Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: news.bitcoin.com

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылдың наурыз айында Д.И. Дәулетов, А.Т. Жанасаевтың жетекшілігімен құрамында К.А. Құдасов, О. Б.Жайлаубай және басқа да тұлғалар бар қылмыстық топ "Аuto Seller" ЖШС деген атпен автокөлік құралдарын жоғары бағамен сатып алып, төмен бағамен сатумен айналысатын қызметті жамылып, қаржы пирамидасын құрған.

"Аuto Seller" ЖШС басшылары автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) екі-үш ай ішінде тең бөліктермен төлей отырып, нотариалды куәландырылмаған сатып алу-сату шарттарын жасасып, олардың автокөліктерін 20%-ға қымбат сатып алуды ұсынған.

Содан соң бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды. Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 миллион теңге болды.

Сот Д.И.Дәулетовты 9 жылға, А.Т.Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.