Ғылыми-практикалық конференция туралы мелімет



бет1/3
Дата10.03.2022
өлшемі62.5 Kb.
#123679
  1   2   3

ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ТУРАЛЫ МЕЛІМЕТ
2013 жылда 24-26 қазан аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, математикалық логика саласында қазақстандық мектептің негізін салушы академик А.Д.Таймановтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Қазіргі математика мен математикалық білім берудің, оның ішінде алгебра, математика, модельдер теориясы, ақпараттық технологиялар және олардың оқытылуы, сондай-ақ математиканың қолданбалы аспектісі сияқты өзекті мәселелерін кеңінен талқылау.

Конференция жұмысы үш пленарлық, үш секция мәжілістері бойынша жүргізілді. Конференцияда 460 адам қатысты.

Конференцияға 108 ғылыми хабарламалар, оның ішінде пленарлық мәжілісте 21 баяндама, секция мәжілісінде 87 баяндама жасалды. Конференция жұмысына дейін ұйымдастыру комитетіне түскен ғылыми мақалалардың жинағы, орыс және қазақ тілдерінде конференция бағдарламасы шықты.

Конференция жұмысына он-лайн жүйесінде сырттай ғылыми баяндама жасап 172 адам қатысты. Олардың ғылым докторлары – 46 (15 – адам түрлі академиялар мүшесі), ғылым кандидаттары мен PhD докторлары – 46, білім алушылары – 52, ғылыми қызметкерлері –7.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет