География кафедрасы



жүктеу 0.76 Mb.
бет5/8
Дата19.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Микроэлементтерді екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қорғасын, мышьяк, иттрий, мырыш кіреді (антропогендік жағдайларда қалыптасқан). Қорғасын зауыты осы микроэлементтердің және мыстың негізгі көзі болып отыр, себебі ауадағы қорғасын мен мыс мөлшері арасында тығыз байланыс байқалып отыр.

Екінші топқа – табиғи жағдайда қалыптасқан шаң-тозаңмен араласқан: кальций, темір, маргенец, рубидий, стронций, цирконийді жатқызуға болады.

Жалпы алғанда, атмосфераның төменгі қабаты ауыр металдармен және шаң-тозаңдармен ластанған. Негізгі ластаушы элементке - қорғасынды жатқызуға болады. Оның мөлшері қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ШРК-дан асып түседі. Атмосфераны қорғасынмен ластацтын бірден-бір көзіне Шымкент қорғасын зауытын жатқызуға болады. Басқа өнеркәсіп орындарымен қатар автотранспорт аз мөлшерде болса да өз әсерін тигізетіні анық.

Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы техногендік факторлардың әсерінен өте қатты ластанған. Жер асты суларының ластануына тұрмыстық (фекалиялар, тұрмыстық қалдық сулар) және өнеркәсіптің қалдық сулары септігін тигізеді. Майлар, қышқылдар, мұнай өнімдерін, резина өнімдерін, дәрі-дәрмектерді және т.б. өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың қалдық суларының құрамында өте көп мөлшерде майлар, бояғыш заттар, мұнай өнімдері, фенолдар, фосфаттар, қорғасын, кадмий мышьяк және т.б. кездеседі. Кейбір өндіріс орындарының қалдық сулары көбік түрінде, мақта тәріздес тұнбаларымен ерекшеленеді.

Өнеркәсіптік қалдықтармен салыстырғанда тұрмыстық қалдық сулардың құрамында органикалық заттар мөлшері өте жоғары. Тұрмыстық қалдықтардың негізгі түрлеріне фекалиялар және оған ұқсас компоненттер (азот, фосфор, калий, натрий, күкірт) жатады.

Тұрмыстық қалдық суларды саңырауқұлақтар, энтерловирустар, бактериялар және т.б. түрлері өте жиі кездеседі. Жер асты суларына негізінен бактериялық ластану тән. Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдық сулары қалалардан шамамен 5-10 км қашықтықта орналасқан қалалық тазарту құрылыстарына құбыр арқылы тасымалданады [9].

Шу-Сарысу ойпаңының ластануына ауыл шаруашылық салалары да өз әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық аудандарында ластану агротехникалық үдіс кезінде қолданылатын тыңайтқыштар мен пестицидтерге, мал шаруашылығының қалдықтарына, сұйық мал азықтарының қалдықтарына негізделген.

Суармалы егін шаруашылығы аймақтың оңтүстік бөлігінде дамыған. Негізінен ауыл шаруашылық жерлер Шу, Сарысу өзен аңғарларымен Арыс-Бадам өзен аралықтарына тән.

Сонымен қатар егістік жерлерді суару үшін Бүржар су қоймасының тазартылған сулары қолданылады. Мал шаруашылық кешендері де осы өзен аңғарларында дамыған.

Мал шаруашылық кешендердің ішінде ластандыру көзіне шошқа шаруашылығы жатады. Олар Шу, Арыс және Сайрамсу өзен аңғарларында дамыған. Шошқа кешендерін зерттегенде бұлардың қалдықтары тұтқыр қоймаға ағызылады, мұнда лас сулар топырақ қабатына сіңіп, осының нәтижесінде жеке микрокомпоненттердің мөлшері көбейеді.

1.2. Шу-Сарысу ойпаңының радионуклидтермен ластануы.

Алдыңғы тарауларда айтылып кеткендей аймақта радиоактивті элементтерді өндіретін кен орындар бар. Олардың көбісі Бетпақ дала үстіртінде орналасқан. Ауданы 7200 км2.

Территорияның жазық бөліктерінде уран рудаларының оншақты кен орындары барланған. Тасты қорғасын-мырыш рудаларының кен орындарын барлау аяқталып қалды. Сирек элементтері бар Тума кен орны болжамды түрде бағаланды. Тұщы сулардың орны барланып, қорлары анықталды. Жер бетінде құрылыс материалдарының (кварц құмы, әйнек, қиыршық тастар, малта тастар, керамзит сазы, құрылыс саздары және т.б.) ас тұзының және сульфаттардың (мирабилит және астраханит) кен орындары ашылған. Аумақтың таулы бөліктерінде (Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейі) барланған, бірақ өнеркәсіп талат етпейтін уран-молибден және уран-фосфорлы рудаларының кен орындары бар. Алтынның кішігірім кен орындары да кездеседі. Ащысайға ұқсас мыс, қорғасын-мырыш, барий және тальк сирек кездеседі. Мәрмәрланған конгломерат бар.

Зерттелетін аумақта палеоген және жоғары бор шөгінділерінде 2 су сақтағыш кешен бар. Қазіргі кезде бұл тұрғылықты жерлерді сумен қамтамасыз ететін бірден бір көз. Суы тұщы. Сонымен қатар бұлар уран рудалы кен орындарында, радиоактивті уранның ауытқымалы жерлерінде кен сыйдырушы болып келеді. Урандық кен қорларында: уран, радий, целен, скандий, молибден, ренний, ванадий сияқты геохимиялық элементтер қосарлана кездеседі. Қалпына келтіруші геохимиялық барьерлерде (жоғарыда аталғаннан басқа): мышьяк, фосфор, германий, вольфрам, бериллий, барий, кобальт, никель, лантан, литий, ниобий, иттрий, кальций, темір, күкірт, қорғасын, күміс, мырыш, мыс және т.б. элементтер бар.

Зерттеліп отырған территорияның аумағында екі уран кенді ауданы бар (УКА) – Уванас - Қанжуған және Мыңқұдық, әрқайсысы өзара байланысты.

Уванас-Қанжуған УКА-да палеоген шөгінділерінде ерекшеленген 4 кен орны орналасқан. Олардың ұзақтығы солтүстіктегі Уванас кен орнынан оңтүстігі Қанжуған кен орнына дейін 60 км созылып жатыр.

Мыңқұдық УКА-да жоғары бор шөгінділеріндегі 6 кен орны бар. Олардың ұзақтығы солтүстік-шығысындағы Жалпақ кен орнынан оңтүстік-батыстағы Буденов және Жабакөл кен орнына дейін 110 км созылып жатыр. Мыңқұдық кен орнынан оңтүстікке қарай Шолақ Еспе кен орны орналасқан [10].

Қанжуған, Мойынқұм, Төртқұдық, Уванас, Мыңқұдық, Іңқай, Буденов кен орындарында 60-80 ж.ж. жүргізілген уранды барлау жұмысы барысында кен қорларының маңында жатқан жер асты суларының радиологиялық жағдайын зерттеу басталды. Сонымен қатар урандық радионуклидтерде 2 ғана элемент бар уран, және радон. Ал қышқылданған жыныстар зонасына жақын жатқан жерлер, сонымен қатар жер асты суларының құрамында жоғары радиациялық Ra – 228, Po-210 және Th-230 сияқты радионуклидтер зерттелуден тысқары қалып қалады. Соның салдарынан жер асты суларының нақты радиациялық және химиялық ластану мәліметтері осы уақытқа дейін белгісіз болып отырды.

Cs-137 топырақ құрамында анықтау жұмыстары негізінен 1996-1997 жылдары жүргізілді. Топырақтан 300 үлгі, ал түпкі шөгінділерден 50 үлгі алынды. Статистикалық өлшемдерді анықтау үшін осы мәліметтер қолданылды. Топырақтағы Cs-137 орташа белсенділігі –5,7 Бк/кг нақты ауытқу мәні 18 Бк/кг.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет