Профессор Роб Гэллуэй жалғыздық егде жастағы адамдар арасында қауіпті инфаркт, инсульт сияқты сырқатқа шалдықтыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, жалғыздық жүрек пен қан тамырларының жұмысына кері әсер етеді. Салдарынан адам күйзеліске түсіп, қан қысымы көтеріліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаның күйзеліске деген реакциясы денедегі цитокиндер деп аталатын химиялық заттарға әсер етіп, қабынуды тудырады. Оның салдары ерте қартаюға әкеліп соғады. 

  • Маман жапониялықтардың ұзақ жасауының құпиясын айтты
  • "Елден мықты дәрігер кездестірмедік": Балжан Бидаш әкесінің жағдайын айтты

“Инфаркт пен инсульттің себебі тек жалғыздық” деген пікірмен барлық медицина қауымдастығы келіседі деп айта алмаймын. Алайда жалғыздыққа әсер ететін жағдайларды елемеуге болмайды. Жедел жәрдем бөлімінде жұмыс істеп жүргенде мұндай жағдайларды күнде байқайтынмын және инсульт немесе инфаркт алған зейнеткерлерді жиі емдейтінмін”, – дейді дәрігер. 

Бұған дейін салмақ тастаудың негізгі ережелері туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.