22 наурызда Алматы облысындағы тас жолға қар көшкіні құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан кадр

"ҚазАвтоЖол" ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторының хабарлауынша, сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар "Алматы-Космостанция" тас жолының 19-шақырымындағы жол бөлігінде қар көшкіні жүріп өткен.

"Қар көшкіні көлемі 600 м3, ұзындығы 50 м, биіктігі 2 метрге дейін жетті. "Қазавтожолсервис" ЖШС қызметкерлері жол бөлігін тазарту жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін екі бірлік техника (тиегіш-1, бульдозер-1) ) және 10 жеке құрам жұмылдырылды. Сонымен қатар кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауда", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Букреев шыңында қар көшкіні жүргені туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.