Алматының Медеу ауданында орналасқан монша кешенінен өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпанда сағат 18:00-де департаменттің күштері мен құралдары Медеу ауданы Оспанов көшесінде орналасқан монша кешеніндегі өрт туралы хабарламаға жіберілген.

Өрт сөндіру техникасының жүру жолындағы кептеліс кедергі болғанына қарамастан, жедел жеткен өрт сөндірушілер екі ағаш үйдегі өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупі бар екенін анықтаған. Дереу жедел штаб жұмылдырылып, өрт сөндіру құрылғылары орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етілген.

Фото: ТЖМ

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 600-700 шаршы метр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сағат 18:47-де оқшауланған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.