің эндогенді және экзогенді факторлардың үйлесімділігі

(1, 2, 3, 4, 5)

4

Бедердің планетарлық пішіндері және олардың жер қыртысы құрылымдары мен байланысы

Өздік жұмыс № 4

Кескін картаға планетарлық бедер пішіндерін түсіру және талдау

(1, 2, 3, 5)

5

Экзогендік процестер және бедер

Өздік жұмыс № 5

Қазақстан мен Павлодар облысындағы экзогенді бедер пішіндері

(1, 4, 5, 6 )

6

Мұхит түбіндегі экзогендік процестер және бедер пішіндері

Өздік жұмыс № 6

Кескін картаға мұхит түбіндегі экзогенді бедер пішіндерінің таралуын салу

(1, 5)

7

Антропогендік процестер және бедер пішіндері

Өздік жұмыс № 7

Қазақстан мен Павлодар облысындағы антропогенді бедер пішіндерін кескін картаға салу

(1, 5, 6, 7)


9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес










12.35

13.25








4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Геоморфология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар




2 жұма



2-ші жұма

2

Глоссарий құрастыру

Геоморфологиялық терминдер мен ұғымдарды жатқа айту

8

Семестр бойы




семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Гипсометриялық қима жасау

Жазықтар мен таулардың аймақтардың геологиялық қимасын құрастыру




2 жұма




13-шы жұма

5

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-7 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.




14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Құсайынов С. Жалпы геоморфология. - Алматы: Дәуір, 2012. – 367б.

  2. Аманниязов Қ. Геология. – Астана: Фолиант, 2010. – 152 б.

  3. Құрылымдық геология. – Алматы: Дәуір, 2011. – 224 б.

  4. Әбілмәжінова С. Жалпы жертану. – Алматы: Дәуір, 2012. – 408 б.


Қосымша:

5. Құралұлы А. Жер, табиғат, аспан әлеміне байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Өнер, 2007. – 64 б.



6. Қазақстан табиғаты /ред. Б. Аяған. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008. – 389 б.

7. Геоэкология / Қ. Үсен, Р. Мирзадинов. - Алматы: Дәуір, 2012. – 368б.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет