Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)



жүктеу 464.88 Kb.
бет1/2
Дата14.03.2018
өлшемі464.88 Kb.
түріКодекс
  1   2

«Kaspi Bank» АҚ кредит картасына қызмет көрсетудің және оны берудің стандарт ережелері


Осы «Kaspi Bank» АҚ кредит картасына қызмет көрсетудің және оны берудің стандарт ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 388-бабында көзделген тәртіппен шарттардың үлгілік ережелерін, шартта осы ережелерге сілтемелер болғанда, анықтау мақсатында, Клиент пен «Kaspi Bank» АҚ (бұдан әрі – Банк) арасындағы төлемдік кредит картасын беруге және оған қызмет көрсетуге, сондай-ақ ағымдағы банктік және жинақ шоттарын ашу, оларды жүргізу және жабу қызметін көрсетуге және Клиентке басқа банктік қызмет көрсетуге байланысты қатынастарды реттеу үшін әзірленді.


  1. Жалпы ережелер

    1. Ережелердің, өтініштердің және Клиент пен Банктің арасында шарттарды іске асыруға байланысты қатынастардың туындауына байланысты ресімделетін құжаттардың негізінде жасалатын шарттардың мақсаты үшін пайдаланылатын терминдердің, анықтамалар мен қысқартулардың мынадай мағынасы бар:

      1. Авторландыру – Картаны пайдаланып төлем жасауға Банктің берген рұқсаты. Авторландыруды алу рәсімі ХТЖ-ның ішкі ережелеріне және/немесе Төлем жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға және/немесе Клиентпен жасалған шартқа сәйкес белгіленеді. Авторландыру автоматтандырылған режимде электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы (бұдан әрі – «автоматтандырылған режим») немесе телефон байланысын пайдалану арқылы дауыс шығаратын режимде (бұдан әрі – «дауыс шығаратын авторландыру») жүзеге асырылады;

      2. Картаны іске қосу – Банк Картаны шығарған кезде Клиенттің Банктің Төлем лимитінен немесе Банк ұсынатын кез келген тәсілмен қандай да бір басқа талаптардан тыс Авторландыруды беруден бас тартуын көздейтін Картаны пайдаланып шығыс операцияларын жүргізуге белгіленген техникалық шектеуді жою рәсімі;

      3. Банктік қызмет көрсету – Кешенді банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банктің көрсететін ақылы банктік қызметі;

      4. Тосқауыл қою – Картаны пайдаланып төлем жасауға және/немесе Операцияларды жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;

      5. Қайтарылатын төлем – Банкке жазбаша шағым және т.с.с. беру арқылы Клиенттің Картаны пайдаланып жүргізген шығыс операциясына наразылығын білдіруі және Банктің Клиенттің шағымын дәлелді деп мойындауы салдарынан Картаға қызмет көрсету шотына аударылған ақша;

      6. Грейс-кезең – шарттарда көзделген комиссиялар Ережелерге сәйкес есептелмейтін және ұсталмайтын немесе кейбір қызмет ақысын төлеуге жеңілдік берілетін, немесе Ережелерде көзделген шарттардың талаптарын басқалай жеке уақытша жақсартулар берілетін уақыт кезеңі. Грейс-кезең бір немесе бірнеше адамдарға, Банктің анықтайтын уақыт аралығында бір немесе бірнеше Операцияға қатысты қолданылуы мүмкін. Грейс-кезеңін беру талаптарын Банк тиісті ақпаратты www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы және/немесе SMS-хабар және/немесе жазбаша хабарлама жолдау арқылы хабарлайды;

      7. Кешенді банктік қызмет көрсету шарты/Шарт – Банк белгілеген нысан бойынша Клиентпен жасалатын, Картаға қызмет көрсету шотын/банктік шоттарды ашу, жүргізу, Картаны шығару, оған қызмет көрсету қызметін, мультивалюталық қызметті көрсету талаптары берілген шарт;

      8. Қосымша карта – Клиенттің нұсқауымен, соның ішінде Call Center-ге хабарласу арқылы, интернет-банкингтің көмегімен, банкомат арқылы және Банктің көздеген өзге де тәсілдерімен шығарылған екінші және кейінгі карталар;

      9. Өтініш/Өтінім – Тарифтік жоспардың атауы мен талаптары және Клиенттің Ережелерде көзделген шарттарды жасасу туралы оферталар түріндегі Банкке жасаған ұсынысы берілген Банктің белгілеген нысаны бойынша жасалған құжат;

      10. Карта – Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы/Шоттардағы ақшасына электрондық терминалдар немесе басқа құрылғылар арқылы қолжетімділік беретін құрал, онда мұндай картаны ұстаушыға төлемдер жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюталар айырбастауға, Картаның төлемдік емес қосымшаларына қолжетімділік алуға және Банк анықтаған және оның талаптарымен басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат берілген. Карта немесе оның нөмірі де Банктің немесе үшінші тұлғалардың Клиентті Банк пен үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларының (адалдық бағдарламаларының) аясында, соның ішінде банктік ақпараттық жүйеде және үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде сәйкестендіру құралы болып табылады;

      11. Клиент – Банкке Өтінішпен, Өтініммен келген немесе Ережелердің аясында және Ережелердің талаптарына сәйкес шарттар жасасқан жеке тұлға;

      12. Кіру коды – Клиент Call Center-ге телефон арқылы қоңырау соғып, қашықтан байланысу арналары бойынша Банкке қашықтан хабарласқан кезде Клиентті сәйкестендіру мақсатында айтылатын Клиенттің ақпаратына кірудің жеке цифрлық коды және/немесе әріптік коды;

      13. Мультивалюталық қызмет көрсету – банктің қызмет кешені, ол Клиенттің Шоттары бойынша қашықтан байланысу арналары арқылы аударыммен, валюта айырбастаумен байланысты Операцияларды жүргізу мүмкіндігін және Банктің анықтаған және Банктің www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсында жарияланған талаптарда басқа да әрекеттерді көздейді;

      14. Телефон нөмірі – Клиенттің Клиент туралы Мәліметтерде (Сауалнамада) хабарлаған Клиенттің (ұялы/стационарлық) телефонының нөмірі;

      15. Овердрафт (немесе Лимиттен үстеме берешек) – Төлем лимиті мөлшерінен үстеме Операцияларды жүргізумен байланысты Клиенттің төлеуге тиіс ақшасы (ақша сомасы, оның шегінде Клиент Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жүргізуге құқылы. Оған теңгедегі Шоттардағы ақшаның оң қалдығы мен шоттарда әлі көрсетілмеген Операциялар сомасын шегеріп тастағанда кредит лимитінің Қолжетімді қалдықтары кіреді);

      16. Операция – Шоттарда көрінуі тиіс кез келген операция (Транзакция), соның ішінде заем Операцияларын (кредит лимитінің есебінен шығыс Операциялары) қосқанда, шығыс Операциялары, Картаны пайдаланып жасалған (тауар ақысын төлеу және қолма-қол ақша алу), қолма-қол жасалатын немесе қолма-қол жасалмайтын тәртіппен Шоттарға ақша салу; Қайтарылған төлемдер; Банктің Берешекті өтеуге ақшаны есептен шығаруы; есептелген төлемдерді Шоттардан есептен шығару, Өтінішке, БЗШ-ға және Ережелерге сәйкес комиссиялар мен Сыйақылар; Клиенттің Шоттарында көрсетілуі тиіс басқа да Операциялар;

      17. Жаднама – шарттың бөлігі емес, басқа мәліметтерден бөлек, Ережелердің кейбір ережелері, Тарифтік жоспар берілген, Картаны пайдалану және Берешекті өтеу жөнінде қысқа нұсқаулық, соның ішінде талаптар мен тарифтер жөнінде түсініктер, Дербес талаптардың атауы мен қысқаша мазмұнының нұсқауы, соның ішінде Дербес талаптарға сәйкес Клиентке берілетін кредит лимит(тер)інің мөлшер(лер)і, сондай-ақ Артықшылықты блок болған кезде, болжамды төлем кестесі кіреді;

      18. Дербес талаптар – жеке талаптар және Банктің қызмет көрсетуінің жақсартулары туралы ақпарат, ол Банк анықтаған, талаптарды жақсартуға бағытталған, шарт жасалған сәтте анықталған грейс-кезеңін/жеңілдік кезеңін/промо-кезеңін беруді және/немесе Операцияларды Артықшылықты блокқа қосуды және/немесе қызмет көрсетудің басқа параметрлерін білдіреді (Егер тиісті оферта Клиенттің Өтінішінде берілген немесе Ережелердің аясында жасалатын шарттарда көзделген жағдайда, Банк Ережелермен салыстырғанда банктік қызмет көрсету қызметінің барынша жоғары құнын көздейтін дербес талаптарды немесе шарттардағы талаптардың Ережелерде көзделмеген басқа өзгерісін бере алады. Банк Дербес талаптарды қосымша хабарлама жібермей немесе мұндайды, шарттарда көзделген жағдайларда, қашықтан байланысу арналары арқылы жолдап, толық немесе бір бөлігін кері қайтаруға құқылы);

      19. ЖСН/PIN – Жеке сәйкестендіру нөмірі, Ұстаушыға берілетін және Ұстаушыны сәйкестендіруге арналған құпия код;

      20. Төлем жүйесі/ХТЖ – төлем карталарын пайдалану технологиясының негізінде өзара қатынастар құратын және белгілі бір ережелер мен талаптармен өзара біріктірілген есептесуге қатысушылар мен олардың есептесу агенттерінің жүйесі. Ережелердің аясында мыналар Төлем жүйесі болып табылады: MasterCard WorldWide халықаралық төлем жүйесі; Visa International, American Express Card, JCB, Diners Club, China UnionPay, PPS PayPal халықаралық төлем жүйелері;

      21. Төлем лимиті – ақша сомасы, оның шегінде Ұстаушының Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жасауға құқығы бар. Оған теңгедегі Шоттардағы ақшаның оң қалдығы мен шоттарда әлі көрсетілмеген Операциялар сомасын шегеріп тастағанда кредит лимитінің Қолжетімді қалдықтары кіреді;

      22. Оң қалдық – мерзімі өткізілген Берешегі болмаған кезде Клиенттің Картаға қызмет көрсету шотындағы меншікті ақша сомасы;

      23. Промо-кезең – банктің қызмет көрсету және/немесе сервис-пакет шарттарының қолданылу мерзіміне қарамастан, банктік қызмет көрсетудің кейбір қызметтері және/немесе сервис-пакеттері тегін негізде ұсынылатын уақыт кезеңі;

      24. Картаны тосқауылдан шығару – Банктің Картаны пайдаланып Операцияларды жүргізуге бұрын белгіленген шектеулердің күшін жоюы;

      25. Есептесу кезеңі – шарт жасалған күннен бастап бір айға тең Картаны пайдаланатын уақыт кезеңі. Алдыңғы Есептесу кезеңі аяқталған күн әрбір кейінгі Есептесу кезеңінің басталған күні болып табылады;

      26. Жинақ шот – Ережелерге сәйкес Банктің Клиентке салымды салуы үшін ашатын банктік шоты;

      27. Клиент туралы мәліметтер – Клиенттің Ережелердің аясында шарттар жасасу үшін Банкке беретін, ықтимал Клиент/Клиент туралы ақпарат, Клиенттің қол қойылған және Банкке берген Клиенттің растаулары, келісімдері мен кепілдіктері берілген құжаттар. Клиент туралы мәліметтерге мынадай құжаттар жатады: Банк пен Клиенттің шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы үшін Банкке қажетті Клиент туралы мәліметтер (ақпарат) берілген Клиенттің Сауалнамасы/Растаулары, кепілдіктері және келісімдері және Клиенттің өтінімдері, сондай-ақ кредит беру туралы өтініш;

      28. Картаның қолданылу мерзімі – Операциялар жасау үшін Картаны пайдалануға рұқсат берілетін уақыт кезеңі. Карта оның оң жағындағы цифрлық пішімде көрсетілген жылдың айының соңғы күніне дейін жарамды болады;

      29. Шот – банктік шоттар, соның ішінде Ережелерге сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттар үшін ашылатын Картаға қызмет көрсету шоты және/немесе банктік қызмет көрсету шоты және/немесе жинақ шоты және/немесе Валюталық шоттар (іске қосылған жағдайда) және/немесе Валюталық жинақ шоттары (іске қосылған жағдайда);

      30. Шот-көшірме – Есептесу кезеңінде Шотта көрсетілген Операциялар туралы ақпаратты, сондай-ақ шарттарда және заңнамада көзделген басқа да ақпаратты Клиенттің назарына жеткізу мақсатында Банктің Ережелерге сәйкес жасалған шарттардың аясында жасақтайтын және Клиентке жолдайтын ақпараттық үзінді көшірмесі;

      31. Тарифтік жоспар – Ережелерге сәйкес Клиентпен жасалатын шарттар бойынша Банктің кейбір қызмет көрсету талаптары мен кейбір тарифтері кіретін банктік қызметтің үлгілік түрінің шартты атауы;

      32. Банк тарифтері – Банктің уәкілетті органы бекіткен және Банктің қызмет ақысын төлейтін күнгі қолданыстағы Банктің қызметімен байланысты оның қызметі үшін төлемақы мөлшерлемелері және комиссиялар;

      33. Терминал – электрондық-механикалық құрылғы, ол қолма-қол ақша беру (қабылдау), төлем жасау және ақша аудару бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және басқа да банктік операцияларды, соның ішінде төлем карталарын, электрондық ақша пайдаланып операциялар жүргізуге, сондай-ақ тиісті оперциялардың өткізілгенін растайтын құжаттарды жасауға арналған;

      34. Қашықтан байланысу арналары – Банктің анықтайтын талаптарында және тәртібімен пайдаланылатын, Интернет киоскіні қосқанда, электрондық пошта (e-mail), пошталық байланыс, интернет-банкинг, ұялы банкинг, SMS-хабар, телефон, факс, банкомат, POS-терминалдар, терминалдар, электрондық кабинет арқылы Клиент пен Банктің арасында ақпаратты беру құралдары;

    2. Өтініштер мен Ережелерде қолданылатын басқа терминдер мен анықтамалар Төлемдік жүйелердің ережелерінде, Банктің кредит желісінің стандарт ережелерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған мәнге ие.




  1. Кешенді банктік қызмет көрсету шарты

    1. Кешенді банктік қызмет көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке Ережелердің осы бабында және Клиенттің Банк белгілеген нысан бойынша жасасатын және қол қоятын Шартында анықталған банктік қызметті көрсетеді, ал Клиент көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге міндетті.

    2. Шарт жиырма жыл мерзімге жасалады.

    3. Клиент Шарт бойынша көрсетілген қызметтің ақысын Шот-көшірмеде көрсетілген мөлшерде төлейді.

    4. Пошта арқылы Клиентке тиісті жазбаша хабарламаның жолдануы немесе Клиенттің өзіне берілуі немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабардың жолдануы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы хабарламаның жолдануы Шарт жасасқаны туралы Клиенттің офертасын акцепттеуі болып табылады.

    5. Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қойған жағдайда, Шарт күшіне енеді.

    6. Шартқа сәйкес Банк Клиентке мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

      1. Жеке қаржы менеджерінің қызметі (Шоттар бойынша Операцияларды жүзеге асыруға, Банктің стандартты қызметіне байланысты сұрақтар және өзге де сұрақтар, соның ішінде Ережелерде көзделген шарттарды орындауға байланысты сұрақтар бойынша Банктің Call Center телефонына тәулік бойы қоңырау соғу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі);

      2. Электрондық банктік қызмет (Электрондық банктік қызметтің құны электрондық банктік қызметтің әр түрі бойынша Банктің Тарифтерімен жеке анықталады. Электрондық банктік қызмет көрсету талаптары Банктің сайтында орналастырылады);

      3. Картаны шығару және оған қызмет көрсету (Банк шығарады, Ережелерге сәйкес төлем картасына/картаға қызмет көрсету);

      4. Ағымдағы шотты ашу және оны жүргізу (Банк Карта және Картаға қызмет көрсету арқылы операцияларды жүргізу үшін кіруге рұқсат беру арқылы Клиентке заем/Кредит бойынша төлемдерге қызмет көрсетуге арналған банктік ағымдағы шот ашады, ал Клиент Банктің Тарифтеріне, Өтінішке/Кешенді банктік қызмет көрсету шартына және Ережелерге сай Картаға және шотқа банктік қызмет көрсету ақысын төлеуге міндеттенеді);

      5. Клиенттің жинақ шотын ашу және оны жүргізу (Жинақ шоты бойынша көрсетілген қызметтің ақысы жасалған операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай шот бойынша төленеді. Қызмет көрсету аясында жинақ шот пен салым шартының талаптарына сәйкес салымды пайдаланғаны үшін төленетін сыйақыларды есептеу үшін Банк Картаға қызмет көрсету шотындағы Оң қалдықты Клиенттің жинақ шотына аударады. Оң қалдықтың ақшасына Картаға қызмет көрсету шотына ақшаны автоматты түрде аудару арқылы қол жеткізіледі. Операциялардың бөлігі Артықшылықты блокқа қосылған жағдайда, Ең аз төлем мөлшеріндегі сома банктік қызмет көрсету шотына аударылады);

      6. Мультивалюталық қызмет көрсету (Банк валюталық жинақ шоттарын және валюталық шоттарды ашу туралы Клиенттің оферталарын акцепттеген жағдайда, Банк Клиентке валюталық шоттарды және валюталық жинақ шоттарды ашып, жүргізеді және ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және Ережелерде көзделген операцияларды жүзеге асырады. Мультивалюталық қызмет көрсету ақысы жүргізілген операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай төленеді. Банк Мультивалюталық қызмет көрсету қызметін іске қосу тәртібін, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету ережелерін белгілеп, www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы Клиенттің назарына жеткізеді);

      7. Алушының шот ашпай көрсетілетін ақша аударымдары қызметі;

      8. Шот-көшірме және Түпкілікті шот-көшірме беру қызметі;

      9. Оңтайлы төлемді төлеу мерзімін ұзарту қызметі;

      10. Ережелерде көзделген тәртіппен басқа қызмет.

    7. Клиенттің ЖСН немесе ДСЖК-ны енгізгенде расталған қашықтан байланысу арналары арқылы Банк кассасы арқылы салу бойынша әрекеттерін Банк Клиенттің Банктің кассасына салынған соманы шотқа есепке жазу туралы өкіміне теңестіреді.

    8. Клиент Банктің қызметінің ақысын операцияларды жүргізген кезде, Банк Тарифтеріне сай қолма-қол жасалмайтын тәртіппен, қолма-қол ақшамен, Банктің Клиенттің шоттарына тікелей дебеттеу арқылы және/немесе операцияларды жүргізген кезде Банктің Клиенттің шотынан, немесе Клиенттің Банктегі немесе басқа банктердегі кез келген басқа шотынан акцептсіз тәртіппен алып қоюы арқылы төлейді.




  1. Картаға қызмет көрсету. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Картаға қызмет көрсету шотының жеке сәйкестендіру кодын көрсетіп, Сауалнамада көрсетілген мекенжайға Клиентке Картаны және тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны және Картаны Клиенттің өз қолына беру немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартына қол қою арқылы Клиенттің Картаға қызмет көрсету шоты шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.

    2. Карталарды пайдалану және Банктің негізгі Картаның ұстаушысына және қосымша Карталарды ұстаушыларға берген тиісті өкілеттіктерінің көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Төлем жүйесінің нормаларымен және шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Картаны пайдалану ережесімен реттеледі және Операцияларды жасаған күні қолданылатын редакцияда Операцияларға қолданылады.

    3. Картаның қолданылу мерзімі ішінде Картаға қызмет көрсету шоты бойынша барлық шығыс Операцияларын Ұстаушы Картаны/қосымша картаны (оның деректемелерін) пайдаланып жасайды.

    4. Банк мынадай талаптарды ескеріп, Клиентке Карта шығарады:

      1. Карта, соның ішінде қосымша карта Клиенттің жеке өзіне немесе тапсырыс хатын поштамен немесе курьер арқылы жіберу арқылы беріледі;

      2. Клиент Банктің Call Center телефоны арқылы Банкке хабарласқан кезде немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы ЖСН Клиентке хабарланады;

      3. Шартқа сай шығарылған барлық Карталар Банктік меншігі болып табылады және Банктің бірінші талап етуімен Клиент Банкке қайтаруға тиіс;

      4. Өзінің атына шығарылған адам ғана Картаны Операция жасау үшін қолдана алады. Бұл кезде Картаны пайдалануға және Операцияларды жасауға қатысты Ережелерде белгіленген барлық талаптар Қосымша картаны ұстаушыға қолданылады;

    5. Картамен бірге Клиенттің тиісті жазбаша өтініші бойынша бір немесе бірнеше қосымша Карта шығарылуы мүмкін. Қосымша Карта Клиенттің көрсеткен басқа жеке тұлғасының атына шығарылуы мүмкін.

    6. . Клиент белгілі бір уақыт кезеңі ішінде Операциялардың түрлеріне және қосымша карта арқылы жұмсауға қолжетімді сомаға шектеу қоюға құқылы.

    7. Ұстаушының қосымша картаны пайдаланып жасаған барлық Операцияларын Клиент жасаған болып саналады.

    8. Клиент Картаны пайдаланып шығыс Операцияларын жасауды бастауы үшін, егер Ережелерде көзделген жағдайларда Банк картаны іске қоспаған жағдайда, Клиент алынған Картаны іске қосу үшін мынадай тәсілдердің біреуімен:

      1. Клиент Банкке жеке өзі барған кезде (Клиент жеке басын куәландыратын құжатты берген кезде);

      2. Клиент телефон нөмірі арқылы ғана мұндай қоңырауды соққан кезде, Банктің Call Center телефоны бойынша;

      3. Банктің іске қосуға көздеген басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Банкке хабарласады.

    9. Картаны іске қосқанға дейін оны пайдаланып шығыс Операцияларын жасауға әрекеттенуі Клиенттің шарттың талаптарын бұзуы болып табылады.

    10. Картаға қызмет көрсету шоты бойынша қызмет көрсеткен кезде Банк:

      1. Банк Ұстаушының Операцияларды жасағанын растайтын есептеу (төлем) құжаттарын (соның ішінде олардың электрондық нұсқаларын) алған кезде, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай Операциялардың сомасын шотта ақшаның барына қарамастан, Картаға қызмет көрсету шотында толық көлемде көрсетуге;

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында, Ережелерде көзделген Картаға қызмет көрсету шоты бойынша Операцияларды жүргізуге;

      3. Клиенттің жазбаша өтінішімен немесе Клиенттің қашықтан байланысу арналары арқылы берген өтініштері бойынша Картаны (негізгісін, сол сияқты қосымша картаны) тосқауылдауға;

      4. Ережелерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиент, қосымша Карталарды ұстаушылар және шот бойынша жасалатын Операциялар туралы мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.

    11. Банк:

      1. Клиент Карта/қосымша Карта алу үшін хабарласқан кезде, Банктің қалауы бойынша кез келген қажетті құжатты көрсетуін сұрауға;

      2. Клиенттің алмаған Картасын:

- Банк оны шығарғаннан/қайта шығарғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күн өткенде немесе Банктің банкоматы Картаны ұстап қалған жағдайда Клиент Картаны қайтару туралы жазбаша өтініш берген сәттен бастап;

- Банктің банкоматы Картаны ұстап қалған жағдайда, Банк Клиенттен Картаны қайтару туралы жазбаша өтінішін алмағанда, Картаны алған күннен бастап үш ай өткенде жоюға;



      1. Клиентке шығарылған алдыңғы Картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуымен байланысты өз қалауы бойынша Клиентке Картаны қайта шығаруға және жіберуге, сондай-ақ Клиентке шығарылған алдыңғы Картаның жарамдылық мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ Картаны қайта шығаруға міндетті. Бұл кезде Банк Клиентке алдыңғы Картадан өзгеше (соның ішінде Картаның түрі және/немесе аясында мұндай Карта шығарылған Төлем жүйесі бойынша) Карта шығаруға құқылы, ол бойынша операциялар Шартқа және Банктің Тарифтеріне сәйкес төленуі тиіс. Жоғарыда аталған негіздер бойынша Банктің Клиентке Картаны қайта шығаруы Шартта көзделгендерден бөлек өзге Шоттың ашылуына әкеліп соқтырмайды;

      2. Ережелерді және Шартты бұзған жағдайларда Клиентке Картаны шығарудан, қайта шығарудан, тосқауылдан шығарудан бас тартуға;

      3. Клиенттің өкімінсіз Шоттан тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруға немесе басқа тәсілмен Клиенттен Шотқа қате есепке жазылған соманы талап етуге;

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кезде Шартқа өзгерістер енгізуге;

      5. Банктің Тарифтеріне сай Карта бойынша операцияларды тоқтатқаны үшін (жаңартқаны) комиссия өндіруге;

      6. Картаны пайдаланып қолма-қол ақша алған кезде, Операциялардың жалпы сомасы бойынша шектеулер қоюға;

      7. Мынадай барлық қажетті шараларды қолданып (көрсеткен кезде Картаны алу туралы өкім беру):

- Клиенттің өтініші бойынша, соның ішінде үшінші тұлғалардың Картаны немесе ЖСН-ды рұқсатсыз пайдалану қаупін болдырмау үшін жоғалтқан/ұрлатқан/алған жағдайларда;

- Клиент (Картаны ұстаушы) төлем карточкасын беру туралы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағанда;

- Картаны пайдалану ережесін бұзғанда;

- Ережелерде көзделген басқа да жағдайларда Картаны Тосқауылдауға немесе оның қолданылуын толық тоқтатуға құқылы.



Клиент міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған жағдайда Шот-көшірмеге сай төлем жасалуы тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап Карта тосқауылдануы мүмкін. Бұл кезде Банктің қалауы бойынша төлемді жіберген кез келген реттен кейін Карта тосқауылдануы мүмкін;

      1. Ережелерге сай Картаны тосқауылдау және/немесе мерзімі өткізілген төлемдерді толық көлемде өтеу қажеттілігін туындатқан жағдайларды жойғаннан кейін, Банк бұрын тосқауылдаған Картаны Тосқауылдан шығаруға;

      2. Картаға қызмет көрсету шотында ақша болған кезде Клиент пен Банктің арасында жасалған кез келген шарт бойынша туындаған Банктің алдындағы Клиенттің Берешегін өтеу үшін Клиенттің өкімінсіз (акцептсіз тәртіппен және/немесе тікелей дебеттеу арқылы) есептен шығаруға;

      3. Картаны Банкке қайтарған немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннің ішінде Клиенттің бұрын жасаған Операцияларының сомасын Шоттан есептен шығаруға;

      4. Дербес талаптарда анықталған Кредит лимитінің мөлшерінің 100%-нан аспайтын жалпы сомада Овердраф беруге құқылы.

    1. Картаға қызмет көрсету шотында Төлем лимиті жеткіліксіз болған жағдайда:

      1. Тауарлар, жұмыстар және қызмет, сауда және сервис кәсіпорыны (ССК), соның ішінде сақтандырушы, банктік аударымдар қызметінің ақысын Картаны (оның деректемелерін) пайдаланып, төлеу бойынша шығыс Операцияларын жүргізу үшін;

      2. Өтінішке, шарттарға, Ережелерге және Банктің Тарифтеріне сәйкес есептелген төлемдерді, комиссияларды, Сыйақыны және басқа да төлемдерді Клиенттің Банкке төлеуі үшін Банк Клиентке Овердраф беруі мүмкін.

    2. Овердрафтқа жол берілгенде және Овердрафттың лимиті артық болғанда, Банк Банктің Тарифтерінде немесе Дербес талаптарда белгіленген мөлшерде комиссия төлеуді талап етуге құқылы.

    3. Операциялардың сомасы Төлем лимитінен асып кеткен жағдайда, Банк Овердрафт сомасынан БЗШ-ға сәйкес Кредитті пайдаланғаны үшін белгіленген мөлшерлеме бойынша Сыйақы өндіріп алады. Клиенттің Овердрафт сомасын Ережелерде белгіленген тәртіппен өтейді.

    4. Клиент:

      1. Картаны алған кезде Картаның теріс жағына (қолтаңбаға арналған жолаққа) қолын қоюға және Картаны іске қосу мақсатында Банкке хабарласуға міндетті. Қосымша Картаны алған кезде Картаның теріс жағына қосымша Картаны ұстаушының қолының қойылуын қамтамасыз етуге;

      2. Картаны қайтару туралы жазбаша талабын көрсеткен кезде Картаны үш жұмыс күні ішінде Банкке қайтаруға;

      3. Картаны және/немесе оның деректемелерін оның қолданысы аяқталғаннан кейін пайдаланбауға;

      4. Картаның жоғалуын/ұрлануын/алынуын немесе оны рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолдануға. Картаны оның ұстаушысы болып табылмайтын үшінші тұлғаға бермеуге және ЖСН-кодын, ДСЖК, сондай-ақ Кіру кодтарын ешқандай үшінші тұлғаларға хабарламауға;

      5. Картаны жоғалтқанда/ұрлатқанда/алынғанда немесе Картаны, ДСЖК немесе ЖСН-кодын рұқсатсыз пайдалану қаупі туындаған жағдайда Банкке тез арада жазбаша хабарлауға немесе Банктің Call Center телефоны арқылы хабарласып, кейіннен бұл туралы Банкке үш күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлама жіберуге және Банктен алған нұсқаулықтарды орындауға;

      6. Бұрын жоғалған/ұрланған деп жарияланған Картаны тауып алған кезде, бұл туралы Банкке дереу хабарлауға, осы Картаны Операцияларды жасау үшін пайдаланбауға және оны тауып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Банкке қайтаруға;

      7. Операцияларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және Ережелерде мұндай Операцияларға қойылатын талаптарды сақтап жасауға. Төлем лимиті шегінде Картаны пайдаланып, шығыс Операцияларын жасауға;

      8. Егер Есептесу кезеңі аяқталған күннен кейін жиырма күнтізбелік күн өткенде Шот-көшірме Клиенттің Сауалнамада көрсеткен тұратын мекенжайына немесе Ережелерде көзделген басқа тәсілмен келмесе, Шот-көшірме бойынша ақпарат алу үшін кез келген қолжетімді тәсілмен (Call Center телефоны арқылы, жеке өзі немесе Банктің көздеген басқа да тәсілдерімен) Банкке хабарласуға міндетті. Шот-көшірмені алмау Клиентті Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды;

      9. Картаны пайдаланып Операцияларды жасаған кезде қол қоюға берілген құжатта Картаның нөмірі (немесе қауіпсіздік үшін Картаның нөмірі толық көрсетілмесе, Картаның нөмірінің тиісті бөлігі), Операцияның жасалған күні, Операцияның сомасы мен валютасының дұрыс көрсетілгеніне алдын ала көз жеткізіп, Картаны пайдаланып жасалған және Операцияның жасалғанын растайтын құжатқа қол қоюға. ЖСН-ды енгізу құрылғысымен жабдықталған электрондық терминалды қолданып Операция жасаған кезде өзінің ЖСН-ын дұрыс енгізуге. Қол қою және/немесе ЖСН-ды (PIN-код) енгізу және/немесе ДСЖК-ні енгізу Клиенттің Картаны пайдаланып жасалған Операциялармен келісетінін растайды;

      10. Картаны пайдаланып Операциялар жасаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуге;

      11. Операциялар бойынша (олардың жасалғанын растайтын) барлық құжаттарды Операция жасалған күннен бастап бір жүз сексен күнтізбелік күннің ішінде сақтауға және даулы мәселелерді реттеу мақсатында оларды алғаш талап еткенде Банкке беруге;

      12. Картаны және PIN-кодты үшінші тұлғаларға бермеуге;

      13. Картаның сақталуын және PIN-кодтың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      14. Алуға, Картаға тосқауыл қоюға, стоп-параққа енгізуге байланысты, егер Банк бұл әрекеттерді Клиенттің кінәсінен жасаса, барлық шығыстарды (соның ішінде сот шығасыларын) Банкке даусыз тәртіппен өтеуге;

      15. Клиентке тиесілі емес ақшаны Клиенттің Шотына, Жинақ шотына қате аударған жағдайда, ол туралы Банкке үзінді көшірмені алған сәттен бастап немесе Банктен Шотқа қате аударылған ақшаны Банкке қайтару туралы тиісті жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) банк күні ішінде дереу хабарлауға;

      16. Банктен Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алған кезде Банктің тиісті хабарламасын алған күннен бастап Картаны пайдалануды тоқтатуға және хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) банк күні ішінде Банкке Картаны қайтаруға міндетті.

    5. Клиент:

      1. Ережелерге сәйкес Операциялар жасау үшін Картаны пайдалануға;

      2. Банктің Тарифтеріне сай комиссиялар төлеп, Картаға қызмет көрсету шоты бойынша үзінді көшірмелер (анықтамалар) алуға;

      3. Кешенді банктік қызмет көрсету шарты және БЗШ бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде, заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына және Ережелерге сәйкес шартты бұзып, Картаға қызмет көрсету шотын жабуға;

      4. Банктің Тарифтеріне сай төлеп, Клиентке қажетті кез келген Есептесу кезеңі үшін Шот-көшірмелердің телнұсқаларын, сондай-ақ Банктің Картаға қызмет көрсету шотынан ақшаны есептен шығаруының заңдылығын растайтын өзге де құжаттарды сұратуға;

      5. Шот-көшірмеде бар ақпаратпен келіспеген жағдайда, Картаға қызмет көрсету шоты шартының талаптарына сәйкес Банкке шағыммен хабарласуға;

      6. Қосымша Картаны(-ларды) шығару туралы жазбаша өтінішпен Банкке хабарласуға;

      7. Кез келген сәтте оның нұсқауы бойынша Банктің шығарған кез келген қосымша Картасының қолданысын тоқтатуын талап етуге;

      8. Картаның қолданылу мерзімі аяқталғанда, Картаны жоғалтқанда/ұрлатқанда/алынған жағдайда, сондай-ақ Картаны алдағы уақытта (магниттік жолақтың магнитсізденуінің, бүлінуінің не пластиктің бүтіндігінің бұзылуының салдарынан және т.с.с.) пайдалану мүмкін болмаған басқа да жағдайларда Банкке Картаны Қайта шығару туралы өтінішпен баруға;

      9. Банкке жеке өзі барып немесе Банктің мұндай өзгерістер үшін көздеген қашықтан байланысу арналары арқылы Кіру кодтарын өзгертуге;

      10. БЕ-ге сәйкес Банкке жазбаша өтініш беріп, Картаны, соның ішінде оның нұсқауы бойынша Банктің шығарған кез келген қосымша Картасын тосқауылдау/тосқауылдан шығару туралы баруға құқылы. Қосымша картаны ұстаушы да Банкке қосымша картаны тосқауылдау туралы жазбаша өтінішпен баруға құқылы.

    6. Ұстаушыға (Клиентке) шығарылған жаңа Картаны пайдаланып, Операциялардың жасалуын қамтамасыз ету үшін Банктің қалауы бойынша жаңа мерзімге немесе тура сондай қолданылу мерзімімен Картаны:

      1. Жарамдылық мерзімі өткен Картаның орнына жаңа мерзімге;

      2. Жоғалған (жоғалған/ұрланған/алынған) Картаның орнына;

      3. Бүлінген Картаның орнына (магниттік жолақ магнитсізденген, Картаның бүтіндігі бұзылған, түрі өзгерген Карта және т.с.с.);

      4. Басқа жағдайларда (Картаны Қайта шығару қажеттілігіне әкеліп соқтыратын себептерді көрсетілген Клиенттің тиісті өтініші бойынша) қайта шығаруға құқылы.




  1. Карта бойынша даулы жағдайларды (шағымдар мен өтініштерді) шешкен кезде Банкпен өзара қарым-қатынас орнату талаптары

    1. Нұсқауды қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында төлем құжаттарын ресімдеуге көзделген талаптарға сәйкес Клиенттің немесе ол уәкілеттілік берген тұлғалардың қолтаңбалары болуы тиіс.

    2. Әрбір күнтізбелік жылдың басынан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсаны үшін Шоттағы ақшаның шығыс қалдығы сомасы бойынша Клиенттің жазбаша шағымдары болмағанда, бұл қалдықты Клиент растаған болып саналады.

    3. Клиент Шот-көшірмеде келтірілген ақпаратпен немесе Картаны пайдаланып жасалған және Шот-көшірмеде көрсетілген нақты шығыс Операциясымен келіспеген жағдайда, Клиент Шотты дебеттеген күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ішінде мұндай шағымның негізділігін растайтын құжаттарды (олар болған кезде) қоса тіркеп, бұл туралы Банкке жазбаша түрде хабарлайды. Банктің көрсетілген мерзімде Клиенттен мұндай хабарламаны алмауы Банктің Шот-көшірмені дұрыс ұсынғанын растау болып саналады.

    4. Банк Картаны рұқсатсыз пайдалану қаупін азайту мақсатында даулы Транзакция бойынша қызметттік тексеру жүргізген кезде, Банк Клиенттің мүддесі үшін өз қалауы бойынша Картаға тосқауыл қою немесе оны алуды қоса алғанда, Клиенттің шығындары мен шығыстарының алдын алу үшін шаралар қолдана алады.

    5. Клиенттің шағымын қарастыру мерзімі аралығында Банк даулы Транзакция сомасына Клиент төлеуі тиіс Сыйақы, төлемдер мен комиссиялар есептейді. Клиенттің Картаны пайдалану арқылы даулы Транзакция бойынша шағым білдіруі Клиентті Шартқа сәйкес төлемдер жасау міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

    6. Егер Клиенттің даулы транзакция бойынша шағымын Банк негізді деп мойындаса, Банк мұндай транзакция сомасын немесе оның баламасын қайтарады. Банк негізді шағым бойынша Клиенттің ақшасын Банктің және/немесе ХТЖ-ның нормалары мен ережелерін сақтап қайтарады. Бұл ретте төлемдердің, комиссиялардың сомасы, сондай-ақ даулы транзакцияның сомасына бұрын есептелген және Клиент төлеген сыйақылар қосымша қайтарылады.

    7. Клиенттің даулы Транзакция бойынша өтініші бойынша тексеру жүргізу нәтижесінде Клиенттің шағымы негізді емес деп танылса, Банк Клиенттен Банктің мұндай Транзакция бойынша қызметтік тексеру жүргізуімен байланысты Банктің барлық шығыстарын нақты құны бойынша төлеуін талап етуге құқылы.

    8. Банк:

а) шағым берілген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде банкоматтар желісінде және Банктің электрондық құрылғыларында жүргізілген;

б) шағым берілген күннен бастап 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде банкоматтар желісінде және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жатқан басқа да эквайер-банктердің электрондық құрылғыларында жүргізілген Транзакциялар бойынша Клиенттің жазбаша шағымын қарастырады.



    1. Банк қайтарылған тауар үшін сауда және сервис кәсіпорны қайтарып берген, Карточканы пайдаланып төленген ақшаны Клиенттің Шотына аударуды қамтамасыз етеді, бұл кезде ақшаны қайтару бойынша операциялар сауда/сервис кәсіпорны ресімдеген чектің/слиптің негізінде ақшаны Шотқа аудару арқылы, қолма-қол жасалмайтын тәртіппен ғана жүргізіледі.




  1. Шот-көшірме беру қызметі

    1. Шот-көшірме беру қызметін көрсету аясында Банк қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке ай сайын Шот-көшірме жібереді.

    2. Шот-көшірменің ақпараттық сипаты бар және оған: Есептесу кезеңіндегі Шотта көрсетілген барлық Операциялар туралы ақпарат, шарттарға және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпарат, сондай-ақ Банк Клиенттің назарына жеткізуді қажет деп санайтын ақпарат кіреді.

    3. Есептесу кезеңінің соңындағы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешек сомасына негізгі борыш сомасы, есептелген Сыйақылар, Овердрафт (ол болған кезде), соның ішінде Шоттардан есептен шығарылған төлемдердің, комиссиялардың және Сыйақы сомасы кіреді.

    4. Шот-көшірме Клиентке мына жағдайларда:

      1. Клиентке Берешекті толығымен мерзімінен бұрын өтеу туралы талапты жіберген кезде және/немесе Банктің Картаны талап ету талабы жолданған кезде;

      2. Шарттың және/немесе БЗШ-ның қолданысы тоқтатылған кезде;

      3. Берешектің толығымен мерзімінен бұрын өтелуі болжануына байланысты немесе БЗШ-ны бұзуға байланысты (шартты бұзу туралы тиісті өтініш болған кезде) Клиенттің талап етуімен жіберіледі.

    5. Клиент Түпкілікті Шот-көшірмеде көрсетілген Берешегін Түпкілікті Шот-көшірмеде көрсетілген мерзім аяқталатын күннен кешіктірмей толық көлемде төлеуі тиіс және ол мынадай сомалардан тұрады:

      1. Түпкілікті Шот-көшірмені берген күнгі жағдай бойынша негізгі борыш және Овердрафт;

      2. Сыйақы, Түпкілікті Шот-көшірме берілген күннен кейінгі күннен бастап Түпкілікті Шот-көшірмеде көрсетілген осы Шотты төлеу күнін қоса алғанға дейін есептелген Овердрафт (ол болған кезде) үшін комиссия. Клиент Берешегін Түпкілікті Шот-көшірмені төлейтін күнге дейін өтеген кезде Берешектің мөлшері тиісті түрде түзетілуі тиіс;

      3. Клиент төлеуге тиіс, Шоттардан есептен шығарылмаған төлемдер, комиссиялар және өзге де төлемдер сомасы (олар болған кезде).

    6. Банк Клиентке Түпкілікті Шот-көшірмені берген күннен кейін Банк Түпкілікті Шот-көшірмеде көрсетілген Берешектің көбеюіне әкеліп соқтырған оқиғалар мен фактілер туралы мәліметтерді алған жағдайда (соның ішінде Банк Төлем жүйесінен Шоттағы ақша жеткіліксіз болған кезде Картаны, қосымша Карталарды пайдаланып шығыс Операцияларының жасалғанын растайтын есептесу құжаттарын алған жағдайда), Банк Клиентке жоғарыда аталған Түпкілікті Шот-көшірмені берген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күннің ішінде Клиентке Берешектің жаңа мөлшері есепке алынатын, түзетілген Түпкілікті Шот-көшірмені беруге құқылы, ал Клиент осындай түзетілген Түпкілікті Шот-көшірмеде (Банк бұрын берген Түпкілікті Шот-көшірменің негізінде Клиент төлеп қойған соманы есепке алатын) белгіленген мөлшерде және мерзімде Берешекті өтеуге міндетті.

    7. Кредит бойынша жеңілдік кезеңі және/немесе грейс-кезең белгіленген жағдайда, Клиентке Түпкілікті Шот-көшірмені берген кезде жеңілдік кезеңі және/немесе грейс-кезең алынып тасталады. Жеңілдік кезеңі Түпкілікті Шот-көшірме берілген Есептесу кезеңінің алдындағы Есептесу кезеңінде Шоттарда көрсетілген Операцияларға қолданылмайды.

    8. Банк Түпкілікті Шот-көшірмені берген жағдайда Клиент Шартта және Ережелерде белгіленген тәртіппен және мерзімде Берешекті өтеуге, ал түзетілген Түпкілікті Шот-көшірме берілген кезде осындай түзетілген Түпкілікті Шот-көшірмеде белгіленген мерзімде және мөлшерде Берешекті өтеуге міндетті.

    9. Банк Клиентке берген Түпкілікті Шот-көшірменің негізінде Берешек Клиенттің Шоттарға Берешекті толығымен өтеуге жеткілікті болатын мөлшерде ақша орналастыруы арқылы өтеледі.

    10. Банк Клиенттің сұратуы бойынша жасақтайтын кез келген Есептесу кезеңі үшін қосымша Шот-көшірмелер, Шот-көшірменің телнұсқасы Банктің Тарифтеріне сай осындай қызметтің ақысы төленген жағдайда беріледі.




  1. Банктік шоттарды ашудың, оларға қызмет көрсетудің және жабудың жалпы талаптары

    1. Клиенттің банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің, оларға қызмет көрсетудің және жабудың жалпы талаптары, Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тараптардың арасындағы басқа да құқықтық қатынастар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Kaspi Bank» АҚ-да жеке тұлғалардың банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың типтік (үлгілік) ережелерімен (бұдан әрі – Үлгілік ережелер) реттеледі, Клиенттің Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында оларға сілтеме бар. Үлгілік ережелер мен Ережелердің мәтіндерінің арасында қайшылықтар туындаған кезде тараптардың арасындағы қатынастарға осы Ережелер қолданылады.

    2. Осы Ережелердің аясында банктік ағымдағы шоттарды ашу, жүргізу, оларға қызмет көрсету және жабу қызметін көрсету мақсатында Банктің Акцептісі болған жағдайда төмендегідей шарттар жасалады немесе жасалуы мүмкін:

      1. Картаға қызмет көрсету шоты шарты (карт-шот);

      2. Банктік қызмет көрсету шоты шарты (Ең аз төлемдерді жоспарлы өтеу үшін ақшаны орналастыру жағдайларын қоспағанда, банктік қызмет көрсету шоты Кредитке қызмет көрсетуге байланысты емес Операцияларды жүргізуге арналады. Картаға қызмет көрсету шотында және жинақ шотында ақша болмаған жағдайда ғана Берешекті өтеу үшін банктік қызмет көрсету шотында орналастырылған ақша өндіріп алынуы мүмкін);

      3. Валюталық шот шарты (Үлгілік ережелерге және Банктің айқындайтын және www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсетудің талаптарына сәйкес Банк Валюталық шот бойынша айырбастау және басқа да Операцияларды жүргізеді).

    3. Клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында Банк әр шотқа Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген кезде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан кезде Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын береді. Шоттар кәсіпкерлік қызметті жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ашылады.

    4. Клиент өз Өтінішінде немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартында көрсеткен валюталарда Шоттар ашылады.

    5. Шоттарға ақша:

      1. ақшаны Банк кассасы немесе автоматтандырылған касса арқылы төлегенде, оларды төлеген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

      2. қолма-қол жасалмайтын тәртіппен аударған кезде:

– егер мұндай аударым Банкте ашылмаған банктік шоттан жасалса, Банктің корреспонденттік шотына ақша түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;

– егер мұндай аударым Банкте ашылған банк шотынан жасалса, Банк пен Клиенттің арасында одан қысқа мерзім келісілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде есепке алынады.



    1. Клиент ақшаны басқа банктерден, кредиттік ұйымдардан немесе пошталық байланыс бөлімшелерінен қолма-қол жасалмайтын тәртіппен аударған жағдайда, Банктің кінәсі болмай бұл ақшаның Шотқа түсуінің кешіктірілуі мүмкін екеніне байланысты тәуекелдерді Клиент көтереді.

    2. Банк:

      1. Үлгілік ережелерде, Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің Шоттары бойынша операциялар жасаудан бас тартуға;

      2. Клиенттің шоттарынан ақшаны акцептсіз есептен шығару (Клиенттің қосымша келісімінсіз) арқылы және/немесе тікелей дебеттеу арқылы, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны Шарт пен БЗШ бойынша Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай Банктің комиссияларын төлеуге алуға;

      3. Шоттар бойынша ақшаны қате қабылдау (есепке жазу) фактісі анықталған кезде ақшаны қайтару үшін Шоттардан ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны тікелей дебеттеу арқылы және/немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алуға;

      4. Берешек болған кезде Шоттардағы ақшаны, соның ішінде салым бойынша есептелген және төленген сыйақыларды акцептсіз тәртіппен және/немесе Клиенттің шоттарын тікелей дебеттеу арқылы есептен шығаруға;

      5. Ережелерде, Үлгілік ережелерде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің Шотын жабуға;

      6. Клиент Банкке Банк талап ететін және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, соның ішінде


        Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет