Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ибрахим Раисиге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Керман қаласында болған лаңкестік әрекет салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы бақилық болғандардың жандары жәннатта болуына, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.