«fiber сервис-Актау» жшс-нің 2019-2021 жыдардағы қаржы көрсеткіштерін талдау



бет3/10
Дата23.06.2022
өлшемі147.92 Kb.
#174704
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика 4 курс 22

Ұйымдастыру, басқару және құрамы.
Кәсіпорынға жалпы басшылық жасауды директор жүзеге асырады. Бухгалтер жүргізушілер директорға бағынады. Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының мынадай түрлері бар, ол төменде келтірілген.

Сурет 1 Ұйымдастыру құрылымы



Директор




Орынбасар






Оператор









Жұмысшылар


Жүргізуші


Менеджер


Бухгалтер

Келтіріп отырған құрамды басқару құрылымын желілікке жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорын жұмысын жедел басқаруға және барлық оқиғалардан хабардар болуға мүмкіндік береді.


Серіктестіктің басқару органдары:
1. Серіктестіктің жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы;
2. Атқарушы органы - директор.
Серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы, өзінің құзыреті серіктестік жартысында қалай белгіленгеніне қарамастан, серіктестік қызметіне байланысты кез-келген мәселені қарауға алуға құқылы.
Жалпы жиналыс өзінің ерекше құзыретіне жатпайтын өкілеттіктерді серіктестіктің атқарушы органына беруге құқылы.
Серіктестіктің атқарушы органы жеке-дара баскаратын, қатысушылардың жалпы жиналысы шешімімен тағайындалған, директоры болып табылады.
Серіктестіктің бас директоры, қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатпайтын, серіктестік шаруашылық қызметіне байланысты мәселелердің барлығын сенімхатсыз басқарады.
Серіктестіктің директоры серіктестік атынан сенім хатсыз жұмыс жүргізеді.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органының ерекше құзыретіне мыналар жатады:
1) серіктестік Жарғысын өзгерту, сонымен қатар жарғы капиталының мөлшерін, орналасқан мекен-жайын, фирмалық атауын өзгерту немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;
3) серіктестіктің тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің өкілеттігін тағайындау және мерзімнен бұрын тоқтату;
4) жылдық қаржы есебін бекіту және таза табысты бөлу;
5) серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылдау және т.б. сұрақтар қаралады.
Шарттар, міндеттемелер, сенімхаттар және басқада қаржы құжаттарына серіктестік атынан директор қол қояды. Атқарушы органның мүшесі ревизор болып тағайындала алмайды.
Серіктестік қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататын мәселелерді, ол атқарушы органның шешуіне бере алмайды.
Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін қадағалау үшін серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен тексеруші тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет