Алматы әуежайынан ұшатын барлық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қардың қатты жаууына байланысты Алматы халықаралық әуежайы көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізе алмайды — ауа-райы жақсарғанша рейстер тоқтатылды”, – делінген ақпаратта.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы қонатын ұшақтарға да жабық.

Баспасөз қызметі әуежай ауа-райы жақсара салысымен әуе айлағы жұмысын бастайды деп түсіндірді.

Айта кетейік, бүгін 14 наурызда Алматыда қалың қар жауып, қала жолдарындағы көлік қозғалысын тоқтатқан.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.