Физиологические свойства мышц и нервных волокон. Учение Н. Е. Введенского о парабиозе



Дата24.11.2022
өлшемі1.58 Mb.
#179390
Байланысты:
мед биология тест-100 сұрақ - копия

Тақырып: «Бұлшықет физиологиясы».

  • Дәріс жоспары:
  • 1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы.
  • 2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.
  • 3. Бұлшықет жиырылуының түрлері.
  • 4. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім.
  • 5. Еттің қажуы.

Бұлшықет тінінің түрлері:

  • Бұлшықет тінінің түрлері:
  • 1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
  • 2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
  • 3. Бірыңғай салалы бұлшықет.
  • Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
  • - адам дене қалпын сақтауға қатысады;
  • - дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
  • - дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
  • - жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).

Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері

  • 1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
  • 2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
  • 3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
  • 4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
  • 5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
  • 6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.

  • Қозуды өткізу жылдамдығы:
  • -көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
  • -көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
  • -бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.

Бұлшықеттің жиырылу түрлері

  • I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне) байланысты:
  • - изометриялық режим;
  • - изотониялық режим.
  • - ауксотониялық режим.
  • II. Сандық жағынан, олар:
  • - бұлшықеттің дара жиырылуы;
  • - жинақы бұлшықет жиырылуы: а) шала жинақталу;
  • б) толық жинақталу.
  • - тетанус (немесе сіреспе): а) тісті тетанус;
  • б) тегіс (жайпақ) тетанус.

Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ)

  • ЕДЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады.
  • 1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01 сек;
  • 2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек;
  • 3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.

Тетанус – бұл жиі 2 тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап беруі.

  • I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады
  • (10 – 20 Гц).
  • II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).

Тітіркендіргіш жиілігінің оптимумы мен пессимумы (Н.В. Введенский)

Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.

  • Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.
  • Пессимум – бұл төмен тетанус тудыратын ең жиі тітіркендіргішті айтамыз.

Саркомер құрылымы

Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері

Актин жіпшелері

Электромеханикалық ұласу кескіні

Бұлшықеттің жиырылу механизмі

  • Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.

Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.

  • Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.
  • ,,Белсенді демалыс,, туралы түсінікті И.М. Сеченов енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет