Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)


заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының



бет2/2
Дата14.03.2018
өлшемі464.88 Kb.
#20879
түріКодекс
1   2
заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және нысандарда жасалған төлем және өзге де құжаттарды, сондай-ақ ақпаратты бермеген жағдайда, Клиенттен Шоттар бойынша жүргізілетін банктік операцияларға қатысты кез келген ақпарат пен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ Клиенттің Шоттары бойынша Операцияларды жүргізуден (нұсқауларды акцепттеуден) бас тартуға немесе олардың жүргізілуін тоқтата тұруға құқылы.

  • Клиент:

    1. өз қалауы бойынша БЕ-де және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен шектеулерді ескере отырып, Шоттағы/Шоттардағы ақшаға билік етуге;

    2. Шарт пен БЗШ бойынша міндеттемелер тиісінше толық орындалған кезде Шотты/Шоттарды жабуға құқылы.

  • Клиент:

    1. Клиент Банктің Тарифтеріне сай Шоттар бойынша жүзеге асырылатын Банктің қызметінің ақысын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, Үлгілік ережелерде және Ережелерде көзделген басқа да міндеттерді орындауға;

    2. шарттың құпия болып табылатын талаптарын, соның ішінде Кіру коды, ДСЖК туралы ақпаратты ашпауға, сондай-ақ тұратын мекенжайының, ұялы телефон нөмірінің, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының өзгергені, Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарының жоғалғаны туралы барлық жағдайлар туралы міндетті түрде Банкке дереу хабарлауға;

    3. банктік қызметті пайдаланған кезде белгіленген Банктің қауіпсіздік ережелерінің барлық талаптарын сақтауға;

    4. шоттарды кәсіпкерлік қызметте пайдаланбауға міндетті.

  • Операциялар Шотта шоттың валютасында көрсетіледі. Операция валютасы шот валютасымен сәйкес келмеген жағдайда, Банк Банктің ішкі құжаттарына және Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес Операция сомасын шоттың валютасына айырбастайды. Банктің айырбастау операцияларын жүргізгені үшін Банк Тарифтеріне және Шартқа сәйкес комиссия алынады.

  • Өтінішті берген сәтте Банкте Өтініште көрсетілген валютадағы Шот болған кезде Банк банктік қызмет көрсету шартын жасасу туралы Клиенттің офертасын акцепттеген күннен бастап Тараптардың арасындағы осындай Шотты пайдалану бойынша қатынастар Ережелермен және Үлгілік ережелермен реттеледі. Банкте Өтініште көрсетілген валютада ашылған бірден көп Шот болған кезде, Банк өз қалауы бойынша кез келген осындай шотты осындай валюта үшін пайдаланылатын Шот ретінде белгілеуге немесе жаңа шот ашуға құқылы.

  • Клиент Берешекті өтеу міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда, мерзімі өткізілген Берешекті өтеуге Шоттардан ақша тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алынады. Валюталық шоттардағы және валюталық жинақ шоттарындағы ақша тікелей дебеттеу арқылы немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алынады және ақша алынған күнгі Банк белгілеген бағам бойынша Кредит валютасына айырбасталады.

  • Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, үшінші тұлғалардың Шоттарға ақша салуына жол беріледі.




    1. Жинақ шотына қызмет көрсетудің және салымды орналастырудың жалпы талаптары

      1. Банк – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы және 31.10.2008 жылғы № 011 куәліктің негізінде әрекет етеді. Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда, Банктің Клиенттің Шоттарынан ақша қалдығын қайтару міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылады

      2. Осы Ережелердің аясында банктік жинақ шоттарын ашу, жүргізу, оларға қызмет көрсету және жабу және салымды орналастыру қызметін көрсету мақсатында Банктің Акцептісі болған жағдайда төмендегідей шарттар жасалады немесе жасалуы мүмкін:

        1. Теңгедегі Жинақ шоты мен салым шарты (Шоттың валютасы – теңге. Салым бойынша сыйақының мерзімі, мөлшерлемесі және ЖСК Кешенді банктік қызмет көрсету шартында көрсетіледі. Картаға қызмет көрсету шотындағы оң қалдық мөлшері шарт бойынша салым сомасы болып табылады);

        2. Валюталық жинақ шоты шарты (Шоттың валютасы – шетел валютасы. Салым бойынша сыйақының мерзімі, мөлшерлемесі және ЖСК Тараптар Банк белгілеген нысанда жеке жасасатын банктік салым шартында көрсетіледі).

      3. Жинақ шоты шартына сәйкес Банк Клиенттен теңгедегі/шетел валютасындағы ақшаны (салымды) қабылдауға, ол бойынша Банктің акцепттеген Клиенттің Өтінішіндегі тиісті офертада көзделген мөлшерде және тәртіппен салым бойынша сыйақы төлеуге және салымның осы түрі үшін заңнамалық актілер мен шартта көзделген талаптармен және тәртіппен салымды қайтаруға міндеттенеді. Клиентке Сауалнамада көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жолдау немесе хабарламаны Клиенттің өз қолына беру немесе жинақ шотының ЖСК-сын көрсетіп, банктік салым шартын/Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасу Клиенттің жинақ шоты мен салым шартын жасасу туралы офертасын акцепттеу болып табылады.

      4. Клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында Банк жинақ шотына Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе Кешенді банктік қызмет көрсету шартын жасасқан жағдайда Клиентке хабарланатын жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) береді.

      5. Салымдарды пайдаланғаны үшін Банк www.kaspibank.kz мекенжайындағы Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру, Клиентке SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналарының көмегімен Банктің анықтайтын талаптарымен Клиентке салымдар бойынша қосымша төлем жасауға құқылы.

      6. Банк Клиентке қосымша төлемді есептеу және аудару талаптарын өз бетінше анықтауға және өзгертуге құқылы.

      7. Салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелген кезде бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күн есепке алынады. Бұл кезде жинақ шотына ақша есепке жазылған күн мен оны жинақ шотынан алған күн бір күнге қабылданады (есептеген кезде жинақ шотына ақша есепке жазылған күн ескерілмейді).

      8. Уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұрған немесе Шоттардағы ақшаға тыйым салған, акцептті талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы, инкассалық өкімді Банкте сақтаған, Банк үшін еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары әрекет еткен кезеңге Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.




    1. Теңгедегі жинақ шоты мен салым шарты

      1. Ақша түрі мен мерзімі (талап етілмелі, мерзімді, шартты) Өтініште немесе Шартта айқындалатын салымға, жинақ шотына салынады. Бұл кезде:

        1. салым бойынша сыйақы есептік кезеңдегі айдың соңғы жұмыс күні жинақ шотындағы ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, жинақ шотына салымды пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын аудару арқылы есептеу жүргізілетін есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні ай сайын төленеді;

        2. жинақ шоты мен салым шартының қолданылу мерзімі ішінде оң қалдықтың ақшасы салымға шектеусіз салынады;

        3. әр қосымша жарнаның сомасына салым бойынша сыйақы қосымша салынған ақша сомасының шотта болған нақты күн саны үшін банктік салым шартында айқындалған мөлшерлеме бойынша есептеледі;

        4. салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның жинақ шотында болған нақты күн саны үшін талап етілмелі салымның мөлшерлемесі бойынша есептеледі;

        5. салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында немесе Өтініште белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      2. Клиент:

        1. Берешегі болмаған кезде Картаға қызмет көрсету шотынан аудару арқылы жинақ шотына ақша салуға;

        2. кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ жинақ шотынан салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын қайтаруын талап етуге;

        3. жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы Кіру кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы жинақ шоты мен салым шартының талаптары жайлы, жинақ шотындағы ақша қозғалысы және жинақ шотындағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

      3. Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Картаға қызмет көрсету шотына аудару арқылы, Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, қолма-қол жасалмайтын түрде қайтарады.

      4. Жинақ шоты мен салым шарты Клиенттің жинақ шотына оң қалдық сомасы түскен күннен бастап күшіне енеді және кешенді банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде қолданылады.

      5. Шарттың және БЗШ-ның қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және Ережелерде көзделген басқа да жағдайларда Жинақ шоты мен салым шарты қолданысын тоқтатады, ал жинақ шоты жабылуы тиіс.




    1. Валюталық жинақ шоты шарты

      1. Оң қалдықтың ең аз сомасы (ол болған кезде салым бойынша сыйақы есептеледі), шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Банк айқындайтын және www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жарияланған мультивалюталық қызмет көрсету талаптарына сәйкес анықталады.

      2. Шетел валютасындағы ақша тиісті Валюталық жинақ шотына салынады. Бұл кезде:

        1. салым бойынша сыйақы есептік кезеңдегі айдың соңғы жұмыс күні Валюталық жинақ шотындағы ақшаның күнделікті қалдығына есептеледі және салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептелетін (капиталдандыру туралы талап) оң қалдық сомасын көбейте отырып, Валюталық жинақ шотына салымды пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын аудару арқылы есептеу жүргізілетін есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні ай сайын төленеді;

        2. салым бойынша сыйақы ақшаның шотта болған нақты күн саны үшін банктік салым шартында белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі;

        3. салымның алынған бөлігіне сыйақы ақшаның Валюталық жинақ шотында болған нақты күн саны үшін талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша есептеледі;

        4. салымның қалған бөлігіне сыйақы, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кетсе, банктік салым шартында көзделген мөлшерлеме бойынша есептеледі.

      3. Клиент:

        1. Валюталық жинақ шотына ақша салуға;

        2. Банктің алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған кезде кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ Валюталық жинақ шотындағы салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын қайтаруын талап етуге;

        3. жеке басын куәландыратын құжаттарды міндетті түрде ұсынып, Банкке жеке өзі барған кезде немесе Банктің Call Center арқылы Кіру кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Валюталық жинақ шоты шартының талаптары жайлы, Валюталық жинақ шотындағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.

      4. Банк салымды пайдаланғаны үшін есептелген сыйақысымен бірге салым сомасын Валюталық шотқа аудару арқылы, Валюталық шот жабылған жағдайда – теңгеге айырбастау және Картаға қызмет көрсету шотына аудару арқылы, Картаға қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – банктік қызмет көрсету шотына, ал банктік қызмет көрсету шоты жабылған жағдайда – Клиенттің жазбаша өтінішінде көрсетілген басқа да деректемелер бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалып, қолма-қол жасалмайтын түрде қайтарады.

      5. Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген немесе шетел валютасында банк салымы шартын жасасқан күннен бастап Валюталық жинақ шоты шарты күшіне енеді және жасалған банк салымы шартының талаптарына сай қолданылады.

      6. Шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, БЕ-де, Үлгілік ережелерде, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету талаптарында көзделген басқа да жағдайларда Валюталық жинақ шоты шарты қолданысын тоқтатады, ал Валюталық жинақ шоты жабылуы тиіс.




    1. Тараптардың жауапкершілігі

      1. Кіру кодын, ДСЖК және ЖСН-ды құпияда сақтау үшін Клиент жауап береді.

      2. Клиент БЗШ-ны қоспағанда, Ережелерде көзделген шарттар бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Банктің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Клиенттің кез келген мүлкін және мүліктік құқықтарын мәжбүрлеп өндіріп алуды қосқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген шараны қолдануға құқығы бар. БЗШ бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде қолданылатын шаралар БЗШ-ның талаптарымен айқындалады.

      3. Банк:

        1. жасалған шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайлар үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш жағдайларының, соның ішінде электр энергиясын сөндіру, байланыс желісінің зақымдалуы, өрт және Банктің еркінен тыс басқа жағдайлардың басталуы салдарынан болса, Банк жауап бермейді. Жоғарыда аталған жағдайлар мен олардың салдары тоқтағаннан кейін Банк Клиентпен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін тез арада орындайды;

        2. Клиенттің Кіру кодын, ДСЖК-ны хабарлауы арқылы Банк Call Сenter-дің көмегімен Клиентке хабарлаған құжаттары және өзге де ақпараты үшінші тұлғаларға қолжетімді болған жағдайда туындауы мүмкін шығындар, шығыстар үшін, сондай-ақ өзге де жағымсыз салдар үшін;

        3. Клиенттің қолын қойып, берген тиісті жазбаша құжатының негізінде, онда бар ақпараттың шынайылығына қарамастан, өзі жасаған кез келген әрекет немесе әрекетсіздік үшін, сондай-ақ Клиенттің берген құжаттарында қойылған қолдардың түпнұсқалығы үшін;

        4. үшінші тұлғаның Операцияны жүргізу үшін Картаны қабылдаудан бас тартуын, сондай-ақ қандай да бір апаттар, бағдарламалық және/немесе техникалық құралдардың қызмет көрсетуіндегі жаңылыстар немесе кідірістерді қоса алғанда, Банктің бақылау саласынан тыс болатын себептердің салдарынан туындаған жағдайлар үшін Банк жауап бермейді.

      4. Үшінші тұлғалар Клиенттің шоттарынан ақшаны есептен шығарған жағдайда Банк жауап бермейді. Егер төлем жасалған уақытта Картаға тосқауыл қойылмаса, оның жарамдылық мерзімі өтіп кетпесе және төлем жасалған төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларының арасында жасалған шарттарға сәйкес Картаның ұстаушысы төлем жасау үшін Картаны пайдаланса, Картаны пайдаланып жасалған төлем санкцияланған болады.

      5. Кез келген жағдайда Клиенттің алдындағы Банктің жауапкершілігі Банктің Клиентке әдейі немесе дөрекі ұқыпсыздықпен жасалған әрекетінен немесе әрекетсіздігінен келтірілген, құжатпен расталған тікелей нақты залал мөлшерімен шектеледі. Жіберілген пайда, жанама, үстеме немесе кездейсоқ шығындар немесе залал, соның ішінде Банк олардың туындау ықтималдығы туралы хабардар болған жағдайларда өтелмейді.

      6. Клиент:

        1. Шарттың талаптарын, Картаны пайдалану ережесін тиісінше орындамағаны үшін – Банктің шеккен және келтірілген шығыстары мен шығасыларының толық көлемінде;

        2. Банкке жоғалған/ұрланған Картаға тосқауыл қойылғаны туралы уақтылы хабарламаудың салдары үшін – Банктің шеккен және келтірілген шығындарының толық көлемінде;

        3. Банктің Шотқа қателесіп аударған ақшасын Банкке қайтармағаны үшін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қателесіп аударылған ақшаның мөлшерінде;

        4. Шотты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдаланғаны үшін – келтірілген залалдың толық көлемінде жауап береді.

      7. Үлгілік ережелерде анықталған ақпаратты уақтылы бермеген жағдайда, Клиенттің Банкке үшінші тұлғалардың төлем құжаттарының өзгеруі туралы хабарламауының себебінен Банкте дұрыс мәліметтердің болмауынан оларды рұқсатсыз орындауға немесе орындамауға байланысты Банкте туындаған нақты шығындарды Клиент Банкке өтейді.

      8. Шартқа сай Банктің көрсететін қызметінің ақысын төлеу үшін Банктің пайдасына ақша алу мүмкін болмаған жағдайда, соның ішінде Банктің нұсқауымен (өкімімен) мұндай нұсқау (өкім) берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кез келген себеппен ақы төлемеген немесе Клиент Шарт бойынша кез келген соманы (соның ішінде тұрақсыздық айыбын) төлеу мерзімін өткізген кезде Клиент Банкке мерзімі өткізілген әр күн үшін берешек сомасының 0,5 % мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      9. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер оларды орындауға соғыс, соғыс қимылдары, террористік актілер, табиғи құбылыстар, өрт, ереуіл, электр энергиясын өшіру, байланыс желілерінің зақымдалуы сияқты еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайлары және Тараптардың еркінен тыс басқа да жағдайлар, сондай-ақ уәкілетті органдардың Тараптарға Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын шешімдерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдауы кедергі жасаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған Тарап олардың басталған сәтінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) берген растайтын құжатын беруге міндетті, бұл кезде Тараптардың міндеттемелерін орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекет еткен мерзіміне тең ұзартылады.

      10. Клиент кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, Клиент Ережелер мен Үлгілік ережелер аясында ашылатын Шоттарды пайдаланған жағдайда, Клиент міндеттемені бұзуға байланысты Банктің шеккен барлық/кез келген шығынын Банкке толық мөлшерде өтейді.




    1. Шартты өзгерту және бұзу

      1. Клиенттің бастамасымен Шартты бұзу үшін:

        1. Клиент Банктің белгілеген нысаны бойынша жазбаша өтінішін Банкке береді және сол уақытта Шарттың аясында шығарылған және берілген, Банкке бұрын қайтарылмаған және жоғалды/ұрланды деп мәлімделмеген барлық Карталарды Банкке қайтарып береді. Аталған өтініш болжамды бұзатын күнге дейін кемінде қырық бес күнтізбелік күн бұрын Банкке берілуі тиіс. Өтініштің берілген күні Банктің өтінішті қабылдаған күні болып саналады;

        2. Клиент мерзімінен бұрын бұзатын күннің алдындағы ай үшін Шарт бойынша төленетін ақы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті;

        3. Шарт және БЗШ бойынша міндеттемелерін толық орындаған жағдайда, Клиент заңнамаға, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Картаға қызмет көрсету шотын жабу туралы өтініш береді.

    Жоғарыда аталған талаптар орындалған кезде, Банк шартты бұзу және Картаға қызмет көрсету шотын жабу туралы өтінішті алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн өткенде шарт бұзылған болып саналады.

      1. Клиент Картаға қызмет көрсету шотын жабу туралы өтінішін Банк өтінішті алған күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн өткенге дейін қашықтан байланысу арналары арқылы кері қайтарып алады. Бұл жағдайда шарт бұзылмайды және бұрынғы талаптармен қолданылады.

      2. Картаның жарамдылық мерзімі ішінде және/немесе Банкке Картаны (және қосымша Картаны) қайтаратын күнге дейін (қоса алғанда) жасалған Операцияларды, сондай-ақ Банк Клиенттен Картаның жоғалғаны/ұрланғаны/алынғаны туралы жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі күнге дейін (қоса алғанда) кез келген үшінші тұлғалардың Картаны пайдаланып жасаған барлық Операцияларын, Банк аталған өтінішті алғаннан кейін қырық бес күнтізбелік күннің ішінде (қоса алғанда) авторландырусыз жасалған Операцияларды Клиенттің қойған қолының барына және/немесе ЖСН немесе ДСЖК енгізгеніне қарамастан, Клиент жасаған болып саналады.

      3. Банк Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге, соның ішінде Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ комиссиялар мен Тарифтерді өзгертуге және Шарттың аясында жаңа қызмет түрлерін енгізуге құқылы. Бұл жағдайда қосымша келісім жасасу талап етілмейді Мұндай өзгерістер туралы Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы хабарланады.

      4. Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ өзгертілген Банк Тарифтері Ережелерге сай Банк мұндай өзгерістер туралы хабарлағаннан кейін бес күн өткенде өзгертілген түрінде күшіне енеді. Бұл кезде:

        1. жаңадан енгізілген ақылы қызмет Ережелерде және Шартта аталған тәртіппен көрсетіледі. Шартты және БЗШ-ны жасасқан сәтте Банк Ережелерде көзделмеген жаңа қосымша ақылы қызмет түрлерін ұсынған жағдайда, Банк www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста осындай жаңа қызмет түрлерін көрсету талаптарын орналастырып, қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке қосымша қызмет түрлерін көрсету (қосу) ұсынысы туралы хабарлама жібереді. Клиент қызметті алу бойынша әрекеттер жасау, Шот-көшірмедегі Банк ұсынысының (қызметті қосу) талаптарында көзделген тәсілдермен ақпаратты сұрату сияқты жарияланған қосымша қызмет түрлерін көрсету талаптарында көзделген конклюденттік әрекеттер немесе өзге де әрекеттер жасаған жағдайда, Клиентке қосымша қызмет көрсетілетін (қосылатын) болады;

        2. жаңадан енгізілген ақысыз қызмет Банк көрсеткен күннен бастап көрсетіледі, бұл кезде Банк өз қалауы бойынша кез келген тәсілмен Клиентке хабарлайды.

      5. Ережелерге сәйкес жасалатын шарттардың талаптарын біржақты өзгертуге Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.

      6. Банктің жаңа Тарифтерін Банктің операциялық залдарында және/немесе www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурсқа орналастырған жағдайда, Банк Клиентке Банктің Тарифтерінің өзгерісі туралы тиісті түрде хабарлаған болып саналады.

      7. Банктің шарттардың талаптарын біржақты өзгертуімен Клиент келіспеген жағдайда, Клиентпен Шарт Ережелерде көзделген талаптармен бұзылады немесе Тараптардың келісімімен өзгерістер қолданылмайды және Шарт бұрынғы редакциясында қолданылады.

      8. Клиент міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда немесе Клиенттің растамалары мен кепілдіктері шынайы болмаған жағдайда немесе Клиенттің Өтініште не Клиент туралы мәліметтерде шынайы емес ақпаратты бергені анықталған жағдайда, Банк Шарттан бас тартуға құқылы. Клиентке Клиент туралы мәліметтерде көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабар жіберу арқылы Шартты бұзу туралы хабарланады.

      9. Шарт бұзылған кезде Шоттардағы барлық ақша қалған Шоттарды кейіннен жауып, банктік қызмет көрсету шотына аударылады.




    1. Ерекше талаптар

      1. Тараптар басқа Тараптан алынған банктік, коммерциялық және басқа да ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында тура көзделген жағдайларда немесе басқа Тараптың жазбаша келісімімен немесе Клиенттің жазбаша келісімінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес үшінші тұлғаларға беріледі (баспада жарияланады немесе жария етіледі және т.с.с.).

      2. Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оның рұқсатсыз өзгертілуі, рұқсатсыз төлем жасалғаны немесе ақша аударымы анықталған кезде және Банк электрондық банктік қызметті көрсеткен кезде туындайтын өзге де рұқсат етілмеген әрекеттер анықталған кезде, Банк олар анықталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осындай әрекеттерге жол берілген Клиентке бұл туралы қашықтан байланысу арналары арқылы хабарлайды. Рұқсат етілмеген әрекеттер орын алған жағдайда, Банк дереу олардың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қолданады.

      3. Клиент Банкке банк құпиясын құрайтын мәліметтер мен ақпаратты, егер, Банктің пікірінше, Клиенттің әрекеттерінде қылмыс белгілері бар болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, сондай-ақ Клиенттің жазбаша келісімдерінде көрсетілген жағдайларда анықтау және алдын ала тергеу органдарына жария етуге және беруге құқық береді.

      4. Банктің алған дербес деректері тарап ретінде Клиент пайда алушы немесе мүдделі тұлға болып табылатын шарттарды жасасу және орындау үшін; оларды орындауға мәжбүрлеу немесе берешекті өндіріп алу үшін, клиенттің құқықтары мен міндеттерінің тиісінше іске асырылуын қамтамасыз ету үшін; мәліметтерді анықтау үшін, соның ішінде алаяқтық операцияларға жол бермеу мақсаты үшін; шарттарды орындаумен байланысты ақпаратты, үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларына (адалдық бағдарламаларына) қатысатын үшінші тұлғалардың мәліметтері мен ақпаратын Клиенттің назарына жеткізу үшін; сақтандыру, почталық ұйымдарға, байланыс ұйымдарына беру үшін; мерзімі өткізілген Берешекті өндіріп алу үшін коллекторлық және басқа ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға беру үшін пайдаланылады және пайдаланылуы мүмкін.

      5. Қашықтан байланысу арналарын пайдалануымен Клиент қажетті құпиялылық режимін қамтамасыз еткенін, барлық қажетті, соның ішінде зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалардан қорғану үшін техникалық және бағдарламалық ресурстары бар екенін растайды.

      6. Хат жазысу, Операциялар жүргізу және мәмілелер жасасу және Ережелерге сәйкес басқа да іс-әрекеттерді жасау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе Банктің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңба пайдаланылуы мүмкін.

      7. Банк Клиентке оның сұратуы бойынша www.kaspibank.kz мекенжайындағы интернет-ресурста жариялау арқылы банк операцияларын жүргізудің жалпы ережелері, сондай-ақ Банк Тарифтері туралы ақпарат беруге міндеттенеді.

      8. Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің кез келген хабарламасы немесе сұратуы жазбаша түрде берілуі тиіс. Мұндай хабарлама немесе сұрату, егер Банктің мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жіберілген жағдайда, Банкке лайықты түрде жіберілген болып саналады.

      9. Ережелерге және Шартқа сәйкес Банктің Клиентке жолдайтын жазбаша хабарламалары, Клиенттің оферталарын акцепттеу тәсілдерін қосқанда, Шот-көшірмеде жазылуы мүмкін немесе Банк оларды жеке құжат түрінде немесе қашықтан байланысу арналарының көмегімен, соның ішінде Клиентке SMS-хабар жолдау арқылы жолдауы мүмкін.

      10. Клиентке қызмет Ережелерде көзделген шарттарды жасасқаннан кейін Ережелерге сәйкес көрсетіледі.

      11. Банк белгіленген тәртіппен шарттар жасалатын сәтке дейін Ережелерде көзделген қызметті көрсетуге және міндеттемелерді өз мойнына алуға міндетті емес.

      12. Кешенді банктік қызмет көрсету шарты, БЗШ, Ережелер жасалған жағдайда, оның қосымшаларын қосқанда, Клиенттен алынған өтініштер/құжаттар/ақпарат, шарттар, сондай-ақ Банктің Клиентке жолдайтын құжаттары немесе Банктің Клиенттің оферталарын акцепттеу немесе шарттар жасасу бойынша іс-әрекеттері АК-нің 152-бабына сәйкес ресімделген, атап айтқанда, жазбаша түрде жасалған болып табылады.

      13. Банк БЗШ-ны және Картаға қызмет көрсету шоты шартын жасасу туралы оферталарды акцепттеген жағдайда, кредит лимиті бар төлем картасын беру туралы шарт осы шарттардың жиынтығы болып табылады.

      14. Клиентке қызмет көрсету сапасын бақылау үшін, Клиент Call Center-ге, Банктің авторландыру қызметіне немесе Банктің басқа да бөлімшелеріне хабарласқан кезде, Банк онымен телефон арқылы жүргізілген келіссөздерін бақылауға, жазып алуға және бейне- және аудиожазба жүргізуге, сондай-ақ жазбаны мұндай хабарласу фактісін растау үшін пайдалануға құқылы.

      15. Банктің акцепттеген Клиенттің оферталарының талаптарын Клиенттің өзгертуіне жол берілмейді.

      16. Әр түрлі оферталарды Банк бір хабарламада акцепттей алады.

      17. Клиенттің Ережелерде көзделген шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттерін Банктің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      18. Мемлекеттік және орыс тілдері Ережелерге сәйкес жасалатын шарттардың тілі болып табылады, бұл кезде Клиент Өтінішті өз қалауы бойынша мемлекеттік тілде, сол сияқты орыс тілінде де жіберуге құқылы. Жазысқан хаттар мен хабарламалар Клиент Өтінішті ұсынған тілде жасалады. Ережелер мен Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда, орыс тілінде жасалған мәтін басым болады.

      19. Клиент пен сауда және сервис кәсіпорындары (ССК) арасындағы тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуге қатысты даулы қатынастар Банктің қатысуынсыз шешіледі.

      20. Тараптардың арасында шарттардан немесе соларға байланысты туындайтын барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады. Егер Тараптар келіссөздер барысында келісімге қол жеткізбесе, даулар Банктің қалауы бойынша Банктің немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта қаралуы тиіс.

    ***



    Каталог: news -> file
    file -> Анктік ақпараттық
    file -> Что такое стандарт gmp
    file -> Ережелері Осы «Салым бойынша қосымша төлем»
    file -> Генеральные (примерные) условия договоров банковских услуг ао “Kaspi Bank” (версия 2)
    file -> Жинақ шотына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ағымдағы шотқа, төлем картасына банктік қызмет көрсетудің типтік
    file -> «Банк «Каспийский» АҚ-ның 2006 жылғы 31 желтоқсандағы пруденциалдық нормативтер туралы есебі
    file -> «Kaspi Bank» АҚ-да тұтынушылық қарызын берудің Жалпы (үлгі) шарттары Осы «Kaspi Bank»


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©kzref.org 2023
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет