Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


VII.       Жүн өнімділігі



жүктеу 0.98 Mb.
бет4/6
Дата02.12.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6

  1. VII.       Жүн өнімділігі.

Жүн өнімі қой, ешкі, түйе және басқа жануарлардың бір жыл ішінде қырқылған жүннің мөлшерінде және оның сапасына қарай бағаланады. Жүн негізінде өнеркәсіптік шикізат ретінде өндіріледі. Қойдың тұқымына байланысты, жүннің түсімі, талшықтар биязылығы, ұзындығы әртүрлі болады.

Жүн қылшықтары мынадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, өлі қылшық, тікенек қылшық. Қой жүнінің қылшықтарының екі түрін ажыратады: біркелкі және әркелкі.

Біркелкі жүн бірыңғай түбіттен немесе аралық қылшықтан тұрады. Түбіттен тұратын жүнді биязы, ал аралық қылшықтан тұратын жүнді биязылау деп атайды. Биязы жүн диаметрі 25 микрометрден аспайтын түбіттен тұрады, ұзындығы 6-9 см, бұйра, шайырлы, ақ, тығыз болады. Осындай жүнді алтай, солтүстік, оңтүстік меринос, қазақтың биязы жүнді тұқымдарынан қырқады. Биязылау жүннің диаметрі 25 микрометрден артады, түбіт немесе аралық қылшықтан, олардың аралас қоспасынан тұрады, ұзындығы 8-15 см, кейбір тұқымдарда 25-30 см, ирегі үлкен, жылтыр, шайыры орташа. Мұндай жүнді линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер, кроссбред қырқып алады.

Әркелкі жүн түбіттен, аралық құрғақ, өлі тікенек қылшықтан тұрады.Олардың бір-бірінен айырмашылықтары ­ жуан-жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы. Әркелкі жүн қылшық және ұяң деп бөлінеді.

Қылшық жүн қазақы, еділбай, гиссар, қаракөл т.б. қойлардан қырқылады.Ұяң жүн аралық қылшық пен түбіттен тұрады. Одан сапалы кілем, тоқыма бұйымдар жасалынады. Сапалы ұяң жүн сараджа, тәжік, балбас, қарғалы қойларынан алынады. Қойдан жүн алу үшін биязы жүнді қойларды жылына бір рет ­ көктемде, қылшық жүнді қойларды екі рет ­ көктемде және күзде қырқады. Ең көп жүн биязы жүнді қойлардан қырқылады. Дүние жүзілік рекорд ставрополь қойынан ­ 31,7 кг жүн қырқылған.

7.1. Қой қырқу. Қойдан алынатын өнім ­ жүн. Ол өзінің технолгиялық және биологиялық жағынан киім және басқа бұйымдар өндіруге еш теңдесі жоқ шикізатқа жатады. Жүннің сапасы ­ оны уақытында және дұрыс қырқып алынуына байланысты болады. Қылшықты жүнді қойларды жылына екі рет (көктемде, күзде) қырқады, ал биязы және биязылау жүнді қойларды жылына бір рет ­ көктемде ­ қырқады. Ерте қыста немесе көктемде туған қозыларды жазда немесе күзде қырқуға болады.

Қырқу мерзімі ауа-райына, жүннің өсуіне, тұқымға, қыстың ұзақтығына байланысты. Көктемдегі қырқымды күн жылыда, жауын-шашынсыз күндері жылы қорада ұстап бағады. Қырқу мерзімін кешіктірмеу керек, себебі мал өз салмағын ыстық күндері жоғалтады, ал қылшықты құйрықты қой түлей бастайды да, жарты жүні түсіп қалады.

Жоғары қоңдылықтағы қойдың жүні сапалы, тығыз, тез шайырланады, терісі мықты, тез қырқылады. Қойдың жүні құрғақ болу керек. Оны қырыққыш машинамен немесе қол қайшымен қырқады. Алдымен оның үш аяғын байлап, жерге төселген брезентке немесе ағаш еденге жатқызады. Содан кейін басынан бастап, мойнын, кеудесін қырқып, аяғын басатқан соң қарнын қырқады.Қырыққанда қайшыны теріге жақын, бірақ кесіп алмайтындай етіп ұстайды. Бір салған жерге екі рет салмау керек, себебі жүн қиқымы көбейіп кетеді. Аяқ, қарын, құйрық жүндерін және басқа былғанған жерлерін бөлек

 

қырқып, жинайжы. Жүнді орап, пресске салып, 100-110 кг бума қылып сорттап, жүн жинайтын мекемелерге, агенттерге өткізеді. Жүнді тек кепкен күйінде сақтауға болатынын ескеру қажет!



Егер қойды электр машинкаларымен қырықса, қырқу сапасы жоғарылайды. Өндіріс арнайы фермер қолдану үшін маркасы ЭСА-І Д электр қырыққыш машинкаларын шығарады. Айта кету қажет: бұндай машинкалар электр энергиясын қолданғандықтан, оларды тек қана электр тогы бар шаруашылықтар ғана қолдана алады.

7.2. Қаракөл елтірісін бағалау. Қойдан елтірі алынады. Елтірі дегеніміз 1-3 күдігінде сойылған қаракөл қозысының терісі, жүні бұйра және әдемі болады. Қозы есейген сайын бұйра жайыла береді. Елтірі сапасы қойдың тұқымына қозыны сою мерзіміне, тері сыдыру әдісіне және олардың алғашқы өңделуіне байланысты. Елтірі түсіне қарай қара, көк, қоңыр, қызғылт, ақ және алтын тәріздес түсті (сұр) болады.

Елтірінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге оның түсі, бұйрасының формасы, бұйрасының ұзындығы, биіктігі және жалпақтығы, түгінің жылтырлығы, жібектілік дәрежесі, көлемі мен қалыңдығы және тығыздығы жатады.



7.3. Қойдың жүн, ет өнімділігін бағалау. Қойдың жүн өнімін қырқылған жүнін өлшеу арқылы және оның таза жүн түсімімен анықтайды. Таза жүн түсімін анықтау үшін, әр қойдың жүнінен 200 г алынып, бес түрлі ыдыстардағы мөлшерлері әртүрлі содалы-сабынды суда 38-40о–та 5-6 минут жуады. Жүннің тұрақты құрғақ салмағын айыру үшін ЦС-153-1 және ЦС-182 аппараттары қолдланылады. Бірінші үлгіні ыстық ауамен құрғатып, таза жүнді өлшейді, ал екінші үлгіні сығады. Таза жүннің түсімін мына формуламен анықтауға болады:



Р ­ жүннің тұрақты құрғақ салмағы, (г); Н ­ кондициялық ылғалдың нормасы, оның шамасы жүннің барлық түрлері үшін бірдей болады ­ 17%;

а ­ жуылмаған үлгі үшін алынған жүннің алғашқы салмағы, (г);

х ­ таза жүн түсімі, %.

Мысалы, есеп жүргізу үшін мынадай көрсеткіштерді пайдаланайық: биязы жүннің тұрақты құрғақ салмағы ­ 72,7 г , жуылмаған үлгіден алынған жүннің алғашқы салмағы ­ 200 г деп алсақ, таза жүн түсімі



Орташа есеппен алғанда, биязы жүнді қойлардың таза жүнінің түсімі 40-48% , биязылау қойлар үшін ­ 55-65% , ұяң жүнді қойлар үшін ­ 65-70%, қылшықты жүнді қойлар үшін ­ 60-80% аралығында болады.



XVII-тапсырма. Төмендегі берілген (14-кесте) көрсеткіштерді пайдаланып, таза жүн түсімін ­ х есептеп, биязы, биязылау және қылшықты жүндердің таза түсімін бағалап, қорытынды жазыңыз.

Дүние жүзіндегі барлық елдерде 500-ге жуық қой тұқымы өсіріледі, соның ішінде ТМД-да ­ 60-тан астамы, ал біздің елімізде ­ 13 тұқымы өсіріледі. Оларды, өніміне байланысты, мынадай төрт топқа бөледі:

­ биязы жүнді тұқымдар: қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-меринос қойы, оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, алтай тұқымы, кеңес мериносы жатады;

­ биязылау жүнді тұқымдар: цигай қойы, дегерес қойы, кроссбред қойы, қазақтың етті-жүнді қойы жатады;

­ ұяң жүнді: қарғалы қойы жатады;

­ қылшықты, етті-майлы: еділбай, қаракөл қойы жатады.

Бірінші топтың өнімдік көрсеткіштері әртүрлі болады, мәселен: өнім бағыты ­ биязы жүнді; аналық қошқарлардың тірілей салмағы ­ 55, 100 кг; жүнінің ұзындығы 8,0-10,0 см; жүн түсімі ­ әрбір саулықтан орта есеппен 4,5-5,5 кг, қошқарларының тірілей салмағы ­ 8-12 кг; таза жүнінің шығымы ­ 40-48 %. Орта есеппен алғанда әр 100 саулықтан 130-140 қозы алынады. Жүнінің жіңішкелігі 60-64 сапада. Екінші тұқымдық тобының қошқарының тірілей салмағы 100-120 кг, ал саулықтары 55-65 кг; Жүн талшықтарының жіңішкелігі 50-58 спа деңгейінде, ұзындығы 10-15 см, таза жүн түсімі 55-65%; әрбір қошқардан 8-10 кг жүн қырқылады, саулықтан ­ 4,5-5,0 кг; 100 саулықтан 110-120 қозы алынады.

Үшінші тұқымдық топтың қошқарларының тірілей салмағы орта есеппен 105-110 , саулықтарінікі ­ 60-65 кг, екі рет қырқылады. Қошқардан 4,5-4,8 кг, саулықтан ­ 3,0 кг жүн алынады. Жүнінің ұзындығы 17-22 см, жіңішкелігі 48-56 сапа, жүн түсімі 65-70%, 100 саулықтан 100-110 қозы алынады.



Төртінші тұқымдық тобының қошқарларының тірілей салмағы 100-110 кг, саулықтары 70-75 кг; екі рет қырықаннан кейін қошқардан 3,0-3,5 кг, саулықтардан 2,0-2,5 кг жүн қырқылады, оның ұзындығы 15-20 см, таза жүн түсімі 60-80%, жіңішкелігі 48-56 сапа, 100 саулықтан 110-115 қозы алынады.

14-кесте.

Кеңес, кроссбред және еділбай тұқымдарының жүнінің таза жүн түсімі.

 

Кеңес тұқымы, биязы жүнді

Кроссбред тұқымы, биязылау жүнді

Еділбай тұқымы, қылшықты жүнді

 

А

Р

х

а

Р

х

а

Р

х

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

200

77,5

 

198

82,6

 

200

110,6

 

 

198

72,5

 

200

88,7

 

200

111,0

 

 

199

76,7

 

196

90,1

 

200

112,4

 

 

195

77,8

 

196

92,0

 

201

114,5

 

 

197

70,1

 

197

90,6

 

200

118,4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

196

73,5

 

198

92,7

 

199

120,8

 

 

195

74,6

 

199

93,4

 

199

124,4

 

 

199

72,0

 

201

96,7

 

198

128,0

 

 

200

72,8

 

202

99,8

 

196

138,0

 

 

201

72,9

 

198

90,1

 

195

120,4

 

 

200

73,0

 

199

94,5

 

200

140,1

 

 

199

71,0

 

201

96,8

 

200

132,8

 

 

198

70,6

 

200

97,4

 

201

138,0

 

 

196

72,8

 

198

99,9

 

200

129,7

 

 

200

77,6

 

200

98,1

 

 

 

 

Орта есеппен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қанша, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

­

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XVIII –тапсырма. Жоғарыда сипатталған төрт топтың тұқымдарының орта есеппен алынған өнім көрсеткіштерін төменгі кестеге жазып, қорытынды шығарыңыз.

 

 



 

15-кесте.

Төрт топқа жататын тұқымдарының өнім көрсеткіштері.

Тобы

Өнім бағыты

Тірілей салмағы, кг

Жүн өнімінің салмағы, кг

Жүн қасиеттері

100 саулықтан қанша қозы алынады

Неше рет қырқылады

қошқар

саулық

қошқар

саулық

Ұзындығы

Сапасы

Таза жүн түсімі

Таза жүн түсімі

І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIII . Құстың жұмыртқа өнімі.

Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар.

Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде сала бастайды. Бір жылда беретін жұмыртқалар саны және орташа салмағы ­ жұмыртқа өнімінің негізгі көрсеткіштері болып есептелінеді. Әдетте, тауықтар өмірінің екінші жылында ең көп жұмыртқа береді. Ал жылына орта есеппен тауық 220-230 жұмыртқа бере алады, әр жұмыртқаның салмағы 55-65 г; үйрек 100-120 (әрқайсысының салмағы 90-100 г) жұмыртқа, қаз 25-30 (әрқайсысының салмағы 110-200 г) жұмыртқа, күркетауық 70-80 (әрқайсысының салмағы 85-110 г) жұмыртқа береді. Тауықтың және күркетауықтың ұрғашысын ­ мекин, еркегін ­ қораз; үйректікін ­ мекин, кежек; қаздікін ­ ана және ата-қаз деп атайды.

Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкес азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне, әсіресе азық энергиясы күшті ықпалын тигізеді.Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азықтың энергиясына тәуелді, сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.

Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші көрсеткіш ­ азықтың протені (жалпы өнімділігінің 20-25%-ті соған тәуелді). Оның энергиясымен ара қатынасы 1 кг азытағы 1%-ті протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептелінеді, бұны энергиялық протеиндік қатынас (ЭПҚ) деп атайды. Бұл ара қатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақ зат түзілу барысы қамтамасыз етілмейді де, құстың өсімталдығы менөнімділігі төмендейді; ал керісінше, егер протеин шектен тыс көп болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады. Протеиннің аминқышқылдық құрамы құс азығының витаминдік (әсіресе В-тобы витаминдері бойынша) қоректілігіне де ықпал етеді.

Толықтырылған құрама жем жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін жұмыртқалағыш мекиенге тәулігіне 120 г, өндіруі үшін өсірілетін мекиенге ­ 155 г, қоразға ­ 160 г, күркетауық мекиеніне ­ 260 г, қоразына ­ 500 г, үйрекке ­ 240 г, қазға ­ 330 г мөлшерімен азықтандырылады.

Құсқа арналған толық рационды құрастырылған жемнің 60-75%-ті астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен, 0-7%-ті бидай кебегінен, 5-25%-ті шроттан, 4-6%-ті жануартектес азықтардан, 3-5%-ті азықтық ашытқыдан, 3-10%-ті шөп ұнынан, 1-5%-ті минералды қоспалардан, 0-3%-ті азықтық майдан құрастырылады. Құрастырылған жемге амин қышқылдарымен қатар микроэлементтер (Әр тоннасына 50 г марганец, 50 г мырыш, 10 г темір, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г йод қосылады.

Ал егер минералды заттар жеткіліксіз болса, құстың өсу процесі баяулайды, жұмыртқасының қабы өте жұқа болады немесе мүлде қабығы болмайды.

Жұмыртқаның товарлық сапасын айыру үшін оның салғанын, салмағанын, сақтау әдісін білу қажет. ГОСТ 1635-55 бойынша жұмыртқаны үш түрге бөледі: диеталық, мұздатқыштық, жаңа табылған жұмыртқа.

Диеталық жұмыртқаның салмағы 40-54 г, қоймада 5 тәуліктен артық сақталмайды, сапасы жақсы, қабығы таза, мықты, ауалық орыны 4 мм-ден аспайды, қозғалмаған сары уызды және жарық өткізетін ақ уыз болуы қажет.

Мұздатқышта бір айдан астам 1-2о температурада, салыстырмалы ылғалдығы 85-88%-те сақталған жұмыртқа жатады.

Жаңа табылған жұмыртқа ауалық орыны 7 мм-ге дейін, сары уызы ортасында, ақ уызы жарық өткізеді, жұмыртқа салмағы 47 г болады. Бұндай көрсеткіштерге сәйкес келмеген жұмыртқаларды стандартсыз деп атайды.

Жұмыртқаны микроорганизмнен сақтау қажет, ол үшін қораны, ұяны,төсеніштерін таза ұстаудың гигиеналық маңызы зор. Жұмыртқа салқындағаннан кейін ауа камерасына сырттан ауа кіреді және сонымен бірге микроорганизмдер кіреді. Жұмыртқаларды 3 аптаға дейін, ал тоңазытқышқа салынса, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Жұмыртқаларды тоңазытып сақтауға мүмкіндік жоқ кезде ларды түрлі ерітінділерде сақтауға болады.Ол үшін тұзды су дайындауға болады: 10 л суға 50 г ас тұзын ерітеді, оған 100 жұмыртқа 3-4 ай сақтауға болады. Жұмыртқа қабығын жануар майымен, вазелинмен майлап, 6-8 ай сақтауға болады, ол үшін жұмыртқаны 120о –қа дейін ысытқан майға 5 секундке малып алады.

Құсты етке сойғанда, қанын ағызып, қауырсынын жұлады. Қауырсын түбірін жұмсарту үшін тауық пен күркетауық ұшасын ыстық 51-55о С суға 1-2 минутқа, үйректер ұшасын 3-4 минутқа, қаз ұшасын 5 минутқа батырып алады. Қаз бен үйректер қауырсынын 2-3 сағат салқындатып барып жұлған жеңіл.



ІХ. Мал өнімдерінен дайындалатын тағамдар.

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет