А
Қазақтан шыққан ғарышкерлер
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы
ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы
оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал
Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.
Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп,
ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те бар.
Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен
жазылды.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946
жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы Бірінші Май
ауылында дүниеге келген. Қазақтан
шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес
Одағының Батыры, Қазақстанның
Халық Қаһарманы, авиация генерал-
майоры.
1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет
әуеде ұшаққа екі рет жанармай құйдыру
арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын
ерлікпен орындады.