Алматыдағы лай көшкінінің үйлерді зақымдауына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: ТЖД

"Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, оны құзырлы органдар тергейтін болады", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тағы лай көшкіні болу қаупі жоқ деп сендірді. Арнайы комиссия оқиға болған аумақтағы қауіпсіздіккті тексереді.

Алматы әкімдігі лай көшкіні салдарынан қаза тапқан отбасының артында қалған ұлына оқу ақысын төлеп бермек

"Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай басу қауіпі жоқ. Мәселен, мамандардың айтуынша, 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкен. Жоғарғы жақтағы 300-400 текше метр лайды мамандар тазалады. Сонымен бірге комиссия мүшелері оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда", – деп қорытындылады комиссия.

Алматыдағы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, үйлердің құлауының бірнеше себебі бар.

Оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік себептерге байланысты топырақтың батпақтануы.

Еске салайық, Алматыдағы Медеу ауданында 8 ақпанға қараған түні сел жүріп, екі үй зақымданған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйде болған 4 адамды іздестірген. 

ТЖД құбырдың жарылуы селдің алдын ала себебі болуы мүмкін екенін айтқан. 

Бұған дейін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.