Форма № рп-07 17-2009 ж



Дата24.07.2018
өлшемі284.49 Kb.
#37817




«Астана медицина университеті» АҚ

Форма № РП-07.1.17-2009 ж.


Беру күні: 19.11.2009 ж.



Патологиялық анатомия кафедрасы

Тексеру күні:19.11.2009 ж.


Тексеріс #:


Тексеріс #:






СИЛЛАБУС
Патологиялық анатомия пәні бойынша
Пән коды РА 2208
5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына арналған
Дәрістер сағаты - 10
Тәжірибелік сабақтар сағаты - 20
СОӨЖ сағаты - 30
СӨЖ сағаты - 30
Емтихан ІV семестр
Барлығы 90 сағат (2 кредит)
2 курс
ІІІ, IV семестр

Астана 2011 ж.

Силлабус Қазақстан Республикасының 2009 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына арналған патологиялық анатомия пәні бойынша жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған.

Құрастырушылар: м.ғ.д., профессор Манекенова К.Б

ассистент Досмамбетова Ж.Қ.

Силлабус «Астана медицина университеті» АҚ 5В110400 «Медика-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.


Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген


№ ___ хаттама «____» ______________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген


№ ___ хаттама «____» ______________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

Кафедра мәжілісінде талқыланған және бекітілген


№ ___ хаттама «____» ______________ 20___ ж.
Кафедра меңгерушісі________________ Манекенова К.Б.

1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәлімет:
1. Манекенова Кенжеқыз Боранбаевна, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, ғылыми атағы – профессор.

Жоғары квалификациялық категориялы патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 27 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Сот-морфологиялық зерттеулер», «Жасушалық трансплантация».

2. Омаров Талғат Маратович, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 8 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Жасушалық трансплантация».

3. Смайлова Гульзира Құлыбековна, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 8 жыл

Қазақ тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Плацентология»

4. Досмамбетова Жанара Құдайбергеновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 8 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері.

«Токсикоманиялық заттар мен никотиннің бірлескен токсикалық әсері кезіндегі бүйректердің патоморфологиясы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.

5. Попова Марина Романовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 8 жыл

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология»

«Уран кені шаңының ингаляциялық әсері кезіндегі кардио –респираторлық жүйенің патоморфологиясы (эксперименталды зерттеу)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.




6. Сулейменова Айгүл Жолдасовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 3 жыл



7. Перадзе Манана Николозовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 2 жыл



8. Сакипова Айнагүл Қанапияновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 1 жыл


1.8 Байланыс мәліметтері:
Астана қаласы

Сары-Арка көшесі 33

«АМУ» АҚ
Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554
Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» негізінде өткізіледі.


1.9. Пән саясаты:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

  1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі-түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауыстыратын аяқ киім әкелуі міндетті.

  2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі студенттің ұстазбен өзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар ақылы түрде өтеледі.

  3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде ақылы түрде өтейді.

  4. Университеттің мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып-пұл төленеді. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.

  5. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.


Айып шаралары:

  1. Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені үшін және әрбір жіберген тәжірибелік сабақтар үшін қорытынды рейтинг балы 1% пайызға төмендетіледі.

  2. Егер, студенттің рейтингі, қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді.

  3. Емтиханнан «қанағаттанарлық емес» баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.


2.1 Кіріспе

Патологиялық анатомия аурудың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді.

Ол медицина теориясымен қатар, клиникалық жұмысқа да тікелей қатысы бар, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық салаға жататын пән. Зерттеу объектісі аутопсиялық және операциялық-биопсиялық материалдар болып табылады.

Жалпы медицина саласындағы мамандар үшін жалпы патологиялық үрдістердің негізін, аурулардың құрылымдық көріністерін және олардың нәтижелерін білу денсаулық сақтау мекемелерінде профилактикалық, емдік, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аса қажет.


2.2 Пәннің мақсаты

Студенттерде адамның маңызды аурулары мен жалпы патологиялық үрдістердің морфологиялық негізі туралы түсініс қалыптастыру.


2.3 Пәннің міндеттері

  • ағзалар құрылымының (тіндер, жасушалар) өзгерістерін макро- және

микроскопиялық деңгейде анықтауға үйрету;

  • стереотипті жалпы патологиялық үрдістердің құрылымдық негізін

анықтауды үйрету;

  • адамның маңызды ауруларының морфологиялық көрінісін анықтауды

үйрету;

  • патологиялық үрдістерді ажырату және гистологиялық препараттарды

микроскопиялау дағдысын қалыптастыру;

2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері

Студент

білуге тиісті:

  • компенсациялық және бейімделу үрдістердің құрылымдық негізін;

  • стереотиптік жалпы патологиялық үрдістердің құрылымдық бейнесін;

  • адамның ең маңызды ауруларының құрылымдық негізін;

істей алуға тиісті:

  • негізгі жалпы патологиялық үрдістердегі өзгерістерді макро- және жарық оптикасы деңгейлерінде өзара ажырата білуді;

  • адамның ең маңызды аурулары кезінде ағзаларда орын алған патоморфологиялық өзгерістерді тануды;

  • патоморфологиялық өзгерістер жиынтығына сүйене отырып, патологиялық үрдістер жайлы тұжырым жасауды;

дағдыларын игеруге тиісті:

  • әр түрлі патологиялық үрдістер мен адамның ең маңызды ауруларының микроскопиялық өзгерістерін сипаттауды;

  • патогистологиялық препараттарды микроскоппен зерттеуді;

  • патогистологиялық препараттардық суретін салуды.


2.5 Пәннің алғы реквизиттері: экология, молекулалық биология мен медициналық генетика, биохимия, анатомия, физиология, гистология.

2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: клиникалық медицинаға кіріспе, инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Патологиялық анатомия медициналық жоғарғы оқу орнында дәрігерлерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып саналады. Еңбек ету саласына қарамастан дәрігер патологиялық жағдайлардың патоморфологиялық көрінісі мен морфогенезі жайлы жасушалық, мүшелік және ағзалық деңгейдегі көріністерін жеткілікті білуге міндетті.


2.7 Тақырыптық жоспар
2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сағат-тар саны




1-ші кредит







1.

Зақымдану (альтерация). Дистрофиялар.

Жалпы шолу дәрісі

1

2.

Қан айналымының бұзылуы.

Жалпы шолу дәрісі

1

3.

Қабыну.

Жалпы шолу дәрісі

1

4.

Адаптация және бейімделу үрдістері.

Жалпы шолу дәрісі

1

5.

Ісіктер. Морфо- және гистогенезі.

Жалпы шолу дәрісі

1




Сағат саны: 5










2-ші кредит







1.

Тыныс алу жүйесінің аурулары.

Жалпы шолу дәрісі

1

2.

Ас қорыту жүйесі мен бауыр аурулары.

Жалпы шолу дәрісі

1

3.

Зәр шығару және жыныстыќ жүйелердің аурулары.

Жалпы шолу дәрісі

1

4.

Инфекциялық аурулар.

Жалпы шолу дәрісі

1

5.

Кәсіптік аурулар.

Жалпы шолу дәрісі

1




Сағат саны: 5










Барлық сағаттар саны: 10









2.7.2. Тәжірибелік сабақтар тақырыптарының жоспары



Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаттар саны




1 кредит







1.

Паренхималық, строма-тамырлық дистрофиялар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

2.

Аралас, минералды дистрофиялар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

3.

Тромбоз. Эмболия. Инфаркт

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

4.

Экссудациялық қабыну.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

5.

Ағзалық ерекшелігі бар эпителий ісіктері.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2




Сағат саны:




10




2 кредит







1.

Тыныс алу ағзаларының жедел қабынулық аурулары.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

2.

Өңештің аурулары. Асқазан мен он екі елі ішектің аурулары.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

3.

Гломерулопатиялар. Тубулопатиялар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

4.

Ауа-тамшылы вирустық және бактериялық инфекциялар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

5.

Пневмококкоздар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2




Сағат саны:




10




Барлық сағаттар саны:




20



2.7.3. Студенттің оқытушымен өз бетінше істейтін жұмыстарының тақырыптық жоспары



Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағаттар саны




1 кредит







1.

Некроз.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

2.

Артериялық және веналық толыққандылық. Ишемия. Қан кету. Стаз.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

3.

Пролиферациялық қабыну.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

4.

Адаптация және бейімделу үрдістері.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

5.

Мезенхималық ісіктер.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Тесттерді шешу.



2

6.

Меланин түзуші және жүйке жүйесінің ісіктері.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

7.

Қан түзуші және лимфоидты тіндердің ісітері.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

8.

Аралық бақылау.

1. Тест тапсырмалары.

2.Ситуациялық есептер.



1




Сағат саны:




15




2 кредит







1.

Өкпенің созылмалы ерекшеліксіз аурулы. (ӨСЕА).

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

2.

Бауыр мен өт жолдарының аурулары.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

3.

Ішек инфекциялары.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

4.

Туберкулез.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

5.

Сепсис. Мерез.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

6.

Физикалық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

7.

Иондық сәулелер, биологиялық және химиялық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар.

1. Тақырыпты қысқаша талдау.

2. Макропре-параттарды сипаттау.

3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.


2

8.

Аралық бақылау

1. Тест тапсырмалары.

2.Ситуациялық есептер.



1




Қорытынды консультация









Сағат саны:




15




Барлық сағаттар саны:




30


2.7.4 Оқытушылардың кеңес беру уақыты:

Студенттерге кеңес беруді, кафедра меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес, кезекші оқытушы жүзеге асырады.


2.8. Студенттің өз бетінше істейтін жұмыстарының

тақырыптық жоспары. (СӨЖ)



Тақырыбы

Тапсырма

Тапсыру мерзімі




1 кредит






1.

Жасуша патологиясы.

Тест тапсырмалары мен ситауциялық есептер құрастыру.

1 кредит соңына дейін

2.

Анемиялар.

Дифференциалды диагностика кестесін толтыру.

1 кредит соңына дейін

3.

Тератомалар.

Тақырып бойынша оқу-иллюстрацияланған дәріс жазу.

1 кредит соңына дейін

4.

Иммуннопатологиялық үрдістер.

Дифференциалды диагностика кестесін толтыру.

1 кредит соңына дейін

5.

Тромбоцитопениялар, тромбоцитопатиялар.

Реферат даярлап, оны қорғау.

1 кредит соңына дейін




Сағат саны:




15




2 кредит







1.

Авитаминоздар.

Тақырып бойынша оқу-иллюстрацияланған дәріс жазу.

2 кредит соңына дейін

2.

Ішек аурулары.

Дифференциалды диагностика кестесін толтыру.

2 кредит соңына дейін

3.

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулар (микоздар).

Тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер құрастыру.

2 кредит соңына дейін

4.

ЖИТС. АИВ-инфекциясы.

Тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер құрастыру.

2 кредит соңына дейін

5.

Оба. Тырысқақ. Туляремия. Сібір жарасы.

Реферат даярлап, оны қорғау.

2 кредит соңына дейін




Сағат саны:




15




Барлық сағаттар саны




30


2.9 Ұсынылатын әдебиеттер

Қазақ тілінде

Негізгі:

  1. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алмат. – 2003. – 393 б. – 2009. – 680 б.

  2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996. – 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.

  3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы, Қарағанды: «Ғылым», «Қазақстан». – 1996. – 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.

Қосымша:

  1. Сейсембеков Т.З., Тәменов А.Е., Айтқұлов М.Т. Ішкі аурулар //

Алматы. – 1995. – 298 б.

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева. – М.: Медицина, 1998. – 640 с. (Учеб. лит. для студ. мед. вузов)).

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н., Патологическая анатомия: Учебник. Том 1,2. М.: Медицина, 2001.

3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. – Ташкент, 1998. – 300 с.



Қосымша:

1. Пальцев М.А., Пауков П.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002. – 959 с.

2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб.пос. // В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен. – М.: Медицина, 1998. – 544 с. (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

3. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник / А.И.Струков, В.В.Серов. – 4-ое изд., стереотип. – М.: Медицина, 1995. – 688 с. (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

4. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. – М.: Медицина, 1986. – 350 с.

Ағылшын тілінде

Негізгі:

1. Robbins S.W., Kumar V. Basic Pathology // 6 nd Ed, Saunders Company. – Филадельфия – Лондон – Торонто – Сидней, 2003. – 158 р.



2.10 Оқу және оқыту әдістері

Дәрістер: жалпы шолу түрінде.

Тәжірибелік сабақтар: кіші топтарда жұмыс, клиникалық жағдайларды талдау, дискуссиялар, патогистологиялық атласпен жұмыс жасау, макропрепараттар мен микропрепараттарды сипаттау, тест тапсырмалары мен ситуациялық есептерді шешу.

Студенттің оқытушымен өз бетінше істейтін жұмыстары: оқытушының белсенді кеңесінің көмегімен макро- және микропрепартаттардағы ағзалар мен тіндердің морфологиялық өзгерістерін сипаттау, кіші топтарда жұмыс жасау, басқа да пәндермен сабақтас 1 -2 клиникалық жағдайларды талдау.
Студенттің өз бетінше істейтін жұмыстары: студенттердің оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс жасауы, электрондық информация тасымалдаушыларымен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын өз бетінше шешу, өз бетінше дифференциалды диагностика кестелерін толтыру, рефераттар дайындау, өз бетінше оқитын тақырыптар бойынша оқытушымен кеңесу.
2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:
Тәжірибелік сабақтар:

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін, морфогенезін, морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін біліп, мүшелер мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алса, және өз білімін тесттік тапсырманың 85% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «өте жақсы» деген баға қойылады.

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін, негізгі морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін біліп, мүшелер мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алса, және өз білімін тесттік тапсырманың 75%- 84% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «жақсы» деген баға қойылады.

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбына сәйкес анықтамасы мен жіктелуін нақты айта алмаса, морфологиялық белгілерін, патологиялық үрдістің нәтижелерін түгел атамаса, тіндер мен мүшелердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді дәл сипаттамаса, және өз білімін тесттік тапсырманың 61%-74% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «қанағаттанаралық» деген баға қойылады.

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін білесе, негізгі морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін атай алмаса, мүшелер мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алмаса, және тесттік тапсырма бойынша

жауабы 61% пайыздан төмен болған жағдайда «қанағаттандырарлықсыз» деген баға қойылады.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (ГОСО РК ) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) қалыптасқан бағалау жүйесімен бағаланады (2 – қанағаттандырарлықсыз, 3 – қанағаттанарлық, 4 – жақсы, 5 - өте жақсы).

Студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы:

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін, морфогенезін, морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін біліп, ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алса, және өз білімін тесттік тапсырманың 85% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «өте жақсы» деген баға қойылады.

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін, негізгі морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін біліп, ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алса, және өз білімін тесттік тапсырманың 75%- 84% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «жақсы» деген баға қойылады.

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбына сәйкес анықтамасы мен жіктелуін нақты айта алмаса, морфологиялық белгілерін, патологиялық үрдістің нәтижелерін түгел атамаса, тіндер мен ағзалардағы макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді дәл сипаттамаса, және өз білімін тесттік тапсырманың 61%-74% пайызына жауап беруімен дәлелдеген жағдайда «қанағаттанаралық» деген баға қойылады..

Студент тәжірибелік сабақтың тақырыбымен сәйкес, анықтамасын, жіктелуін білесе, негізгі морфологиялық белгілерін, асқынуын және патологиялық үрдістің нәтижелерін атай алмаса, ағзалар мен тіндердегі макроскопиялық және микроскопиялық өзгерістерді сипаттай алмаса, және тесттік тапсырма бойынша жауабы 61% пайыздан төмен болған жағдайда «қанағаттандырарлықсыз» деген баға қойылады.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (ГОСО РК ) балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) қалыптасқан бағалау жүйесімен бағаланады (2 – қанағаттандырарлықсыз, 3 – қанағаттанарлық, 4 – жақсы, 5 - өте жақсы).


Студенттің өзіндік жұмысы:

Егер дифференциалдық диагностика кестелері, презентация материалы, реферат, құрастырылған ситуациялық есептер мен тест тапсырмалары таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, тақырыпты толық ашса және дер кезінде тапсырылса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

Егер дифференциалдық диагностика кестелері, презентация материалы, реферат, құрастырылған ситуациялық есептер мен тест тапсырмалары таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, бірақ тақырыпты толық ашпай, мезгілінен кеш тапсырылған жағдайда «жақсы» деген баға қойылады.

Егер дифференциалдық диагностика кестелері, презентация материалы, реферат, құрастырылған ситуациялық есептер мен тест тапсырмалары таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келмесе, таңдап алынған тақырыпты толық ашпаса «қанағаттанаралық» деген баға қойылады.

Егер дифференциалдық диагностика кестелері, презентация материалы, реферат, құрастырылған ситуациялық есептер мен тест тапсырмалары белгіленген аралық бақылауға дейін тапсырылмаса «қанағаттандырарлықсыз» деген баға қойылады.
Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (ГОСО РК ) балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) қалыптасқан бағалау жүйесімен бағаланады (2 – қанағаттандырарлықсыз, 3 – қанағаттанарлық, 4 – жақсы, 5 - өте жақсы).
Оқушының оқудағы жетістіктері келесі жолмен анықталады:

ҚБ= ЖРБ Х 0,6 + ҚББ Х 0,4

ҚБ- қорытынды баға

ЖРБ- жіберу рейтингінің бағасы

ҚББ- қорытыныды бақылаудың бағасы
Жіберу рейтингінің бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60% пайызын құрайды.

Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% пайызын құрайды.

Жәберу рейтингінің бағасы келесі жолмен анықталады:

ЖРБ= (АББ Х 0,3 + АрББ Х 0,5 + СӨЖ Х 0,2) :

АББ- тәжірибелік сабақтар мен студенттің ұстазбен өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы

АрББ - аралық бақылаулардың қорытынды бағасы

СӨЖ - студенттің өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы
Жіберу рейтингінің пайызы келесі жолмен анықталады:

ЖРБ Х 100%

5

Жіберу рейтингі 50% пайызқорытынды баға есептелмейді.


Қорытынды баға келесі кестеге сәйкес қойылады:


№ р\н

Әріп

Сандық эквиваленті

Рейтинг (%)

Баға

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А-

3,67

90-94

«жақсы»


3

В+

3,33

85-89

4

В

3,0

80-84

5

В-

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»



7

С

2,0

65-69

8

С-

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттандырарлықсыз»

Каталог: obrazovatelnaya deyatelnost -> dean 39 s office internships and employment -> department of internal medicine internship and residency
department of internal medicine internship and residency -> Ақмола облысының Әкімдігі
department of internal medicine internship and residency -> Форма № рп-07 17-2009 ж
department of internal medicine internship and residency -> Форма № рп-07 17-2009 ж
department of internal medicine internship and residency -> Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы
department of internal medicine internship and residency -> Методические рекомендации для практических занятий
obrazovatelnaya deyatelnost -> Компьютерные вирусы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет