География кафедрасы


Екінші топқа тау кен өндірісін жатқызуға болады. Олардың жұмыс үрдісі барысында суларды ағызу, бос жыныстарды үйінділеу, кен байыту және т.б жұмыстар іске асады



жүктеу 0.76 Mb.
бет3/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Екінші топқа тау кен өндірісін жатқызуға болады. Олардың жұмыс үрдісі барысында суларды ағызу, бос жыныстарды үйінділеу, кен байыту және т.б жұмыстар іске асады.

Аймақтағы тау кен өндірісі Мырғалымсай және Боялдыр полиметал рудаларының кен орындарында және Байжансай кен орнында шоғырланған.

49 жыл бойы игеріліп келе жатқан Мырғалымсай кен орнында шахталық су ағызу жарықшақты – карсты сулар деңгейі күрт өзгеріп кетті. Кен өндіру жерінде жарықшақты – карст суларының деңгейі 514 м-ге төмендеген. Жылдық орташа су ағызуы 12000 м3/сағ тең. Судың бір бөлігі Ашполиметал комбинатының өндірістік – техникалық және шаруашылық мақсаттарда қолданылады. Ал қалған бөлігі (5,9 мың м3/сағ) реттеуші сайға, ал одан кейін Қарашық өзеніне ағызылады. Қалдық сулар мен қоймалардың көптігі, олардағы, улы заттардың сақталуы жер беті және жер асты суларын ластайтын қауіпті ошағы болып отыр. Химиялық талдаудың нәтижесінде Боялдыр қоймасына ағызылатын кен байыту фабрикаларының тазартылған ағыстарында цианистый натрий ШРК мөлшерінен 2-3 есе артық (0,15-0,28 мг/дм3), мыс ШРК 4 есе, қорғасын 2 есе артық.

Бос жыныстар үйінділері көп жылдар бойы жиналады. Олардың құрамында зиянды ингредиенттер бар шаң-тозаңдар жел арқылы таралады.

Сонымен қатар құрылыс материалдарын (әктас, фосфориттер, гравий, саздақ, саз) өндіретін көптеген карьерлер бар. Карьерлер аудандарында фосфориттер мен әктастар өндіру үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Мысал ретінде Жаңатас қаласының фосфоритті өндіретін карьерлер ашық әдіспен жарылыс арқылы жүргізеді. Көтерілген шаң-тозаң егістік және жайылымдық жерлерге шөгіп қалады.

Үшінші топқа суармалы егін шаруашылығы және ірі мал шаруашылық кешендері бар ауыл шаруашылық жатады. Өнімділікті арттыру үшін және ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес үшін тыңайтқыштар мен улы химикаттар пайдаланылады [2]. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану нәтижесінде топырақ жамылғысында олардың мөлшері шамадан тыс артып кетуі мүмкін. Соның салдарынан топырақ ластанады. Фосфорлы органикалық пестицидтердің бір бөлігі ыдырап, бір бөлігі тасымалданып, адсорбцияланады. Хлорорганикалық пестицидтер топыраққа түсіп, суару сулармен аэрация зонасына тасымалданады. Суармалы жерлер өзен аңғарларына жақын жерлерде дамыған. Мұндай орталықтандырылған су қоймалар өзен аңғарларында орналасқан.

Мысалы, Абай орталықтандырылған су қоймаларында жүргізілген зерттеулерден мынаны көруге болады: Пестицидтерді қолданғаннан кейін грунт және су үлгілерінде пестицидтер табылмаған. Бір айдан кейін грунт үлгілерінде пестицидтер табылмаған, ал су үлгілерінде хлороорганикалық пестицидтер (ГХЦГ-12) табылған, олардың мөлшері ШРК -дан жоғары болды (0,08 мг/дм3).

Пестицидтермен, гербицидтермен ластанған, минералдану деңгейі жоғары қалдық сулар өзендер мен су көздеріне ағызылады. Соның салдарынан Бүгін, Арыс, Шу сияқты ірі өзендерінің минералдану деңгейі артып кетті. Сонымен қатар өзен арнасын бұру кері әсерін тигізді. Мысал ретінде Шу өзенін алуға болады.

Жоғарыда айтылғандай территорияда ірі Шымкент және Түркістан – Кентау өнеркәсіп зоналары, фосфоритті ашық әдіспен өндіретін ірі тау кен орындары бар.

Қазақстан бойынша Шымкент қаласының өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған. Қала Бадам өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Өндірістік кәсіпорындар Бадам өзеніне қалдық сулар ағызады, дайын өнім мен бос жыныстарды өзінің территориясында жинайды.

Шымкент өндіріс зонасының ауданы 4800 км2. Оның территориясында 5 мыңнан астам ластандыру көздері орналасқан. Өндіріс орындарынан пайда болған шаң-тозаңдар желмен жан-жаққа таралады. Ағаш жемістерінің улануы 40-60 км. қашықтыққа дейін байқалады. Оның дәлелі ретінде беткейлер бойымен өсетін белгілі бір гипсометриялық өлшемдерде өсімдік жемістеріндегі улы заттардың шоғырлануы горизонтальды жолақ түрінде байқалады. Территорияда орналасқан өнеркәсіп орындарының Бадам және Сайрамсу өзендеріне ағызылатын қалдық мөлшері тәулігіне 45,579 мың м3.

Қазіргі кезде аймақта Кентау және Байжансай қалаларында орналасқан "Мырғалымсай" және "Глубокий’" кен орындары жұмыс істеп тұр. Осы территориядағы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде келесі элементтер су құрамында анықталды: сынап 0,001-0,00285 мг/л, мышьяк – 0,12 мг/л, қорғасын – 0,01 мг/л, марганец – 0,2 мг/л, мыс – 0,06 мг/л, бром – 1 мг/л, фосфор – 0,1 мг/л.

Созақ жерінде радиоактивті элементтер өндіретін алты аудан бар. Олардың бесеуі Бетпақдала үстіртінде орналасқан, 7200 км2 жерді алып жатыр. Сонымен қатар Қаратау жотасының тау алды жазықтығында Шолақ Қорған ауданынан солтүстік батысқа қарай 20 км қашықтықта тағы бір кен орны орналасқан. Оның ұзындығы 32 км, ені 12-15 км.

Отырар ауданының Қайрақтау тауында радиоактивті элементтерді өндіретін 3 кен орны бар. Оның ауданы 1300 км2 [3].

Қазақстанның химия өнеркәсіп орындарында сары фосфор, фосфор және бор қышқылын, қос суперфосфат, күрделі минералды тыңайтқыштарды өндіру барысында атмосфераға көптеген улы заттар түседі. Мысалы: фосфор сутегісі, фтор сутегісі, фосфорлық ангидрид, бор, хром және т.б.

Көптеген зерттеулер бойынша химия өнеркәсіп орындарында шаң-тозаң тазартқыш құрал жабдықтардың дұрыс істемеуінен атмосферада улы заттар мөлшері ШРК –дан асып түседі. Шымкент қаласында қорғасын зауыты орналасқан, соның салдарынан ауа құрамындағы мырыш мөлшері ШРК-дан 1,7-2,8 есе асып түседі. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы топырағындағы ауыр металдардың, тұздардың мөлшері зерттелді. Оның топырағында ауыр метал тұздарының аз мөлшерде болуы, олардың тамақ өнімдерінде аз болуымен ерекшеленеді. Мысалы: қорғасын, кадмий, никель, кобальт - ет, дәнді-дақылдарда, нан өнімдерінде өте сирек байқалған.

Суперфосфат өндіріс орындарында – улы газдар кешенінен ең көп мөлшерде және ең зияндысы болып – фтор сутегісі болып отыр (Е.К. Нұрмағанбетов, 1994). Сары фосфорды алудың технологиялық үрдісінің негізгі деңгейлері де улылығы жоғары фосфор және фтор қоспаларының көп мөлшерін қоршаған ортаға көп мөлшерде түсуіне алып келеді (В.А. Козловский, А.Г. Дардик, 1981). Қазіргі кезде фтор – улы элемент (Л. Росивал, 1982). Мысалы, алюминий, криолит, суперфосфат өндіріс орындарының қалдықтарын (А.А. Петин және Л.Н. Ельниченко, 1987) зерттеді. Осылар бойынша элементтер суға және топырақ бетіне шөккен кезде жасанды биогеохимиялық провинциялар құрайды, мұндағы фтордың көп мөлшері өсімдіктер мен жануарларға өтіп, адамға әсер етеді.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет