Ғылыми кітапхана ақпараттық технология және библиография бөлімі «Ғалымдар библиографиясы» сериясы



жүктеу 323.42 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі323.42 Kb.

М. ӨТЕМІСОВ атындағы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИБЛИОГРАФИЯ БӨЛІМІ
«ҒАЛЫМДАР БИБЛИОГРАФИЯСЫ» сериясы



ШАРАБАСОВ

СЕРІКҚАЛИ ҒАБДЕШҰЛЫ

«Сөз сардары – нар тұлға»

ОРАЛ - 2016
ӘОЖ 059.3

КБЖ 91


М 41

Құрастырушылар: Г.К. Шарипова – ақпараттық технология және

библиография бөлімінің библиографы;

Жауапты редакторы: Т.Е. Алимбекерова - М.Өтемісов атындағы

БҚМУ ғылыми кітапханасының директоры
«Сөз сардары – нар тұлға»: «БҚМУ ғалымдары сериясы» /құраст. Г.К. Шарипова; жауапты ред. Т.Е. Алимбекерова.- Орал: М. Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2016. - 31 б.

ӘОЖ 059.3



КБЖ 91
© М.Өтемісов атындағы РБО, 2016

Алғы сөз
Ұсынылып отырған көрсеткіш М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Ғалымдарының библиографиясы»-атты сериясының жалғасы.

Көрсеткіш доцент, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Шарабасов Серікқали Ғабдешұлының 70 жылдық мерейтойына арналған.

Библиографиялық көркеткіште жинақталған материалдар профессор

С. Ғ. Шарабасовтың еңбек және ғылыми-педагогтік қызметтегі жолын қамтиды.

Жарияланған еңбектер әр жыл көлемінде мерзімдік тәртіппен орналасқан.


Редакторы: Алимбекерова Т.Е.
Құрастырушы: Шарипова Г.К.

Жақсы шәкірт жақсы ұстаздың жалғасы,

Өзендердей ортаймайтын арнасы.

Ұлт ұстазы ұлағаты келіскен,

Ар білімін ұрпағыңа арнашы.


Қ.Әбілдақызы

Ұстаз ұғымының аясы кең. Ұстаз бойына бұл дүниедегі қарапайымдылық, инабаттылық, ізеттілік, үлкенге-құрмет, кішіге ізеттілік көрсете білетін адамгершілік қасиеттері мол дарыған кемел парасат иесі.

Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой: «Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз» - деп жазған екен.

Университетіміздің зерделі ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ғ.Шарабасов өз студенттерінің бойына білім дәнін себуші бағбан. Жаратылысынан ерекше қасиет дарыған студенттерінің шығармашылық қабілетінің қайнар бұлақ бастауын ашушы.
СЕРІКҚАЛИ АҒА

Сыланып, сипаланып, сұғынбаған,

Алтынды көріп жолдан бұрылмаған.

Сондықтан періштені былай қойып,

Беремін сәлемімді бұрын саған.
Ермеген әзәзілдің жетегіне,

Тартқан да кіндік ата мекеніне.

Бабалар қаныменен біткен мінез,

Осылай сүйекпенен кетері де.
Пір тұтып дода қазақ Қабдоловты,

Көңілдің айдынына қаз қоныпты

Содан да жол үстінде Секеңе бұл,

Байлық емес жарандар бақ жаныпты.
Жаратқан бізге осындай аға берді,

Толағай - теңіз түпсіз дана берді.

Қондырып шәкірттерін қия Шыңға,

Ал өзі жылы ұяда қала берді.
Далаңда мұнар-мүнар сағым жүзіп,

Барады сен туралы аңыз жүріп,

Қып-қысқа өмір атты серуенде,

Келесің бірде жылап, бірде күліп.
Пай... пай... дархан көңіл, данышпаным,

Құран емес қолыңа ар ұстадың.

Түседі сана, еске осындайда,

Кей кезде мыңмен жалғыз алысқанда.
Жолатпайтал бойыңа жамандықты,

Өзіңнен өзге емес заман да ұқты.

Басқаға ағыл-тегіл жомарт тағдыр,

Көрсетті саған талай сараңдықты.

Жүргенде уақытпенен жағаласып,

Кетеді жақсы-жаман араласып.

Қайсы деп сұраса егер адалдықты,

Дер едім Серікқали Шарабасов
Осылай, осындай ғой асыл ағам,

Алтынды көріп жолдан бұрылмаған.

Сондықтан періштелер жиылып қап,

Берейікші сәлемін де бүгін саған.

Закария Сисенғали
Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы

доцент, филология ғылымдарының кандидаты, профессор


Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, профессор.

Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы 1946 жылы 7 тамызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген.

1964-1968 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын үздік аяқтайды. Өз еңбек жолын «Орал өңірі» газеті редакциясының әдебиет бөлімінің қызметкерінен бастайды.

1971-1975 жж. – Облыстық педагогика қызметкерлерінің білімін арттыру бөлімінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ғалым-педагог «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында 1975 жылдан бері жұмыс істеп келді.

1976-1979 жж. С.М. Киров атындағы ҚазГУ қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі; 1981 ж. «Қазіргі қазақ әңгімелерінің кейбір мәселелері» тақырыбына кандидидаттық диссертация қорғады. Осы жылы педагог-ғалымға Филология ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесі берілді. 1981 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ аспирантурасын бітіріп, «60-80 жылдардағы қазақ әңгімелеріндегі характер проблемалары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, аға ғылыми қызметкер болып білім жетілдірді.

1982-1986 жж. Орал педагогикалық институтының сырттай бөлімінің проректоры қызметін атқарды.


1989 ж. Бүкіл Ресейлік аттестациялық кеңес шешімімен доцент ғылым дәрежесі беріледі.

1989-1993 жж. Филология факультетінің деканы;

1993-1994 жж. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры; 1996 ж. БҚМУ-дың профессоры атағы беріледі.

1999 жылға дейін сырттай оқу, тәрбие жөніндегі проректор, бірнеше дүркін декан қызметін атқарды.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-да аға ғылыми қызметкер болып білімін жетілдірді.

С.Ғ. Шарабасов 4 дүркін академиялық топ тәрбиеледі. Ол басқаратын академик Қажым Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік талантты Р.Мұқанбетқалиева, Қ.Демеубергенов, Б.Баймұқанова, М.Қосымбаев,

Ғ.Сейтақов, Ж.Болтанова, Н.Кәрімоваларды тәрбиелеп шығарды.

Көптеген жылдар бойы студенттердің дипломдық жұмыстары мен ғылыми еңбектеріне жетекшілік етті.

Топ кураторы, Қ.Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік жетекшісі болды.

Ерен еңбегі үшін, оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері үшін, адал еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін бірнеше мақтау қағаздарымен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне он жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «Тіл жанашыры» мерекелік медалімен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің көрнекті қызметкері» белгі-медальдарымен, «ҚазССР-нің халық ағарту ісінің үздігі» наградасымен, ҚР білім министрлігінің, Елбасы, ҚР оқу министрлігі, облыс, қала əкімдіктерінің «Алғыс хаттарымен», «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

Ғалымның 2 монографиясы, 100-ден астам ғылыми мақалалары жарияланған.

Педагог-ғалымның филология ғылымы саласында көптеген еңбектері мерзімді газет-журнал беттерінде, арнайы шығарылған конференция материалдарына еңбектері еңген. Ғалым ұстаз облыстың, қаланың рухани өміріне де белсене араласып келді. «Қазақ тілі» облыстық қоғамының төрағасы, Қадыр Мырза Əлі қоғамдық қорының құрылтайшы-мүшесі, Республикалық ақындар айтысының, Абай, Мұқағали, Қадыр оқуларының, облыстық қазақ тілі мен əдебиеті олимпиадаларының бірнеше мəрте төрағасы болды. Осы жұмыстардың бəріне де аса ұқыптылықпен əділ шешім айта білетін қоғам қайраткері ретінде танылды. С. Ғ. Шарабасов- студент-шəкірттердің сүйікті ұстазы, данагөй ақылшысы. Оның 100-ден астам республикалық əдеби газет-журналдарда басылған ғылыми педагогикалық, əдістемелік мақалалары осының айғағы. Кезінде «Әдемілік пе, әдейілік пе?» атты сын мақаласы үшін жыл қорытындысымен үздіктер қатарынан көрініп, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты атанды. Оның эссе-әңгімелері жеке жинақ болып та жарық көрді. Əрқашан да студенттердің қалың ортасында, облыстың, қаланың мəдени, əдеби іс-шараларының басында жүретін С.Ғ. Шарабасов өзінің ұстамдылығымен, азаматтық парасатымен беделден-беделге ие болған ұстаздардың ұстазы.



2016 жылы 29 ақпан – қыстың соңғы күні Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы орны толмас қайғыға душар болды. Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов 70 жасқа қараған шағында өмірден озды...
Ғылыми еңбектері:

Кітаптар:


  1. Большая семья Приуралья: штрихи к портрету. Филиал ОО "Международное общество "Қазақ тілі" [Текст] / рук. проекта С. Кульпин; фото Я. Кулик ; корректор О. Сторожевских. - Уральск : Westa, 2015. - 52 с. - (Библиотека газеты "Информбиржа news") (Год Ассамблеи народа Казахстана).

  2. Ғалым-ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері [Текст] : (облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары). - Орал : Ағартушы, 2007. - 224 б.

  3. Таубаева, А. Ұстаздар әлемі [Текст] / Таубаева, Ақмаржан. - Орал : Полиграфсервис, 2008. - 118 б.

  4. Умарова, Г. С. Қазақ әдебиетінің тарихы [Текст] : оқулық / Умарова, Гүлнәр Сидеғалиқызы., Шарабасов, Серікқали Ғабдешұлы. - Астана: Фолиант, 2007. - 244 б. - (Кәсіптік білім).

  5. Шарабасов, С. Ғ. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры [Текст]: Зерттеу. Эссе. Проза. Ғылыми басылым / С. Ғ. Шарабасов. - Алматы: Өлке, 2000. - 183 б.


Мақалалар:
1977


  1. Шарабасов, С.Ғ. Әдемілік пе, әдейілік пе?/ С. Шарабасов // Қазақ әдебиеті.-1977.- 15 шілде




  1. Шарабасов, С. Целинный характер.-В кн.: Слово и образ в казахском художественном творчестве/ С. Шарабасов.- Вып. 6.-Алма- Ата, 1977.-112 с. (КазПИ им.Абая)


1978


  1. Шарабасов, С. Қарасөз, эссе: қазақ тілі мен әдебиеті/ С. Шарабасов.- 9-шығуы.- Алматы: ҚазМу,1978




  1. Шарабасов, С. Көркем әңгіме бағдары: Қазақ әдебиетіндегі көркем реализм проблемалары / С. Шарабасов.- Алматы: ҚазПИ,1978


1979


  1. Шарабасов, С. Қазақ әңгімелеріндегі экологиялық тақырыптардың шешілуі / С. Шарабасов // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 10-шығуы.- Алматы: ҚазМУ, 1979

  2. Шарабасов, С. Тың характері: көркем тақырыптағы сөз бен бейне құбылысы / С. Шарабасов.- 6-шығуы.- Алматы: ҚазПИ,1979


1981


  1. Шарабасов, С. Басты тақырып / С. Шарабасов // Алматы жоғары оқу орындарының жас ғалымдар конференцияның тезистері.- Алматы, 1981




  1. Шарабасов, С. Книга Л.И.Брежнева «Целина» и вопросы создания характера целинников в современном казахском рассказе.- В кн.: Решения ХХYI съезда КПСС крупный вклад в теорию и практику научного коммунизма / С. Шарабасов // Межвуз. науч.-теорет. конферен.- Алма-Ата, 1981




  1. Шарабасов, С. Қазіргі село және оның қазақ әдебиетінде бейнеленуі / С. Шарабасов // Ғылыми-практикалық конференцияның тезистері.-Орал, 1981


1982


  1. Шарабасов, С. Праздник труда: Всесоюз. коммунистич. Субботник / С. Шарабасов.- За пед.кадры, 1982.-16 апр.


1984


  1.   Шарабасов, С. Анималистік әңгіме: шындық пен шешім [Текст] : әдеби сын / С.Шарабасов // Жалын. - 1984. - №6. - Б. 144-151.


1985


  1. Шарабасов, С. Өшпес өмір, сұлу жыр [Текст] : Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 70 жыл толуына / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 1985. - 26 ақпан.


1986


  1. Шарабасов, С. Шоқан және Сібір / С. Шарабасов // Білім және еңбек.-Алматы.-1986.-№11




  1. Шарабасов, С.Ғ. 4-8 кластарда кітап оқушылар конференциясын ұйымдастыру жолдары: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғаілмдері үшін методикалық ұсыныс / С. Шарабасов.- Орал, 1986


1987


  1. Шарабасов, С. "Дабысым Ресейге кетер жалпақ..." [Текст]: 10 ақпан- А. С. Пушкиннің қайтыс болғанына 150 жыл / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 1987. - 10 ақпан. - Б. 3.




  1. Шарабасов, С. О достоинстве рассказа – В кн.: Проблема реализма в казахской литературе / С. Шарабасов.- Вып 5.- Алма-Ата, 1987.- 112с.




  1. Шарабасов, С. 4-8 класс оқушылар конференциясын өткізу / С. Шарабасов // Қазақстан мектебі.-1987.- №6


1988


  1. Шарабасов, С. В.Бианский творчествосының Орал кезеңі/ С. Шарабасов // Орал 375 жыл толуы құрметіне арналған региондық ғылыми теориялық конференцияның тезистері.- Орал,1988


1989


  1. Шарабасов, С. Үзік-үзік проблемалар / С. Шарабасов // Жалын.- 1989.-№1




  1. Шарабасов, С. Қазақ драма театры хақында / С. Шарабасов.-Орал, 1989




  1. Шарабасов, С.Ғ. Абайдың "Орыс" сөзінің интернационалдық мәні / С. Ғ. Шарабасов // Формирование мировоззренческой культуры будущего педагога: Материалы региональной научно-теоретической конференции, 9-10 декабря. - Орал : А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институт, 1989. - Б. 88-91




  1. Шарабасов, С. К вершинам творчества [Текст]: литературное Приуралье задолго и добросовестно готовилась к юбилею Хамзы Есенжанова / С. Шарабасов // Приуралье. - 1989. - 13 ноября. - С. 3.


1990


  1. Шарабасов, С. С. Мұқанов поэзиясындағы интерлексика табиғаты: Сәбит мемориал музейі / С. Шарабасов.-Алматы, 1990




  1. Шарабасов, С.Ғ. Өздігінен іздену - творчестволық жұмыс / С. Ғ. Шарабасов // Вузовский сборник научно - методических работ "Совершенствование специалистов в педагогическом вузе". - 1990. - Б. 51-53



1991


  1. Шарабасов, С. Студенттердің өздік жұмыстарын басқару мен бақылау / С. Шарабасов // «Әдебиеттану және методикалық пәндерді оқыту процесінде студент-филологтардың кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру» атты ЖОО арасындағы Республикалық конференцияның тезистері .- Семей, 1991.- б.155-156




  1. Шарабасов, С. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі шетел тақырыбы / С. Шарабасов.- Алматы, 1991.


1992


  1. Шарабасов, С. Жергілікті тіл ерекшелігі проблемалары / С. Шарабасов.-Арқалық, 1992




  1. Шарабасов, С. Қазақ әңгімелеріндегі мифологиялық сипат / С. Шарабасов.- Орал, 1992



1993


  1. Шарабасов, С. Абай және халықтық педагогика / С. Шарабасов // Қазақ тілі мен әдебиеті.- 1993.- №2.- б.39-41.




  1. Шарабасов, С. Қайран боздақтар: Очерк / С. Шарабасов // Жалын.-1993.-№3




  1. Шарабасов, С. Халық даналығынан Мағжан педагогикасына дейін / С. Шарабасов // «Халық педагогикасы және қазіргі кездегі тәрбие тәжірибесі» атты ғылыми конференция материалдары.- Орал, 1993.- 18-19 мамыр




  1. Шарабасов, С. Халықтық характерлер тоғысы [Текст] : жазушы Х. Есенжановтың туғанына 85 жыл толуына орай / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 1993. - 11 желтоқсан.


1994


  1. Шарабасов, С. Қазақ халқының ұлттық педагогикасының дамытушысы-Ы.Алтынсарин / С. Шарабасов // Мұғалімдер мамандығын көтеру жүйесін жетілдірудің келелі мәселелері мен жолдары жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.- Алматы, 1994.- б.107-108.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Ы. Алтынсарин және экология. Батыс Қазақстанның экологиясындағы өлкетану проблемалары.- Орал, 1994.- б.21-27.




  1. Шарабасов, С. Жұмыр жер Жайық қызы жанарында... // Орал өңірі.-1994.-13 қыркүйек.- б.3.


1995


  1. Шарабасов, С. Ғ. Билік пен кәсіпке Абай көзқарасы /С. Ғ. Шарабасов // Қарағанды ПИ.- 1995




  1. Шарабасов, С. Ғ. Абайдың «Әзімнің әңгімесі» поэмасының кейбір ерекшелігі / С. Ғ. Шарабасов // Орал ПИ.-1995




  1. Шарабасов, С.Ғ. Эсседегі қазақ характері / С. Ғ. Шарабасов // ҚарГУ, 1995




  1. Шарабасов, С.Ғ. Абайтану жолдары мен әдістері С. Ғ. Шарабасов // Батыс Қазақстан мұғалімдер білімін жетілдіру институтының ақпарат-әдістемелік бюллетені.- Орал, 1995.- б.39-41.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақ әңгімелеріндегі мифологиялық элементтердің көрінісі / С. Ғ. Шарабасов // А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институттың 60 жылдығына орай оқытушы-профессорлар құрамының 56- ғылыми-практикалық конференцияның тезистері.- Орал.- 1995. - б.212.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Кім кінәлі? / С. Ғ. Шарабасов // Қазақстан әйелдері.-1995.-№8




  1. Шарабасов, С.Ғ. Абай әлемі біздің өңірде / С. Ғ. Шарабасов // «Абай тағылымы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция тезистері.- Алматы, 1995.- б.197-199


1996


  1. Шарабасов, С.Ғ. Қадыр Мырзалиев лирикаларының ерекшелігі / С. Ғ. Шарабасов // Жалын.- 1996.- №11


1997


  1. Шарабасов, С.Ғ. Бессмертный университет / С. Ғ. Шарабасов // Уроки М.Ауезова: жинақ.-Орал, 1997.-б.3-8




  1. Шарабасов, С.Ғ. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясындағы көркемдік және тарихи шешім / С. Ғ. Шарабасов // Современные проблемы истории Казахстана: становление Каз. Государственности и развитие нации.-Уральск, 1997.- с.100.




  1. Шарабасов, С.Г. Мен қазақ әйеліне қайран қалмаймын: театр және көрермен/ С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.-1997.-13 ақпан.




  1. Шарабасов, С. Ғ. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының мұратділі / С. Ғ. Шарабасов // ҚазМУ хабаршысы.- 1997.- №13




  1. Шарабасов, С.Ғ. Аяқталмаған романның прологы / С. Ғ. Шарабасов // ҚазМУхабаршысы.- 1997




  1. Шарабасов, С. Ғ. Пушкин қазақ тарихын білген бе? [Текст] : Пушкин және Қазақстан / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 1997. - 30 қыркүйек.


1998


  1. Шарабасов, С.Ғ. Жазушы тағдыры: Хамза Есенжановтың туғанына 90 жыл / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 1998.- 16 желтоқсан.- б.4.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ойын өнері – ұлттық дамуының нышаны / С. Ғ. Шарабасов // Ұлт тағылымы.- 1998.- №1.- б.54.




  1. Шарабасов, С.Ғ. М.Әуезов «Абай жолы» 20-жылдардағы әңгімелерінің табиғаты хақында / С. Ғ. Шарабасов // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы.- 1998.- №23




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұлттық ойын өнері «Ұлт тағылымы» / С. Ғ. Шарабасов // Қазақстан жоғары мектебі.- 1998.- №1




  1. Шарабасов, С.Ғ. Үшаған. Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы: Жинақ / С. Ғ. Шарабасов.- Астана, 1998.- б.201-205




  1. Шарабасов, С.Ғ. Әңгімелер / С. Ғ. Шарабасов // Жалын.-1998.-№9-10


1999


  1. Шарабасов, С.Ғ. Үштаған / С. Ғ. Шарабасов // Сарыарқа.- 1999.- №2




  1. Шарабасов, С.Ғ. Күтпеген олжа: оқушылар байқауынан кейінгі ой / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 1999.- 15 мамыр.- б.6.




  1. Шарабасов, С. Ғ. «Әкем-институт, анам- кафедра»: ардагер арамызда (М. Жолдықайырқызы туралы) / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 1999.- 31 наурыз.- б.6.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жазушы тағдыры: Хамза Есенжанов туралы / С. Ғ. Шарабасов // Ұстаз.- 1999.- №1.- б.65.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұстаз ұлы есім: ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 1999.- 1 мамыр.


2000


  1. Шарабасов, С.Ғ. Даналық түсінігі Замандас туралы сыр (Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев) / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2000.- 2 қыркүйек.- б.5.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Біз сау ма екенбіз? / С. Ғ. Шарабасов // Денсаулық .-2000.- №11




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жабайы азаттық ұлттың соры / С. Ғ. Шарабасов // Ұлт тағылымы. - 2000- №2.- б.59-63




  1. Шарабасов, С.Ғ. О.Бөкеев әңгімелері құрылымындағы фольклорлық сарындар / С. Ғ. Шарабасов // Ізденіс.- 2000.- №4-5.- б.20-26




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жүрек қоңырауы: Әдебиеттану / С. Ғ. Шарабасов // Жұлдыз.- 2000.- №11.- б.127.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Даналық баурайында (Әбіш Кекілбаев әңгімелері хақында)/ С. Ғ. Шарабасов // Ұстаз.-2000.-№4.-б.11-17




  1. Шарабасов, С.Ғ. Шағын жанр табиғаты / С. Ғ. Шарабасов // Сәбит Мұқанов және қазақ әдебиеті: «С. Мұқанов қазақ әдебиетінің классигі» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми конференцияның материалдары.-Алматы, 2000.- 11-12 мамыр.- б.252




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры: Зерттеу. Эссе. Проза / С. Ғ. Шарабасов.- Өлке.- 2000.- 183 б.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жылдар жемісі / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2000.-10 маусым.- б.2.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Шығарма құны – қаламгер / С. Ғ. Шарабасов // ҚазМУ хабаршысы.Филология сериясы.- 2000.- №7.- б.103-108




  1. Шарабасов, С.Ғ. А.С.Пушкин әңгімелерінің тәржімалану тәжірибелерінен / С. Ғ. Шарабасов // Ұстаз.- 2000.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Толысқан талант / С. Ғ. Шарабасов // Айғақ.-2000




  1. Шарабасов, С.Ғ. Соқақол сыншы / С. Ғ. Шарабасов // Астана ақшамы.-2000.- 22 тамыз.- б.4


2001


  1. Шарабасов, С.Ғ. Біздің әдебиеттің беталысы қандай? [Текст] / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2001. - 20 желтоқсан. - б. 6.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұстаз өнегесі: Қалдырған ізің мәңгілік / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2001.- 30 тамыз.- б.4.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Сайын даласы ескірді ме?: Сайын Мұратбеков шығармашылығы туралы / С.Ғ. Шарабасов // Жұлдыз.- 2001.- №7.- б.130-133.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Абай қара сөзіндегі құқ пен билік қағидалары / С. Ғ. Шарабасов // Хабаршы. Философия-филология сериясы .- 2001.- б.11-111.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақ әңгімелерінің ашық және жабық үдемелі түрлері / С. Ғ. Шарабасов // Ізденіс.- 2001.- №2.- б.40-49.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Қаһармандық әңгімелер: 1940-1960 жылдар әдебиеті / С. Ғ. Шарабасов // Ұлт тағылымы.- 2001.- №4-5.- б.89-102.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Кемелдікке кемшіндік болмас: көкейкесті әдебиеттану / С. Ғ. Шарабасов // Л.Гумилиев атындағы Евразия университеті.- Астана, 2001.- б.112-125




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақ фольклоры және әңгіме / С. Ғ. Шарабасов // Ізденіс.- 2001.- №6.- б.149-154




  1. Шарабасов, С.Ғ. Зиялы ақындық: замандас туралы сыр (Айтқали Нәріков) / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2001.- 9 қаңтар.- б.5.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ертегi, әңгiме hәм әдеби ертегi / С. Ғ. Шарабасов // Ізденіс –Поиск (Гуман. ғылым. сериясы). - 2001.- №6.- 42-45б.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жаhармандык әңгiмелелер / С.Ғ. Шарабасов // Ұлт тағылымы. - 2001. - №4-5.- б.89-102



2002


  1. Шарабасов, С.Ғ. Алтын тамыр [Текст] : Қайыржан Хасанов / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2002. - 7 желтоқсан.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Ұлағатты ұстаз [Текст] : Мерғали Серғазыұлы Құсайынов - М. Өтемісұлы атындағы санаториялық мектеп директоры / С. Ғ. Шарабасов // Жайық үні. - 2002. - 22 қараша.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Бианки және Мұхтар (Әдеби гипотеза) / С.Ғ. Шарабасов // Қазақстан дамуының қазіргі жағдайындағы ғылым және білім беру: тәжірибесі, мәселелері және перспективалары атты БҚМУ 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары .- Орал, 2002.- б.41-43




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қарылғашы ғылымның [Текст] : Ұлдай Ержанова туралы / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2002. - 19 қаңтар.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Пушкин қазақ тарихын білген бе? [Текст] : Пушкин және Қазақстан / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 1997. - 30 қыркүйек.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Баланы бастан: әдеби-педагогикалық этюдтар.- Тіл тазалығы – ой тазалығы / С.Ғ. Шарабасов.- 1-кітап.- Орал, 2002




  1. Шарабасов, С.Ғ. Баланы бастан: 22 – қыркүйек - ҚР халықтарының тілдер күні / С.Ғ. Шарабасов // Жайық үні.- 2002.- 20 қыркүйек




  1. Шарабасов, С.Ғ. Жоғары интелектуалды, шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдер – білімділік ұйытқысы.- Тіл тазалығы- ой тазалығы / С.Ғ. Шарабасов. - 1-кітап.- Орал, 2002




  1. Шарабасов, С.Ғ. Тағдыр қайығымен тура жүзген: ғалым М.М. Тілеужановтың туғанына 75 жыл / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2003.- 11 қараша


2003


  1. Шарабасов, С.Ғ. Исатай басшы, мен қосшы/ С.Ғ. Шарабасов // Махамбет және мәдени мұра атты М. Өтемісовтың туғанына 200 жыл толу мерекесіне арналған басылым.- 2003.- б.4




  1. Шарабасов, С.Ғ. Гайдардың орнына Алтынсарин [Текст] : А.Гайдар атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының атын өзгерту туралы ұсыныс / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2003. - 9 желтоқсан.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Алдыңғы толқын ақ еді - ау [Текст] : Амангелді Ғалымовты еске алу / С.Ғ.Шарабасов // Орал өңірі. - 2003. - 22 мамыр.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақы қара сөздің байтақысы / С.Ғ. Шарабасов // Ахметтану және қазақ филологиясының өзекті мәселесі (1-шығуы).- «Ағартушы» баспа-лингвистикалық орталығы.- 2003.- 14-15 ақпан.- б.7-9




  1. Шарабасов, С.Ғ. Інім менің: Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев – филология ғылымдарының докторы / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.-2003.-11 қараша.




  1. Шарабасов, С.Ғ., Қазақ әдебиетінің тарихы / С.Ғ. Шарабасов, Г.Омарова.- Астана, 2003.- 224 б.



2004


  1. Шарабасов, С.Ғ. Әкім кестелері / С.Ғ. Шарабасов // Халықаралық ғылыми-тәжірибелі конференция материалдары.- 2004.- мамыр.- б.5




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ғалым кемелдігі-кісілігінде [Текст] : ғалым, қоғам қайраткері Отарәлі Бүркіт-50-де / С.Ғ. Шарабасов // Өркен. - 2004. - №9.-қараша.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Бағдар айқын, тұжырым тұрлаулы [Текст] : 2015 жылға дейінгі ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасы / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2004. - 28 ақпан.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Драма поэта и революционера [Текст]: Садуакас (Сакен) Сейфуллин / С.Ғ. Шарабасов // Приуралье. - 2004. - 14 октября


2005


  1. Шарабасов, С. Ғ. Ардагер ағалар.Батыс Қазақстан Гуманитарлық академиясы / С.Ғ. Шарабасов.- Орал: Орал гуманитарлық колледж.- 2005.-б.180-189




  1. Шарабасов, С.Ғ. Бұл біздің тағдырымыз парақта да, терең үңіл. ҚР Білім және ғылым министрлігі / С.Ғ. Шарабасов.- Орал: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- 2005.- б.3-6, 32-38.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Қадыр және соғыс [Текст] : ақын Қадыр Мырзалиев туралы / С.Ғ. Шарабасов // Әлемдік тарих шеңберіндегі соғыс және бейбітшілік мәселелері. - 2005. - б. 155-159.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Екі университетте бір Қадыр / С.Ғ. Шарабасов // БҚМУ хабаршысы.- 2005.




  1. Шарабасов, С. Ғ. Тағдыр эсселерінің табиғаты / С.Ғ. Шарабасов // БҚМУ хабаршысы.- 2005.




  1. Шарабасов, С.Ғ. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің динамикасы / С.Ғ. Шарабасов // БҚМУ хабаршысы.- 2005.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұлылықты тәржімалануы / С.Ғ. Шарабасов // «Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру - әрбір адамзаттың парызы» - атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалы.- Орал: Ағартушы, 2005.- б. 88-91




  1. Шарабасов, С.Ғ. Бар менен жоқ түгелденіп...: ақын Ғайса-Ғали Сейтақтың «Тек пен тамыр» жаңа жинағы туралы / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі.- 2005.-14 сәуір.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Шағын өлең шандозы / С.Ғ. Шарабасов // Орал өңірі .-2006.-16 мамыр.- б.4.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Бар менен жоқ түгелденіп... / С. Ғ. Шарабасов // Орал өңірі. - 2005. - 14 сәуір




  1. Шарабасов, С. Жүрек қоңырауы [Текст]: Қаламгер Жайсаңбек Молдағалиев шығармашылығы / С.Шарабасов // Жұлдыз. - 2005. - №11. - б. 127-134 .




  1.   Шарабасов, С. Қадыр прозасындағы катарсис [Текст] : Қадыр Мырза-Әли шығармашылығы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2005.- 27 қыркүйек. - б. 3.



2006


  1. Шарабасов, С. Әйтеке би дилогиясы / С. Шарабасов // БҚГА.- 2006




  1. Шарабасов, С. Өмірдің өзінен ой түйген: М. Шүйіншәлиеваның "Шүберек қуыршақ" атты кітабы жарық көрді / С. Шарабасов // Орал өңірі.-2006.- 25- мамыр.-б.11.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұлағатнама – дария өрме / С. Шарабасов // Инфоромбиржа .- 2006.-15 қыркүйек



  1. Шарабасов, С. Өмірдің өзінен ой түйген [Текст] : Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншәлиеваның "Шүберек қуыршақ" атты екінші кітабы жарық көрді / С.Шарабасов, Э.Бақтығалиева // Орал өңірі. - 2006. - 25 мамыр. - б. 11.




  1. Шарабасов, С.Ғ. А.С. Пушкин поэзиясында қалай тәржімаланған? / С. Ғ. Шарабасов // «А.С.Пушкин в культурном пространстве Запада и Востока»: Материалы международной научно- практической конференции . - 2006. - 19-20 октября. - б. 136-138




  1.  Шарабасов, С. "Ұлағатнама" - дария өрме [Текст]: Мақсұт Әндіжанұлының "Ұлағатнама" кітабы жөнінде / С.Шарабасов // Информбиржа. - 2006. - 7 қыркүйек. - б. 15.




  1. Шарабасов, С. Талғат биігіндегі кең тынысты ақын [Текст] : осыдан жарты ғасыр бұрын өлеңге деген сағыныштан қызуы көтерілген ақындардың бірі - Жанғали ақын / С.Шарабасов, А.Қыдыршаев // Жайық үні. - 2006. - 14 желтоқсан. - б. 5.




  1. Шарабасов, С. Шағын өлең шандозы [Текст]: ақын Жанғали Набиуллин туралы / С.Шарабасов, А.Қыдыршаев // Орал өңірі. - 2006. - 16 мамыр. - б. 4.




  1. Шарабасов, С. Азамат ердің баласы: Зейнолла Қабдолов туралы / С. Шарабасов // Жайық үні. - 2006. – 2 қараша.- б.4




  1. Шарабасов, С. Жүрек жырлайды, жылайды: ақын Мұқадес Есламғалиевтың туғанына 60 жыл / С. Шарабасов // Орал өңірі. - 2006. – 28 ақпан.-б.3


2007


  1. Шарабасов, С. Адамзаттың азабын арқалаған: Зейнолла Қабдоловтың 80 жыл толуына орай / С. Шарабасов // Ана тілі. - 2007. - 13 желтоқсан.- б.18




  1.  Шарабасов, С. Ақжайықты ақын рухы кезіп жүр [Текст] / С.Шарабасов // Егемен Қазақстан. - 2007. - 6 қараша. - б. 2.




  1. Шарабасов, С. Алыптың құшағы қашанда ыстық [Текст] : естелік-эссе / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2007. - 8 желтоқсан. - б. 3.


2008


  1. Шарабасов, С. Ақ Жайық Қабдоловын жоқтайды [Текст] / С.Шарабасов // Жайық үні. - 2008. - 11 желтоқсан. - б. 6.




  1. Шарабасов, С. Ұлылықпен қоштасу [Текст] / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2008. - 12 қаңтар. - б. 4.




  1. Шарабасов, С. Толстой және мұсылмандық [Текст] / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2008. - 9 қазан. - б. 14.


2009


  1. Шарабасов, С. Мың тағзым, айналайын халкым! / С.Шарабасов / С. Шарабасов // Орал өнiрi. - 2009. - 6 тамыз.- б.8- 9.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ғарифолланың әдебиеттегі образы / С. Ғ. Шарабасов // Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғарифолла Құрманғалиевтің музыкалық-педагогикалықмұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары . - 2009. - б. 83-85




  1. Шарабасов, С. Талғатқа әдеби хат [Текст] : Талғат Мықиевтің "Жан дауыс" атты кітабына айтылған сын / С.Шарабасов // Жайық үні. - 2009. - 6 тамыз. - б. 10.


2010


  1. Шарабасов, С. Ерте кеттің ғой, қарағым! [Текст] : ұстаз - ғалым Отарәлі Бүркітов жайында / С.Шарабасов // Жайық үні. - 2010. - 11 ақпан. - б. 6.




  1. Шарабасов, С. Жүректегі қос өрім [Текст] : ғалым Зинол-Ғабден Бисенғалиев туралы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2010. - 10 маусым. - б. 7




  1. Шарабасов, С. Саршатамыз [Текст]: новелла / С. Шарабасов // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 27 тамыз. - б. 13.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Адамдық пен адалдықтың өлшемі - Жұбан!: ақын Ж. Молдағалиев жайында / С. Ғ. Шарабасов // Жұбан оқулары: ХХ ғасырдығы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толу мерейтойына арналған республикалық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ Баспа орталығы, 2010. – б.47-52



2011


  1.   Шарабасов, С. Дауасы жоқ қасірет [Текст] : ақын Қадыр Мырза Әлі қазасы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2011. - 25 қаңтар. - б. 7.




  1. Шарабасов, С.Ғ. ХХ ғасыр әдебиетінің Бас тақырыптары // «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі»: ғылыми-тәжіребелік конференция материалдары. - Орал, 2011. - б.15-16



  2. Шарабасов, С. Өмір өрнектері [Текст] : академик, профессор Тұяқбай Рысбековпен сұхбат / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2011. - 19 қараша. - б. 5.




  1. Шарабасов, С. Таланттың тұнық бастауы [Текст] : ақын Қасым Аманжолов туралы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2011. - 8 қыркүйек. - б. 5.




  1. Шарабасов, С. Темірдей тәртіптің Түймеші [Текст] : М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің проректоры Дәрішева Түймеш Малбағарқызы туралы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2011. - 27 қыркүйек. - б. 6.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Қазақ әдебиетіндегі Исатай бейнесі // Батырлар институты: қалыптасуы, тарихы, маңызы: Халық батыры Исатай Тайманұлының туғанына 220 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы , 2011. - б.188-193



  2. Шарабасов, С.Ғ. Поэтика - әдебиеттінің микроорганикасы / С. Ғ. Шарабасов // «Қазіргі ономастикалық ахуал: тілдіқ, тарихы әлеуметтік және географиялық факторлар»: республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция материалдар. - 2011. - б. 56-61



2012


  1. Шарабасов, С.Ғ. Көп тіл білгендік - көрегендік / С.Ғ. Шарабасов // Өркен. - 2012. - №10. - б. 14




  1. Шарабасов, С.Ғ. А.С.Пушкин "Капитан қызы", Абай, Молданияз Бекімов бастаған қазақтар еңбегі / С. Ғ. Шарабасов // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің хабаршысы. - 2012. - №1. - б. 205-207




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ерлік пен еркіндік ұласқан елде // 4-ші Махамбет оқулары: республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары. - Орал - 2012. - 8 - б. 24-25



  2. Шарабасов, С.Ғ. Өздігінен іздену - творчестволық жұмыс. // Совершенствование подготовки специалистов в педагогическом вузе: Вузовский сборник научно-методических работ. - Уральск, 2012. - б.
    51-53

  3. Шарабасов, С. Қаламын сағынышына батырып... [Текст] : ақын Қайрат Жұмағалиев туралы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2012. - 6 қыркүйек. - б. 6-7




  1. Шарабасов, С. Ғазиз ұстаздар, қимас сәттер [Текст] : М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 80 жыл / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2012. - 26 шілде. - б. 8.




  1. Шарабасов, С.Ғ. Ұлттық кадр ұстаханасы. // М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетің 80 жылдығына арналған "Жоғары оқу орнындағы білім, ғылым және инновация : кешегісі,бүгіні және келешегі " атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының материалдары " , 2012. – б. 69-72



  2. Шарабасов, С. Көргенді адамның жазбасы [Текст] : Базарғали Қуатовтың "Беласу" кітабы туралы бірер пікір / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2012. - 9 ақпан. - б. 16.


2013


  1. Шарабасов, С.Ғ. Қажығали Мұхамбетқалиұлының қазақы әңгімелеріндегі характер құбылысы / С. Ғ. Шарабасов, Ж. А. Молдағалиева // М. Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті хабаршысы. - 2013. - № 1. - б. 192-196




  1. Шарабасов, С. Республикалық басылымдағы жаңа айдар / С. Шарабасов // Өркен. - 2013. - №6.-25 маусым. - б. 3




  1. Шарабасов, С. Мырзағалиев қисындары / С. Шарабасов // Орал өңірі. - 2013. - №68.- 6 маусым. - б. 18


2014


  1. Шарабасов, С.Ғ. Адамгершілік жаңашыры / С.Ғ. Шарабасов // Түркітанудағы ортақ рухани мұралардың зерттелуі: кешегісі, бүгіні, болашағы.- 2014.- №3.- б.160-168




  1. Шарабасов, С. Жазбайын деп едім... / С. Шарабасов // Орал өңірі. - 2014. - №12.- 1 ақпан. - б. 7


2015


  1. Шарабасов, С. Сар даланың бары мен жоғы / С. Шарабасов // Жайық үні. - 2015. - №3.- 22 қаңтар. - б. 10




  1. Шарабасов, С. Тарих әдебиетші көзімен... / С. Шарабасов // Үш қоңыр. - 2015. - №12.- 20 наурыз. - б. 3




  1. Шарабасов, С. "Асаудан" "Сол бір сүргінге" дейін немесе Аманкелді Шахин шығармашылығы хақында / С. Шарабасов // Орал өңірі. - 2015. - №8.- 22 қаңтар. - б. 16-17




  1. Шарабасов, С. Қадыр ақын арманы / С.Шарабасов // Орал өңірі. - 2015. - №27.- 5 наурыз. - б. 19




  1. Шарабасов, С. Қыран ғұмыр, өлмес жыр : (Ақын Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай) / С. Шарабасов // Қазақ әдебиеті. - 2015. - №16.- 24 сәуір- 7 мамыр. - б. 11




  1. Шарабасов, С. Сар даланың бары мен жоғы / С. Шарабасов // ИСАТАЙ - МАХАМБЕТ ғылыми - педагогикалық, тарихи - әдеби, ақпараттық - танымдық журнал. - 2015. - №1. - б. 31-34




  1. Шарабасов, С.Ғ. Таланттар ұясы: қарасөз-эссе / С. Ғ. Шарабасов // Махамбет оқулары-7 атты дәстүрлі республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдарының жинағы, 23 қазан. - 2015. - І том. - б. 49-53.




  1. Шарабасов, С. Жанғали әлемі: ақынның қайтыс болғанына қырық күн болды / С. Шарабасов // Орал өңірі. - 2015. - №100. - 20 тамыз.- б. 10



Ол туралы:
2001


  1. Сейтақ, А. Жыр Жайық: өлеңдер жинағы.- Орал, 2001


2003


  1. Нариков, А. Дорога из Балдыргана [Teкст] / Нариков А. // Приуралье. - 2003. - 23 сентября (N115)



2005


  1. Рысбеков, Т. Бақытына жеткен адам / Т. Рысбеков, Шарабасов С. // Орал өңірі. - 2005. - 17 наурыз


2006


  1.  Мақпырұлы, С. Әржүрекке нұр құйып... [Текст] / Мақпырұлы С // Орал өңірі. - 2006. - б. 28




  1. Омарова, А. Ұлағатты ұстазым: С.Шарабасов туралы // Өркен.- 2006.-№3.- б.12




  1.  Шүйіншәлиева, М.   "Жайықта Шарабасов біреу ғана" [Текст] : Серікқали Шарабасов - 60 жасқа толды / М.Шүйіншәлиева // Орал өңірі. - 2006. - 2 қараша. - б. 2.


2007


  1. Бердәлі, М. Шарабасовтың шекпенінен шыққандарға // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 44




  1. Ғаббасова, А. Серікқали Шарабасов - әдебиеттанушы // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми- практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 50-51




  1. Жексенғалиев, Б. «Тілге жанашырлық, тілге сусау» немесе профессор С. Шарабасовтың тіл мәдениеті туралы ой - пікірлері // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 28-29




  1. Зиятов, С. Парасатты профессор [Текст] : [М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың профессоры, әдебиетші Серікқали Шарабасов жөнінде] / Зиятов С. // Орал өңірі. - 2007. - б. 13



  2. Қайыров, А. С. Шарабасов және қазақ әңгімелері мәселелері // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б.45-46




  1. Қыдыршаев, А. Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов - әдебиеттанушы ғалым, білікті ұстаз // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 5-9




  1. Сабыр, М.Б. С. Ғ. Шарабасов прозасы тілінің лексика- семосиологиялық айшықтары // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 26-27




  1. Сейтақ, Г. Серікқали Шарабасов // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 30




  1. Тілегенұлы, Б. С. Ғ. Шарабасовқа // Ғалым - ұстаз Серікқали Шарабасов және қазақ филологиясы мәселелері: облыстық ғылыми - практ. конф. материалдары. - Орал: Ағартушы, 2007. – б. 43


2012


  1. Максимқызы, З. Ардагер ұстаздарымен кездесу / З. Максимқызы // Өркен. - 2012. - №10. - б. 17


2013


  1. Абдулова, Г. Шәкірт жүрегіне жол тапқан / Г. Абдулова // Жайық ұстазы. – 2013. - №1-2.- 16қаңтар. - б. 7



2015


  1. Қажым, Л. Қабілеті мол Қуанар : 17 қараша- халықаралық студенттер күні / Л. Қажым // Жайық үні . - 2015. - 12 қараша. - №45. - б. 19




  1. Мендигалиева, Д. Он лиру посвятил родной земле / Д. Мендигалиева // Приуралье. - 2015. - №153. - 28 ноября. – с. 8


2016


  1. Балмолда, М. Сене алар емеспін... [Текст] / М. Балмолда // Жайық үні. - 2016. - 7 сәіур. - б. 8




  1. Выдающийся наставник и друг / Коллектив кафедры русской филологии ЗКГУ им. М. Утемисова // Приуралье. - 2016.- 31 марта. - №36. - с. 15




  1. Мырзаханова, С. Бел асып кетті-ау, лашын / С. Мырзаханова // Жайық үні. - 2016.- 7 сәуір. - №14. - б. 8




  1. Нәріков, А. Екі дос / А. Нәріков // Орал өңірі. - 2016.- 26 сәуір. - б. 6




  1. Өтеғалиқызы, Ә. "Жайықта Шарабасов біреу ғана..." [Текст] / Ә.Өтеғалиқызы // Дана kz. - 2016. - №4-5. - б. 29-33




  1. Рысқалиев, Т. Көпке керек кісі еді / Т. Рысқалиев // Орал оңірі. - 2016.-7 сәуір. - №39. - б. 18




  1. Рысқалиев, Т. Жоқтығың білініп тұр-ау, інім-ай... [Текст] / Т. Рысқалиев // Орал өңірі. – 2016.- 4 тамыз. - №96. - б. 16.




  1.  Сисенғали, З. Хакім ұстаз [Текст] / З. Сисенғали // Орал өңірі. - 2016. - 1 наурыз. - б. 10




  1. Сейтақ, Ғ. Өмірі өнегелі ұстаз еді [Текст] / Ғ. Сейтақ // Орал өңірі. - 2016. - 1 наурыз. - б. 8




  1. Сейтақ, Ғ. "Жайықтың жанарынан жас саулап тұр..." [Текст] / Ғ. Сейтақ // Орал өңірі. - 2016. - 1 наурыз. - б. 8




  1. Хасен, Н. Ғалым-ұстазды шығарып салды... [Текст] / Н. Хасен // Жайық үні. - 2016. - 10 наурыз. - б. 9




  1. Шахин, А. Көктемде қалдық көз жазып [Текст] / А. Шахин // Орал өңірі. - 2016. - 1 наурыз. - б. 8


Интернет ресурстары
https://vk.com/video138963652_456239017
http://news.wksu.kz/ru/o-zkgu/115-videotekaozkgu/postoyannoe-video/1303-film-posvyashchennyj-sharabasovu-serikkali-gabdeshovichu

Қош енді мәңгілікке, Серік аға,

Алдыңда мықтылар да еді бала.

Жайықтың жанарынан жас саулап тұр,

Жоқтайды табиғат та сені ғана.
Қанша күн жұрт тіледі «жазыл» десіп,

Кеттің бе жүрегіңнен жазың көшіп.

Тажалмен тура келген тайталастың,

Ажалдың өзімен де әзілдесіп.
Шәкірт деп сарқыдың ба көп күшіңді,

Сөзіңді «шілпіктерің» бек түсінді.

Тере алмай жемісіңді өз бағыңнан,

Көре алмай кеткенің не жетпісіңді!?
Айтпайсың енді тілек қонағыңа,

Қайғы-шер көкірекке толады ма!?

«Еділім, Жайығым» деп еміреніп,

Тек әттең, оралмайсың Оралыңа.
Өттің бе көңіл бөлмей өзіңе тым,

Күн туды қадіріңді сезінетін.

«Халқым!» деп жалт қаратар даусың да жоқ,

Қазақтың қалғандай ма сөзі жетім.
Ғайсағали Сейтақ

Қош енді, ұстаз аға, қимас аға!
Ащы жер көкірегіме сыяды ма,

Жақсыны қасіретке ел қияды ма?!

Алаштың, Ана тілдің айбыны едің,

Өзіңдей енді азамат туады ма?!
«Халқым!» деп айтқан сөзің құлағымда,

Білімнің айналып ең бұлағына.

«Шаққан соң Шарабасов шекпенінен»,

Қайғының адасамын тұманында.
Көңілдің қайда қоям бұлтын мына,

Жүректің құсы жылап, сыңсиды ма!?

Ақпанның соңғы күні ағып түсіп,

Күрсініп, күңіренттің жұртыңды, аға!
Жазмыштың жазғанына әмір бар ма,

Батады жоғалғаның қабырғама!

Қош енді, ұстаз ағам, қимас ағам,

Өлеңнен өрнек салдым топырағыңа...
М. Шүйіншәлиева
Каталог: images -> stories -> bibliograf ukaz
bibliograf ukaz -> Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам
bibliograf ukaz -> Құрастырушыдан
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Қыдыршаев абат сатыбайұЛЫ
bibliograf ukaz -> Список научных трудов Шинтемировой Баян Габбасовны
bibliograf ukaz -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
bibliograf ukaz -> Г. Ш. Хибашева ақпараттық
bibliograf ukaz -> Шарабасов Серікќали Єабдешўлы 946 жылы тамызда Батыс Ќазаќстан облысы, Жаѕаќала ауданында дїниеге келген


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет