«fiber сервис-Актау» жшс-нің 2019-2021 жыдардағы қаржы көрсеткіштерін талдау


«FIBER Сервис-Актау» ЖШС-нің еңбекақы қорын және қаржыландыру қажеттілігін талдау



бет6/10
Дата23.06.2022
өлшемі147.92 Kb.
#174704
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика 4 курс 22

3. «FIBER Сервис-Актау» ЖШС-нің еңбекақы қорын және қаржыландыру қажеттілігін талдау
Кәсіпорынның кадр мәселесі жөніндегі саясаты кәсіпорынның алдындамтұрған негізгі мәселелерді шешуге бағытталған.
Кәсіпорынның жұмысын тиімді атқару мақсатында жұмысқа жалпы саны 170-ке жуық адам (соның ішінде қызметкерлерімен қоса) жұмысқа қабылданды. Бұндай жағдай, әрине, кәсіпорынға жүктелген міндеттерді орындауға да, жасалған қызметтің сапасына да,оған қоса кадрлардың тұрақтауына да әсерін тигізері анық.
2019 жылы айлық жалақының мөлшері орта есеппен 115000 теңгені кұрады. Кәсіпорнның кадр мәселесі жөніндегі саясаты кәсіпорының алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Кәсіпорынның қызметкер саны, оның сапалық дәрежесі нормативтік-құқықтық акттерге сәйкес жүргізіледі. Бұл жұмыс осы мәселемен айналысатын адамдармен,сол сияқты өкілетті органдар арқылы кадағаланып отырылады.
Серіктестікке қызметкерлердің еңбегін қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» заңдарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Соңғы жылдары аталған мәселе жөніндегі жасалған шаралардың көлемі ұлғайып, мазмұны нақтылана түсті. Оған шыққан қаражаттың мөлшері жылдан-жылға көбеюде. Болашаққа еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты қайта қарап, оны мейлінше күрделі де қажет деп санайтын мәселелермен толқтырып, қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтау жөніндегі білімдерін тексеріп, оларды медициналық тексеруден өткізу жұмстары көзделіп отыр. Сондай-ақ көтергіш механизмдердің де жұмысқа жарамдылығын қайта тексеруден өткізіп, оларды жаңадан куәландыру жоспарланды.
Еңбек ресурстарының жұмысқа қабылдап және олардың қызметін әрі қарай өсірудің негізгі талаптары:

  • жоғарғы кәсіпкерлік квалификация және оқытуға бейімділік;

  • араласу тәжірибесі мен бірге жұмыс жасауға дайындығы;

Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызды құжат еңбек келісімі немесе контракт.
Еңбек келісімі жұмысқа алушы мен жұмысқа кірушы адамның арасындағы келісім – шарт. Онда жұмысқа кірушінің еңбек функциясы, жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері, еңбекақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.
Кәсіпорындағы жұмысшыларды еңбек потенциалымен басқару төмендегідей көрсеткіштерге негізделуі тиіс:

  • Еңбек потенциалының сипаттамасына, көлеміне және орындалған еңбек функциясы мен қызмет түрлеріне сәйкес;

  • Еңбек потенциалын тиімді қолдануға;

  • Кәсіпорындағы жұмысшылардың қалыптасқан әдеті мен қызмет ету қабілетінің жоғарлауына және персоналдың кәсіби дәрежесінің қалыптасуына.

Қоғамның еңбек потенциалы сандық және сапалық сипаттамасынан тұрады: еңбекке қабілетті тұрғындардың саны; жұмыс уақытының саны; денсаулық жағдайы; қоғам мүшелерінің физикалық еңбекке жарамдылығы мен дамуы; білімділік және мамандану деңгейі; еңбекке қабілетті тұрғындардың жағдайы.
Еңбек өнімділігі жалақы тиімділігін, ягни кыметкерлердің еңбек ақысына қатысты көрсеткіш болып табылады. Ол шығарылған өнім және қызмет санының еңбек шығынына қатынасын анықтайды. Еңбек өнімділігінің динамикасының деңгейінен адамдардың әл-ауқатының деңгейі мен қоғамның дамуына тәуелді.
Кесте 2 «FIBER Сервис-Актау» ЖШС-нің 2019-2020 жылдардағы
еңбекақы қорын талдау



Көрсеткіштер

2019

2020

Ауытқуы

Еңбекақы каражатының
мөлшері

22452

24200

+1747

Қызметкерлердің
жалпы саны

160

167

+7

Қызметкерлердің
орташа айлық жалақысы

108000

115000

+7000

Әкімшілік басқару
кызметкерлерінің
жалпы саны

30

33

+3

Әкімшіл персонал

105000

116000

+11000

Өндірістік персонал

108159

117966

+9807

Жоғарыдағы кестеде, 2019-2020-шы жылдар аралығындағы еңбекасы коры, орташа айлық жалақы мөлшері, жұмысшылар саны көрсетілген.


2019-шы жылы еңбекақы қор 22452,8 мың теңгені құралған. Ал 2000-шы жылы 24200,6 теңгеге өскен. Бұдан шығатын қорытынды яғни, еңбекасы коры жылдан-жылға өсіп отыр. Мұның негізгі себебі, барлык жұмысшылар санының өсуімен байланысты.
2019-2020-шы жылдар аралығында мекеме жұмысшыларының саны 7-ге дейін өскендігі байқалды. Яғни, жылына орта есеппен жеті адамға кебейrен. Бұл көрсеткіштің негізгі себебін, тұтынушылардың тапсырыстарын орындау барысында қосымша жұмыс күшінің тартылуымен байланысты болып отыр.
Осылармен тығыз байланысты орташа айлык жалахы көрсеткішіне токталсак, 2019-шы жылы 108000 мың теңге, 2020-шы 15000 мың теңге болып отыр. 2019-шы жыл мен 2020-шы жылдың ауытқуы 7000 тенгеге өскен. болып отыр.
Әкімшілік-басқару персоналының жұмысшылар саны өзгерген. Олардың саны 2019 жылы 30 адам болса, 2020 жылы 33 адам, өткен жылға қарағанда 3 адамға артқан. Әкімшілік-басқару персоналының жалақы мөлшері 2020-шы жылы 1 16000 мың теңге құраған. 2019-шы және 2020-шы жылғы ауытқу 1 1000 теңге. Бұл талдау 2019-2020-шы жылдар аралығындағы көрсеткіштер бойынша алынды. Мысалы: бұл талдаудың орташа айлық еңбекақы мөлшерінің өзгерісіне қарап, табыс көлеміне әсерін анықтауға болады. Осы жасалған талдау бойынша еңбекақы төлемінің тиімділігінің жоғарлауының негізгі бағытын көреміз.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын еңбекақы қорының пайдалануына талдау жасау барысында ең бірінші оның жоспарлы көлемі мен нақты көлемінің арасындағы салыстырмалы және абсолютті ауытқуды есептеуден бастау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет