Г. А. Жолдасова «Бекітемін» Бейнелеу өнері және технология кафедрасының меңгерушісі Н. А. Хамзин «Бекітемін» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Набидоллина. Сабақ



Дата10.05.2019
өлшемі0.99 Mb.
#141274
түріСабақ


«Бекітемін» ______________

Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.А.Жолдасова



«Бекітемін» ______________

Бейнелеу өнері және технология кафедрасының меңгерушісі Н.А.Хамзин



«Бекітемін» ______________

Директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары Ш.С.Набидоллина.


Сабақ жоспары



Пәні:

Сурет негіздері

Тобы:

1аКШИЧ

Уақыты:




Пән оқытушысы:

Мұқашев Мұхамбет Сұпығалиұлы.

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтану ерекшелігіне байланысты көлем көрсету.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Жарық, жарықтану туралы жалпы мәлімет беріп, белгілі суретшілердің өз шығармаларында кеңістікті, көлемді көрсетуде жарық, көлеңке заңдылықтарын пайдалануы туралы ақпарат бару.




Ә) коммуникативтік құзыреттілік


Жарық, жарықтану туралы студенттердің дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру. Жазықтық бетінде орындалатын көлемді денелер бейнесін салуда жарықтану ерекшеліктерін, заңдылықтарын дұрыс пайдалану іскерлік дағдыларын дамыту.


Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Берілген натюрморт құрамындағы әр заттың жасанды жарықтану нәтижесінде пайда болған жарық, көлеңке ізін анықтап, олардың кеңістіктегі көлемін штрихтау әдісімен көрсету.


Сабақтың түрі:

Білім мен іскерлікті қалыптастыру.


Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, машықтық.


Пәнаралық байланыс:

Дүниетану, сызу,математика.


Оқыту құралдары:

Сенсорлық тақта, нтюрморт /құмыра, тасқұман, картоп муляжы, мата/.


Студенттер үшін құрал-жабдықтар:

А3 қағазы, №Н1, НВ, В2 қарындаш, өшіргіш.




Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттерге амандасып ілтипат білдіру. Жұмыс орнының әзірлігін тексеру.

Амандасып ықылас білдіреді. Жұмыс орындарын сабаққа әзірлейді.

Қарым-қатынас орнайды. Сабақты өтуге жағдай жасалады.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

Өз бетімен орындауға тапсырылған нобайларды жинап тапсыру сұралады.

Өз бетімен орындауға тапсырылған нобайларды кезекші арқылы жинап тапсырады.

Студенттердің өз бетімен жұмыстану деңгейі анықталады.

ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Студентердің өткен сабақтардағы жарық, көлеңке заңдылықтары туралы білімдерін жаңғырту, жаңа материалды қабылдауға дайындау мақсатында бірнеше сұрақтар қойылып, ой пікірлері тыңдалады.

Қазақ халқының дүниетанымында жалпы жарыққа байланысты көптеген сөздер бар. Олар мысалы: көрер жарығың көп болсын, алдың жарық болсын, жарық дүние есігін ашты, жарығың сөнбесін, жарығы таусылды деген сияқты.


Халқымыз дүнйетанымында күннің атқанынан батқанына дейінгі жарықтануын қандай кезеңдерге бөліп атағандығын айтып көрейік.

Екіндіде ел тастама деген бар.

Берілген графикалық натюрморт бейнесіндегі жарық көлеңке ізін анықтап белгілеу тапсырылады


Сөздердің мағынасын ашып талдайды : ғұмыр жасың ұзақ болсын, өмірде жолың болсын, дүниеге келді, ұзақ жаса, дүниеден өтті, көз жұмды деген ұғымдар.



группа 289


прямая соединительная линия 290прямая соединительная линия 293прямая соединительная линия 294
Жартылай көлеңке

Негізгі көлеңке
прямая соединительная линия 297 прямая соединительная линия 295 прямая соединительная линия 296

Жылт

Рефлекс

Жарық


Құлама көлеңке


Жаңа материалды қабылдауға қызығушылығы оянады.


Өткен сабақта алған білімі анықталады,бекиді.
Ұлттық дүниетанымы қалыптасады.

Сөздік қоры молаяды

Өткен сабақта алған білімі анықталады,бекиді.


ІҮ. Жаңа материалды меңгерту

Жаңа тақырып «Жарықтану ерекшелігіне байланысты көлем көрсету»

Кеңістіктегі көлем дегенді қалай түсінесінесіздер? Оған жауап беру үшін математика, геометрия, сызу пәндерінен алған білімдеріңізді пайдалануға болады. Ал жазықтық дегенді қалай түсінесінесіздер?

Бейнелеу өнерінде жазықтық бетінде көлемді нәрсені көрсетіп бейнелеу үшін қандай заңдылықты қолданады?

Ендеше бейнелеу өнерінің көркемдік құралы ретінде нәрсенің көлемін, түстік, материалдық ерекшелігін, жазықтықтағы тереңдікті көрсетуде жарықтың маңызы зор. Жарық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Шығарманың көркемдік мазмұнын, суретшінің ойын, бейнедегі заттардың көркемдік көлемін көрсету үшін суретшілер жарықтану ерекшеліктерін кеңінен пайдаланады.

Жарықтану ерекшелігі деп жарықтың нәрселерге түсу бағытын айтамыз. Ол : оң жағынан горизонталь түсу, оң жағынан көлбеу түсу, дәл үстінен түсу, сол жағынан көлбеу түсу, сол жағынан горизонталь түсу, қарсы жарық түсу және мақсатты жарықтандыру деп бөлінеді.

XVII ғасырдағы белгілі Голланд натюрмортшы суретшісі Виллем Кальф өз шығармашылығында мақсатты жарықтандыру әдісін кеңінен қолданған.

Қазақстан халық суретшісі қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб», «Кешқұрым» шығармаларының жарықтану ерекшеліктері көрсетіледі.




 

группа 315 Қазақстан халық суретшісі Сахи Романовның  

«Ханға тағзым етуші бала», «Терезеден қарағандағы Алматы көрнісі» шығармаларын талдау.



группа 316


Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Камиль Муллашевтың атақты шығармасы Франция суретшілер академиясының күміс медалімен марапатталған «Жер және уақыт. Қазақстан» триптихі таныстырылып, суретшінің Елбасының қабылдауында болғаны көрсетіледі. /Бейнебаян/

группа 321

Кеңістіктегі үш өлшемді дене. Оның математикалық белгіленуі- СМ3, М 3

Жазықтық екі өлшемді болып келеді.

Оның математикалық белгіленуі- СМ2, М 2

Жазықтықтықтар фронталь, профиль, горизонталь болып бөлінеді.
Жарық, көлеңке заңдылығын.
группа 326 группа 328


«Түрксіб» шығалмасында суретші кеңістікті, көлемді көрсетуде оң жақтан түскен табиғи жарықты пайдаланған.

«Кешқұрым» шығармасында қарсы түскен жарықты пайдаланған.

Суретші «Ханға тағзым етуші бала» иллюстрациясында үстінен түскен жарықты, ал «Терезеден қарағандағы Алматы көрнісі» натюрмортында қарсы түскен жарықты пайдаланған.

«Жер және уақыт. Қазақстан» триптихінде суретші шығарманың тақырыптық, композициялық мазмұнын ашу мақсатында сол жақтан көлбеу түскен табиғи жарықты пайдаланған.


Кеңістіктегі көлем, жазықтық туралы білімдерін еске түсіріп бекітеді. Көлем, жазықтық туралы образдық елестету қабілеті қалыптасады

Жарық түрлерімен танысады.

Жарықтану ерекшеліктері туралы түсініктері қалыптасады.

Қазақстан халық суретшілерінің шығармашылығымен танысады.

Бейнелеу өнері шығармаларын талдау арқылы өнерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау дағдысы қалыптасады.
Жарықтануды және жарық, көлеңке заңдылығын суретшілер өз шығармашылық әрекеттерінде қолдану әдістерін түсінеді.

Елбасының өнерге, өнер қайраткерлеріне деген құрметті көзқарасын, қолдауын сезінеді.


Ү. . Машықтық кезең.

Өткен сабақта жазықтық бетінде композициялық шешімін тауып, конструктивтік құрылысын анықтап бейнеленген үш заттан тұратын натюрмортың сол жағынан көлбеу жасанды жарықтандыру арқылы заттардың көлемін шығару жұмысы тапсырылады.

Машықтық жұмыс барысы қадағаланып, жеке немесе жалпы нұсқау беріледі.




Әр түрлі штрихтау тәсілімен жарықтану ерекшелігін ескере отырып натюрморт құрамындағы заттардың көлемін, материалдық, реңдік ерекшеліктерін көрсетіп бейнелейді.




Жарық, көлеңке заңдылықтары бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастырады.

Бейненің көлемін шығару іскерлік дағдылары қалыптасады.



ҮІ. Білімдерін бекіту


Студенттердің жұмыстары көрме ретінде қойылып кемшіліктер мен жетістіктер талданады.
Білімдерін тексеру, бекіту мақсатында тест тапсырмалары

1.Көлем қалай белгіленеді?



А – М22; Б – СМ3,М3; В – СМ3, М3.

2.Жер бетінің бейнесі қандай жазықтыққа жатады?



А - фронталь; Б - горизонталь; В – профиль.

3.Жазықтық бетіне түскен заттың көлеңкесі қалай аталады?



А - рефлекс; Б - жылт; В – құлама.

4.Мақсатты жарықтандыру әдісн кеңінен

қолданған суретші.

А – С.Романов; Б – В.Кальф; В – К.Муллашев.

5.Күміс жүлде алған шығарма.



А - Жер және уақыт. Қазақстан; Б - Түрксіб;

В – Ханға тағзым етуші бала.


Студентер өз ара жұмыстарды талдап, кемшіліктер мен жетістіктер анықтап, пікірлерін білдіреді.


Тестіні белгілеу парағы

Студенттің аты-жөні_____________

Тобы ___


1

2

3

4

5

А

А

А

А

А

Б

Б

Б

Б

Б

В

В

В

В

В

Дұрыс жауап саны______________

Қате жауап саны______________



Өзінің және өзгенің жетістіктері мен кемшіліктерін саралай білу дағдысы қалыптасады.

Білім деңгейлері анықталады, бекиді.

Бейнелеу өнері тарихына қызығушылығы оянады.



ҮІІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау.

1.Сабақта аталған суретшілер шығармашылығымен терең танысып, ақпарат жинау.

2.Айналмалы көлемді заттардың нобайларын орындау



Үй тапсырмасын жазып алады.

Өз бетімен іздену дағдысы қалыптасады.

Сурет салу іскерліктері артады.







Каталог: old -> images -> M images -> ashik sabak
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Зейін Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері: а ақпараттық
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Морфология. Сөз тұлғасы Мақсат-міндеттері а ақпараттық құзыреттілік
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақ жоспары. Оқытушы: А. Б. Журекенова Орал -2014
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Микроағзалар селекциясы. Биотехнология
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, әділдік Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев. «Табиғат лирикасы»
ashik sabak -> Тєрбие саѓатыныњ жоспары
ashik sabak -> Сабақтың тақырыбы Теңдеулерді шешуде тригонометриялық алмастыруды қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет