География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет1/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шу-сарысу ойпаңының қазіргі геоэкологиялық жағдайы»
Орындаған: Қ.Ғ. Мұқаш

5В011600 – география мамандығының 1–курс студенті



Ғылыми жетекшісі:

п.ғ.м., оқытушы Е.С. Нуркеев



Алматы 2014

Жоспары


КІРІСПЕ……………………………………………………………………..................

3







1

ШУ-САРЫСУ ОЙПАҢЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ

АХУАЛЫ.............................................................................................................



5










1.1

Гидроклиматогендік компоненттерді ластандыру ошақтары........................

5

1.2

Шу-Сарысу ойпаңының радионуклидтермен ластануы.................................

10










2

Шу-сарысу ойпаңының геоэкологиялық аудандастырылуы...................................................................................

14

2.1

Шу-Сарысу ойпаңы геоморфологиялық жүйесінің геоэкологиялық жағдайы................................................................................................................

14

2.2

Шу-Сарысу ойпаңының геоэкологиялық аудандастыру................................

18










3

ШУ-САРЫСУ ОЙПАҢЫ ТАБИҒАТЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУДЫҢ АЙМАҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................

27

3.1

Бұзылған жерлерді қалпына келтіру................................................................

27

3.2

Шөлдену – геожүйелер бұзылуының ғаламдық үрдісі...................................

29










ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...............

33







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….................

35


КІРІСПЕ

Өндірістік прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың түсуімен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Біздің республикамыздың қазіргі экологиялық жағдайы күрделі – барлық жерде өндірістік қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлері, мутацияның өсуі, су мен тамақ өнімдерінде нитраттардың, пестицидтердің ауыр металдар мөлшерінің өсуі етек алуда. Түсті металлургия өндірісі орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлі химиялық қосылыстар түседі, олардың ішінде негізгілерінің бірі ауыр металдар.


1961 жылы ойпаттың орталық бөліктерінде жанғыш газ және төменгі карбонның шөгінділерінде сұйық мұнай бар екені анықталды. Шындығында, бұл мәліметтер үлкен зерттеудің қажеттілігіне жол ашып берді, соның нәтижесінде 1964 жылы Үшаралда 1130 метр тереңдікте жанғыш газдың көзін тапты. Бұл алғашқы көмірқышқыл газдың Оңтүстік Қазақстан аймағында алынуы болды.Шу-Сарысу ойпаңының батыс бөлігіндегі борпылдақ шөгінді қабаттардың кең мөлшерде дамуы геологиялық-геофизикалық зерттеулерді жүргізуді қиындатты. Сонымен бірге қарастырылған аймақтың геоморфологиялық құрылысында және борпылдақ түзілімдердің бөліну сипатында, бұл жерлерде жаңа тектоникалық қозғалыстардың белсенді пайда болуын көрсететін заңдылықтар байқалған. Осылардың барлығы ойпат аймағында арнайы геологиялық-геоморфологиялық жұмыстар жүргізуге шешім қабылдауға мәжбүр етті, олар қазіргі жер бедерінің құрылымдық-геоморфологиялық сараптамаларына арналды.

Қоршаған ортаға өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтар мен ластану дәрежесі, олардың адам денсаулығына әсері және санитарлық гигиеналық маңызы көптеген ғылыми еңбектерде келтірілген. Қазақстанның барлық облыстары мен өлкелері экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бірі - өнеркәсіп орындарынан бөлінген қалдықтармен ластанған Шу-Сарысу ойпаңы. Өнеркәсіп орындары ойпаңның оңтүстігінде шоғырланған, яғни Шымкент және Кентау қалалары, Ақсу, Славянка, Шәуілдір, Сазтөбе аудандары, сонымен қатар Қаратау тауларындағы Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын кен орындары бәрімізге мәлім. Ойпатты, жалпы облыс территориясында қарастырсақ, мұнда 7 мыңнан астам ластандыру көздері бар. Ауыр металдар және т.б. ластандырушы элементтер қоршаған ортаға адамның техногендік әрекеті нәтижесінде түседі. Мысалы, ауыр металдардың топырақ жамылғысында шоғырлануы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді, топырақтың химиялық құрамын өзгертеді. Болашақта ауыр металдардың өте көп шоғырлану салдарынан үлкен территориялар техногендік шөлдерге айналуы мүмкін. Улы заттар биологиялық тізбектер арқылы және атмосферадан адам ағзасына түсіп, оның денсаулығына үлкен нұсан келтіреді.

Бірақ мынаны ескеру қажет: қоршаған ортаны ластайтын элементтерді ластаушы деп айтуға болмайды, себебі олардың көбісі биологиялық жағынан тіршілік үшін қажетті микроэлементтер болуы мүмкін.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі кезде Шу-Сарысу ойпаңында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтың белсенді түрде дамуына байланысты қоршаған ортаның ластану мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр. Сонымен қатар ауыр металдардың қоршаған орта нысандарында жиналуы мен тірі организмдерге зиянды әсерін зерттеу қазіргі кезде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өнеркәсіп орындарының жұмысы барысында атмосфераға көптеген газдар және т.б. зиянды заттар бөлінеді, қалдық сулары өзендерге ағызылады, өндіріс қалдықтарын жинау жұмыстары жасалады. Тау-кен өндірісі кезінде қалдық сулар мен қоймалардың көптігі, олардағы улы заттардың сақталуы жер беті және жер асты суларын ластайтын қауіпті ошағының бірі болып табылады. Мысал ретінде Созақ ауданындағы радиоактивті элементтерді өндіретін кен орындарды алуға болады.



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет