«fiber сервис-Актау» жшс-нің 2019-2021 жыдардағы қаржы көрсеткіштерін талдау


«FIBER Сервис-Актау» ЖШС-нің құрылуы мен дамуының ерекшеліктері, ұйымдастыру, басқару және құрамы



бет2/10
Дата23.06.2022
өлшемі147.92 Kb.
#174704
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика 4 курс 22

1. «FIBER Сервис-Актау» ЖШС-нің құрылуы мен дамуының ерекшеліктері, ұйымдастыру, басқару және құрамы.
«FIBER Сервис-Актау» Жауапкершілігі шектеулі Серіктестігі
№7 Хаттама Қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен мамырдың 31 күні 2010 жылы бекітілді. «FIBER Сервис-Актау» жауапкерішлігі шектеулі серіктестігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 22.04.1998ж. шыққан "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
ЖШС «FIBER Сервис-Актау» өз қызметкерлеріне серіктес болғысы келеді, сол себепті әр қызметкерді бағалайды, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасайды, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалайды.
Тұтынушыларға:Қазақстандық тұтынушылардың шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Қызметкерлерге:нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларга ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру
Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі ұстанады. Ісі жолға қойылып, өз қызметін жүзеге асыруда:

  • өнім сапасының тұрақтылығына;

  • компаниядағы процестердің басқарылуына;

  • компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуына

  • кепілдік береді.

Сапа менеджменті жүйесі тек өнім сапасына қатысты емес, ол кәсіпорын тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Бұл - жабдықтар мен техниканы дұрыс пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі үздіксіз бақылау.
Компания тек тұтынушылар мүддесін ғана емес, өз жұмыскерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін толыққанды және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Серіктестік мемлекеттік тіркеуге алынған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылады. Жеке меншік құқы бойынша өзіндік мүлігі, атауы жазылған мөрі, фирмалық белгісі бар бланкісі, басқа да реквизиттері бар. Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Өзатынан келісім-шарттар жасайды, мүлікті және мүлкті емес құқықтар мен міндеттемелерге ие болады, сот орындарында даушы әрі жауап беруші болады.
Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша иелігіндегі бүкіл мүлікпен жауапты. Серіктестік өзінің қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауапты емес. Құрылтайшылар оның міндеттемелері бойынша қатысушылардың әрқайсының салмаған салым мөлшерінің құнында бірлесе жауап береді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылған, 100% құрылған жарғылық капиталы шаруашылық қызметтен түскен пайданың есебінен, қажет болған жағдайда, қосымша салымдардың немесе тартылған қаражаттардың есебінен ұлғайтылуы мүмкін.
Серіктестіктің құрылтайшылары болып серіктестікті құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар табылады.
Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің келісімдерін басшылыққа алады.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие.
Ал, финанс (қаржы) менеджерінің басты міндеті-кәсіпорынның қаржы pecpурстары мен қаржы нарығы арасындағы тиімділікті қамтамасыз ету. Қаржы менеджерінің қызметі тек қана қаржыға байланысты мәселермен ғана шектеліп қана қоймайды, сонымен қатар ол мынадай көптеген мәселерді қарастырады:

    • айналым капиталын басқару,оның оптималды мөлшерін және құрылымын анықтау;

    • қарыздар алажағын тексеру;

    • қаржылық жоспарлау.

Өндірілген өнімді өткізумен маркетинг бөлімі айналысады, ал оның атқаратын қызметі - ол кәсіпорын, фирма немесе акционерлік қоғамдардың тұтыну қажетін зерттеу кезінде жоғары пайда табу үшік тауар өндіру және оны өткізу жұмысын ұйымдастыру. Материалдық техникалық бөлім жабдықтау жұмыстарын етеді, бухгалтерия-шаруашылық-қаржылық есептемені ҚР нормативтік заңдылық актісіне сәйкес жүргізеді.
Техника-экономикалық көрсеткіштерді әзірлеу, еңбекпен және еңбекақы төлеу,смета жасау, еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі, аударма,кадр, іс жүргізу кәсіпорынның ықыласын заңды түрде қорғау жұмыстарымен мамандар айналысады.
Серіктестіктегі атқарылатын шаруашылық функцияларға байланысты жұмысшылар өндірістің негізгі және қосалқы бөлімдерінде жұмыс жасайтын жұмысшылар, сонымен бірге әкімшілік басқару және қызмет көрсететін персоналдарға бөлінеді.
Өз кезегінде есепке және есептемедегі жұмысшылар саны 2 топқа бөлінеді: кызметкерлер және жұмысшылар. Қызметкерле категориясына
жетекшілер, мамандар және де қызмет саласындағы басқа да жұмысшыларжатады. Осы қызметкерлер-ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық қамтамасыз фактор,себебі тек адамдар ғана жұмысты орындайды өз идеяларын ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіндік береді.
Серіктестік пен оның жұмысшылары арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» атты заңына сай реттеледі.
Жеке еңбек шарты немесе ұжымдық келісім шарттар жағдайы бір жақтың қарызы бойынша өзгертілмейді.
Серіктестік құрылымдық бөлімшiлерге жоспарлы еңбек ақы жыл немесе кварталға, құрылымдық бөлімдердің бастықтарына (бастық,бас инженерлер, бас бухгалтер) еңбекақы төлеу жағдайы бірге схема бойынша төленеді. Жұмысшыға еңбекақы төлеу жағдайы оның жасаған жұмысының көлемі мен сапасына және қандай қиындықты болмасын жасағанына қарай беріледі. Бұл жерде еңбекақы Қазақстан Республикасының заңында көрсетілгендей минималды мөлшерден аз болмауы керек екені ескеріледі.
Негізгі және қосалқы өндірістік персоналдардың еңбекақысы өнімнің өзіндік құнына жұмыс, қызмет көрсету) қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет