Генетикалық модификацияланған өнімдердің адамғА Әсері



жүктеу 86.7 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі86.7 Kb.

ӘОЖ 575+57925
ГЕНЕТИКАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨНІМДЕРДІҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
Сүйімқұл Ш.Б.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз
Генетикалық модификацияланған организмдер - бір клеткалы немесе көп клеткалылар, олардың генетикалық аппаратына адам араласуы нәтижесінде ферменттерді ашты[1]. Медицина саласында жаңа гендерді енгізу арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса әр түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері табылған.  Келешекте осы жолмен ингибиторлар алынатын болады (қатерлі ісіктің өсуін баяулататын, вирусты аурулардың емдеуге арналған интерферон, және психикалық ауруларды емдеуіне арналған инкефалин, эндорфин т.с.с.). Адамның және жануарлардың тұқым қуалаушылық бағытын өзгерту мақсаты қиын да шешілетін мәселе. Клеткаларға арналған қауіпсіздік бағыттары қалай қабылдануына қарай белсендірудің «механизмі» шешілген болады, демек «қосылатын және сөнетін» гендердің техникалық қиындықтарды жеңуі ғана қалады. Бұл гендік аурулардың және қартаюды жеңудің жеңіске жаңа адымы болады. Сол уақытта егде адамдардың организмінде мутация нәтижесінде «бүлінген гендерді» жаңа гендерге ауыстыруға мүмкіндік туады. Генетикасы модификацияланған организмдерді өсіру үшін бір ор­ганизмнің генін басқа бір өсімдіктің не­ме­се жануардың ДНҚ-сына енгізіп, транс­гендеу жасайды. Бұл ар­қы­лы организмнің кейбір табиғи қасиет­тері өзгертіледі. Нәтижесінде ген жаңа қажетті қасиеттерге ие болады [2]. Генетик ғалымдардың нақты есебі бойынша әлемде 1000 түрлі өсімдік тектес көкөніске гендік будандастыру жүргізу мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең көп будандастырылғандар - қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп. Былайша айтқанда халық ең көп тұтынатын қоректік заттар. Будан өнімге зиянды жәндіктер жоламайды. Трансгенді өнімді өндірушілерді оның тез өнім беретіндігі және төзімділігі қызықтыруда. Пестицид, химиялық тыңайтқыштарды қосып өнім өсіруден топырақтың, судың улануынан, экология күрт нашарлады. Ал трансгенді өсімдіктер экологияға, қоршаған ортаның апаттарына төзімді болғандықтан, ондай химиялық тыңайтқыштарды жерге себуді қажет етпейді. Улы химикаттардың әсерін бір айдың ішінде көруге болады, өнімді де ажыратуға болады. Мәселен, нейтраты көп қарбызды жарғанда іші сап-сары болса жеуге жарамсыз. Трансгенді өсімдіктердің әлемдегі аштықтан қырылып жатқан халықты тамақтандыруға және экологияны, табиғатты бүлдірмеу үшін үлкен пайдасы бар - дейді оның жақтаушылары. Құрамында қоспасы бар өнімдер, яғни генетикалық модификацияланған тағамдар адамға ешқандай да қауіп төндірмейді. Жүз пайыз қауіп төндірмейді деп ғалымдар да айта алмайды, әрине, өйткені мұндай қауіпсіз ештеңе де жоқ. Бірақ мынаны ескеру қажет, адам - жоғарғы организм болып табылады. Ал жоғарғы организмдердің генетикалық, физиологиялық аппаратында қуатты сүзгілер болады. Міне, осы сүзгілер модификацияланған өнімдердің өте елеусіз пайыздағы зиянды нәрселерін сүзіп алып отырады. Осы жағынан келгенде де, бұл өнімдердің организмге зиянсыз, қауіпсіз екенін айтуға болады. Трансгенді тағамдардың адам организміне қаншалықты зиян екендігін нақты дәлелдермен анықтап берген ешкім жоқ. Ғалымдардың өздерінің пікірлері екіге бөлініп отыр. Демек, еш алаңсыз отыруға да болмас. Қызанақтан, колбасадан т.б. тағамдардың кейбірінен, биологиялық белсенді қосындыларды, соя концентраты ДНҚ-сын, яғни трансгенді табылды. Құжаттар бойынша ондай қосынды өнімде 0,9 аспау керек. Сонымен 117 өнімнің жиырмасыншы гені модификацияланған болып шықты. Белгілеген мөлшерден 0,9 асып кеткен [3]. Адам және жануар организміне генетикалық модификацияланған өнімдерінің ықпалы туралы толық зерттеулер кешені жүргізілген жоқ. Генетикалық модификацияланған өнімдер азық-түлікте көріну адам денсаулығына қатерлерін үлкейтеді, нәтижесінде тамақтық аллергия, улаулар, мутациялар, ісіктердің пайда болуына жағдай жасайды, сонымен қатар антибиотиктерге тітіркенуді туғызуы деп атайды көптеген ғалымдар. Адамның имму­нитеті әлсірейтіні, аллергия көбейе­тіні ғылыми тұрғыдан негізделіп жария­лануда. Кез келген өсімдіктің, жәндіктің, жануардың табиғи геномына бөтен қасиеті бар генді қию­ластырып енгізу үшін арнайы тасымал­даушы вирустар пайдаланы­латынын ес­кер­сек, неше түрлі ой келеді. Себебі адам­затты азапқа салумен келе жатқан тұмау да, гепатит те, полиомиелит те, жүре пайда болатын иммунитет тап­шылығы синдромы және басқалары әртүрлі сондай вирустардың организмге бір кіріп алғаннан кейін мүлдем бағынбай кететін қасиетімен байланысты. Бүгінде соя, жүгері, күріш, картоп, мақта, рапс, темекіні генетикалық модификациялау ісі шыңына жетіп қалды. Жүгері сорттарының, темекінің және қызанақтың трансгенді қатары лигининді заттарынан тұрады, олар насекомдар, зиянды жәндіктерге, қарсы тұру бейімділігімен, өсімдіктерге зиян тигізуіне кедергі жасайды. Ол улы метанол және мутагенді фенолдарға ажырай алады. Туысы жат ДНҚ адамның ішкі мүшелерінде жиналуға қабілетті болуымен қатар, эмбриондардың клеткаларының түйіндеріне әсер тигізуі, сол себепті тумыстан кемтарлықтарға әкеле алады және ұрық өлуіне себеп екенін жоққа шығаруға болмайды. Генетикасы модификацияланған организмдердің дүниежүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адам­дар мен жануар­лар ара­сында ұрпақсыз­дықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалай­тын кемтарлықтың ерекше түр­лері пайда болуы мүмкін екен­дігін бел­гілі ғалымдар дәлелдеп берген. Қатерлер тобына көбіне 4 жасқа дейінгі балалар қатары жатқызылады, өйткені олар туысы жат гендердің әсерінен қорғалмаған. Қазіргі таңда адамзатты алаңдатып отырған дүние азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы. Әсіресе, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін басқа тірі организмнің генімен будандастыру кең етек алып барады. Ресейлік ғалымдар гендік модификацияның қай түріне болмасын қарсы. Оның белсіздікке, бедеулікке әкеліп соғатынын дәлелдеді. Базарларда сырты мұнтаздай тап-таза жеміс-жидектер мен көкөністерге мән беру керек. Бұл гендік инженерияның көмегімен өндірілген, шеттен әкелінген арзан, жасанды жемістер. Бұндай өнімдердің адам денсаулығына, организміне, болашақ ұрпағына аса зиян екенін білу керек [4]. Соңғы жылдарда баспа беттері және теледидарда барлық генетикалық модификацияланған өнім туралы хабар жиірек айтылуда, олардың арасында мұндай өнімнің жақтаушыларымен қатар, дәл осындай және айқын қарсыластар да бар. Адамзатқа генетикалық модификацияланған өнім қолдану қауіпсіз екендігі туралы таластар бүкіл әлемде жүріп отыр. Біздің қаламызда бұл өзекті мәселе болып отыр, деп болжауға болады, өйткені Тараз дүкендерінде ГМ өнімдері өте көп сатылады, ол туралы қала тұрғындары ештеңе білмейді және сауалнамаға қатысқан колледж білімгерлері өз денсаулығын сақтауына өте немқұрайлы қарайды деп болжауға болады. Осы өнімдерге адамдардың қатысының жиынтығын жылдам зерттеу мүмкін емес, сондықтан осы социологиялық зерттеу ішінара таңдау арқылы жүргізілді. Әртүрлі әлеуметтік топтардан бірнеше адамның генетикалық модификацияланған өнімдерге көзқарасын анықтау арқылы жалпы кеңейтілген мағлұмат алуға болады. 8 сұрақтан тұратын сауалнама сұрақтары дайындалып, оны жүргізу үшін 40 білімгер қатысты.
1. Генетикалық модификацияланған өнім не екенін білесіз бе?

Иә -10 білімгер -25%; жоқ - 12 білімгер - 30%; жауап беруге қиналғандар - 18 білімгер - 45%.

2. Генетикалық модификацияланған өнімдерді атаңыз? 40 сұралғандардың ішінен 4 білімгер әр түрлі өнімдерді атады - (10%)

3. Ол өнімдердің генетикалық модификацияланған екенін сіз білесіз бе?

Иә - 4 білімгер - 10%; жоқ - 35 білімгер - 90%

4. Егер өнімдердің генетикалық модификацияланған екенін білсеңіз оларды қолданар ма едіңіз?

Иә - 10 білімгер -25%; жоқ - 17 білімгер - 42,5%; білмеймін - 10 білімгер -25%; маған бәрі-бір – 3 білімгер – 7,5%.

5. Сіз тағамдар орамасында, олар генетикалық модификацияланған деген нұсқауды кездестірдіңіз бе?

Иә – 4 білімгер -10%; жоқ - 36 білімгер - 90%;

6. Сіздің көзқарасыңызша генетикалық модификацияланған өнімдер организмге зиян тигізе ме?

Иә - 15 білімгер -37.8%; жоқ - 9 білімгер - 22.5%; жауап беруге қиналғандар - 15 білімгер -37.8%; маған бәрі-бір - 1 білімгер-1,9%.

7. Сіз қалай ойлайсыз генетикалық модификацияланған өнімдер денсаулыққа қандай зиян алып келе алады?



  • қатерлі ісіктерді пайда етеді - 15 білімгер;

  • тістер түсіп қалу немесе бүліну - 5 білімгер;

  • дүниеге кем балалар келеді - 7 білімгер;

  • аллергия - 7 білімгер;

  • асқазан қызметінің бұзылуы - 5 білімгер;

  • семіру - 1 білімгер.

8. Ұсынылып отырған тізімнен қандай өнімдерді қолданаcыз?
Кесте

Генетикалық модификацияланған өнімдер




Кальве (майонез, кетчуп)

38 білімгер

Нестле (шоколад)

24 білімгер

Нести (шай)

4 білімгер

Несквик (какао)

2 білімгер

Корн Флейкс (хлопья)

1 білімгер

Пепси

32 білімгер

Лейс (чипсы)

28 білімгер

Принглс (чипсы)

14 білімгер

Кит-кэт

18 білімгер

Милк (шоколад)

14 білімгер

Марс (шоколад)

33 білімгер

М & М

14 білімгер

Сникерс

36 білімгер

Твикс

31 білімгер

Несквик (шоколадты сусын )

2 білімгер

Фрут энд Натс

12 білімгер

Хейнтц (кетчуптер)

2 білімгер

Кока-кола

36 білімгер

Спрайт

34 білімгер

Альгида (балмұздақ)

4 білімгер

Сауалнама алу нәтижесінде анықталғаны, сауалнамаға қатысқан колледж білімгерлері генетикалық модификацияланған өнімдер туралы өте аз біледі, ал (90%) ол өнімдердің не екенін білмейді. Шоколад, сусындар және чипсы өнімдерін негізгі сатып алушылар оқушылар және білімгерлер. Генетикалық модификацияланған өнімдерді біле тұра сұралғандардың - 77,5% көп немесе аз дәрежеде қолданады (кесте). Сұралғандардың 90% генетикалық модификацияланған өнімді таңбалауды орамаларда кездестірмеген, тек қана 1 білімгер таңбалауды орамада кездестірген. Сауалға жауап беру кезінде сұралғандардың көпшілігі генетикалық модификацияланған өнімдердің денсаулыққа қандай зиян тигізетінін айта алмады. Алдын-ала болжағандай, жалпы сұралатындардың көпшілігі генетикалық модификацияланған өнімдер денсаулыққа қандай зиян алып келеді - 62,2% білмейді. Тап осы сұраққа алынған жауаптар: тістер түсіп қалу немесе бүліну - 5; асқазан қызметі нашарлауы - 5; семіру - 1.

Осы проблемамен шұғылданған ғалымдардың өзі бірыңғай пікірде емес. Зерттеушілердің барлығы ол өнімдердің зияны туралы айта алмауда, оны жылдар өте келе зиянды екенін анықтауға болады деп есептейді.

Тұтастай алған­да, гендік модификация да - жаңа­лық, әлем осыған ден қойып отыр, яғни инновация. Ал ол инновация біздің ауылшаруашылық өнімдеріміздің өнімділігін, шығымын жақсартып, әлемдік на­рық­тағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болса, неге одан бас тарту керек?!


Әдебиет


  1. Гильмано М, Әбшенова Л. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым, Алматы. Атамұра, 2009. 

  2. Ревенко Л. Гендік революция әлемнің тағам өндіру дәуірінде, 2002.

  3. Соловьева М. «Труд» газеті, «Не сатып аласың қара!» 21.02.2005.

  4. Фрязино А. Геном, клонирование, происхождение человека, 2004.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Dulaty2012 III-tom
Dulaty2012 III-tom -> Әож 33. 1: 637. 146. ҚҰРҒАҚ компоненттер негізінде ұлттық сусын
Dulaty2012 III-tom -> Әож 687 салтанатты дастарханды жобалау ерекшеліктері
Dulaty2012 III-tom -> Автономды күн энергетикалық қондырғысы және оның күнге бағыттау құрылғысы
Dulaty2012 III-tom -> Әож 531 08 (07) Қызмет көрсетудегі өлшеу қҰралдарының маңызы
Dulaty2012 III-tom -> Атырау өҢіріндегі еділбай қойларының Өнімділік-биологиялық ерекшеліктері ирзагалиев Қ. С., Сұлтанов С.Қ. Атырау мұнай және газ институты, Атырау
Dulaty2012 III-tom -> Жел энергетикалық қондырғылардың параметрлерін анықтау Есімбаев О. Ж., Садыков Б. Н., Дауренбекова С. К
Dulaty2012 III-tom -> Әож 677+621. 318. 44. Орау тікиіршіктерінің орам сапасына әсер ететін параметрлері
Dulaty2012 III-tom -> Ш., Жампоз Ө. М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Dulaty2012 III-tom -> Әож 626. 032. 27 Гидроциклонды сифондарды Ауылшаруашылығында пайдалану
Dulaty2012 III-tom -> Жамбыл облысында қант қызылшасын өсірудің Қазіргі кездегі жағдайы және келешектегі мүмкіндіктері мұсабеков Қ.Қ., Ратова А. Б


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет