Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану



жүктеу 0.57 Mb.
бет2/2
Дата19.09.2017
өлшемі0.57 Mb.
1   2

Шалаөткiзгiштерде



Электр зарядын тасымалдаушылар


электрондар



оң және терiс

иондар


Электрондар,

оң, терiс иондар иондар иондар


Электрондар

Электрондар


мен кемтiктер

Кедергiсiнiң температураға тәуелдiлiгi




металдарда R~t

газдарда R~1/t


шалаөткiзгiштерде p~1/t н/е R~1/t

электролиттерде



газдарда

вакуумде

шалаөткiзгiштерде



электролиттiк диссоциация



газдың иондалуы

термоэлектрондық эмиссия

қоспалық өткiзгiштiк






электролиз,

электролиз заңы


“Өрмекшi” ойынының сұрақтары


I нұсқа

III деңгей



  1. Металдардағы ток тасымалдайтын қай бөлшек? Металдардағы электр тогы деген не?

  2. Электролиттер деген не? Онда ток тасымалдайтын бөлшектер қандай?

  3. Электролиттiк диссоциация деген не? Рекомбинация деген не?

  4. Қандай процестi электролиз дейдi?

II деңгей



  1. Мыс купоросының судағы ерiтiндiсi арқылы ток өткенде пайда болатын құбылысты сипатта.

  2. Металдардағы, электролиттердегi токтың газдардағы токтан айырмашылығы неде?

  3. Вакуумдегi электр тогы металдар мен газдардағы электр тогынан қалай ерекшеленедi?

  4. Шалаөткiзгiштiң қандай өткiзгiштiгiн қоспалық деп атайды?

Ол не себептен пайда болады?
I деңгей

  1. Тура және керi бағыттағы ток деп қандай токтарды айтады?

  2. Шалаөткiзгiштердегi р – п ауысуды қалай түсiндiресiң? Оны қайда қолданады?

  3. Ғарышкемелерiнде ток көзiнiң қандай түрi қолданылады? Сен қандай ток көзiн ұсынар ең?

  4. А және В екi электролиттiк ванналар тотияйынның судағы ерiтiндiсiмен толтырылған. А ваннадағы мыстың мөлшерi В ваннадағыдан көбiрек. Қай ваннадағы электродта мыс көп бөлiнер едi, егер а) ванналар тiзбектей жалғанса? б) параллель жалғанса?

“Өрмекшi” ойынының сұрақтары


II нұсқа

III деңгей



  1. Газдардағы ток тасымалдаушы бөлшектер қандай?

  2. Газдардағы электр тогы деген не?

  3. Вакуумдегi ток тасушылар қандай бөлшектер? Вакуумдегi электр тогы деген не?

  4. Шалаөткiзгiштердегi ток тасушылар қандай бөлшектер? Шалаөткiзгiштердегi ток деген не?

  5. Шалаөткiзгiштi диод деген не? Ол қайда қолданылады?

II деңгей



  1. Плазма деген не? Заттардың плазмалық күйiне мысалдар келтiр. Газдарда электр тогы жүруi үшiн қандай шарт қажет?

  2. Газдың иондалуына мысалдар келтiр. Газдардағы рекомбинация деген не?

  3. Металдардағы электр тогы мен шалаөткiзгiштердегi токтың айырмашылығы неде?

  4. Қандай құбылыс термоэлектрондық эмиссия деп аталады? Вакуумдегi электр тогы қайда қолданылады?

I деңгей


  1. Газды суытса, ол өткiзгiштiгiн жоғаолтып, диэлектрикке айналады. Неге олай болады?

  2. Шалаөткiзгiштердi қыздырса кедергiсi қалай өзгередi, одан өтетiн ток күшiнiң шамасы ше?

  3. 4 валенттi германийге 5 валенттi қоспа енгiзгенде ол қандай типтi өткiзгiшке айналады? Нелiктен?

  4. Шалаөткiзгiштерге Ом заңын қолдануға бола ма? Неге?


ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, мен өзімнің осы зерттеу жұмысымды қорыта келе, Президентіміз Н.Назарбаевтың Астана қаласында «Еуразия» университетінің 10 жылдық мерейтойында оқытушылар мен студенттерге арналған сөзінен үзінді келтіргім келеді: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар, нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзіне атқаратын болса ғана шешілетін болады.

Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші; кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабылетті маманға беруіне тура келеді...

Мен қазір профессорларға да сөз арнап отырмын: шетелдік мамандардан үйреніңіздер, тәжірибе алыңыздар, осы үшін біз ЖОО – на шетелдік, ғалымдар мен оқытушыларды шақырудамыз». Бұл келтірілген үзіндіде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық идеяларынан үйренуіміз керектігі айтылған. Ендеше біздің, мұғалімдердің алдында үнемі іздену, үнемі оқу, жаңалыққа ұмтылу міндеті тұрады. Осы орайда мен білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы оқып отырып, мынаған назар аудардым: біз жаңа технология ретінде үйрене бастағандарымыз АҚШ – да 1950–60 жылдардан бері қолданылады екен. Блум таксономиясы 1956ж. жарық көрген әдебиеттерде жазылған екен.Жалпы шетелдік технология деген сөзді қабылдаудың екі жағы бар. 1-шісі қалыптасып қалған ескі көзқарасты бірден өзгерте қою қиын. Оған сенімсіздікпен қарау алғашқыда басым болады. 2-шісі 1970 жылдарда адамдарды ұйықтап жатқан кезде оқыту деген бір әдіс шыққан, осы әдіспен, яғни ұйықтап жатқан кезде адамды оқытатын болса, ол ояу кезіндегіге қарағанда материалды 2-3есе тиімді, ауқымды меңгеретіні анықталған. Осындай экспериментпен оқытылған адамдардың барлығы да ұзақ өмір сүрмей, 10-15 жылдан кейін қайтыс болған. Сол себепті жаңа оқыту әдісі дегеннің барлығы зиянсыз бола ма, мүмкін бұл да зиянды болуы деген сияқты, жаңалықты қабылдаудың өзіне сақтана қарау әрдайым болатын құбылыс.

Теледидардан болып жататын пікір-таластардан да көптеген көзқарастар, көптеген көңіл қойып тыңдауға болатын ойлар айтылып жатады. Соның бірі – біз неге нашақорлық пен қылмысты істері өте дамыған елдерден үлгі алуымыз керек, неге өзіміздін географиялық орналасу жағдайымызға жақын елдерден, тілі, діні, әдеп-ғұрпы бізге жақындау келетін елдерден, біздің ұлттық менталитетімізге ұқсастау келетін елдерден үлгі алмасқа деген көзқарастар.

Мен өзім Ресейде шығарылған кітаптарды оқу барысында, Ресей мемлекетіндегі академик М.П.Щетининнің мектебі туралы өте қызыға оқыдым. Краснодар өлкесінің Гелленджик қаласында академик Михаил Петрович Щетининнің мектебі орман ішінде орналасқан. Бұл мектеп біз көріп жүрген мектептердің ешбіреуіне ұқсамайды. Себебі: 1) онда мектеп оқушыларының арасында жас айырмашылығы деген ұғым мүлде болмайды, ең кіші оқушы 5 жаста, ең үлкені – 17 жастағылар саны өте аз, оқушылардың дені – 10-12 жастағы балалар, 2) бұл мектепте қандай құрылыс болмасын, оқушылар барлығын өздері жабылып, өздері қалап, өздері орнатады, іші мен сыртын әшекейлеуді де өздері істейді; 3) басқа жердегідей емес, жұмыс істеп жатқан балалардың бірде – біреуінің жүзінде не шаршағандық, не ренжігендік білінбейді, барлығының көздері тек қуаныштан жарқырайды; 4) сабақтардың өтілуі де біздің мектептердегідей емес, мысалы, жай мектептерде математикадан 1-кластан 11-класқа дейін оқылатын материалды олар бір-ақ жыл ішінде оқып меңгеріп шығады екен; 5) оқушы мен мұғалім арасында да айырмашылық жоқ, сырттан қараған адамға қайсысы оқушы, қайсысы мұғалім екендігін ажырату қиын.

Академик Щетининнің осы мектебіне үнемі барып, араласып, көмек көрсетіп отыратын Ресейдің еңбегі сіңген артисі, Халықаралық Рерих атындағы ұйымның (БҰҰ – ның қолдауымен ашылған). мүшесі, Наталья Сергеевна Бондарчук былай дейді: «Мен көптеген елдердің атақты уағыздаушылары (проповедник) мен мұғалім-ұстаздарымен араласып көрдім, бірақ жер шарының басқа ешбір елінде дәл осы мектепті көргендей таң қалған емеспін. Мүмкін, біз бұл жерде ұлы Көрегендікпен кездесіп отырмыз (с великим Ведуном). Көрегендік дейтін себебім, ол көне Ведизмді өте жақсы білетіндіктен емес, оған біздердің көпшілігімізге белгісіз, таныс емес жағдайлар, көп нәрсе белгілі.» 11-жылдық мектептің математикасын бір жыл ішінде меңгертіп оқытатын да оқушылар, олар өздері басқа адамдардан (адамдар ма нақтылысында?) «Оқып» келген, енді басқа оқушыларға солай үйретеді. Бұл турасында қалай ол жүзеге асады? деген сұраққа академик Щетининнің өзі былай деп жауап береді. Мен онын сөздерін аудармай, түпнұсқасында бергім келеді: «Здесь вы видите в основном попытку встретиться. Если встреча произойдёт, дети смогут освоить курс математики десятилетней школы не более чем за год. Такая стоит задача. Это случится с теми, кто сможет встретиться с владеющими подобными знаниями, важно, насколько их отношения будут открытыми. Их полевые структуры смогут считывать информацию друг друга. Известное наблюдение в народе – любовь с первого взгляда, когда любящие понимают друг друга с полуслова. Ты ещё не сказал, а он уже понял. Вы видите, что здесь делается всё, чтобы дети были вольны, свободны. Здесь они могут спокойно задавать любые вопросы, подниматься, входить. Важно сохранить отношения. И ещё, мы не акцентрируем внимания на возрасте».

Ал мен бұл жағдайлар туралы неге жазып отырғанымды түсіндіргім келеді. 1-шіден, мұғалімнің авторитарлық әрекеті білінбейтін осындай мектептер бізде де болса деген арман. 2-шіден, мұндай мектептерді ашу үшін онда білім беретін мұғалімдердің өздері сол Щетинин мектебіне барып оқып келсе деген ой.

Ал, Щетининнің мектебі сияқты мектептер ашылса, онда еліміздің көркейіп, гүлденіп, өркениетті елдер қатарына қосылатыны сөзсіз. Себебі, мұндай мектепте оқыған баланың бос уақыты мүлдем болмайды, яғни тәртіп бұзушылық та болмайды, нашақорлық та болмайды, табиғаттың аясындағы қолдарымен салып алған мектептерінде қуана-қуана оқыр еді ғой.

Ал енді өзім қарастырып кеткен модульдік технологиямен оқыту жағдайына келсек, алғашқыда, мен зерттеу міндеттеріне бұл технология мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайына сәйкес келетіндігін, режим сақтала ма деген сөздерді де жазғанмын. Осы модульдік технологияны қолдану үшін жеке және жұптық жұмыс, жаппай бақылау жұмысы немесе жаппай тестілеу болатын күндері ғана оқушылар өз орнындарында отарады, ал топтық жұмыс жүргізу кезінде міндетті түрде парталар мен орындықтарды қозғау керек болады. Осы кезде а) жарық оқушының көзіне тек сол жақтан түсуі керек деген гигиеналық жағдай орындалмай қалады, б) оқушы тақтаға арқасымен қарап отырып қалады, тақтада сөйлеген оқушыға, мұғалімге, тақтадағы жазуға қарау көп қиындық туғызады, в) стол-орындықтарды керегінше орналастырып жылжытып қоюға сабақтың біраз уақыты кетіп қалады, г) орындық-парталарды жылжыту кезінде тарс-тұрс шу да болады, көршілес кластарға сабақ өткізуге бөгет те болады, д) мектептің мүлкі тозуы да жылдамдайды, себебі, қайта-қайта орнынан қозғап, сүйреу кезінде еден де, парта да сырылады, орындықтар сынуы мүмкін, т.б.

Бірақ бұл жағдайлардың барлығы да білімнің нәтижелілігінің жанында ескеруге тұрмайтын ұсақ-түйек болып қалатын секілді.

Модульдік технологияны қолданып оқытқан эксперименттік класс пен бақылауға алынған класс оқушылары арасында салыстыру үшін жүргізілген сауалнама, тестілеу нәтижелері соны көрсетеді ол осы жұмыстын соңында қосымшада келтіріледі.

Сонымен, физика пәнін оқыту барысында ескіден қалыптасып қалған класс-сабақ жүйесі, мұғалімнің авторитарлық басшылығымен оқытуды инновациялық технологиямен алмастыру кезінде нәтижелі жақсы көрсеткіштер көбейетініне көз жетеді:



  1. білім сапасы жақсарады;

  2. оқушы өзін психологиялық жағынан еркін ұстайды;

  3. оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүзеге асады;

  4. оқушы білімі күнделікті бағаланады;

  5. оқушылардың тіл коммуникативтігі артады;

  6. оқушы міндетті бір ғана тапсырма алып қиналып отырмайды, өз білімінің деңгейіне сай келетін деңгейлік тапсырмалар орындай алады;

  7. оқушының өз бетімен орындайтын, яғни дарынды оқушыға арналған шығармашылық бағыттағы есептер шешу мүмкін болады;

  8. нашар оқушымен де, дарынды оқушымен де күнделікті, әр сабақта жұмыс жүргізіледі;

  9. оқушының логикалық ойлау қабылеті артады;

  10. пәнге қызығушылығы артады;

  11. ұжымшылдық қасиеті артады;

  12. оқушылар бірін-бірі бағалайды;

  13. модульдің қорытынды бөлімінде оқушы алдыңғы сұхбаттасу (сөйлесу) бөлімінде алған бағаларын жақсы бағаға түзей алады;

  14. егер оқушы үйде сабаққа дайындалуға мүмкіндігі болмай, дайындықсыз келген күннің өзінде сабақта оқу материалына қайта-қайта оралу арқылы білімі толығады;

  15. оқушыға материалдың барлығы берілмей, алғашқы кіріспе сабақтарда ғана тезис – лекциялар түрінде берілетіндіктен, оқушылар ары қарайғы білімді өз беттерімен ізденіп табады, яғни қосымша әдебиеттер оқиды, өзі зерттеулер жасайды, өзі қорытынды жасайды т.б.

Ал, менің зерттеу жұмысым осымен аяқталып қалмайды, әлі де жалғасын табады.



Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

  1. Қ. Аққошқарова, Н. Қойшыбаев.

Физика Алматы, «Атамұра» 2006 172 бет.

  1. Қ.Қ. Аханова. 12 жылдық бiлiм беру экспериментi:

Жағдайы, проблемалары.

«Ұстаз» газетi №19, 2006 жыл 2 бет.



  1. Б. Ахметова, Н. Қадыров, Н. Қойшыбаев.

Физиканы қайталайық, Алматы, «Мектеп» 1976 жыл 91 бет.

  1. В.А. Балаш. Задачи по физике и методы их решения.

Москва, «Просвещение», 1974 год 290-300 стр.

  1. И.Н. Баженова. Педагогический поиск .

Москва, «Педагогика» 1990 жыл 13-14 бет

  1. Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова.

7 класта Физика және астрономия пәнiн оқыту әдiстемесi,

Алматы, «Атамұра», 2003 жыл 3-10 бет



  1. Л. Выготский. Мышление и речь. Москва, «Педагогика»,

1983 жыл 172 бет

  1. М.Дүйсенбаев, Г.З. Байжасарова, А.А. Медетбеков.

Физика және астрономия. 8 класс. Алматы, «Атамұра»,

2004 жыл, 216-224 бет



  1. М.Ю. Демидова, М.И. Павленко. Методика преподавания

физики. Москва, «Школьная пресса», 2004 жыл, 12-14 бет

  1. В.Д. Дмитриева, П.И. Самойленко. Контрольные и

проверочные работы по физике. Москва, «Аквариум»,

1997 жыл, 111-117 бет



  1. М.М. Жанпейiсова. Модульдiк оқыту технологиясы

Оқушыны дамыту құралы ретiнде. Алматы, 2002 жыл, 4-6

бет, 7-9 бет



  1. Ү.Б. Жексенбаева. 12 жылдық. Диалог-1.

«Учитель Казахстана» газетi, №18-20, 2006 жыл, 8 бет

  1. Б.А. Кронгарт, В.И.Кем. Физика 10 класс.

әдiстемелiк құрал. Алматы, «Мектеп», 2006 жыл, 3,11 бет

  1. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта бiлiм

беру Тұжырымдамасы. «Казахстанская правда» газетi,

18.08.2005 жыл, 4 бет



  1. Қазақстан Республикасының 2015 – жылға дейiнгi бiлiм

берудi дамыту Тұжырымдамасы. «Егемен Қазақстан» газетi,

26.08.2003 жыл, 2 бет



  1. Г.Д. Луппов. Опорные конспекты и тестовые задания по

Физике. 11 класс. Москва, «Просвещение», 1996 жыл, 85-90

бет


  1. В. Мегре. Пространство любви. Книга-3, Из серии

«Звенящие кедры России», Санкт-Петербург, «Диля»,

2002 жыл, 152, 165 бет



  1. Э.Мулдашев. В поисках города богов. Iтом. Санкт-

Петербург, «Нева», 2005 жыл, 216 бет

  1. Н.Ә. Назарбаев. Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру

арқылы бiлiм экономикасына. «Егемен Қазақстан»,

27.05.2006 жыл, 2-3 бет



  1. Р.С Немов. Психология. Москва, «Владос», 1995 жыл, 436

бет

  1. Я.И. Перельман. Занимательная физика. Iч. Москва,

«Просвещение», 1976 жыл, 193-194 бет

  1. П. Ричард. Критическое мышление. Москва, «Аквариум»,

1995 жыл, 89 бет

  1. Е.И. Рогов. Настольная книга практического психолога в

образований. Москва, «Владос», 1995 жыл, 319 бет

  1. Л. Фусу. Энергетика души. Москва, «Золотой теленок»,

2005 жыл, 58 бет

  1. В.А. Шевцов. Пособие для подготовки к олимпиадам по

физике. Волгоград, «Учитель», 2002 жыл, 18-19 бет

Қосымша
Оқушылардың көңiл күйiн, пәнге, мұғалiмдерге, бiлiм сапасына қатынасын зерттеу тестiлерi мен карталары.

О. Иллей бойынша зерртеу картасы.







Бүгiнгi сабаққа көзқарасы

Пәндi оқыту сапасының қанағаттандыруы

Мұғалiмнiң оқушылармен қарым-қатынасының қанағаттандыруы

Жағымды










Немқұрайлы










Жағымсыз









Бұл сауалнама жасырын жүргiзiледi, картаны толтырғанда оқушылар аты-жөнiн жазбайды. Өз пiкiрiн оқушы тиiстi тор көзге + белгiсiн қойып бiлдiредi.

Бұл сауалнаманы 8 “д” эксперименталдық класына да, 8 “а” бақылау жүргiзiп отырған класқа да жүргiзген сәтте 8 “д” класс оқушыларының картасында «жағымсыз» деген сөз кездеспейдi, класс оқушыларының 72%-i «жағымды», 28%-i «немқұрайлы» жауап берсе, 8 “а” класында «жағымсыз»-8%, «немқұрайлы»-41%, «жағымды»-51% көрсеттi.
Р.С. Немов бойынша «Бүгiн мен қандаймын?» тестi.

Бұл тест бойынша оқушының сабаққа кiрердегi және сабақтан шыққандағы көңiл күйiнiң нәтижесiн байқауға болады. Бұл тест төменде ұсынылады.






Жеке бастың бағаланатын қасиеттерi


Сабақтың басында

Сабақтың соңында

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

1.

Көтерiңкi көңiл – күй













2.

Аздап шаршаған













3.

Шаршаған













4.

Өз iсiне мұқият













5.

Есте сақтауы төмен













6.

Есте сақтуы жоғары













7.

Ынталы













8.

Ынтасыз













9.

Жұмыс iстеуге құлқы бар













10.

Жұмыс iстеуге құлқы жоқ
















Каталог: uploads -> doc -> 11d5
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
11d5 -> Азоттың табиғаттағы айналымы
11d5 -> Сабақтың мақсаты : Отбасының құқықтық міндеті мен негізін білдіру
11d5 -> Өлшеу аспаптары арқылы логикалық микросхемалардың және триггерлердің ақаусыздығын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет