25 қаңтарда Кендариден ел астанасы Джакартаға бағыт алған Batik Air Индонезия ұшағында қатерлі оқиға орын алды. Тергеу көрсеткендей, екі ұшқыш, 32 жастағы капитан мен 28 жастағы бірінші офицер ұшу кезінде шамамен 28 минут ұйықтап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: CNN

Индонезияның көлік министрлігі ұшқыштарға қатысты тергеуді бастады. Крейсерлік биіктікте екі ұшқыш құлаққаптарын шешіп, ассистенттен ұщақты уақытша басқаруды сұраған.

Бірінші офицер капитан оянғанша 40 минут бойы ұшқыш қызметін атқарған. Сосын, басқаруды капитанға ұсынғанда белгісіз себептермен бас тартқан.

Ұшуға 90 минут қалғанда екінші ұшқыш "кездейсоқ ұйықтап қалған".

"Әрекетсіздік кезінде әуе қозғалысын басқару қызметі ұшқышпен байланысу үшін бірнеше рет әрекеттенген. Капитан шамамен 28 минуттан кейін оянып, ұшақтың жоспарланған бағытынан ауытқығанын түсінді", — делінген хабарламада.

Алдын ала есеп бойынша командир ұшқыш оянғаннан кейін диспетчерлерге ұшу кезінде "радиобайланыс мәселесі" пайда болғанын айтып, шешімін тапқанын түсіндірген.

“Ұшу кезінде ұшақта 153 жолаушы мен төрт стюардесса болды. Борттағылардың ешбірі зардап шекпеді. Ұшақ зақымданбады. BTK6723 рейсі 2 сағат 35 минутқа созылып, Джакартаға сәтті қонды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.