Танымал продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова кенже келінінің туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Қазан айында өнерлі отбасы кенже ұлдарын екінші рет үйлендіріп еді. 

Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!”, – деп жазды продюсер. 

  • "Жұлдыз ғана жетпей тұр": Желіде Қайрат Нұртастың балаларымен қыдырып жүрген видеосы тарады

  • "Тәрбиені сырттан іздемейікші": Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы көпке ой салды

Сонымен қатар, жұлдызды ене жас кезінен армандаған дүниелерінің орындалғанын айтты. 

“Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін”, – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, продюсер келіндерінен бөлек тұрғысы келетінін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.