Қостанайдағы балабақшалардың бірінде орындықты алып келе жатқан балаға қол көтеріп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған тәрбиеші арнайы бап бойынша жұмыстан шығарылған. Ары қарай іс құқықтық алаңда қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.

“Оқиғаны полиция тіркеуге алды. Тәрбиешіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материал жинақталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығады”, – деп хабарлады ведомство. 

Материалды әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған сот қарайды. 

Бұған дейін Шымкентте балабақшаға келмеген балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған кәсіпкер сотталғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.