«Фармакоэкономика негіздері» пәні бойынша



жүктеу 0.66 Mb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

044 – 40/15





«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы


«Фармакоэкономика негіздері»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Дәріс кешені «Фармакоэкономика негіздері» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

«Фармакоэкономика негіздері»


  1. Тақырыбы 1-2: Фармакоэкономиканың дамуының алғы шарттары




  1. Мақсаты: Фармакоэкономиканың дамуының негізгі алғы шарттары және фармакоэкономиканы ғылым ретінде түсінікті қалыптастыру.




  1. Дәріс тезистері.

Көпшілік елдердің, олардың саяси және экономикалық даму жолдарына қарамастан, жаһандық мәселелерінің бірі шығындарды, соның ішінде халыққа медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды ұдайы ұлғайту қажеттілігі болып табылады (1.1.-сурет). Алайда әртүрлі елдерде бұл құбылыстың өз ерекшеліктері бар. Біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесіндегі шығындар деңгейін көтеруге себеп болатын негізгі факторлар ретінде әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және медициналық факторларды көрсетуге болады.

Әлеуметтік-демографиялық факторларға ең алдымен тұрғындардың негізгі бөлігінің төлем қабілетінің төмен деңгейі және медициналық көмек көрсетуді созылмалы ауруларды емдеуге ерекше бұрмалайтын халықтың қартаюы жатады.

Экономикалық факторлардың ішінде отандық денсаулық сақтауды сайма-сай қаржыландыыруға мүмкіндік бермейтін макроэкономика дамуының жеткіліксіз деңгейін ерекше айту қажет. Қүнсыздану процестері де денсаулық сақтау бюджетін тауысады.

Медициналық факторлар медициналық ғылымның қарқынды дамуын, осы заманғы технологиялар мен әртүрлі ауруларды емдеу мәселесін науқастарды тиімді әрі сайма-сай емдеуге ғана емес, сондай-ақ асқынулардың даму қаупі дәрежесін төмендетуге жағдай жасайтын жаңа сапалы бағдармен шешуге мүмкіндік беретін өзіндік дәрілік заттардың пайда болуын сипаттайды (Белоусов Ю.Б. және сер. авторлар, 2007). Алайда жаңа технологиялар мен препараттар, қағида бойынша бағасының жоғары болуымен ерекшелінеді, бұл денсаулық сақтаудың шектеулі қаржыландыруы және халықтың төлем қабілетінің төмен болуы жағдайында олардың клиникалық тәжірибеге жылдам енуіне мүмкіндік туғызбайды.

Емдеу бағаларының жоғарылауы жағдайында науқас пен қоғамға қандай да бір препаратпен емделуге жұмсалған шығын қаншалықты ақталғанын білу қажет, яғни емдеу нәтижесін бағалаудың экономикалық критерилері болуы тиіс.

Көрсетілген себептер мен бірқатар басқа факторлар денсаулық сақтауға қаржы бөлуді ұлғайту қажеттігін растайды. Денсаулық сақтау жүйесіне бөлінген қаражат көлемінің көрнекті мысалы ретінде Ұлыбританияда кейбір ауруларды, соның ішінде ЖИА емдеуге жұмсалған шығындар тізімін көрсетуге болады (1.1.-кесте, 1.2.-сурет).


1.1.-кесте. Медициналық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар көлемі (Ұлыбритания, 1999).


Ауру

Емделуге жұмсалған тікелей шығындар

£, млн.


Өнім тудыру себебінен болған нәтиже шығындары және/немесе емдеуге жұмсалған жай шығындар, Е, млн.

Жалпы бағасы,

£, млн.


Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

10730

5,325

7,055

Арқаның ауруы

10673

5,143

6,816

Ревматоидтық артрит

969

1,049

2,018

Альцгеймер ауруы

1,993

-

1,993

Төменгі тыныс жолдарының инфекциясы

1,825

-

1,825

Миға қан құйылу (инсульт)

1,655

-

1,655

Қант бдиабеті (ҚД)

1,304

-

1,304

Артрит

978

-

978

Көптеген склероз

85

452

536

Бас сақинасы (мигрень)

45

378

424

Терең көк тамырда қан ұюы және өкпе артериясының эмболиясы

386

-

386

Депрессия

366

-

366

ҚР 1-ші түрі

273

-

273

Аяқ-қолдың аумалы ишемиясы

269

-

269

Қояншық

235

-

235

Қуық асты безінің қатерсіз гипертрофиясы

134

21

155

1.2.-сурет. Ұлыбританияда ЖИА емдеу кезіндегі шығындар құрылымы.



  1. Дәрі-дәрмекпен емдеу (34%)

  2. Оңалту (6%)

  3. Ілкі профилактика және алғашқы көмек (4%)

  4. Асқынулар кезіндегі жедел жәрдем және амбулаторияға өткізу (3%)

  5. Пациенттің станционарда болған күндерінің бағасы (53%)

Алайда шығындарды ұлғайту барысы медициналық килігулерге клиникалық нәтижесі мен экономикалық пайдасыныңталдауына негізделген аййқын үлгісінсіз мүлдем тиімсіз болуы мүмкін (Рудаков А.В., Хевщик П.Ф., 2002). Қаржыландыру көлемінің жеткіліксіз болуы және шектеулі қаражат қорын ұтымдыпайдалану қажеттілігі фармакоэкономиканың негізгі даму алғышарты болып табылады (Гиляревский С.Р., Орлова В.А., 1997). Дәл сондықтан соңғы уақытта оған деген ынта артуда.

Еуропа елдерінде әртүрлі дәрілік препараттардың фармакоэкономикалық зерттеулері жеткілікті көп мөлшерде жүргізілген. Еууропада фармакоэкономиканың даму беталысы туралы фармакоэкономикалық зерттеулер нәтижелері енген мәліметтер қоры (НЕЕD) негізінде білуге болады. Бұл мәліметтер қорында 10000-нан аса құжаттар бар, оған түпкі зерттеулер (өмір сапасын экономикалық бағалау және зерттеу), әдіснама материалдары, шолулар, редакциялық мақалалар енеді. 1-2-кестесінде 3 жылда (1995-1997) 13 елде жүргізілген фармацевтикалық препараттардың түпкі зерттеулерінің саны туралы мәліметтер берілген (Зерттеулер экономикалық талдау әдісіне қарай топтастырылған), ал 1.3-кестесінде фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізілген аурулар тізімі көрсетілген.
1.2-кесте: Еуропада фармакоэкономикалық талдау түрлерін қолдану жиілігі


Талдау түрі

Зерттеу саны (n=720)

«Ауру құны»

59

«Барлық шығындар талдауы»

108

«Шығындарды барынша азайту»

54

«Шығындар қайтарыммының экономикалық талдауы»

209

«Шығындар-нәтижелілік»

231

«Шығындар-тиімділік»

54

«Шығындар-пайдалылық»

5

1.3-кесте: Фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізілген аурулар тізімі



Нозология неме препараттар тобы

Зерттеулер саны

( n=565)


Асқорыту жүйесінің ауруы және метаболизмдік бұзылыстар

50

Қан өндіру жүйесінің патологиясы

46

Жүрек-қантамыр аурулары

28

Дерматологиялық препараттар

16

Несеп-жжыныс жолдарының ауруы, жыныстық гормондар

15

Гормондық жүйелі препараттар

28

Микробқа қарсы жүйелі заттар

130

Ісікке қарсы заттар

71

Қаңқа-бұлшықет жүйесінің патологиясы

17

Жүйке жүйесінің бұзылыстары

74

Паразиттерге қарсы заттар

4

Тыныс алу жүйесінің патологиясы

20

Сезім органдарының ауурулары

0

Басқа патология

31

Код берілмеген

35

Отандық денсаулық сақтауда фармакоэкономикалық талдау ққажеттілігі құнды, сипат алуы мүмкін нәтижелердің өзі пайда болмай тұрып-ақ туындаған. Сондықтан материалдың жоқтығынан шетелдік мәліметтер қолданылды. Алайда мұндай мәліметтерді пайдалану елеулі макроэкономикалық ерекшеліктерге (1.3.-сур.), денсаулық сақтау саласының заңды және нормативтік қорларындағы, қаржыландыру көлемі мен құрылымының ерекшеліктеріне, медициналық көмек көрсету стандарттары мен әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты қате болатыны анықталды.

Әртүрлі ел халықтарының төлем қабілетінің деңгейін және жеңілдік құқығы бар адамдар санын салыстыруға болмайды (1.3-сур.). Осы факторлардың барлығы отандық фармакоэкономикалық зерттеулерді жүргізу мен дамытуға алғы шарт болды.
1.3. сур. Қымбат тұратын медициналық технологиялар мен емдеуді қолдану не қолданбаудың макроэкономикалық алғышарттары.


Бюджеттік төлемдегі айырмашылық – 33 рет

Тұтыну сұранысындағы тепе-теңдік – 1:7



Макроэкономикалық айырмашылықтар

АҚШ

  • Бюджет 2000ж. $ 1,8 трлн.

  • Бюджеттік шығындар 1 адамға: $ 6670 жылына

  • Орташа еңбекақы – шамамен айына $ 2000



Ресей

  • Бюджет 2000ж. $ 28,7 млрд.

  • Бюджеттік шығындар 1 адамға: $ 200 жылына

  • Орташа еңбекақы – шамамен айына $ 100



Салыстыру үшін: 1адамға жылына жұмсалатын бюджеттік шығындар: Дания-$7500, Партугалия - $1600, Латвия және Польша – шамамен $ 1000


Фармакоэкономиканың дамуына себеп болған маңызды ерекшеліктердің бірі патенттелмеген препараттар мәселесі қосып отыр. Бұл мәселе көп қырлы, алайда баға мен тиімділік факторлары басты болып келеді (Леонова Ю.Л., 2001).

Ресей халқының негізгі бөлігі үшін баға факторы жетекші болатыны сөзсіз. Дәрілердің кең номенклатурасы тізімддерінің ішінде бағасы жағынан түпкі препараттар онша қолжетіледі емес. Генериктер (көшірме дәрілік заттар) бағасыының төмендігімен ерекшелінеді, бұл олардың жасалуы мен клиникалық сынағына шығындардың болмауымен байланысты. Сондыықтан генериктерді қолдану халықтың басым бөлігін осы заманғы, сонымен қатар экономикалық жағынан пайдалы медициналық технологияллармен қамтамассыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тиімділік факторының ролі басым болады (Воробьев П.А. және сер. авт., 2002): генериктер түпнұсқасына сайма-сай болуы тиіс. Бұл жағдайда клиникалық тәжірибе шындық критерияларды, яғни көшірме препараттардың тиімділігі түпкі заттан өте ерекшеленетінін көрсетеді. Клиникалық тәжірибенің тағы бір маңызды ерекшелігі дәрігердің дәрілік заттарды тағайындау және пациенттің нақты препараттарды дәріхана желісінде алу кезінде артық көру айырмашылығында болып отыр. Осылайша, кейбір дәрігерлер пациенттің материалдық жағдайын ойлап, арзан дәрілік заттарды тағайындайды, бұл көбінесе GCP және GMP стандарттарына сәйкес келмейді. Ал басқа дәрігерлер қымбат тұратын түпкі препараттарды тағайындайды, олардың клиникалық нәтижесі кейде арзан генериктерден артық болмайды. Препаратты көкейкөзбен емес, ғылыми негізделген ретпен таңдау қажет, бұл дәлелді медицна мен салыстырмалы клиникалық сынақ нәтижелеріне негізделген клиникалық-экоономикалық зерттеулерді жүргізу арқылы жүзеге асуы мүмкін (Остроумова О.Д., Мамоев В.И., 2002).




  1. Иллюстрациялық материалдар – слайдттар (10 дана)




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Фармакоэкономика нені зерттейді?

  2. Денсаулық сақтау жүйесінде «экономикалық бағалау» түсінігі?

  3. Фармакоэкономиканың қандай мақсат және міндеттерін білесіз?

  4. Фармакоэкономика қандай басқа пәндермен интеграцияланады?

  5. Фармакоэкономиканың қандай басқа білім саласындағы салыстырғанда айырмашылық ерекшеліктерін білесіз?

  6. Фармакоэкономиканың дамуының алғы шарттары?



  1. Тақырыбы 3-4: Фармакоэкономикалық зерттеулердің бағыттары




  1. Мақсаты: Фармакоэкономикалық зерттеулер негізгі бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру




  1. Дәріс тезистері.

ХХ ғ. 70-ші жылдарынан бастап дүниежүзілік барлық елдерінің экономикасы алдында медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығынның өсу мәселесі ерекше өткір болып отыр. Ең алдымен бұл жоғары технологиялық және қымбат емдеу барысы үлесінің ұлғаюымен байланысты болды. Бүкіл әлемде бұл шығындардың жылдам өсуіне жауап ретінде емдеу бағасын реттеудің әртүрлі тәсілдерінің кең таралуы болып отыр. Бағаны реттеудің мақсаты пациент өмірін сақтау және сапасын жақсарту кезінде шығындардың өсу қарқынын баяулату болып табылады. Мұндай әрекеттердің негізгі бағыттары мыналар: 1) қаражат бірлігіне қарағанда сауығу, тіршілік сақтау, еңбекке жарамдылық және т.с.с. бірліктерде нәтижесі аз болатын килігуге жұмсалатын қаражаттарды шектеу; 2) нәтижесі жеткіліксіз болған жағдайда қымбат килігулерді шектеу.

Соңғы 20 жылда клиникалық эпидемиологиялық дамуы дәлелге негізделген медициналық пайда болуына және тәжірибеге енуіне әкеліп соқты.

Дәрілік препараттар мен дәрімен емдеудің әртүрлі үлгілерінің клиникалық және экономикалық артықшылықтарын зерттеумен байланысты денсаулық сақтау экономикасының саласы фармакоэкономика деген атаққа ие болды.

Фармакоэкономика – адамдар, компаниялар мен нарықтардың фармацевтикалық өнімдерді қолдану тәртібін, осы заттарды қолдану кезінде бөлінген қаражат нәтижесі тұрғысынан алғанда, бағалау мәні болып табылатын фармацевтикалық экономиканың бөлігі.

Фармакоэкономикалық денсаулық сақтау басқармасына алғаш тәжірибе жүзінде енгізілуі мемлекет тарапынан реттелетін фармацевтикалық көмек көрсету жүйесі аясында төленетін дәрілік заттардың тізімін ғылыми дәлелдер негізінде әзірлеу және енгізу болып отыр (бірқатар елдерде бұл тізімдер-формуляр деп аталады).

Қазіргі таңда фармакоэкономикалық зерттеулерді келесі міндеттерді шешу кезінде жүргізеді:


  • нақтылы ауруды медициналық көмек көрсетудің әртүрлі сатысында емдеу кезінде қолданылатын дәрілік заттардың тиімділігі мен сапасын таңдау;

  • дәрілік препараттардың тиімділігі, қауіпсіздігі, үйлесімділігі мен алмасымдылығына қойылатын өзара байланысқан клиникалық және экономикалық талаптарды, фармакотерапия мен балама емдеу препараттарының алгоритмдерін және оларды бағалау критерилерін қалыптастыру;

  • науқастарды жүргізу хаттамаларын, өмірлік қажетті және маңызды дәрілік заттардың тізімін, заңды халық тобын қамтамасыз етуге тізімдерді жасау үшін дәрілік препараттарды таңдауды оңтайландыруды дәлелдеу; жеке медициналық ұйымдардың дәрілік заттар формулярларын (тізімдерін) жасау;

  • медициналық қызмет сапасы мен экономикалық сипаттары көрсеткіштерін өзара байланысты бағалауының бірыңғай жүйесін жасауды ғылыми дәлелдеу, олардың немоенклатурасы мен көлеміне ғылыми негізделген талаптарды орнату;

  • денсаулық сақтаудағы стандарттау жүйесінің нормативтерінің талаптарын дәлелдеу.


Фармацевтикалық стандарттау жүйесінің нормативтерінің талаптарын дәлелдеу

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық бағалау осы салада қолданылатын әртүрлі технологиялардың ақшалай құнын анықтау тәсілі болып табылады, және емдеудің балама әдістерін жан-жақты талдау қолданады. Мысалы, дәрімен емдеу үлгілерін басқа фармакотерапиялық емдермен де, хирургиялық сияқты медициналық көмектің балама әдістерімен де салыстыруға болады. Алайда балама емдер қандай болмасын, мүмкін болатын емдеу әдістері пациент өмірін ұзартып не жақсартуы тиіс.





  1. Иллюстрациялық материалдар – слайдттар (10 дана)




  1. Әдебиет:


6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Медициналық және фармацевтикалық көмек көрсетуге шығындардың ұлғаю мәселесінің байланысы?

  2. Емдеу құнын реттеудің мақсаты?

  3. Емдеу құнын реттеудің негізгі бағыттары.

  4. Фармакоэкономикалық зерттеудің негізгі бағыттарын атаңыз.



    1. Тақырыбы №5-6 «Медициналық және фармацевтикалық көмек сапасын басқарудағы фармакоэкономикалық зерттеулердің орны».




    1. Мақсаты: студенттерді медициналық және фармацевтикалық көмек сапасын басқарудағы фармакоэкономикалық зерттеулердің орнымен таныстыру.




    1. Дәріс тезистері.

Медициналық көмек сапасын басқарудағы фармакоэкономикалық зерттеулердің орны. Формулярлық тізім медицинаға стандарттауды енгізу механизмі ретінде және медициналық көмек сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда денсаулық сақтаудың даму концепциясы медициналық көмек сапасын басқару жүйесін құруды болжайды, яғни пациент қажеттіліктерін қолайлы жолмен шешуге бағытталған денсаулық сақтаудағы басқару тәсілін жасау деген сөз. Денсаулық сақтаудағы өнімдер мен қызмет сапасының қажетті деңгейін қамтамасыз ету барысы денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейінде қорларды қолдануды оңтайландыру, қазіргі жаңа технологияларды енгізу аясында нәтижелерді бақылау және түзету сияқты өзара байланысқан шаралармен жүзеге асуы тиіс. Денсаулық сақтауда сапа көрсеткішінің өлшемі стандарттар болып табылады.

Стандарттар:


  • тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдемесінің негізін құрайтын міндетті талаптар арқылы сапаны қамтамасыз етудің ең төмен деңгейін;

  • ғылыми жағынан тиімділігі дәлелденген көмек көлемі мен түрлерін, нақты технологиялар, жұмыстар мен қызметтердің тізімін;

  • ғылыми негізделген қосымша ұсыныстарды тұжырымдау арқылы сапа деңгейін одан әрі көтеру бағыттарын анықтайды.

Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау – бұл денсаулық сақтауда қолданылатын жағдайлар, өнімдер, технологиялар, жұмыстар мен қызмет көрсетудің талаптарын, нормаларын, ережелері мен сипаттарын жасау және белгілеу арқылы денсаулық сақтауда ережелерді ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет.

Стандарттау объектілері:



  1. Денсаулық сақтау саласының қоры (кадрлар, материалдық, қаржылық, ақпараттық қорларға қойылатын талаптар);

  2. Процестер (емдеу-диагностикалық, сақтандыру, сауықтыру, ұйымдастыру, өндірістік технологиялар);

  3. Тиімділік (ауру нәтижесі, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер).

Стандарттау объектілеріне қойылатын талаптар медициналық дәлелге негізделген қағидаттарын тірек етеді.

Дәлелді медицина бір жағынан клиникалық фармакология саласында ғылыми, көбінесе қарама-қайшы ақпараттардың көбеюінен, клиникалық тәжірибеге жаңа дәрілік заттардың көп санының енуінен, басқа жағынан – денсаулық сақтаудағы шығындардың ұлғаюына байланысты қаражаттың жетпеуінен туындап отырған дәрілік заттарды тиімді қолдану жолдарын іздеу нәтижесі ретінде пайда болды.

Дәлелді медицина – ғылыми ақпаратты жинау, талдау, қорыту және түсіндірудің жаңа тәсілі, бағыты немесе технологиясы. Бұл нақты науқастың емін таңдау үшін клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін адам ниетпен, дәл немесе сапалы түрде қолдану деген сөз.

Емнің тиімділігі қауіпсіздігінің дәлелі клиникалық кездейсоқ іріктеп (рандомизациялық) зерттеу нәтижелері болып табылады. Тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген әдістер ғана көп таралған ауруларды емдеу тәсілдерін стандарттау кезінде қолданылады.

Нақты технологияны қолдану туралы шешімді қабылдау кезінде маңыздысы фармакоэкономикалық талдау болып табылады.
Стандарттаудың теориялық негіздері:


  1. Жүйені құрудағы негіз болатын құжаттарды жасау;

  2. Қорларға, процедураларға технологиялар мен нәтижелерге қойылатын нақты талаптарды жасау;

  3. Ұйымдастыру-техникалық шаралар.


Медициналық көмекті стандарттау үшін:

  1. Денсаулық сақтауды қайта құруын қамтамасыз ететін заңдық бағасын жасау.

  2. Сарапшалар, дәрігер-мамандар, тәжірибе дәрігері, провизорлар, клиникалық фармаколойдтар, фармакоэкономика мамандары қатарынан қажетті медициналық стандарттарды жасау, дайындау және енгізу үшін әр түрлі деңгейде арнаулы комиссия мен комитеттерді ұйымдастыру.

  3. Өмірлік қажетті және маңызы бар дәрілік заттар тізімін жасау.

  4. Медициналық мекемелер формулярлар және аумақтық формулярларды жасау.

  5. Емдеу стандарттарын жасау.

  6. Емдеу стандарттарын осы аумақтың ЕСМ нақты жағдайына беімдеу жолымен науқастарды жүргізу хаттамаларын жасау қажет.

Өмірлік қажетті және маңызы бар дәрілік заттар тізімін жасау науқастарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді оңтайландыру жолдарының бірі болып табылады.

Оған келесі дәрілік заттар енгізіледі:



  • өмірге қауіп төндіретін аурулар мен синдромдар кезінде қолданылатын (егер дәрілік заттарды қолданбағанда ауру күшейе түссе, асқын пайда болғанда немесе пациент өлгенде);

  • әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерекше емдеу үшін қолданылатын.

Өмірге қажетті және маңызы бар дәрілік заттар тізімі азаматтардың дәрілік заттардың мемлекеттік кепілді көлемін алу құқығын жүзеге асыруға бағытталған. Оған енетін дәрілік заттар топтары барлық бұқара топтарына кез келген уақытта қолжетімді болып, мемлекеттің азаматтарға көрсететін тегін медициналық көмектің барлық түрлерін қамтуы тиіс.

Басқа жағынан алғанда, өмірге қажетті және маңызы бар дәрілік заттар тізімі сондай-ақ медициналық мекемелердің осы тізімге еңбеген дәрілік заттарды сатып алу мүмкіндіктерін шектейді, сондықтан ең алдымен денсаулық сақтау жүйесінің әкімшілігіне, медициналық мекемелер мен фармацевтикалық өнеркәсіп әкімшіліктеріне бағытталған.

Емдеу стандарттары – бұл көп таралған аурулар мен синдромдардың қажетті және жеткілікті емдеу-диагностикалау емшаралары мен емдеу үлгілері, оларды шығынды барынша аз жұмсап, ең жоғары деңгейдегі емдеу нәтижелеріне жету үшін жетекші мамандар әзірлеп, денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.

Мемлекет тарапынан (бюджеттік немесе міндетті сақтандыру) қаржыландыру кезінде емдеу стандарты «жоғарыдан» шектейтін құжат болып табылады, ал ақылы емдеу кезінде ұсынысты-әдістемелік сипат алады.




  1. Иллюстрациялық материалдар – слайдттар (10 дана)




  1. Әдебиет:


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Денсаулық сақтау саласының дамуының заманауи концепциясы?

  2. Денсаулық сақтау саласында қандай сапа көрсеткіштерінің эталондарын білесіз?

  3. Денсаулық сақтау саласында стандарттау дегеніміз не және стандарттау нені анықтайды?

  4. Стандарттау нысандарына не жатады?

  5. Дәлелді медицина дегеніміз не?

  6. Емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігінің дәлелі?

  7. Стандарттаудың теориялық негіздері қандай

  8. Медициналық және фармацевтикалық көмекті стандарттаудың жүргізуге қандай керекті жағдайларды білесіз?

  9. Өмірлік қажетті дәрілік заттардың тізімін қандай ДЗ кіреді?

  10. Негізгі дәрілік заттардың (өмірлік маңызды) тізімі не үшін қалыптасқан?

  11. Емдеу стандарттары дегеніміз не?

  12. Медициналық және фармацевтикалық көмек сапасын басқаруда фармакоэкономикалық зерттеулердің орны.


        1. Тақырыбы №7-8 Фармацевтикалық көмек көрсетудің экономикалық бағалануы




        1. Мақсаты: Студенттерді фармацевтикалық көмек көрсетудің экономикалық бағалануымен таныстыру.




        1. Дәріс тезистері

Фармакоэкономика деп денсаулық сақтауда қорлар мен заттарды тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтайтын медициналық ғылымды айтады (Чучалин А.Г., 1999). Оның негізгі аспабы фармакоэкономикалық талдау – медициналық шараларды қолдану нәтижелерінің кешенді клиникалық-экономикалық талдауы болып табылады (Bassskin E, 1988).

«Клиникалық – экономикалық зерттеулер. Жалпы ережелер». Сапалық стандартына берілген анықтама бойынша клиникалық-экономикалық талдау - бұл медициналық шараларды қолдану және оны орындауға жұмсалған шығындар нәтижелерінің кешенді өзара байланысқан есебі негізінде сақтандыру, диагностикалау, дәрімен және дәрісіз емдеудің екі не оданда көп әдістерін алыстырмалы бағалау әдіснамасы. Клиникалық-экономикалық әдіснамасы кез-келген медициналық әрекетке қолданылады: дәрімен (фармакоэкономика) және дәрісіз емдеу тәсілдеріне, диагностикалау, сақтандыру және оңалту әдістеріне.

Фармакоэкономиканың зерттеу объектілері медициналық әрекеттердің қауіпсіздігі мен тиімділігі, сондай-ақ оларды жүргізуге жұмсалған экономикалық шығындар болып табылады (Johanesson M., Brein B., 1998).
Шығындар түрі және фармакоэкономикалық талдау әдістері

Емдеудің экономикалық жағын жан-жақты бағалау үшін шығындардың әртүрлі категорияларын қолданады.

Тікелей медициналық шығындарға дәрі-дәрмекпен емдеу, зертханалық және аспаптық тексеру, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері құрамының жұмысына еңбекақы төлемін жүргізу үшін жұмсалатын шығындар, пациенттің емдеу мекемесінде болуына байланысты шығындар, сондай-ақ негізгі емнің жанама әсерін емдеу құны кіреді.

Тікелей медициналық емес шығындар – науқасты емдеуге байланыстыы әртүрлі қосымша үстеме шығындар, науқастың емдәм, санитарлық емес көмекпен тасымалдау құны, науқасты күту шығындары.

Тікелей емес шығындар – пациенттің немесе науқасты күтуге мәжбүр болған оның туыстарының еңбекке жарамсыз болуына байланысты шығындар. Бұл ең алдымен науқастың және (немесе) оны күтетін адамдардың еңбекке жарамсыз кезінде еңбекақысын толық алмауымен көрінеді. Өндіріс барысына қатыса алмау осы адамдар жұмыс істейтін кәсіпорынның, сондай-ақ жалпы қоғамның (салық төлемінің азаюынан) кірісті түгел алмауына әкеп соғады. Шығындардың бұл түріне сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету қажеттілігі мен науқас өніміне байланысты төлем шығындары да кіреді.

Материалдық емес шығындар – пациенттің оның өз әсер ететін факторларды (физикалық, психикалық, әлеуметтік және эмоциялы жағдай) өз тұрғысынан түсінуі. Шығындардың бұл түрі соныың өлшеу мүмкін болмағандықтан іс жүзінде қолданылмайды.

Емдеудің жалпы құны әртүрлі объективтік және субъективтік факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін (1.4.-сур.). Ең алдымен бұл-пациент мінездемесі (жынысы, жасы), ауру кезеңі және ауырлық дәрежесі, қосарланған паталогия. Емдеу әдісін таңдауда жүргізілетін емнің бағасына әсер етеді: кнсервативтік әдіс, яғни операциясыз емдеу барысы қаражатты үнемдейді, ал агрессивті-сөзсіз шығынды ұлғайтады.
1.4.-сур. Емдеу құнына әсер ететін факторлар

Дәрігерге байланысты


  • диагностикалау және емдеу тиімділігі

  • емдеу үлгісін таңдау

  • дәрігер қызметінің құны

Емдеуге байланысты

  • «егрессивтік» немесе консервативтік

  • емдеудің жарамсыз әсері

Емдеу құнын анықтайтын негізгі факторлар


Пациентке байланысты

  • жынысы

  • жасы

  • ауру ауырлығы

  • қосарланған

  • паталогия

Шығындардың өсуіне жүргізілетін емнің жанама әсерлерін-дәрінің жағымсыз реакцияларын терапиялық түзету қажеттігі себеп болады. Емдеу құнына дәрігердің емдеу әдісі мен үлгісін таңдауы да әсер етеді, бұл ауруды диагностикалау мен емдеу жетістігін анықтайды.

Әртүрлі әрекеттердің экономикалық тиімділігін бағалау үшін бірнеше әдістерді қолданады. Оның таңдауы зерттеу көлемімен және зерттеу нәтижелері ұсынылатын нысаналы қауыммен анықталады (Чубарев В.Н., 2000). Фармакоэкономикалық талдаудың 4 негізгі әдістері бар (сур. 1.5-1.8).

«Шығындарды барынша зерттеу» талдауы (cost mini-mization analysis - CMA) клиникалық нітижесі бірдей емдеудің екі не оданда көп әдістерінің құнын салыстыру үшін қолданады. Салыстыратын әдістердің клиникалық нәтижелерінің ұқсастығы клиникалық зерттеулердің қорытындысымен дәлелделуі тиіс. Бұдан басқа, бұл талдау әдісі емдеудің шығындалатын жағын анықтайтын барлық компоненттерін бағалауды және есептеуді талап етеді: дәрігерлік тексеру, әрекеттер, зертханалық және аспаптық тестілер саны, қосымша жабдықтардың құны және т.с.с.

Мына формула бойынша есептейді:
СМА=(DC1-DC2)

Немесе


CMA=(DC1+1C1)-(DC2+1C2),
Мұндағы СМА – салыстыратын әрекеттер шығындары қатынасының айырмашылығы; DC1 – 1 ші емдеу әдісі кезіндегі тікелей шығындар; 1C1 – 1-ші емдеу әдісі кезіндегі тікелей шығындар; DC2 – 2-ші емдеу әдісі кезіндегі тікелей шығындар; 1C2 – 2-ші емдеу әдісі кезіндегі тікелей емес шығындар.

Қағида бойынша, бұл әдісті бір препаратты қолдану және дозалаудың әртүрлі үлгілерінің нәтижесін салыстыру кезінде, және сондай-ақ емдеудің балама үлгілерінің нәтижесі айқын ұқсас болған жағдайда қолданады.


Шығындарды «барынша азайту» талдауы – нәтижелілігі ұқсас баламалардың шығындану жағын салыстыру.

«Шығындар-нәтижелілік» талдауы (cost effectiveness analysis-CEA) нәтижелілігі әртүрлі, бірақ бірдей бірлікпен, әдеттегідей табиғи бірлікпен өлшенетін (мыс., сын. бағ. мм., емделіп жазылған пациенттер саны, сақталған өмір жылдарының мөлшері) екі не одан да көп әрекеттердің айырмашылығын салыстыру үшін қолданылады.

Бұл талдау кезінде емдеудің әрбір балама үлгісі үшін мына формула бойынша шығындар / нәтижелілік қатынасын есептейді:
СЕА= (DC+1C)EA,
Мұнда СЕА – құны/нәтижелілік қатынасы, DC – тікелей шығындар (direct costs), 1С – тікелей емес шығындар (indirect costs), Ef – емдеу нәтижелілігі (effectiveness).

Емдеудің әрбір балама үлгісі үшін есептеуді бөлек жүргізеді және нәтижелілік бірлігіне жұмсалатын шығындар түрінде, содан кейін алынған нәтижелелерді салыстырып көрсетеді. Бұл талдау қандай да бір әрекеттерге жұмсалған шығындар қаншалықты оның нәтижелілігіне сәйкес келетінін анықтауға, сондай-ақ шығындар/нәтижелілік қатынасы барынша төмен болатын ең қолайлы баламасын таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай балама доминантты (үстем) деген атауға ие.

Алайда, салыстырмалы талдау емдеудің айқын үстем әдісін сирек айқындайды, өйткені өте тиімді әдіс құнының жоғары болуы мен де сипатталады.

Бұл жағдайда есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:


СЕА /Δ=((DC1+1C1)-(DC2+1C2))/(Ef1-Ef2),
Мұнда СЕА /Δ – қосымша шығындар мен нәтижелілік қатынасы; DC1 және 1C1 – тиісінше 1-ші емдеу әдісі кезіндегі тікелей және тікелей емес шығындар; Ef1 – 1-ші емдеу әдісінің нәтижелілігі; DC2 және 1C2 – тиісінше 2-ші емдеу кезіндегі тікелей және тікелей емес шығындар; Ef2 – 2-ші емдеу әдісінің нәтижелілігі.

СЕА негізгі талдау түрі болып табылады және клиникалық-экономикалық зерттеулердің 50% артығында қолданылады. СЕА негізгі кемшілігі – оның көмегімен емдеу нәтижелілігін бір мезетте бірнеше белгілермен салыстырмалы бағалай алмау.

«Шығындар-нәтижелілік» талдауы – табиғи бірлікпен берілген (мысалы, емделіп жазылған пациенттер саны; сақталған өмір жылының мөлшері; АҚ сан. бағ. 1 мм төмендеуі және т.с.с.) Қандай да бір нәтижелік бірлігіне жетуге арналған шығындарды бағалайды.
«Шығындар-тиімділік» талдауы (cost ulityly analysis - CUA) пациенттің (оның туыстарының) немесе дәрігердің емдеу әдістерін таңдау кезіндегі бағалауын немесе болатын ауру нәтижелерін сипаттайтын емдеу құны мен оның тиімділігі қатынасын анықтау үшін қолданады. Бұл – жеке адамның емдеудің қандай-да бір нәтижесін артық көруін сипаттайтын жалғыз әдіснама. Әдісте ӨС және осы көрсеткіштің пациент денсаулығы дәрежесімен байланысын кешенді зерттеу жан-жақты қолданылады.

Шығындар тиімділігін анықтау үшін денсаулық жағдайының субъективтік болжам бағалауын қолданатын бірқатар әдістер бар.

Ең қарапайым әдіс – рейтингті (reating scales) және визуалды-үйлесімді (visual analog scale) шкалаларды қолдану. Бұл әдіс психометриялық теорияға сүйенеді. Шкала шеткі нүктесі абсолюттік денсаулық күйін (1,0) және ең нашар күйді, ал кейде өнімді (0) де сипаттайтын кесіндімен берілген. Сауалнамаға жауап беруші осы кесіндіде өз денсаулық күйін нүктемен белгілеуі тиіс.

Стандартты алыпсарлық – құмарлық әдіс (standard ganible) негізін 2 салыстырмалы баламалардың бірін (бірінің нәтижесі белгілі, ал екіншісі -анықталмаған) таңдауды қарастыратын жорамалданған летереяны қолдану құрайды.

Уақытша шығындарды салыстыру тәсілін (time tradeoff) қолдану кезінде саналатындарға денсаулық жағдайын өмірге белгілі қаупі бар емдеудің кейбір әдістері есебінен жақсарту жорамалы ұсынылады. Таңдау ауқымы денсаулықтың осы нашар жағдайдың жалғасы мен жақсы жағдайға өту аралығында болады. Сыналатын адам өзіне жарамды әрекетке тәуекел етуі керек.

Болжанатын ӨС туралы мәліметтерді алу әдістеріне қарамастан олар баллмен өлшеніп, 0-ден 1-ге дейінгі шекарада жатады. Алынған ӨС көрсеткішін ары қарай өмір ұзақтығы мен оның сапасының қатынасын есептеу үшін қолданады. Бұл интегралданған көрсеткіш – QALY (quality adjusted life years – сақталған сапалы өмір жылдары) медициналық шара қолдану сипатына байланысты пациент өмірінің ұзақтығы мен оның сапасын сипаттайды.

«Шығындар - тиімділік» әдісінің қорытынды кезеңі емдеу құнының QALY-на қатынасын есептеу болып табылады. Бұл жағдайда <$20000 / QALY қатынасының мағынасы экономикалық жағынан тиімді; $20000/ QALY - $40000/ QALY-$60000/ QALY – қымбат, ал >$100000/ QALY – экономикалық жағынан тиімсіз деп саналады (1.9.-сур.).
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІ
Экономикалық Экономикалық Экономикалық Қымбат Экономикалық

жағынан тиімді жағынан жарамды жағынан жарамдылық жағынан тиімсіз

шегі

$20000/ QALY $40000/ QALY $60000/ QALY $100000/ QALY

QALY көрсеткішінен басқа YLS – қосымша өмір сүрген жылдар құны көрсеткіші жиі қолданылады.

«Шығындар - пайда» талдауы (cost benefit - CBA) шығындарға қатысты қаражат пайдасын анықтау үшін қолданылады. Бұл жағдайда шығындар да, нәтижелер де ақшалай баламамен беріледі, бұл қандайда бір емдеу әдісін қолдану кезіндегі қаржы пайдасын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану денсаулық сақтауды басқару ортасында шешімдерді қабылдау деңгейінде ғана дұрыс болады.

«Шығындар-пайда» талдауы – салыстыратын баламаларды жүзеге асыру үшін қажетті шығындарға қатысты қаражат пайдасын анықтайды. Нәтиженің ақшамен өлшенуі әртүрлі ауруларға емдеу бағдарламаларының экономикалық қайтарымын салыстыруға мүмкіндік береді.

Қосымша фармакоэкономикалық әдістерде бар. Соның бірі – «ауру құны» талдауы (cost of illness - COI), қандай-да бір патология кезіндегі шығындардың барлық түрін есепке алу және сипаттау үшін қолданылады. Бұл әдіс денсаулық сақтау ұйымдастырушыларына және сақтандыру клмпанияларына қажет, өйткені ол аурудың жалпы құнының шегін анықтайды, оның шегінен шығу жүргізілген емнің не толық еместігін, не артық екенін білдіреді.

Шығындар және экономикалық бағалауу әдістері туралы жоғарыда көрсетілген мәліметтерді жинақтап, қорыта келе, қазіргі кезде кез-келген зерттелетін препаратты бағалау үшін «үш Е принципін» қолдану қажеттігін атап кетейік:

Efficacy – дәрі өзінің негізгі әсерін өте оңды рандомизациялық клиникалық зерттеулер (РК З) жағдайында көрсете алатын дәреже;

Effеctiveness – дәрі өзінің негізгі әсерін нақты клиникалық тәжірибеде көрсете алатын дәреже және Efficiency – емдеу барысы пациенттің немесе қоғамның экономикалық жағдайын клиникалық жақсартады не төмендетеді (1.10-сур.). Препараттарды бағалауда дәл осындай жан-жақты тәсіл ең қолайлысын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
1.10-сур. Зерттелетін дәрінің сипаттары: «үш Е ережесі».


  • Efficacy – дәрі өзінің негізгі әсерін өте оңды радномизациялық клиникалық зерттеулерде көрсете алатын дәреже







  • Effеctiveness – дәрі өзінің негізгі әсерін нақты клиникалық тәжірибеде көрсете алатын дәреже

ЕЕЕ



  • Efficiency – емдеу барысы пацменттің немесе қоғамның экономикалық жағдайын қаншалықты жақсартады не төмендетеді

Клиникалық – экономикалық зерттеулердің нәтижелері емдеу процесіне қатысатын, медициналық қызмет көрсететін және соған тиісті өнімдерді өндіретін жақтардың көбісі үшін маңызды келеді. Ең алдымен – тәжірибелі дәрігерлер мен пациенттер қауымы үшін: фармакоэкономикалық талдау мәліметтерін қолдану емдеу үлгісінің шығындар / нәтижелілік немесе шығындар / тиімділік қатынасына байланысты оңтайлыысын тыңдауға, пациенттің ӨС есепке ала отырып ем жүргізуге, және сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Қорыта келгенде бұл шығындардың барлық түрін, соның ішінде пациенттің күйзелісі мен азабын, ауырсынуын сипаттайтын материалдық емес шығындарды азайтады.

Фармакоэкономикалық зерттеулердің нәтижелерін денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарының қолдануы науқастың госпитальға жату мерзімін қысқартатын және оның шығын аз жұмсалатын амбулаториялық емдеуге өтуін жылдамдататын жаңа, жоғары тиімді технологияларды қолдану есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Федеральды және өңірлік денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары мен мамандарына әртүрлі медициналық бағдарламалардың клиникалық-экономикалық бағалауы арналады, бұл стратегиялық жағынан дұрыс қойылған және уақытылы шешім қабылдауға, соның ішінде қаражаттандыру бағытында, мүмкіндік береді. Мұнан басқа фармакоэкономикалық зерттеулер мәліметтерді өмірлік маңызды ДЗ тізімін жасау және препараттардың формулярға енгізу ішінде есепке алынуы тиіс.

Фармацевтикалық сектор фармакоэкономикалық зерттеулер мәліметтерін негізгі іске жаратушылардың бірі болып табылады. Олардың нәтижелері өндіруші фирмалардың маркетингті саясатында дәрілік затты фармацевтикалық нарықта өткізу үшін қолданылуы мүмкін. Жаңа препараттарды жасау кезінде фармакоэкономикалық талдау нәтижелері зерттелетін дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтерді толықтыруға және оны нарықта экономикалық жағынан орнықтыруға мүмкіндік береді.

Фармакоэкономикалық талдау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы 1.4. кестеде көрсетілген.


1.4. кесте: Фармакоэкономикалық талдау әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы.


Көрсеткіш

«Шығындарды барынша азайту»

«Шығындар-нәтижелілік»

«Шығындар-тиімділік»

«Шығындар-пайда»

1

2

3

4

5

Әдістің қысқаша сипаттамасы

Клиникалық нәтижесі бірдей емдеу әдісінің ең арзанын таңдау

Салыстырылатын баламалардың шығындары мен нәтижелілік байланысын есепке алады және оның қайсысы шығынды аз жұмсағанды айқын нәтиже беретінін анықтайды

Емдеу құнын қайта есептегенде жеке адамның (дәрігердің, пайиенттің немесе оның туыстарының) артық бағалаған баламаларының тиімділігін салыстырады

Салыстырылатын баламаларды қолданудан болатын тікелей материалдың ақшалай пайдасы анықталады

Шығындардың өлшем бірлігі

Ақшалай

Ақшалай

Ақшалай

Ақшалай

Нәтижеліліктің өлшем бірлігі

Жоқ, өйткені салыстырылатын баламалар нәтижелілігі бірдей

Бірдей, көбінесе «табиғи» бірлікпен

Қағида бойынша, QALY

Ақшалай бірлік

Есептеу формуласы

DC1+DC2, не (DC1+1C1)-(DC2+1C2)


(DC1+DC2)/(Ef1-Ef2) не [(DC1+1C1)-(DC2+1C2)]/ (Ef1-Ef2)

(DC1+DC2)/(Ut1-Ut2)

(B1-B2)-(DC1+1C1-DC2-1C2) не (B1-B2)/(DC1+1C1-DC2-1C2)

Әдіс мәжісі

Шығындарды үнемдеу

Нәтижелілік белгісінің құны

Тиімділік бірлігінің құны

Материалдық пайда

Әдістің артықшылығы

Нәтижелілікті анықтау қажет емес, өйткені бұрыннан белгілі

Клиникалық нәтижесі әртүрлі медициналық әрекеттерді салыстыруға мүмкіндік береді

Болатын өмір ұзақтығын ӨС-мен байланыстырады және осы байланыстың шығындалатын жағын сипаттауға мүмкіндік береді.

Балама нәтижелерінің құнын әртүрлі аурулар кезінде де салыстыруға мүмкіндік береді

Әдістің кемшілігі

Нәтижесі бірдей ем түрлерін ғана бағалауға ғана бағалануға мүмкіндік береді

Нәтижесі бірдей бірлікпен өлшенген баламаларды ғана салыстыруға мүмкіндік береді

Тиімділік өлшемі стандартталмаған, ал пациент таңдауы субъективті

Нәтижелер тек ақшалай өлшенуі тиіс

Арналған қауым

Дәрігерлер, пациенттер, фармацевтикалық компаниялар, әкімшілік

Дәрігерлер, пациенттер, сақтандыру және фармацевтикалық компаниялар, әкімшілік

Пациенттер, дәрігерлер, сақтандыру компаниялары, әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру органдары

Денсаулық сақтауды басқару аппараты

Ескерту:


DC1 және DC2 – тиісінше 1-ші және 2-ші емдеу әдістерін қолдану кезіндегі тікелей шығындар

1C1, 1C2 - тиісінше 1-ші және 2-ші емдеу әдістерін қолдану кезіндегі тікелей емес шығындар

Ef1 және Ef2 – тиісті әдістердің нәтижелілігі

Ut1 және Ut2 – тиісінше 1-ші және 2-ші әдіс кезіндег тиімділік

B1 және B2 – тиісінше 1-ші және 2-ші әдіс кезіндегі пайда.

Фармакотерапияллық технологиялар бағалауындағы өмір сапасының интегралды көрсеткіші.

Ұзақ уақыт бойы емдеу кезінде денсаулық жағдайындағы бұзылыстар мен динамика туралы объективтік мәліметтерді айқындау және бағалау ббарысы, анықтамасын бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұжырымддаған, өмір сапасын (ӨС) зерттеуге мүмкіндік береді.

Өмір сапасы – бұл өмірдегі өз жағдайын мәдени ерекшеліктермен құндылықтар жүйесіне және мақсаттарға, күтуге, стандарттар мен қамқорлыққа байланысты түсінуі.

Тарихи жағынан алғанда өмір сапасының өлшемі екі әртүрлі тәсілдермен жүргізілді: өмірдің объективтік жағдайын өлшеу және оның субъективтік бағасын өлшеу. Осы екі тәсіл шеңберінде өмір сапасының 2 тұжырымдамалық үлгісі құрастырылды, олар ғылыми әдебиетте «объективті» және «психологияллық» деп аталады (5.2. кесте).

Өмір сапасы - әртүрлі категорияларға бірігетін құрылымның интегралды көрсеткіші:



          • функционалдық жағдай (жұмысқа қабілеттілік, дене жүктемесіне төзімділік, үй жұмысын орындау);

          • ауруға немесе оны емдеуге байланысты ауру белгілері (ауыру, ентігу, дәрілік заттардың жанама әсері: лоқсу, шаштың түсуі, белгісіздік және т.б.);

          • психикалық жағдай (аурудың және дәрілік заттарды қабылдаудың да салдарынан болатын депрессия немесе қозу);

          • әлеуметтік белсенділік;

          • жыныстық функция;

          • медициналық көмекке қанағаттанушылық.

Өмір спасын бағалаудың өте кең тараған әдістерінің бірі медициналық килігу нәтижесінде иеленген сапалы өмір жылдарын зерттеу болып табылады – qyality – adjusted life – year (QALY). QALY көрсеткішін есептеу үшін алдағы әрбір өмір жылын «0»-ден «1»-ге дейінгі баллмен берілген күтілетін өмір сапасына көбейтеді. Мысалы, егер науқас алдағы 10 жылда сапалы өмір сүретін болса: алғашқы 5 жыл – «0,9», ал одан кейінгі 5 жыл – «0,5» балл болса, онда QALY (5х0,9)+(5х0,5)=7 жылға тең болады, яғни пацииенттің өмірі шын мәнінде 10 жылға созылғанына қарамастан, бұл мерзімнің құндылығы өмір сапасын есепке ала отырып, 7 жылға сөмендеп отыр.


    1. кесте. Өмір сапасының тұжырымдамалық үлгісі




Объективті үлгі

Психологиялық үлгі

1. ӨС анықтамасы

ӨС – амалдар мен әртүрлі сатистикалық көрсеткіштер (қылмыстық, жұмыссыздық деңгейі және т.с.с.) нәтижесі.



ӨС дәл мағынасы жеке адамнның рухани деңгейі, оның өмірлік тәжірибесі, сезім жағдайы және т.с.с. негізінде қалыптасатын субъективтік түйсігінде сипатталады.

  1. Объективтік индикаторлар.

а) Табиғи индикаторлар, олар ммынаны сипаттайды:

  • өмір сүруінің физикалық-географиялық жағдайлары (ендік және байлық; теңіз деңгейінен биіктігі; жылдық орташа температура)

  • биологиялық жағдайлар (өсімдік әлемінің көлемі мен әртүрлілігі, оның азықтандыру үшін жарамдылығы);

  • табиғатқа түсетін антропогенді жүктеменің деңгейі (атмосфера, су және жер қойнауында зиянды заттардың шоғырлануы; электромагниттік сәулелердің, радиацияның қарқындығы);

б) Әлеуметтік индикаторлар:

  • демографиялық (өмір ұзақтығының, бала өлімінің көрсеткіштері және т.б.);

  • экономикалық;

  • денсаулық сақтау (100000 халыққа шыққандағы ауру көрсеткіші, белгілі себептерден өлу көрсеткіші және т.б.).

2. Субъективтік индикаторлар.

а) когнативтік (ұтымды)



Құрамдас мыналардан тұрады:

  • өмірге жалпы қанағаттанушылықты бағалау

  • әртүрлі өмір саласында қанағаттанушылықты бағалау.

б) аффективтік құрамдас оң және жағымсыз толқулардың теңдестігі болып табылады:

  • оң толқуларға бақытты, әлеуметтік қолдауды, жеке біліктілікті сезіну жатады;

  • жағымсыз толқу депрессияны, мазасыздану және күйзелісті сезінумен сипатталады. Өмір сапасының жалпы субъективтік бағалауы өткен, қазіргі және алдағы өмір сапасын бағалаудан құралады.


4.Иллюстрациялық материалдар – слайдттар (10 дана)
5. Әдебиет:

Негізгі:

  1. Управление и экономика фармации: Учебник под ред. В.Л.Багировой – М.: ОАО «Издательство Медицина» - 2004 – 720 с.

  2. Прикладная фармакоэкономика: Учебное пособие для вузов // Под ред. В.И.Петрова – М.: «ГЭОТАР - Медиа» - 2007 – 336 с.


Қосымша:

  1. Ягудина Р.И., Куликов А.Ю. Фармакоэкономика: общие сведения, методы исследования // Новая аптека – 2007, № 9 – с.73-78

  2. Куликов А.Ю., М.М.Литвиненко. Теоретические основы нового метода фармакоэкономического анализа: «совместный анализ» // Фармакоэкономика – 2009, № 2 – с.15-19

  3. Воробьев П.А., Авксентьева М.В., Юрьев А.С., Сура М.В. Клинико-экономический анализ (оценка, выбор медицинских технологий и управление качеством медицинской помощи) – М.: Издательство «Ньюдиамед» - 2004 – 404 с.

  4. Крысанов И.С. Фармакоэкономика сахарного диабета // Фармакоэкономика – 2009, № 1 – с.42-47

  5. Ягудина Р.И., Куликов А.Ю., Крысанов Н.С. и др. Особенности методологии фармакоэкономических исследований в условиях здравоохранения РФ (обзор публикаций за период с 1995 по 2007 гг.). Фармакоэкономика – 2009, № 1 – с. 3-6

  6. бейсенбаева А.А., Гуляев А.Е., Ермекбаева Б.А., Нургожин, Дудник Е.В. Методические рекомендации по организации внедрения республиканской национальной формулярной системы МЗ РК // Астана, - 2006, 107 с.

  7. Шертаева К.Д., Ахимова А.Д., Тогаева Н.Б., Бекенова С.Е. О рациональном использовании лекарственных средств для лечения больных бронхиальной астмой // Вестник ЮКГФА – 2007, № 2(35), с. 98-99

  8. Тулегенова Л.М. Фармакоэкономические аспекты в лечении хронической обструктивной болезни легких // Фармацевтический бюллетень – 2008, № 7, с. 25-28

  9. Тогаева Н.Б., Шертаева К.Д., Блинова О.В., Шимирова Ж.К., Ботабаева Р.Е. Стоимостная модель лечения бронхиальной астмы // Фармация Казахстана – 2007, № 3, с. 37-38

  10. Баймаканова Б.Е. Клиническая характеристика внебольничной пневмонии у больных с болезнью легких / Фармацевтический бюллетень – 2008, № 10-12, с.72-76

  11. Кулмаганбетов И.Р., мажитов Т.М., Калиева Ш.С. и др. Современные подходы к антибактериальной терапии к инфекции нижних дыхательных путей // Фармация Казахстана, 2008, № 9, с.12-14

  12. Рахимова К.Д., Зординова К.А., Темиргалиева Э.М., Ахмуллаева С.Ю. Использование фармакоэкономического анализа в оценке эффективности лечения больных хроническим обструктивным бронхитом // Фармация Казахстана, 2006, № 8, с.26-28

  13. Хамзина З.З. Фармакоэпидемиологические аспекты и фармакоэкономическое обоснование применения амарила, манинила и диабетона при впервые выявленном сахарном диабете типа 2: 14.00.25-фармакология, клиническая фармакология. –Актобе, 2006.

  14. Сатбаева Э.М. Фармакоэкономическая оценка лечения шизофрения. – Астана, 2009.

  15. Есенжулова А.Б. Фармакоэкономический анализ эффективности иммуномодуляторов в комплексной терапии бронхиальной астмы. –Актобе, 2008.

  16. Есенжулова А.Б. Фармакоэкономический анализ эффективности иммуномодуляторов в комплексной терапии бронхиальной астмы. –Актобе, 2009.

  17. Шертаева К.Д. Составление формулярных списков на основе методов маркетингового и фармакоэкономического анализов (для эндокринологических диспансеров) : Методические рекомендации. – Шымкент, 2004.

  18. Шертаева К.Д. Составление формулярных списков на основе методов маркетингового и фармакоэкономического анализов (для дермато-венерологических диспансеров) : Методические рекомендации. –Шымкент, 2004.

  19. Девдариани Х.Г. Клиническая и фармакоэкономическая эффективность антибактериальной терапии шигеллеза у детей. –Караганда, 2009.




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Фармакоэкономика дегеніміз не?

  2. Фармакоэкономикалық талдаудың негізгі құралы?

  3. Клиника-экономикалық талдау дегеніміз не?

  4. Фармакоэкономиканы зерттеу нысандары.

  5. Дәрілік препараттардың қауіпсіздігі және тиімділігі түсінігіне анықтама беріңіз

  6. Денсаулық сақтау жүйесінде экономикалық бағалау.

  7. Дәрілік препараттарды бағалаудың негізгі параметрлері.

  8. Фармакоэкономикалық талдау дегеніміз не?

  9. Фармакоэкономикада есептелінетін тіке және жанама шығындардағы қандай шығындар жатады?

  10. Фармакоэкономикалық бағалау үрдісінде шшығындарды есептеудің толық негізгі сатылары.

  11. Қазіргі кезде экономикалық бағалауда қандай талдау түрлерін қолданады?





РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК

044 -40/15





Кафедра организации и управления фармацевтическим делом



Тезисы лекций

по дисциплине

«Основы фармакоэкономики»

Специальность: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА

Протокол №____ от «___»_________20__г.



«Основы фармакоэкономики»




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет