География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет4/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Жеке аудандарда криолит зауытынан 1,5-2 км қашықтықта фтор мөлшері атмосфералық ауада ШРК мөлшерінен асып түседі. Ал топырақта шамадан тыс көп болады. Фосфорлық өнеркәсіптің 90 пайызы Қазақстанның Оңтүстігінде шоғырланған. Қаратау фосфориттерінің базасында территориялдық-өндірістік кешен ұйымдасқан. Жұмыс істеп тұрған зауыттарда жұмысшылардың еңбек жағдайлары қолайсыз, өндірістік орындарының ауасы зиянды фосфор мен фторлы заттармен ластанған [4].

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың әсерінен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне кері әсер етуде.

Экотоксиканттардың алыс қашықтықтарға таралуы олардың физикалық және физикалық-химиялық қасиеттеріне, яғни булануына, ұшқыштығына, ерігіштігіне, т.б. байланысты. Қазіргі кезде қоршаған ортада бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың негізгілерінің бірі-ауыр металдар. Бұл бір жағынан металдардың биологиялық белсенділігіне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейді, биохимиялық айналымға түскенде ұзақ сақталады [5]. Үздіксіз әсер етуші химиялық заттардың аз мөлшерінің өзі өсімдіктер, жануарлар және адам организіміне канцерогенді әсер етеді [6].

Көптеген ауыр металдар, олардың ішінде қорғасын, кадмий, хром, никель улы заттардың қатарына жататыны белгілі. Олар тірі ағзаға жинақталып, ұзақ уақыт бойы сақтала алады және шоғырланған у ретінде әсер етеді. Бұл заттардың тірі ағзалардағы шоғырлануы қоршаған ортадағы жиналуынан 100-1000 есе жоғары [5].

Адам әрекеті нәтижесінде қоршаған ортада, атап айтқанда топырақ, су, атмосфера, тірі ағзалар құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемді қамтиды. Атмосфераның өздігінен тазалану барысында қорғасынның айтарлықтай бөлігі өндіріс орындарының айналасында шөгеді немесе жауын-шашынмен бірге құрылық пен мұхиттарға қайтып оралады.

Аса улы металдардың бірі – кадмий. Оның 70 жылдардағы әлемдік өндірісі жылына 15х103 тоннаға жеткен. Атмосфераға бөлінген кадмий көлемі жылына (1,7-8,6)х103т. құрайды [7].

Адам өз әрекеті нәтижесінде химиялық элементтердің табиғи ағымын түбірімен өзгертті. Өндірістік орындардан атмосфераға түсетін қорғасын қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий – 8,8 есе, мырыш – 7,2 есе жоғары [8].

Соңғы жылдары экономикалық дағдарысқа байланысты ірі және кіші-гірім қалаларда кейбір өндіріс орындары үзіліспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс істеуде. Осыған байланысты атмосфераға бөлінетін өндірістік қалдық заттардың мөлшері біршама төмендеді. Бірақ кейбір зиянды заттардың мөлшері шекті рұқсат етілген мөлшерден (ШРК) артып кеткендігі байқалады. Атмосферадағы қорғасынның мөлшері орта есеппен ШРК-дан 1997 жылы – 2 есе, 1998 жылы – 1,5 есе, 1999 жылы – 2,7 есе жоғары. Көміртегі тотығы 1997-1999 жылдары – 1 есе, азоттың қос тотығы – 1997 жылы – 1,2 есе, 1998 жылы – 1 есе, 1999 жылы – 1,25 есе артқан. Аммиак 1996 жылы – 2,33 есе, 1997 жылы – 2 есе, 1998 жылы – 1,66 есе артқан.

Атмосфераға жыл сайын жүздеген, тіпті мыңдаған тонна қатты заттар, күкірт ангидриді, азот қышқылы, күкірт қышқылы, фтор қосылыстары және т.б. заттар түседі. Бірлестіктен 0,5-2 км радиуста топырақ жамылғысы фтор (370-2640 мг/кг) және фосфорлы ангидрид (33-280 мг/кг) мөлшерімен өте қатты ластанған.

Ластандыру көздерінің жеке-жеке сипаттамасы төменде көрсетілген.

Бос жыныстар үйінділері электротермофосфорлы шлак түрінде және қатты кварцит түйіршіктері түрінде көрсетілген 1999 жылдан бастап жылдық қалдық мөлшері 337,8 мың тоннадан 1084,2 мың тоннаға дейін өсті.

Қоқыс үйінділері: Улылығы аз өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды шоғырландыруға арналған жер. Ауданы – 6,7 га. 01.01.1997 жылы мұнда әктасты неопалдың, футеровты кірпіштің - 36,7 мың тоннасы шоғырландырылған.

Өндірістік қалдық сулар бетондалған жинағыш бөгеттеріне ағызылады. Көлемі 175,6 мың м3. Тұнып болғаннан кейін олар тазартқыш құрылыстарға жіберіледі, орташа тәуліктік өнімділігі – 17,5 мың м3. Өндірістік сумен тоғыз су қоймасы қамтамасыз етеді. Бұрын қалдық сулар өзендерге ағызылатын, ал қазір №2 қалалық канализациялық коллекторға жіберіледі.

Ауыр металдар техногендік әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға түседі. Олар адам организміне биологиялық тізбектер арқылы, атмосфера арқылы түсіп, оның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қоршаған ортаға ауыр металдардың түсуінің негізгі көздеріне мыналар жатады - өнеркәсіп қалдықтары, отынның және т.б. жанғыш заттарды жағу барысында пайда болған өнімдер, автомобиль түтіндері, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химиялық заттар, тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б.

Осы айтылғандардың ішінде үлкен қауіпті өнеркәсіп қалдықтары туғызып отыр. Бұларға негізінен тау-кен, металлургиялық және химия өнеркәсіптері жатады. Мысалы: металлургиялық өнеркәсіптердің жұмысы барысында қоршаған ортаға 154650 тонна мыс, 121500 тонна мырыш, 89000 тонна қорғасын, 12000 тонна никель, 765 тонна кобальт, 1500 тонна молибден, 30,5 тонна сынап түседі. Ал көмір мен мұнайды жағу нәтижесінде қоршаған ортаға 1600 тонна - сынап, 3600 тонна -қорғасын, 2100 тонна - мыс, 7000 тонна - мырыш, 3700 тонна -никель түседі. Автотранспорттан бөлінген газдардан жер бетіне жылына 260 000 тонна қорғасын түседі.

Атмосферадағы өнеркәсіптік қалдықтардың шоғырлануы олардың мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар шығарылу биіктігіне байланысты, яғни өнеркәсіп орындарының қалдықтарды, түтіндерді шығаратын мұржалардың биіктігіне байланысты.

Жалпы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары барлық жерде дерлік орналасқан. Олардың қоршаған ортаға түсетін зиянды қалдықтары көптеген қиындықтар туғызады.

Сонымен қатар ауыр металдардың атмосферадағы таралуына метеорологиялық факторлар әсер етеді. Яғни техногенез элементтерін шығару барысында қатты бөлшектер мен аэрозольдар ауа массаларымен жан-жаққа таралады. Ал жел жылдамдығы неғұрлым күшті болса қалдықтардың атмосферамен араласуы қарқынды түрде жүреді. Металлургиялық зауыттарға жақын орналасқан бақылау пунктерінде қорғасын жиналуы өте жоғары және ШРК-10 көрсеткішіне жетті.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет