География 7 сынып



жүктеу 55.86 Kb.
Дата07.04.2019
өлшемі55.86 Kb.
түріСабақ

География 7 сынып

Күні: Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың географиялық орны, ашылуы және зерттелу тарихы.

Мақсаты:Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшелігі туралы оқушыларға білім беру. Материктің ашылу және игерілу тарихымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Оңтүстік Американы зерттеуші саяхатшылар жайлы толық мәлімет беру.

Дамытушылық:Оқушылардың оңтүстік жарты шар материктері жайлы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқулықпен, картамен жұмыс, іздену.

Көрнекі құралдар: Жарты шарлардың физикалық картасы, оқулық ,таратпа материалдар.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдасту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Материктерді, плиталарды,жағалауындағы мұхиттарды мұғалім ымдап келтіреді, оқушылар жауабын табуы керек

1.Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын А-А-А-А ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған.(Оңтүстік Америка,Африка,Аустралия,Антарктида)

2.Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондвана А-А-А-А плиталарына ажырады. (Оңтүстік Америка,Африка-Аравия,Үндістан,Аустралия-Антарктика).

3.Сонымен қатар плиталардың ажырау аймағында қазіргі А-А мұхиттарының табандары ашылды. (Атлант,Үнді).

4.Кейінірек А-А плиталары Еуразияға,ал Оңтүстік Америка А- мойнағы арқылы А-материгіне жалғасты. Африка-Аравия,Үндістан),(Панама,Солтүстік Америка).Нәтижесінде оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі пішіні қалыптасты.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Кім тапқыр!6 оқушыға бір-бірден қорап таратылады. Қораптың ішіндегіні табу керек

1 қорап: Бұл жемістің отаны Оңтүстік Америка. Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, биіктігі 1,5 м жеткен, өз отанында арам шөп саналған. Өсімдіктің екі кең таралған аты бар. Италиян тілінен аударғанда "алтын алма" деген мағнаны білдіреді. ( Қызанақ )

2 қорап: Бұл жемістің Отаны Оңт.Америка Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «малс» деп атаған. Оны алғаш Еуропаға Х.Колумб әкелген. Оны Колумб испан короліне сыйға тартады.

( Жүгері )

3 қорап: Отаны- Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. ( Картоп )



IV. Бекіту: Тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы д.а

Оңтүстік Жарты шар материктері. Оларға- Оңт.Америка,Африка,Аустралия,Антарктида ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана құрамында болды. Құрлықтың шығысы негізінен жазық және таулы-үстіртті болып келеді, бұл бөлік ежелгі Гондваналық Оңтүстік Америкалық платформада орналасқан. Платформаның қазіргі іргетасы архей-протерезойлық қалқандар түрінде (Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия) жер бетіне шығып жатыр. Ол кристалды тақтатас, гранитті гнейс пен кварциттен құралған. Абстракциялық жасы 1,5 – 4 млрд. жыл аралығында.. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады.Оңт.Америка,Африка, Аустралия материгін Оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді. Оңт.жарты шарда- жазықтар басым.Қалқандар мен өте қатты майысқан ойыстар алма-кезек ауысып орналасқан.Қалқандар қатты мүжілгендіктен қалдық аласа тауларға айналған.Гондвалық плиталар мен мұхиттық литосфералық плиталардың түйіскен аймағында жас таулар Оңт.Американың батысында-Анд таулары,Африканың солт. батысындағы Атлас тауы, Аустралияның шығысындағы Үлкен суайрық жоталары жатады. Жарықтар арқылы базальтты жыныстардың сыртқа лықсуы нәт.жанартаулық белдеулер қалыптасты. Берілген жоспарды пайдаланып Оңтүстік Американың физикалық-географиялық орнының сипаттамасын (кесте бойынша ) жаса:



Жоспар

Атқарылатын жұмыс

1. Материктің көлемі және ең биік, ең төмен жері, ең..ең..ең

А) Оңтүстік Американың көлемі - (18,3 млн.км2 )

Ә) Оңтүстік Америка көлемі бойынша басқа материктердің арасында нешінші орында?



( Төртінші )

Б) Қай материктердің көлемі Оңтүстік Америка материгінен үлкен?

( Еуразия, Африка ,Солт.Америка )

В) Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко ,ең биік сөнбеген жанартау - Охос –дель- Саладо (6880 м ),ең үлкен шөлі-Атакама 1000 км),ең ірі көлі –Маракайбо-(16,3 мың км) осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына- Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді.



2. Материктің экваторға, нөлінші меридианға қатысты орны

А) Дүниежүзі картасынан қай бөлігінен экватор кесіп өтетінін анықта

( Солтүстінінен )

Ә) қай жарты шарда, оңтүстік немесе оңтүстік, материк аумағының көп бөлігі орналасқан?

( Батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.)

Б) Қай бөлігін нөлінші меридиан кесіп өтеді? ( 60 о )



3. Материктің шеткі нүктелері. Олардың координаталары, солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қашықтықтары.

А) Оңтүстік Америка физикалық картасынан шеткі нүктелерін және олардың координаталарын анықта?

-солтүстік- ( Гальинас- 12 о 25 / с.е )

- оңтүстік ( – Фроуэрд - 53 о 54 / с.е )

- батыс ( Париньяс -81 о 20 / б.б )

- шығыс ( Кабу –Бранку 34 о 46 / б.б)

Ә) Оңтүстік Американың ұзындығын анытаңдар:

( Батыстан шығысқа – (батыстан шығысқа қарай -5150 км-ге созылған )

Cолтүстіктен оңтүстікке - (Солтүстіктен оңтүстікке қарай -7150 км-ге,)



4. Мұхиттар мен материктерге қарағандағы орны

А) Оңтүстік Америка материгін қай мұхиттардың сулары шайып жатыр?

(Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр.)

Ә) Оңүстік Америка жағалауларынан қандай ағыстар өтеді?

(Суық Перуана ағысы шайып өтетін құрлықтың батыс жағалаулық бөлігі шығыспен салыстырғанда әлдеқайда салқын әрі құрғақ болады )



Б) Оңтүстік Америкаға материктердің қайсысы ең жақын орналасқан?

( Солтүстік Америка )

5.Ашылу және зерттелуі тарихы

1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік Америка жағалауындағы Ориноко өзенінің атырауы, Пария шығанағы мен түбегі маңына келіп тоқтаған.А.Веспуччи қатысқан португал экспедициясы 1501-1502 ж. құрлықтың солт.жағалауымен жүзіп, оның құрлық екендігін дәлелдеген.1507 ж Лотарингия географы М.Вальдземюллер Веспуччи құрметіне оңтүстік құрлықты Америка деп атаған, кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа да берілді. 1515 жылдың соңында испандық Х.Д. Солис Оңт.Американың шығыс жағалауын жүзіп өтіп, 1516 ж. Ла-Платаны , кейіннен Уругвай мен Парана өзендерінің төменгі ағысын ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан экспедициясы Ла-Платадан Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан) бұғазы арқылы Тынық мұхитына өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522 – 1558 ж. испандықтар ашты.Оңт.Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан зерттелуі 1735 – 1743 жылдар аралығында жүргізілген француз және испан Экваторлық экспедициясы көмегімен жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд тауларында кешенді зерттеу жүргізген неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз Э.Бонплан болды.Көрнекті орыс геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932 – 33) құрлықтың көптеген дәрілік және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу аймақтарын анықтады..

VI.Үйге тапсырма: § 37 оқу, кескін картамен жұмысты,жұмыс дәптерін аяқтау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет