Г.Ә.Әлиханның коучинг жоспары



жүктеу 40.71 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі40.71 Kb.

Г.Ә.Әлиханның коучинг жоспары


Коучинг тақырыбы

Инклюзивті оқыту

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерге инклюзивті оқытудың қажеттілігін айтып өту, сезіндіру, көз жеткізу, ерекше білім алуды қажет ететін балаларды оқытудағы қиындықтарды шешу жолдарын табу.

Күтілетін нәтиже

Оқытушылар мүмкіндіктері шектеулі балалар жайлы мағлұматтармен толық таныс болып, оларды оқытып-үйретудің формасын, жолдарын жасауға дайын болады.

Негізгі идеясы

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Пайдаланылған әдебиет

1. Шаяхметова М.Н.Инклюзивті оқытудың ерекшеліктері қандай?

2. Жанабай А.М. Инклюзивті білім беру – қайырымдылық пен адамгершілік бастауы

3. Мұғалімге арналған нұскаулық: Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым, 2014.

4. Жартынова Ж.А., Касымова А.А., Корнилова Т.Б., Оракова А.Ш. Настольная книга учителя-коуча. Алматы, 2014.




Барысы


Өтілу уақыты

90 минут

Мұғалімнің және қатысушылардың іс-әрекеттері

Ұйымдастыру кезеңі

10 мин

Қатысушылармен сәлемдесу.

Суреттер таңдау арқылы топқа бөліну.

Психологиялық ахуал орнату (топ аты мен ұранын ойластырып, топтан топқа сәлем жолдау) «Достарға тілек».


«Миға шабуыл»

Кластер жасау



10 мин

Инклюзивті оқыту дегеніміз не?

(Барлық балаға берілетін білім. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде оқуы. Білім берумен барлық баланы қамту.)

ББ кестесінің І бөлігін толтыру


Білемін

Білдім

Инклюзивті оқыту – сау балалар мен мүгедек балалардың бірігіп оқуы...







Топпен жұмыс


10 мин

1-топ: инклюзивті оқытудың қажеттігін дәлелдейтін 3 пайдалы тұсын атаңыз.

2-топ: мүмкіндігі шектеулі балалардың бөлек оқуы қажеттігін растайтын 3 мысал келтіріңіз.

3-топ: Қазақстанда инклюзивті оқытуды қолға алу жөніндегі іс-әрекеттер жайлы мәліметтер жинақтаңыз.


Рефлексия

3 мин

«Мүмкіндігі шектеулі балалар» деген терминге көзқарасыңыз қалай?

(қатысушылар жауаптары)

Коуч: жақында бұл ұғымды адамгершілік тарапынан қарастырыла отырып, «ерекше білімді қажет ететін балалар» деген терминмен атау ұсынылды.


Презентациямен таныстыру

7 мин

Презентацияны пайдалана отырып, қатысушыларды инклюзивті оқыту бойынша қосымша деректермен таныстыру.

Жеке тапсырма мини-эссе жазу:


5 мин

«Инклюзивті оқыту қаншалықты қажет?»

Мини-эссені стикерге жазып, Қайырымдылық ағашына іледі:

жасыл бөлігіне «+» қажет жақтары,

сары бөлігіне «-» қажетсіз жақтары.



Видеоролик көрсету

15 мин

Кытай балеті «Батырлық үлгісі»

Топтық жұмыс

3 мин

Топта талдау: Балет бишілері жеңіске жету мүмкіндігіне қалай қол жеткізді? Оның құпиясы, кілті неде? Осындай жандардан не үйренуге болады?

(Әр топ қорғаушылары өз пікірлерін ортаға салады).



Постермен жұмыс

15 мин

Мүмкіндігі шектеулі балалар да оқитын инклюзивті мектеп қандай болуы керек?

(мектеп үлгісін салыңыз).



«Карусель» әдісі

5 мин

Постермен жұмысқа топаралық толықтырулар енгізу

Рефлексия

5 мин

ББ кестесінің ІІ бөлігін толтыру

Білемін

Білдім




Инклюзивті оқыту...




Қорытынды Бағалау

2 мин

Анкета сұрақтары:

1.Бүгінгі коучинг мақсаттары сізге түсінікті болды ма?

2. Коучинг барысында жаңа әдістер қолданылды ма?

3. Өзіңіз коучинг сабағына қызығушылық таныттыңыз ба?

4. Коучинг-сессия барысында сізге жаңа мағлұматтар берілді ме?

(сұрақтарға «ия», «жоқ» деген жауаптар алынады).





Сұрақтар

«ия»


«жоқ»




Каталог: uploads -> doc -> 093e
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
093e -> Қысқа мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет