География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет2/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Соңғы кездері түсті металлургия өндірісінің қалдықтарының құрамы, атмосферадағы, топырақтағы мөлшері, өсімдіктер мен адам ағзаларына жиналуы және олардың улы әсерлері туралы зерттеулер белгілі. Ксенобиотиктердің, әсіресе қорғасын, мыс, кадмий және т.б. ластандарушылардың тірі ағзаларға әсеріне соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде [1].

Бірақ Шу-Сарысу ойпаңы геожүйелерінің ауыр металдармен ластануы кешенді түрде зерттелмеген. Атап айтқанда, суда және топырақта жиналған ауыр металдардың қала территориясында өскен мәдени және шөптесін өсімдіктерге тасымалдануы, олардың шоғырлану қабілеті, өсімдіктердің фенологиялық фазаларының жүруі және анатомиялық мүшелерінің дамуына әсері анықталмаған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Зерттеу жұмысының мақсаты Шу-Сарысу ойпаңының қазіргі экологиялық ахуалын анықтау, ластануын бағалау.

Белгіленген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

Қазіргі кездегі Шу-Сарысу ойпаңының әртүрлі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының ластау мөлшеріне баға беру;

Атмосферадағы және судағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау;

Ластандыру ошақтарын жеке-жеке ашып көрсету;

Қала тұрғындарының денсаулығына қоршаған ортадағы өндіріс қалдықтарының әсерін анықтау;

Табиғатты қорғау және тиімді пайдалану жолдарын көрсету.

Теориялық маңыздылығы: Шу-Сарысу ойпаңының ластану деңгейін бағалау, аймақтың қазіргі жағдайында қалыптасқан табиғатты қорғау мәселелері тиімді және жоспарлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

Ғылыми жаңалығы: Шу-Сарысу ойпаңының техногендік әсерлерін айқындау, радиоактивті элементтерді өндіретін кен орындарды игерудің тиімді жолдарын көрсету, өнеркәсіп орындарында қалдықсыз технологияға өту және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды қазіргі заманға сай жаңа түрлеріне ауыстыру және т.б.

Практикалық маңыздылығы: Жұмыстағы берілген мәліметтерді пайдалан отырып, ластандыру деңгейін, ошақтарын айқындап, оларды болашақта қайталанбауы үшін және алдын-алуға мүмкіндік береді.

Нәтижелі ақпарат: Нәтижелі ақпарат көздері жарық көрген ғылыми әдебиеттер арқылы жүйеге келтіріліп сарапталды.

Зерттеу әдістері: картографиялық, статистикалық әдістер, салыстырмалы сипаттау әдісі, гидрогеологиялық зерттеу әдістері.

Күтілетін нәтижелер: Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, жақсарту шаралары өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығында пайдаланылуы мүмкін.


Ғылыми жұмыс құрылымы: : Ғылыми жұмыстың құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты тараушадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ғылыми жұмыстың жалпы көлемі - 36 бет.


І. ШУ-САРЫСУ ОЙПАҢЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

1.1. Гидроклиматогендік компоненттерді ластандыру ошақтары.

Қазіргі кезде Шу-Сарысу ойпаңында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықтың белсенді түрде дамуына байланысты қоршаған ортаның ластану мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр (сурет 1).


Сурет 1 - Зерттелу аймағының географиялық орналасуы



- зерттелу аймағы

Сондықтан ластану жағдайларын, ошақтарын анықтау гидрогеологиялық міндеттердің бірі. Жер асты суларының ластануы жергілікті үрдіс емес, ол табиғи ортаның тұтастай ластануымен байланысты. Осындай дәлелдеулер ластанудың себеп-салдарын, масштабтарын анықтауға көмектеседі.

Жер беті суларының ластануы тазартылмаған өнеркәсіп қалдықтарымен Шу, Сарысу және тағы да басқа өзен аңғарларының тұрмыстық қалдықтармен ластануына байланысты.

Ең ірі ластандыру ошақтары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық нысандарына байланысты. Бұл объектілер көбінесе өзен аңғарларында орналасқан. Территорияда жер асты суларының ластануы екі түрлі жолмен жүреді: химиялық, жылулық

Химиялық ластану зерттелген аймақтың үлкен аумақтарын қамтиды. Шу-Сарысу өзен аралықтары, Келес және Сырдария өзендерінің аңғарлары, Мырғалымсай кен орындары. Химиялық ластанудың негізгі көзіне: жинағыш бөгеттер, тұтқыр сұйықтықты жинағыштар, буландыру бөгеттері, ірі қоқыс үйінділері, көмілген қоймалар, суармалы жерлер, ірі мал шаруашылық кешендері және тағы да басқа нысандар жатады. Шымкент және Кентау өнеркәсіп аудандарында жоғарыда аталған ластанудың екі түрі де кездеседі.

Гидрогеологиялық ортаға кері әсерін тигізетін ластандыру көздерін үш негізгі топқа бөлуге болады [1]:

Бірінші топқа өнеркәсіп орындары жатады. Олардың жұмыс үрдісі барысында атмосфераға көптеген газдар және т.б. зиянды заттар шығарылады, суды пайдаланып, қалдық суларды өзендерге ағызады, өндіру үрдісі кезінде химиялық қосылыстарды қолданады. Өндіріс қалдықтарын жинау жұмыстары жасалады.

Қоршаған ортаны ластандырушы көзі бола алатын ірі кәсіпорындардың көбісі Шымкент өнеркәсіп ауданында орналасқан. Мысалы, фосфор ШӨБ жұмысы кезінде атмосфераға фосфорлық қосылыстар шығарылады. Кейде технологиялық регламентті сақтамау салдарынан зиянды заттардың дүркін шығарылуы болып тұрады. Соңғы жылдары ’’Фосфор’’ ШӨБ-нің әсерінен 46 гектар бау-бақша құрғап кеткен. Ағаш жапырақтарының құрамында фосфор мөлшерінің көптігінен жібек құрты олармен қоректене алмайды. Сонымен қатар жайылымдық жерлер де қатты ластанған, мұндағы мал жаңбыр жауғаннан кейін ғана шөпті жей алады, себебі жаңбыр суы фосфор шаңын шайып кетеді. Ал егер жаңбыр жаумаса мал амалсыз фосфорлы шөпті жейді, ал бұл өз алдына уланған етпен сапасыз сүттің пайда болуына алып келеді.

Шу өзені суларында мышьякты қосылыстар табылды. Оның мөлшері 0,045-0,07 мг/дм3. Шу- Сарысу өзендері мен олардың салаларын зерттеу нәтижесінде жер беті және жер асты суларының азотты қосылыстарымен ластанғандығын көреміз. Жылдан-жылға осы азотты қосылыстармен ластану көлемі ұлғайып келеді. Азотты қосылыстармен ластану пішіні мен көлемі көбінесе жыл мезгілдері мен атмосфералық жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Су үлгілеріндегі нитраттардың мөлшері 45-62 мг/дм3. Аймақтағы ірі ластандыру көздерінің бірі: қалалық тазарту құрылыстары. Тазартқыш құрылыстарда қалдық суларды механикалық және биологиялық жолмен тазартады. Бірақ қазіргі кезде өндірістік қалдықтар мен тұрмыстық фекалия қалдықтарының көлемі тазартқыш құрылыстардың қуаттылығынан (197 мың м/тәулігіне) асып түседі. Сол себепті қалдық сулардың көбісі тазартусыз жақынырақ орналасқан қазан-шұңқырларға ағызылады. Тазартқыш құрылыстарға фекалиялық қалдықтардан басқа 15 кәсіпорынның өндірістік қалдықтары ағызылады. Бұлармен бірге көп мөлшерде майлар, бояғыш заттар, мұнай өнімдері, фосфаттар, қорғасын, кадмий, мышьяк және тағы басқа түседі.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет