Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лаузымына Айбек Дәдебаев және премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып Ғалымжан Қойшыбаев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген жарлықта.

Ал Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы парламенті сенаты аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек еткен.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл парламент сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Ал Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен. 
2004 жылы — Қазақстан Республикасының ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің бас инспекторы. 
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 
2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы). 
2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі (қоса атқарушы). 
2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылғы 26 наурызда үкімет қаулысымен ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың 4 қаңтарында Премьер-министр орынбасары болып қызметін бастады.

Еске салайық, бұған Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалғанын жазды. Сонымен қатар Олжас Бектенов үкімет басшысы болып тағайындалғанға дейін президент әкімшілігінің басшысы ретінде қызмет атқарды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.