Жапон Киотосындағы аниме студиясын өртеп жіберген ер адам өлім жазасына кесілді. 2019 жылдың 18 шілдесінде болған өртте 36 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: GETTY IMAGES

Кейінгі 10 жылдың ішінде мұндай жантүршігерлік жағдай Жапонияда болмаған. Өрт салдарынан жас суретшілер қаза тапты.

45 жастағы жапон азаматы Синдзи Аоба өртті жасағаны үшін кінәсін мойындады. Алайда оның адвокаттары бұл әрекетіне қарамастан, оған жеңіл жаза беруді сұраған.

Судьялар бұл өтінішке келіспей, Аоба жасаған әрекеттерін мойындағанын есепке алып отыр.

2024 жылдың 25 қаңтарында бас судья Киото аудандық сотында айыпталушының қылмыс жасаған кезде ақыл-есі дұрыс болмағанын анықтағанын айтты.

"36 адамның өлімі бұл өте қайғылы жағдай. Көз жұмғандардың өрт кезіндегі қорқынышы мен азабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін", – деді ол NHK хабарында.

  • АҚШ-та өлім жазасына кесілген адамды алғаш рет азотпен тұншықтырмақ

  • "Жыныс мүшелерін кесіп, өртеді": ХАМАС содырларының шабуылын көзімен көрген көрген куәгер әйелдердің қалай азапталғанын айтып берді

Өрт кезінде аниме студиясының көптеген қызметкері өрт кезінде ғимараттың жоғары қабаттарында қалып қойып, қаза тапқан.

Куәгерлердің айтуынша, 2019 жылдан бері сотталушы қастандық жасауға ойы болған. Ол аниме ғимаратының бірінші қабатына кіріп, "өліңдер" деп жанармай шашқан.

2023 жылдың қыркүйегінде сотта өзінің кінәсін мойындай отырып, Аоба ғимаратта көп адам болады деп ойламағанын айтты.

Өртті ұйымдастыру кезінде айыпталушының да денесін 90% күйік шалған. Тиісті ем алғаннан кейін ол қамауға алынды. Жапонияда кісі өлімі үшін өлім жазасы беріледі.

Өртенген аниме студиясы ең танымал фильмдер түсіретін ғимарат. Олардың расында көбіне белгілі "K-On!" және "Харухи Сузумияның меланхолиясы" графикалық романдар жарыққа шыққан.

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.