Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров халықтың жаппай қолма-қол төлемге көшіп, мобильді аударымнан бас тартып жатқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Үкімет

"Бұл – уақытша тренд. Кәсіпкерлердің жағдайды түсінбегенінен немесе толық түсінбегенінен туындап отырған дүрбелең. Біз ашық жұмыс істегіміз келеді, осы тұста кәсіпкерлер мұны ел үшін жасап жатқанын түйсініп әрекет етуі қажет. Жасырынып жұмыс істеуге болмайды. Қазақстан қаржылық техника мен мобильдік аударымдар жағынан әлемде ең цифрлық дамыған елдердің бірі. Бізге АҚШ, Еуропадан шетелдіктер келеді. Бәрі цифрланып кеткеніне таңғалады. Сол себепті біз осы трендті сақтап қаламыз деп ойлаймын, үйреніп кетеді", — деп түсіндірді Әлібек Қуантыров үкімет отырысында. 

  • Қазақстан жыл соңына қарай бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді
  • "Күнін әрең көріп жүргендерге салық салып жатырсыздар": Депутат мобильді аударым мәселесін қайта қарауды талап етті

Ұлттық экономика министрі Қаржы министрлігі егер арыз-шағымыңыз болса тиісті органдарға жүгінуге болатынын айтқанын еске салды. Соған қарамастан Әлібек Қуантыров жағдай түзеліп кететініне сенеді. 

"Өзім де электронды гаджеттерді пайдаланамын. Өте ыңғайлы. Ал экономика үшін аса қиындық туады деп ойламаймын. Барлық адам қолма-қол ақшаға болса да тауар сатып алады. Тек банктер банкоматтарға көбірек қағаз ақша салып қоюы қажет", — деп толықтырды министр. 

Бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлер мобильді аударымдарға салынатын салыққа наразылық білдіргенін жазған едік. Олар халықтан тауарлар мен қызметтер үшін төлемнің бұл түрінен жаппай бас тарта бастады. Сатушылар мен такси жүргізушілері қазақстандықтардан өздерімен бірге қағаз ақша алып жүріп, сол арқылы төлеуді сұрайды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.